Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Ключевые слова: текстология, стилистика, лексикология, айтыс, вариант, экспромт. 
 
K. A. Kusmanova, A. B. Abilmazhinova 
Research texto logy of aitys 
 
Aitys Akins is a match expression, the art of improvisation, which takes place in the form of a verbal contest 
between two akyns. 
This article discusses options for textual criticism aitys "Birzhan-Sara", published in 1898, 1899.  The 
researchers note that published in the city of Kazan options option aitys «Zhysipbek kozha» and "variant of the 
Zaisan" are correct. While textual comparisons ignored the similarities and differences between the two versions, 
focuses on the stylistic and lexical differences. Does not remain without attention and qualitative changes have 
occurred in both options, the aitys. 
Key words: textology, styles, lexicology, aitys, version, extempore.  
______________________________________ 
 
 
Текстология  жайында  жазылған  әдебиет-
ші,  тілші  ғалымдардың  зерттеулерінің  ішінен  
З.  Ахметовтің,  Қ.  Мұхамедхановтың,  Р.  Сыз-
дықованың  Абай,  Махамбет  өлеңдерінің  текс-
тологиясы  жайындағы  мақалаларымен,  Т.  Аб-
драхмановтың  Абай  және  Сұлтанмахмұт  шы-
ғармалары текстологиясы жайындағы бірнеше 
мақаласын,  М.  Жармұхамедовтің  айтыс  өлең-
дерінің текстологиясы, Қ. Өмірәлиевтің Бұхар 
өлеңдерінің  текстологиясы  және  “Иә,  терең 
зерттеу қажет” мақаласы, С.Қасқабасовтың қа-
зақ  ертегілерінің  текстологиясы  жайында, 
Ш.Ш.  Сарыбаев  пен  Ә.Құрышжановтың  эпос 
шығармалары мен халық жырларының тексто-
логиясына арнап жазған мақала, зерттеулеріне 
көңіл аудардық. Е. Жұбанов пен М. Малбақов-
тың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу эпосының текс-
тологиясы” деген көлемді зерттеу еңбегін атап 
өткен жөн.  
Ал XIX ғасырдың II жартысындағы  айтыс 
өлеңдерінің текстологиясына келсек, бүкіл ай-
тыс өлеңдеріне  текстологиялық  талдаулар  жа-
сау  мүмкін  емес.  Біз 1942, 1964, 1965, 1988 
жылдардағы жарық көрген айтыс жинақтарын 
Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі 

32 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
негізге ала отырып, ондағы тілдік жағынан ерек-
шелік танытып тұрған сөз, сөз тізбегі, сөйлем, 
жекелеген шумақтарды ғана салыстырдық. Өйт-
кені бір айтыс бірнеше рет қайталанып басыл-
ған.  
Жамбылдың айтыстарына келсек, ақынның 
150  жылдық  мерейтойына  байланысты  айтыс-
тар  мен  өлеңдеріне  текстологиялық  салысты-
рулар  жасалып, 1996 жылы I, II том  болып,  
шығармаларының  толық жинағы жарық көрді. 
Ал “Біржан — Сара айтысының” текстология-
сын сөз еткенде, атап айтатын үлкен екі еңбек 
бар. Оның бірі — “Қазақ әдебиеті тарихының 
мәселелері” атты кітаптағы белгілі әдебиетші-
ғалым  М.  Жармұхамедовтің  (Айтыс  өлең-
дерінің  текстологиясы  жайында)  зерттеу  ең-
бегі [1,75-100]. Екіншісі — “Қазақ фольклоры 
мен  әдебиет  шығармаларының  текстология-
лық  зерттелуі”  атты  жинақтағы  Ш.  Ахметов 
пен  Т.Қанағатовтың (“Біржан — Сара  айты-
сының”  текстологиясы)  зерттеулері [2, 149-
172].  Және  М.  Имашевтың  “Біржан — Сара 
айтысындағы” өмір шындығы және оның көр-
кемдік,  текстологиялық  ерекшеліктері”  атты 
ғылыми зерттеу еңбегі [3, 124-147].  
Осы  уақытқа  дейін  “Біржан — Сара  ай-
тысы”  бірнеше  рет  жарық  көріп  келді.  Біз  бі-
летін бұл айтыстың екі нұсқасы бар. Оның бірі 
—“Қисса  Біржан  сал  менен  Сара  қыздың  ай-
тысқаны” деген атпен 1898 жылы Қазан қала-
сындағы  императорлық  университеттің  типо-
литографиясынан  басылып  шықса,  екінші 
нұсқасы 1899 жылы осы қаладағы “М.Чиркова 
мұрагерлері”  баспаханасынан  “Қисса  Біржан 
сал  менен  ақын  Сараның  айтысқаны”  деген 
атпен  жарық  көрді.  Ғылымда  осы  екеуінің 
1898 жылы басылып шыққанын ең негізгі нұс-
қа  ретінде  атап  келеді.  Осы  нұсқаның  екінші 
бетінде: “әлқисса,  Жүсіпбек  қожаға  Сара 
қыздың Біржан менен айтысқанын қыздың өзі 
аузынан осылай деп бастан-аяқ баян қылғаны, 
айтысқанның келер жылында” деген ескертуді 
оқимыз.  Көріп  отырғанымыздай,  ғалымдары-
мыз  бұрыннан  айтып  келе  жатқандай, 1898 
жылы “Біржан — Сара айтысын” тұңғыш бас-
тырып  шығарушы  ескіше  оқыған  жоғары  бі-
лімді  Жүсіпбек  қожа  Шайхисламұлы  екені 
даусыз.  Ендеше  “Біржан — Сара  айтысының” 
негізгі  нұсқасы  тек  осы  басылым  болатынын 
біз де құптаймыз. 
Соның артынша-ақ 1899 жылы белгісіз бір 
адамның  осы  айтысқа  қайыра  оралып,  өз 
ойынан  өлең  жолдарын  қосып,  толықтырып, 
өңдеп жарыққа шығарғаны белгілі. Бұл екінші 
кітапшаны  кімнің  жазғаны  белгісіз,  жазған 
адам  аты-жөнін  айтпаған.  Ал  соңындағы 26  
 
жолдан тұратын “Айтушының сөзі” бөлімінде: 
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан. 
Сөйтсе де хат болмайды, басылмайды... 
Зайсанның жіберілді қаласынан,  
Кімнің кім зиян шегер данасынан? [4, 24],— 
 
