Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата15.03.2017
өлшемі3,99 Mb.
#9386
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46

Литература 
 
1 Щукин А.Н. Методика обучения иностранным языкам. – М.: Изд. УРАО, 2002. – С. 116-122.  
2 Щерба Л.В. Преподавание иностранных языков в средней школе. – М.,1997. 
3 Основные направления в методике преподавания иностранных языков / под ред. И.В. Рахманова. – М., 1999. 
4 Пассов Е.И. Коммуникативное иноязычное образование: концепции развития индивидуальности в диалоге культур.  
– Липецк, 2000. 
5 Балыхина Т.М. Формирование профессиональной компетенции филолога на ступени обучения в магистратуре. – М., 
2000. – С. 111-127. 
6 Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. – 2000. – № 1.  
              
References 
 
  1 Schukin A.N. Metodika obucheniya inostrannym yazykam. – M.: Izd. URAO, 2002. – S. 116-122.  
2 Scherba L.V. Prepodavanie inostrannyh yazykov v sredney shkole. – M.,1997. 
3 Osnovnye napravleniya v metodike prepodavaniya inostrannyh yazykov / pod red. I.V. Rahmanova. – M., 1999. 
4 Passov E.I. Kommunikativnoe inoyazychnoe obrazovanie: kontseptsii razvitiya individual'nosti v dialoge kul'tur. – Lipetsk, 
2000. 
5 Balyhina T.M. Formirovanie professional'noy kompetentsii filologa na stupeni obucheniya v magistrature. – M., 2000. – S. 
111-127. 
6 Polat E.S.Metod proektov na urokah inostrannogo yazyka // Inostrannye yazyki v shkole. – 2000. – № 1. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
A. T. Мадиярова, А. А. Чингисова

201 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
 
ӘОЖ 81:001 
 
М. К. Несипбекова 
 
Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық университеті 
II курс магистранты, Алматы қ., Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі – ф. ғ. д. доцент  А. О. Тымболова 
e-mail: 85_makpal @list.ru 
 
Драмалық  шығармалардағы кейіпкер тілі 
 
Мақалада  драмалық  шығармалардағы  кейіпкер  тілінің эстетикалық  қызметін көрсетуде қолданылатын  
тілдік-стильдік амал-тәсілдер   қарастырылады. 
Драмалық  шығармалардағы  диалогтардың алар орны ерекше екендігі, сонымен қатар зерттеулер жан-
жақты  қарастырылған.  Драмалық  шығармаларда  кейіпкерлердің  тілі  арқылы    мінезі,  бейнесі    көрінеді. 
Кейіпкер тіліне  қатысты орыс және қазақ тіл білімінде де зерттелгені көрсетіледі 
Мақалада актер  тілінің  стилистикалық   сауаттылығы  және  талдау  барысында диалог, монолог, поли-
лог,  сонымен  қатар    лексикалық    элементтерге  жататын  диалектизмдер    мен    варваризмдердің    қолданы-
луына  үлкен  мән  берілген.  Драмадағы    кейіпкерлер  сөйлеу  техникасы  мен  сөйлеу  мәдениетін    қатар  мең-
гергенде ғана көрермендерді бағындыра алады. Сахнада актер тіл арқылы ғана көрермендермен байланысқа 
түсетіндігі айтылған.  
Кейіпкер тіліндегі  сөз өнерінің   құдіреті тек әдемі сөздерде ғана емес,  болашақта оның  ғылыми астары   
терең зерттеуді  қажет ететіндігін көрсетеді.   
Түйін сөздер:  диалог,  монолог,  драматургия, драматург, стиль, пьеса, лингвопрагматика.  
  
М. К. Несипбекова 
Язык героя в драматическом произведении 
 
Диалоги в драматических произведениях занимают важное место.   Диалог в драме – основное средство 
развития действия и конфликта и основной способ изображения характеров (важнейшие функции драмати-
ческого  диалога).  В  нем  раскрывается  внешняя  и  внутренняя  жизнь  персонажей:  их  взгляды,  интересы, 
жизненная  позиция  и  чувства,  переживания,  настроения.  Иначе  говоря,  слово  в  драме,  будучи  емким,  точ-
ным,  выразительным,  эмоционально  насыщенным,  словом-действием,  способно  передать  всю  полноту 
характеристики  действующих  лиц.  Характер  и  слово  в  драме  взаимообусловлены,  находятся  в  единении:  в 
речи выявляется характер, а характер, в свою очередь, накладывает отпечаток на речь персонажа. Возникает 
требование  строгой  индивидуальности  речи  каждого  героя.  Драма  требует  от  читателя  развитого  и  все-
стороннего  воображения.  Опираясь,  в  принципе,  лишь  на  драматическую  речь  (прежде  всего  диалоги, 
монологи),  читатель  должен  представить  себе  место  и  время  действия,  внешний  облик  