деп келетінін ескертуге  орай ғылымда бұл ба-
сылым  “Әріп  нұсқасы”  немесе  “Зайсан  нұс-
қасы” деп аталады.  
“Біржан — Сара  айтысын”  зерттеуде  хал-
қымыздың  ғалым  әдебиетшілері  үлкенді-кі-
шілі  ғылыми  еңбектер  жазса,  ал  тілші  ғалым-
дардан  С.М.  Исаевтың  зерттеулері  бар. “Бір-
жан — Сара  айтысы”  туралы  алғаш  пікір 
айтқан  академик  С.  Мұқанов  демекпіз: “Ай-
тыстың  мазмұны — халықтың  ойын  толған-
дыратын тақырыпқа құрылғандықтан түсінікті 
болса,  түр  жағынан  оның  түсініктілігі,  тілінің 
таза  халық  тілімен  және  халықтың  көркем 
тілімен құрылғандығында” [5, 33]. Осы орайда 
Қ.Жұмалиевтің еңбегі де баршылық. Ол  “Қа-
зақ  әдебиеті”  оқулығында  Біржан  сал  твор-
чествосына  арнайы  тоқталып,  талдаулар  жа-
саған.  Одан  кейінгі  пікір  айтқан  ғалымдар:  
Е. Ысмайылов пен М. Ғабдуллин. Е. Ысмайылов 
“Жазушы”  баспасынан 1967 жылы  шыққан 
“Біржан сал Қожағұлұлы” атты кітапқа жазған 
“Біржан  салдың  ақындығы”  деген  алғы  сөзін-
де,  М.Ғабдуллин  “Қазақ  халқының  ауыз  әде-
биеті” деп аталатын еңбегінің “Біржан — Сара 
айтысын”  талдайтын  тарауында — ақындар 
айтысының  ішіндегі  аса  көркемі,  мазмұн,  түр 
жағынан  ерекше  орын  алатынын  айтады.  Ке-
лесі пікір айтып, талдау жасаған — Б. Кенже-
баев. Ол айтысты әріп Тәңібергеновтің шығар-
масы ретінде қарастырып, былай дейді: “әріп-
тің  бұрынғы  қиссаларына  қарағанда  “Біржан 
— Сара айтысында” тақырып идеясы жағынан 
болсын,  ақындық-шеберлігі  жағынан  болсын 
көп ілгерілегенін, көп өскенін көрсетеді.  
“Біржан  сал  мен  ақын  Сара  айтысы” — 
әріп  шығармаларының  биік  шыңы” [6, 214]. 
Керісінше,  бізді  академиктер:  С.  Мұқанов,  
М.  Әуезов,  А.  Жұбанов,  профессор  Қ.  Жұма-
лиев,  Е.  Ысмайылов  және  т.б.  ғалымдардың 
Біржан  мен  Сараның  кездесіп  айтысқанын 
дәлелдеген  сөз  қорытындылары  иландырады. 
Осы  тұста  ұлы  ғалым  М.  Әуезов  тұжырымын 
еске  алалық: “Біржан  мен  Сараның  айтысы” 
болған  жоқ,  болса  сақталмай  қалып  қойған. 
Бұл  айтысты  шығарушы  әріп  ақын  деген  де 
пікірлер  бар.  Бұл — қате  пікір.  Анығында 
Біржан — Сараның  айтысы  болған.  Бірақ  дәл 
қалпында,  толық  күйінде,  алғашқы  айтысқан 
жердегі  қалпымен  түгел  сақталған  жоқ.  Кейін 
көпшілікке  өз  редакциясымен  айтып  беруші 
Сара болады... Ал, кейін сол Сараның айтқаны 
К. Ә. Құсманова, А. Б. Абилмажинова 

33 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
да  көпке  шейін  ауызда  жүреді.  Көп  айтушы 
ақындардың  аузынан  өтеді.  Сол  тірлігінде, 
хатқа  түскенше  бұл  айтыс  көп  өзгерістер 
көреді.  Осындай  айтушының,  ең  алғаш  хатқа  
түсірушінің бірі әріп болады”,— деген ғылыми 
пікірін негізге аламыз [7, 313-314]. Ал тексто-
логия  мәселесін  сөз  еткенде,  текстологтың 
міндеті жайында айтқан Д.С.Лихачевтың мына 
пікірін  ескерелік: “Задача  текстолога  заклю-
чается  в  том,  чтобы  по  возможности  во  всех 
деталях  воспроизвести  ход  работы  автора  над 
произведением,  восстановить  в  воображении 
весь творческий процесс” [8, 43]. 
Біз  айтыстың 1898, 1899 жылдардағы  Қа-
зан  қаласынан  шыққан  “Жүсіпбек  қожа  нұс-
қасы”  мен  “Зайсан  нұсқасына”  текстология-
лық  салыстырулар  жасадық.  Қазан  типогра-
фиясы  татар  баспасына  арналғандықтан,  көне 
араб  әрпінде  шыққан  екі  нұсқаны  оқу  қиын-
дық  келтірді.  Айта  кететін  болсақ,  араб  әріп-
терінің белгілері көрінбей, көмескі тартып қал-
ған  дыбыстарды  оқуда  қиындық  туғызды. 
Және  де  о,  ө,  у,  ұ,  ү  әріптерінің  орнына  бір 
ғана  “о ”  әрпі  қолданылған.  Кітапханашылар 
тарапынан 1898 жылы  жарық  көрген  нұсқаға 
қайта  өңдеу  жасалғандықтан,  тармақтың  ба-
сындағы  не  тармақ  соңындағы  сөздердің  бас-
қы  екі  не  үш  дыбысы  ғана  бар.  Соңғы  әріп-
терді  қайта  өңдеу  кезінде  желімдеп  тастаған. 
Сондықтан  лентаға  түсірілген  микро  жазулар-
ды  оқуға  тура  келді.  Ал 1899 жылғы  “Зайсан 
нұсқасын”  оқу  кезінде 20, 21 — беттер  жоқ. 
Оны 1902 жылы  жарық  көрген  вариантымен 
толықтырдық.  Көбінесе 1912 жылғы  вариан-
тына  жоғарыда  аталып  кеткен  әдебиетші  ға-
лымдар  текстологиялық  салыстырулар  жаса-
ғандықтан, көмескі көрінбей қалған  дыбыстар 
мен сөздерді 1902 жылғы вариантымен салыс-
тырдық, кейбір түсініксіз сөз тізбектерін анық-
тауда 1912 жылғы вариантын да пайдаландық.  
Екі  нұсқаны  да  оқып  шыққанда  алдымен 
айтарымыз,  айтыстағы  негізгі  уақиға  желісін 
сақтап тұрған бөлімдер бір, яғни түптөркіні бір 
екенін аңғарамыз. Дегенмен де мынадай айыр-
машалықтарды  айта  кету  керек.  Зайсан  нұс-
қасында  Жетісу  өлкесінің  бұлбұлы  ақын  Са-
раны  “Арқадан  ат  сабылтып”  іздеп  келе  жат-
қан Біржан сал мен “Қасында алты жігіт жол-
дасы  бар,  Аулына  Тастанбектің  келіп  жетті” 
дейді де, сол жерде Біржан сал алдымен ақын 
қыздың  шешесімен,  соңынан  сіңілісімен  сөз 
қағыстырып, “Аттанып бір ауылға бұлар келді, 
Бұлардың  құлағына  дауыс  келді”  деп  айтыс 
басталып  кетеді.  Ара-арасында  айтушының 
сөзі  бар  және  жиылған  жұрттың  бұларға  бер-
ген  сыйы  деген  ескертпемен 20 жол  сыйлық 
туралы  айтылып, “Сал  Біржан  осы  сөзбен 
тоқтайды енді” деген айтушының сөзімен бас-
талып, “Жігіттер,  тәмәт-тамам  болсын  бұл 
сөз” деген тармақпен аяқталады. 
1898  жылғы  “Жүсіпбек  қожа  нұсқасында” 
“Қыз  көріспеген  соң  ұялғаннан  Біржанның 
айтысқаны”: 
Найманның болады екен қызы надан, 
Үлгісіз қандай халық түрі жаман. 
Ағаға іні келер біздің елде, 
Көп боп па сұрауға есен-аман [9, 4]. 
Сонда қыздың берген жауабы: “Ей, Біржан, 
кімге  дәрі  амандығың”  деп  аузын  аштырмай 
бастырмалатып былай дейді: 
Хауа анаға бұрын барған адам ата, 
Есіткенің жоқ па еді мұны да ақымақ. 
Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім 
Арғын да тантиды екен жоқты мақтап [9, 4],— 
деп кете береді де, жынды, антұрған, делбе, ит 
сөздерімен  жауабын  аяқтайды.  әрине,  арғын-
ның ақтанкер ақыны мұндай мазақ сөзді жауап-
сыз  қалдырмайтыны  белгілі.  Біз  бұл  жауапты 
“Зайсан  нұсқасынан”  табамыз.  Бұл  кітапша-
ның 8 — бетінде “Біржан салдың айтқаны” деп 
былай беріледі: 
Қараңдар, ақын қыздың сөзге ұстасын, 
Келтірді Адам — Хауа бір нұсқасын. 
Артың таяз кісіше ашуланып, 
Мұнша неге ұстайсың сөз қысқасын?.. [10, 8]. 
Бұл 12 жолдан  тұратын  шумақтар 1898 
жылы жарық көрген “Жүсіпбек қожа нұсқасы-
нан”, 1964, 1965 (I том)  жылдардағы  айтыс 
және  т.б.  жинақтардан  түсіп  қалған.  Ал 1899 
жылғы “Зайсан нұсқасында” осы 12 жол өлең-
нен кейін барып мынадай жолдар берілген: 
 
Көтерді домбырасын көкке сермеп,  
Салады түрлендіріп әннен өрнек. 
Бұл сөзге ызаланып алғаннан соң, 
Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп [10, 8]. 
 
1898  жылғы  басылымда  “Сонда  Біржан 
сөйледі” деген ескертпемен былай беріледі: 
 
Біржан сал домбырасын көкке сермеп, 
Жіберді түрлендіріп әннен өрнек.  
Сөзіме ызаланып алғаннан соң, 
Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп [9, 5],— 
 
деген  бір  шумақ  “Мың  жарым  жылқы  біткен 
Қожағұлға”  деп  басталатын  жолға  қосылып 
кетеді.  Ал  “Ақын  Сара”  деп  аталатын  кітапта 
“Айтушының сөзі” ретінде жеке берілген. Осы 
жайында  М.  Жармұхамедов: “Соның  нәтиже-
сінде  айтыс  тәртібі  амалсыз  бұзылып,  кейінгі 
Біржан  атынан  берілетін  екі  кезек  бір-біріне 
әдейі қосылып, сапырылысып кеткен”,— дейді 
/13, 92/. 1898 жылғы шыққан кітапшаның 6 — 
бетінде “Сонда Сараның айтқан жауабы” деген 
ескертпемен берілетін 64 жол ұзақ сүре жауабы, 
Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі 

34 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
“Зайсан  нұсқасында”  үшке  бөлініп  берілген. 
1899 жылғы кітапшада 24-ақ жол болып, “Тіріл-
сең ертең кешке, бүгін өліп” (10 — бет) деген 
жолдармен аяқталады.  
“Жүсіпбек  қожа  нұсқасындағы” “Арғын-
ның тантықтығы міне осындай” (6 — бет) де-
ген  жолдар  “Зайсан  нұсқасында” “Арғынның 
сөзі”, “Қыз иттің” деп беріліп, Біржан сөзі қы-
лып өзгертіліп (10 — бет), “Қыз иттің тантық-
тығы міне осындай” деп басталады да: 
 
Мен, Біржан, әрбір жерде болмайтұғын 
Жылан боп жеті басты арбасаң да [10, 10],— 
 
деген  жолдармен  аяқталады.  Бұл  екі  тармақ 
“Жүсіпбек  қожа  нұсқасында”  берілмеген. 
“Зайсан нұсқасындағы” осы жауапта “Озармын 
қуып жетіп “Қарқабаттап” деп өзгертіпті. 1898 
жылғы кітапшада “Қуып жетіп озамын найман 
шалдап (найманшылап)” деп берілген. Сондай-
ақ, “Зайсан  нұсқасындағы“ (15, 16 — беттер) 
кітапшада “Ыбырайға тамам елің найман жет-
пес” деп басталып, “Сен түгіл жеткен емес ер-
кек қуып” деген жолдарға дейінгі шумақтардың 
кейбір тармақтары болмаса, түгелімен “Жүсіпбек 
қожа  нұсқасында”  жоқ.  Тағы  бір  айта  кететін 
жағдай — 1898 жылғы  кітапшадағы  өлең  шу-
мақтары  “Зайсан  нұсқасында”  ауыстырылып 
берілуімен  бірге  Біржан  жауабында  жалпы  ой 
сол қалпында қалады да, кейбір сөздер мен сөз 
оралымдары,  тіпті  бүтін  тармақтары  өзгертіліп, 
лексикалық  және  стилистикалық  алшақтық-
тарға  жол  беріледі. Iлгеріде  келтірілген  өлең 
жолдары 1898, 1899 жылдардағы  Қазан  қала-
сынан шыққан кітапшалардан алынды. 
Қорытындылай  келгенде,  айтыстың  сыни 
мәтінін жариялау керек деп ойлаймыз.  
 
Әдебиеттер 
 
1 Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – Алматы: Ғылым, 1976. – 168 б. 
2  Ахметов  Ш.,  Қанағатов  Т. “Біржан – Сара  айтысының”  текстологиясы // Жинақ:  Қазақ  фольклоры  мен  әдебиет 
шығармаларының  текстологиялық зерттелуі. – Алматы, 1983. – 264 б. 
3  Имашев  М. “Біржан – Сара  айтысындағы”  өмір  шындығы  және  оның  көркемдік,  текстологиялық  ерекшеліктері // 
Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. – Алматы, 1992. – 157 б. 
4 Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы. Қисса Біржан сал менен ақын Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1898. – 18 б. 
5 Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи – этнографиялық  шолу. – Алматы: Жазушы, XV т., 1979. – 380 б. 
6 Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы X-XVII веков. – Ленинград: Наука, 1983. – 640 с. 
7 Әуезов М. Абай жолы. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1989.  – 616 б. 
8 Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы X-XVII веков. – Ленинград: Наука, 1983. – 640 с. 
9 Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы. Қисса Біржан сал менен ақын Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1898. – 18 б. 
10  Қосбасаров  Е.  Бүркітшілік  терминдері  жайында // Жинақ:  Жауапты  редакторы  Қайдаров  Ә.Т.  Қазақ  тілі  тарихи 
лексикологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1988. – 200 б. 
11 Қисса Біржан сал менен  ақын  Сараның айтысқаны. – Қазан, 1899. – 24 б. 
 
References 
 
1 Zharmұhamedov M. Aytystyң damu zholdary. – Almaty: Ғylym, 1976. – 168 b. 
2 Ahmetov Sh., Қanaғatov T. “Bіrzhan – Sara aytysynyң” tekstologiyasy // Zhinaқ:  Қazaқ fol'klory men әdebiet 
shyғarmalarynyң  tekstologiyalyқ zertteluі. – Almaty, 1983. – 264 b. 
3 Imashev M. “Bіrzhan – Sara aytysyndaғy”  өmіr shyndyғy zhәne onyң  kөrkemdіk, tekstologiyalyқ erekshelіkterі // 
Kandidattyқ dissertatsiyanyң қolzhazbasy. – Almaty, 1992. – 157 b. 
4 Zhүsіpbek қozha Shayhislamұly. Қissa Bіrzhan sal menen aқyn Sara қyzdyң aytysқany. – Қazan, 1898. – 18 b. 
5 Mұқanov S. Halyқ mұrasy. Tarihi – etnografiyalyқ  sholu. – Almaty: Zhazushy, XV t., 1979. – 380 b. 
6 Lihachev D.S. Tekstologiya na materiale russkoy literatury X-XVII vekov. – Leningrad: Nauka, 1983. – 640 s. 
7 Әuezov M. Abay zholy. Ekіnshі kіtap. – Almaty: Zhazushy, 1989.  – 616 b. 
8 Lihachev D.S. Tekstologiya na materiale russkoy literatury X-XVII vekov. – Leningrad: Nauka, 1983. – 640 s. 
9 Zhүsіpbek қozha Shayhislamұly. Қissa Bіrzhan sal menen aқyn Sara қyzdyң aytysқany. – Қazan, 1898. – 18 b. 
10  Қosbasarov E. Bүrkіtshіlіk terminderі zhayynda // Zhinaқ: Zhauapty redaktory Қaydarov  Ә.T.  Қazaқ  tіlі tarihi 
leksikologiyasynyң mәselelerі. – Almaty: Ғylym, 1988. – 200 b. 
11 Қissa Bіrzhan sal menen  aқyn  Saranyң aytysқany. – Қazan, 1899. – 24 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К. Ә. Құсманова, А. Б. Абилмажинова 

35 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ: 398.1 
 
Қ. Б.  Молдатаев 
 
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, 
Түркістан қ., Қазақстан 
e-mail: 
mkant06@mail.ru
 
 
Алдар Көсе жайлы зерттеулер 
 
Бұл мақалада қазақ халық әдебиетіндегі белгілі мифтік кейіпкері Алдар көсе бейнесі жайында сөз қоз-
ғалады.  Алдар  Көсе – халықтың  еңсесін  көтеру  үшін  дүниеге  келген    кейіпкерлердің  бірі.  Алдар  көсе  
халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні 
зор  екендігі  бәрімізге  белгілі.  Алдар  Көсе  өзінің  ақылы  мен  тапқырлығы  арқылы  сараң  байларды,  жалқау-
ларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді.  
Мақалада Алдар көсе туралы қазақ ғылымында жасалған фундаменталды зерттеулерге сүйене отырып, 
автор  өзінің  көзқарасын  нақты  айтып  өткен.  Сонымен  қатар  автор  өзбек,  түрік,  түрікмен  ғалымдарының 
Алдар  Көсе  бейнесіне  қатысты  көзқарастарына  шолу  жасаған.  Алдар  көсе  туралы  кейбір  аңыз-әңгімелерге 
тоқталып, әдеби көркемдігі мен мазмұны туралы талдау жүргізген. Алдар көсе бейнесінің  тарихтағы орны, 
ұлттық кейіпкердің ұрпаққа рухани нәр берер тұлға  ретінде қарастырылатыны атап көрсетілген. Алдар көсе 
бейнесі қазақ тарихында түркілік дәуірлерден бері қарай созылып жатқан аңыздың кейіпкері ретінде, нақты 
өмірде болған адам немесе жиынтық бейне етіп қарастырылады. 
Түйін сөздер: Алдар Көсе, қазақ фольклоры, өзбек әдебиеті, түрік халық әдебиеті, жиынтық бейне, аңыз 
кейіпкері, зерделі қу, айлакерлік. 
 
К. Б.  Молдатаев 
О научных исследованиях образа Алдара Косе 
 
В  данной  статье  рассматривается  образ  Алдара  Косе,  который  является  одним  из  известнейших  мифо-
логических  образов  казахского  фольклора.  Образ  Алдара  Косе  с  древнейших  времен  служит  для  народа 
символом правды и честолюбия, юмора и сатиры. Рассказы Алдара Косе духовно обогащают своих читателей 
своим глубоким философским и нравоучительным содержанием. Существует множество популярных сказок 
и анекдотов об Алдаре Косе. Сын бедняка, находчивый и хитрый Алдар Косе защищает бедных и, с помощью 
ума  и  ловкости,  обманывает  и  наказывает  жадных  богачей,  лентяев,  глупцов  и  даже  чертей.  Фигурирует 
также в фольклоре киргизов, туркмен, узбеков и татар.  
Автор делает обзор фундаментальных научных исследований образа Алдара Косе в казахстанской науке, 
а также высказывает свою точку зрения на данный вопрос. Кроме того, автор делает художественный анализ 
некоторых наиболее известных рассказов об Алдаре Косе и дает оценку системы  художественных средств. В 
статье определено место и роль образа Алдара Косе не только в казахской, но и во всей тюркоязычной лите-
ратуре.  Образ  Алдара  Косе  описан  как  реально  живший  человек  и  как  собирательный  сатирический  образ 
устного народного творчества. 
Ключевые слова: Алдар Косе, казахский фольклор, узбекская литература, турецкая литература, собира-
тельный образ, сатира, юмор, обманщик, хитрец. 
 
K. В.  Moldataev 
About scientific researches of the image of Aldar Kose 
 
This article deals with the image of Aldar Kose, one of the most famous mythological images of Kazakh 
folklore. From ancient times the image of Aldar Kose  is the symbol of truth and ambition, humor and satire. Stories 
about him spiritually  enrich people by their deep philosophical and didactic content. 
The author provides an overview of basic researches of Aldar’s image in the Kazakh science and expresses his 
point of view on this issue. Besides, the author makes the analysis of some well- known stories about Aldar Kose and 
evaluates the system of artistic means. The place and the role of Aldar Kose’s  image not only in Kazakh, but also in 
the whole Turkic literature are defined in this article. Image of Aldar Kose is described as a really - lived man and as 
a collective satirical image of folklore. 
Key words: Aldar Kose, Kazakh folklore, Uzbek literature, Turkish literature, collective image, satire, humor, 
cheater, trickster. 
______________________________ 
 
Алдар–ең көне, ертеден келе жатқан образ. 
Бұл  жайлы  Е.Тұрсынов: “... путь  формирова-
ния  образа  Алдар  Косе  как  героя  бытовой 
сказки  куда более  долог  и  сложен: истоки  его 
Алдар Көсе жайлы зерттеулер 

36 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
коренятся в дуалистическом мифе и первобыт-
ном  бытовом  рассказе,  свой  вклад  в  создание 
этого образа внесли также смежные фольклор-
ные жанры”, - дейді [1, 153]. 
Ғалымның  пікірінше,  Алдар  көсе  алдымен 
қазақ  жерінде,  қазақтар  арасында  пайда  болып, 
сонан соң басқа түркі тілдес халықтарға ауыс-
қан: “Подобные циклы имеются и у туркмен и 
киргизов,  хотя  по  объему  циклы  сказок  об 
Алдаре у этих народов далеко уступают казах-
скому циклу.  У туркмен, например, Алдар  косе 
уступает место Насреддину... У киргизов же с 
именем  Алдара  связано  всего  несколько  сю-
жетов. У других тюрок (татар, турок, азербайд-
жан,  крымских  татар,  ногайцев,  кумыков)  та-
кого цикла нет вообще. У турок, крымских та-
тар  и  азербайджан  герой  фигурирует  просто 
как Косе, без прибавления к этому имени вто-
рого-Алдар.  У  сибирских  тюрок  и  монголь-
ских народов героя Алдара или Косе нет вообще. 
Следовательно,  тип  сказочного  персонажа 
Алдар  косе  и  цикл  сказок  и  анекдотов,  свя-
занных с его именем, сложились вначале у ка-
захов,  а  уже  потом  этот  герой  в  составе  ряда 
сюжетов перекочевал к туркменам, киргизам и 
татарам (у последних имя Алдар тоже изредка 
встречается в бытовых сказках). К такому вы-
воду  на  основе  других  данных  пришел  в  свое 
время А.Маргулан” [1, 159]. 
Расында  да,  Е.Тұрсыновтың  айтып  отыр-
ғанындай, ғалым Ә.Марғұлан Алдар көсе бей-
несінің  қазақ  даласында  жақсы  сақталғанды-
ғын айтып кеткен болатын. 
“... Отсюда ясно, что многие легенды и ска-
зания,  возникшие  в  период  гузов  и  кипчаков, 
органически вошли в казахский эпос, вместе с 
племенами, вошедшие в казахский союз. Кроме 
того, этот факт дает нам основание заключить, 
что  героический  эпос,  легенды  и  предания, 
относящиеся  к  периоду  гузов  и  кипчаков,  в 
основном  складывались  на  территорий  Казах-
стана и в тот период, когда они кочевали меж-
ду  степями  Центрального  Казахстана  и  Сыр-
Дарьей (VII-IX). И  не  случайно,  что  такие 
легендарные  образы,  как  “Коркуд”  и  “Алпа-
мыш”, “Алдар-Косе” ярче всего сохранились в 
степях Казахстана” [2, 80].  
Ә.Марғұланның  Алдар  көсе  жайындағы 
әңгімелердің  шыққан  тегі  қазақ  топырағы  де-
ген  пікірінің  өте  дәлелді  айтылғанын  мойын-
дамасқа болмайды. 
Белгілі ғалым Б.Адамбаевтың пікірі де жо-
ғарыда айтылған пікірді құптайтындай: “...Ал-
дар  көсе  негізінде  қазаққа  тән  кейіпкер” [3, 
108]. 
Алдар  көсенің  ертеден  бері  келе  жатқан 
кейіпкер  екенін  М.Әуезов  та  айтады:“Алдар 
көсе  жайындағы  қазақ  айтатын  әңгімелер-
көпке  мәлім,  көп  қызықтаған,  алыс  заманнан 
келе  жатқан  әңгімелер.  Ол  жайындағы  әңгі-
мелер  жалғыз  қазақ  елінде  ғана  емес,  сыбай-
лас, туыстас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрік-
мен  елдерінде  де  бар.  Онда  да  Алдар  бір  пі-
шінді күлдіргі алдағыш, мазақшы болып көрі-
неді...”[4, 32-33]. 
Өзбек  әдебиетінде  “Бой  билен  куса”  (Бай 
мен  көсе)  атты  ертегі  сюжеті  түрікмендерде 
“Дехкон  билан  куса”  (Диқан  мен  көсе),  иран-
дарда  “Ëлғончи”  (Өтірікші)  аттарымен  мәлім. 
Бұлардың ішінде иран сюжеті өзінің қойылған 
дәуірі,  орны,  образдары  жағынан  ерекшеле-
неді.  Кейіпкер,  иран  ертегілерінде  бірде  “Ку-
са” (Көсе) [5, 198], бірде “Айëр” (Аяр) [5, 194] 
аттарымен  ортаға  шығады,  алайда  екі  лақап 
бірге  қолданылмайды.  Әрқайсысының  өзі  әр 
түрлі  жағдай  мен  мазмұнды  білдіреді;  кейде 
диуана  түрінде  әңгімеленгенде  мейірімді  ұлы 
данышпан, мінсіз қаһарман сипатында берілсе; 
кейде залым, сехргар - жағымсыз образ түрін-
де  әрекет  қылады.  Сол  себепті  қаһарман  “Ал-
дар  куса”  емес, “Ëлғончи”  немесе“Куса”  деп 
жүргізіледі.  
Көріп  тұрғандай,  Шығыс  ертегілеріне  ор-
тақ  болған  кейіпкеріміз  жалпыға  бірдей  көр-
кем  образ  сипатында  айтылып,  оның  шынайы 
аты  ауызға  алынбайды.  Көсе  болса,  оның  си-
патының белгісін - лақап атын білдіреді.    
Зерттеуші ғалымдар, Алдар көсенің  тарих-
та  болған  кейіпкер  еместігін  алға  тартады. 
Оның  аты  өзбек,  қырғыз,  қарақалпақ,  моңғол, 
татар,  дағыстан  ертегілерінде  мол  сақталған. 
“Алдар билен юблар” (Алдар мен Юблар) дей-
тін аңыздар ерте замандардан бері бар. Бұлар-
дың  барлығында  Алдар  көсе  халық  өкілі  ре-
тінде белсене араласып жүреді. Алдар көсенің 
аты  көбінесе  ертегілерде  көрінеді.  Оның  та-
рихи-этногенездік  белгісінен  гөрі  анекдоттық, 
күлдіргі сипаты басым. Көсе хандар дүниесін, 
феодализмді  қатты  сынайды.  Бұл  белгі  оны 
Қорқыт  пен  Асан  бейнелеріне  жақындатады. 
Мұның  өзі  осы  Алдар  жайындағы  күлдіргі 
әңгімелердің анық фольклорға жататынын, сол 
үшін  ел  аузында  сақталып,  бүгінге  дейін  жет-
кенін көрсетеді.  
Алдар көсенің өз туысы, өмірбаяны туралы 
ешбір  дерек  жоқ.  Өйткені,  Қазан  төңкерісіне 
дейінгі тапқа бөлінген, рушылдық, феодалдық 
қоғамды  алсақ,  соның  қай  дәуірі,  қай  кезі 
болсын,  барлығына  да  Алдар  көсе  әңгімелері, 
оқиға  тақырыптары  қона  кетеді.  Алдар  көсе 
әңгімелерінің  шындығын  сол  заманның  қай-
сысынан да болса табуға болады. 
Алайда  осы  күнге  дейін  кейбір  ғалымдар 
Алдар  көсе  туралы  деректерді  аңыз-әңгіме-
Қ. Б.  Молдатаев 

37 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
лерден  табуға  тырысқан.  Мәселен,  қазақ  ауыз 
әдебиетінде  Алдардың  ата-анадан  туылуы 
жайлы  аңыз-әңгімелер  көп  кездеседі.  “Қазақ 
ертегілері”  жинағының  үшінші  томында  “Ал-
дардың  тууы”  атты  аңыз-ертегіде  Алдардың 
әкесі Алдан деген момын адам болған дейді. 
“Алдардың  әкесі  Алдан  момын  адам  бо-
лыпты.  Оның  өмір  бойы  кәсібі  қой  бағу  екен. 
Баққан  қойы  байдікі  болған”,-деп  басталады 
аңыз.  Бай  Алданды  жалдағанда:“Асты  жатып 
ішесің...  Бардан  ауысады,  балдан  жұғысады, 
жүзді  айдап,  бірді  жетелейсің”,-деп  алдайды. 
Алдан малын жылдап бағып ақысын сұрағанда 
“есің  кетсе  ешкі  жый”  деген  деп  жалғыз  ешкі 
жетектетеді.  Алдан  ақысын  даулап  алдына 
барса,  оны  хан  да  алдайды, “шариғат  солай” 
деп  қазы  да  алдайды.  Басы  ауырып  барса, 
бақсы  да  алдайды.  Базарға  барса,  саудагер  де 
алдайды. “Көзіңді  жұмсаң  керемет  көресің”,- 
деп  ұры  да  алдайды.  Сөйтіп  Алдан  ешкімнен 
әділдік, теңдік таппай зарығып, торығып жүр-
генде Алдар туады. Алдарды әлдилеп отырып 
әкесі: 
Алдаушы арсыз көбейіп 
Ардан тойдым, қарағым. 
Әділеттік таба алмай, 
Заңнан тойдым, қарағым. 
Арсыз заман-азаптап, 
Жаннан тойдым, қарағым. 
Арашашы болсын деп, 
Алдар қойдым, қарағым...- 
деп  жауыздықтан  көрген  қорлығын,  ызасын 
баласының  бойына  ана  сүтімен,  бесік  жыры-
мен бірге  сіңіреді. Алдар есі кіріп, тілі шығы-
сымен-ақ әкесіне: 
- Ержетейін, ел аралайын. Алдаушылармен 
арбасып  көрейін!-  деп  уәде  береді,  уәдесін 
артығымен орындайды. 
“Баяғыда  хан  Жәнібек  тұсында  Қожыр 
деген  бір  шал  болыпты,  шалдың  үш  баласы 
болыпты”,-деп  басталатын  “Алдар  атануы” 
дейтін екінші бір аңызда ғалымдар оның қалай 
Алдар  атанғандығын  көрсететін  мәліметтерге 
жүгінеді.  
-  Кәні,  қайсың  қандай  кәсіппен  мен  асы-
райсыңдар? - дейді шал балаларына. 
Ей, ата, мен алдасам, 
Жын болса арбасам. 
Жұрт істейтін кәсіп көп, 
Алдауды бер қаласам,  
дейді сонда кенжесі. 
-  Кенжем,  сенің  қалағаның  алдау  болса... 
бұл  бір  өзгеше  кәсіп  екен.  Сенің  де  алдыңнан 
жарылқасын,  Алдар  бол!-деп  қолын  жайып 
батасын береді [6, 434-435].  
Алдар көсенің туған, өлген уақыты жөнін-
де ауызша да, жазбаша да дерек жоқ. Тек қана  
 
өмір  сүрген  ортасын,  дәуірін  жорамалдайтын 
жанама  мәліметтер  ұшырасады.  Мәселен,  Өз-
бек ауыз әдебиетінде “Алдар куса хикояси” [7, 
4-5]  атты  кітап, 1911-1912 жылдары  моно-
графия  үлгісімен  Бұқара  баспасында  жарық 
көрді.  Осы  кітапта  Алдар  көсенің  қай  рудан 
шыққандығы  жайлы  дерек  бар:“Тарих  минг 
олти юз туқсон биринчисида Самарқанд улка-
сида  Жонибек … замонида  Рамадан  элидан 
Шумрай деган киши (оиласи) дан Қурай деган 
уғил  туғилди.  Қурай  балоғатга  етиб,  хотин 
олиб, ундан яна бир бола Золи жахонга пайдо 
булиб,  бу  боланинг  макрига  барча  таажжуб 
бармоғини  тишлаб,  тафаккур  бахрига  узини 
урар эди… 
Шу  вақтда  Жайронча  номли  бир  дониш-
манд булиб, у хар бир сузига хондан минг тан-
га олар эди. Унинг сузи хам бир китоб булади.  
Бир  куни  Жайронча  тангаларини  хуржун-
га солиб, отга ортиб, миниб борар эди. Ногох, 
у Қурайнинг боласига йулиқиб қолди. Иккови 
сузлашиб, охирида Жайронча донишманд була 
туриб, бу боланинг сузига жавоб топиб берол-
май,  истихолага  кетиб,  ёрилиб  улди.  Унинг 
хуржунидаги тилла ва оти бунга қолди. 
Бора-бора  бунинг  шухрати,  донғи  оламга 
кетди. У балоғатга етиб, ëши уттизга етиб бор-
ган  булса  хам  юзида  бир  туки  йук,  ияги  сар-
тарошларнинг  қайроғидан  хам  силлиқ,  юзига 
чибин қунса, оëғи тирғаниб тура олмас эди. У 
эл орасида Алдаркуса атанди ...”  
(1961 жылы Самарқанд өлкесінде Жәнібек 
заманында ... Рамадан  елінде  Шумрай  атты 
кісінің  отбасында  Құрай  есімді  бала  дүниеге 
келеді. Құрай ер жетіп, әйел алады. Зали есімді 
ұлы  дүниеге  келеді.  Баланың  айлакерлігіне 
барша жұрт таң қалады. 
Сол уақытта Жиренше шешен атты бір да-
нышпан  өмір  сүріпті.  Ол  әрбір  сөзі  үшін  хан-
нан мың теңге алатын еді. Оның сөзі бір кітап 
болатын. 
Бір  күні  Жиренше  ақшаларын  қоржынына 
салып,  атқа  мініп,  кетіп  бара  жатады.  Жолда 
кездейсоқ  ол  Құрайдың  баласына  жолығады. 
Екеуі  сөйлесіп,  ақырында  Жиренше,  шешен 
бола  тұра,  баланың  сөзіне  жауап  таба  алмай 
жарылып  өледі.  Осылайша  Жиреншенің  аты 
мен барлық ақшасы балаға қалады. 
Кейіннен  оның  аты  даңққа  айналып, бүкіл 
әлемге тарайды. Ер жетіп, отызға келсе де, бе-
тінде түгі жоқ, иегі шаштараздардың қайрағы-
нан  да  тегіс  болатын,  бетіне  шыбын  қонса, 
аяғы  тайып,  тұра  алмайтындай  еді.  Осылайша 
ол  ел  арасында  Алдар  көсе  атанады), -деген 
пікір  қазақ  халқының  тарихында  өмір  сүрген 
Жәнібек ханның заманына тура келеді. 
Алдар Көсе жайлы зерттеулер 

38 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
Осы кітаптың екінші бір жерінде: 
“Подшо  сурадиким,  қайси  шахар  одами, 
қай элдан экан деб. 
 
Бойваччалар айдилар: 
-Узи  узбек,  қозоқ  элиндан  булур,-дедилар. 
Андин  сунг,  Қозоғистон  элин  барчасига  одам 
юбориб, ахтардилар. Андин Урганч чулида Ра-
мадан  элинда  Алдаркусанинг  овулини  топди-
лар” (Патша  оның  қай  қаладан,  қай  елден 
келгендігін  сұрапты.  Байлар:“Өзі  өзбек,  қазақ 
елінен болады”,-деп жауап беріпті. Одан кейін 
Қазақ  еліне  адам  жіберіп,  іздестіріп,  Үргеніш 
шөлінде  Рамадан  елінде  Алдар  көсенің  ауы-
лын  тауыпты), - деп  айтылған  пікірде  Алдар 
көсенің қазақ арасынан, Рамадан руынан, Кіші 
жүздің  мекендеген  жері  Үргеніш  шөлінен  та-
былғандығы айтылады [7, 10]. Берілген мысал-
дарға  қарап,  Алдар  көсе  образының  өзбек 
және  қазақ  халықтарының  фольклорында  ор-
тақ  кейіпкер  екендігін  көруге  болады.  Алайда 
аңыз-әңгімелер  ғылыми  еңбек  болып  санал-
мағандықтан, бұлар ғылыми дәлел бола алмайды. 
Сонымен бірге Алдар көсе тарихта болған, 
өмір  сүрген  Жәнібек  хан,  Майқы,  Төле  бидің 
атына  байланысты  деректерде  кездесетіндігін 
айтатын  ғалымдар  да  болған.  Қазақ  ауыз  әде-
биетіндегі  тарихи  аңыз-әңгімелерді  зерттеген 
ғалым  Б.Адамбаев:“Тарихи  адамдар  қазақтың 
аңыз-әңгімелерінің  екінші  бөлегі  ХІV-ХVІ 
ғасырларда өмір сүрген Асанқайғы, Алдаркөсе 
және Жиренше шешен төңірегіне топталған”,-
дей  отырып,  Алдар  көсені  ХІV-ХVІ  ғасыр-
ларда  өмір  сүрген  деп  көрсетеді [3, 102]. Ға-
лым:“...Шағатай нәсілінен шыққан Алаша хан-
ды Жошы нәсілінен шыққан Шайбақ деген хан 
соғысып  Ортатөбеде  өлтіріп,  қазақ  хандығын 
өзіне қосып алады. Кейін Жәнібек, Керей бас-
таған  қазақ  хандығы  осының  орнына  құры-
лады. Демек, Алаша хан мен Жәнібек арасын-
да  мирастық,  жалғастық  бар.  Нақтылы  туған, 
өлген  уақыттары  мәлім  болмағанымен  Алдар 
көсе ... Алаша мен Жәнібек хандардың тұсын-
да  өмір  сүрген  тарихи  адамдар  деуге  негіз 
бар”,-деп, сөзін жалғастырады [3, 113]. 
Алайда Дулат тайпасының билеушілері от-
басында  дүниеге  келген  М.Х.Дулатидің  “Та-
рих-и  Рашиди”  деп  аталатын  тарихи-мемуар-
лық  шығармасының 72-шы  және 73-ші  тарау-
ларында берілген мәліметтерге сүйенетін бол-
сақ,  жоғарыда  айтып  кеткен  ғалымның  пікірі-
нің  қате  екендігіне  көз  жеткізуге  болады [8, 
412, 413-414].  
Ертегі  жанрын  зерттеген  өзбек  ғалымы 
Комил  Имомов:“Куса  номи  билан  машхур 
булган  эртак  қахромонинг  тарихий  шахс  ëки 
туқима  бадий  образ  эканлигини  аниқлаб,  юзага 
келган  урнини  белгилаш  нихоятда  мушкул 
(Көсе  атымен  атақты  болған  осы  бір  ертегі 
кейіпкерінің  тарихи  тұлға  немесе  ойдан  шық-
қан әдеби образ екендігін анықтап, оның орта-
ға шыққан жерін табу өте қиын)”,-деген пікірі 
арқылы  Алдар  көсенің  өмірде  болған  кісі  ма 
яки  халық  өзі  ойлап  шығарған  кейіпкер  ме?-
деген  сұрақты  шүбәланып  сенімсіздікпен  ай-
тады [9, 78]. 
Бұл жайлы  өзбек фольклористикасында әр 
түрлі пікірлер бар. Х.Раззоқов:“...қаһарман кә-
дімгі көшпенді тайпалар арасында ортаға шық-
қан”,-деп  айтса [10, 34], К.А.Иностранцев  бұл 
мәселені  сосонийлер  дәуірімен  байланысты-
рады.  Оның  айтуынша,  сосонийлер  дәуірінде 
халықтың  тойлайтын  “Куса  мейрамы”  (Көсе 
мейрамы)  болған.  Мұны  “Куса  сайли”  (Көсе-
нің  саяхаты)  деп  те  атаған.  Қыстың  күні  өткі-
зілетін  бұл  мейрамның  алдында  халық  көсені 
құрметтеп,  қонақ  еткен.  Оған  жақсы  матадан 
әдемі  тігілген  көйлек  кигізген.  Одан  кейін 
сиырға  міңгізіп,  көше-көше  аралатып,  оның 
үстіне мұздай су құйған, ұсақ май бөлшектерін 
жаққан. Сол кезде көсенің “үсіп кеттім”‚ “үсіп 
кеттім”  деп  айқайлаған.  Көріп  тұрғандай, 
кәдімгі  екі  құдайылық  (дуалистік)  сеніммен 
байланысты  болған  бұл  мейрамда,  үстем  тап 
қарсысында  жеңіске  жеткен  халық  идеалі  су-
реттелген.  Бұл  деген,  фольклор  қаһарманы 
болған  көсенің  жоғарыда  айтып  кеткен  рә- 
сіммен  бірге  туылды  мағынасын  бермейді. 
К.А.  Иностранцевтің  пікірін  негізге  алған 
С.Маъдиев  болса:“Көса  образы  кәдімгі  кейбір 
салт-дәстүрлермен  бірге  ортаға  шыққан”,-деп 
талқылай  келе, “осы  рәсім  ұмытылып,  образ 
сақталып  қалған”  деген  нәтижеге  келіп  тоқ-
тайды [11, 27]. Алайда  бұл  образдың  ортаға 
шығу  жолын  тек  осындай  рәсімдерге  байла-
ныстырып қойғанымыз дұрыс болмас. Керісін-
ше, ел арасындағы осындай рәсімдерден кейін 
үлкен беделге ие болып, жұлдызы жанған тұл-
ғалар жайлы - әрі көсемен байланысты – ерте-
гілер, аңыздар болған және осы шығарма кейіп-
керлерінің шынайы образы дәстүрлі мерекелік 
рәсімдермен  араласып  кеткен.  Ал  бұл  жақсы-
лықты  ұлықтау,  жамандықты  қаралау  мақса-
тында  келіп  шыққандар.  Жоғарыда  берілген 
рәсімнің  “Куса  сайли”  деп  аталуының  себебі 
де осы.  
Түрікменстандық  фольклорист  М.А.Сакали 
[12] мен ұйғыр әдебиеттанушысы М. Хамраев, 
Алдар  көсе  образын  жағымды  кейіпкер  си-
патында  қолға  алып: “Ол  әрқашан  халық  та-
рапына  шығып,  зұлымдық  пен  зорлықты  әш-
керелеген”, - деп бағалаған болатын [13, 56].  
Егер  де  Қазан  төңкерісінен  бұрын  және 
одан  кейін  жазылып  алынған  халық  ертегі-
Қ. Б.  Молдатаев 

39 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
лерін  назарға  алсақ,  олардың  кейбіреулерінде 
көсе  жағымсыз  кейіпкер  сипатында  сурет-
теледі.  Мұны  біз  иран,  өзбек [14], тіпті  қазақ 
халық ертегілерінде [15] көре аламыз.  
“Алдар  көсе”  атты  ертегілердің  алғашқы-
лары  осы  күнге  дейін  жарияланбаған.  Алайда 
Шукур Саъдулла өз кітабында [16] Алдар көсе 
ертегілерінің  кейбіреулерін  қайта  зерттеп,  жа-
риялаған  болатын.  Бірақ  бұл  ертегілердің  еш-
қандай  ғылыми  құндылығы  жоқ.  Бұдан  басқа 
И.Муслимнің 1938 жылы қазақшадан аударған 
бір кітабы бар.    
Қырғыз  ауыз  әдебиетінде  де  Алдар  көсе 
атымен  аталатын  аңыз-  әңгімелер  бар.  Азды-
көпті бірер жарым болса да орыс тілінде Мос-
квада  шыққан  “Киргизские  сказки” [17] атты 
кітапта қазақ тұрмысымен өмір сүрген адамдар-
дың атымен байланысты аңыз-әңгімелер бар.   
Қырғыз халық поэзиясында кездесетін Ал-
дар көсе бейнесі зерттелмеген тақырып. Алдар 
көсенің  шыққан  тегі  туралы  “Проделки  Ал-
даркосе” [17, 57] атты  аңызда Алдардың бала 
күнгі  есімі  Шағатай  екен,  алдамшы  және  са-
қал-мұртсыз  болғандықтан  жұрт  кейін  Алдар 
көсе  деп  кетіпті:“Скоро  люди  увидели,  что 
Чагатай  ловкий  обманщик.  Но  обманывал  он 
всегда  только  богатых  и  скупых  баев,  злых  и 
жестоких ханов. У бедных он не брал ни гроша, 
раздовал и то что добывал. Любил он подшу-тить 
над богачами, проделкам его не было конца. И 
всегда так изловчался, что смеялись все. 
Стал  Чагатай  джигитом,  но  вот  беда:  не 
было у него ни бороды, ни усов. И стали назы-
вать его “Алдар косе”, что значило “безбороды 
хитрец.” 
Қырғыз ауыз әдебиетінде айтылып жүрген 
Алдар  көсе  аңыздары  қазақ  ауыз  әдебиетінің 
ықпалы  арқылы  ауысып  өткен.  Себебі  көпте-
ген  ғасырлар  бойы  көрші,  төскейде  малы,  тө-
секте  жаны  қосылған  тілі,  діні  жақын  туыс 
қырғыз  халқының  ауыз  әдебиеті  үлгілері  бір-
біріне  ауысып,  ықпал  жасап  отыруы  заңды 
құбылыс.  
Қазақ  арасында  туылып  өскен  Алдар  көсе 
бейнесі туысқан өзбек, түрікмен ауыз әдебиеті 
арқылы  ертегідегі  Жібек  жолымен  тілі  бөлек, 
Иран  мемлекетіндегі  парсы  тіліне  қосылатын 
халықтар  ауыз  әдебиетіне  “Алдар”, “Көсе”, 
кейде  “Аяр”, “Шум  бала”  (Тентек  бала)  аты-
мен  жетіп  барғанын  көруге  болады.  Мысалы, 
“Персидские  сказки” [5, 196] де  Алдар  мен 
Көсенің  аты  бір  қолданбай,  жеке-жеке  кейіп-
кер есебінде аталынатынын көреміз. Алдар да, 
Көсе  де,  Аяр,  Қу  бала  да  өзінше  түрлі-түрлі 
мазмұн мен пішінді бейнелейді. Бірде өмірден 
безіп  дуана,  дервиш  пішінінде, кейде ақылды, 
данышпан,  мәртебелі  ұлы  адам  бейнесінде 
көрінсе, “Қырық көсе” аңызында сиқырлы, за-
лым  кісі,  жағымсыз  кейіпкер  бейнесінде  бері-
леді.  
Қорыта  айтсақ,  қазақ  фольклорында  бұл 
кейіпкерге де Қожанасыр секілді тарихи тұлға-
лық  сипат  берілгендігі  байқалады.  Кейбір  ға-
лымдар осы күнге дейін бізге жеткен аңыз-әң-
гімелерге  жүгіне  отырып,  Алдар  көсенің  өмір 
сүрген  дәуірін  анықтауға  тырысқан.  Тіпті  қай 
рудан  шыққандығын  да  айтып  көрсеткен [7]. 
Алайда  аңыз-әңгімелер  ғылыми  дәйек  бола 
алмайды.  Сол  себепті  бұл  жөнінде  нақты,  дә-
лелді дерек көздерінің болмауына байланысты 
Алдар көсені тарихи тұлға деп дөп басып айту, 
әлі ерте.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет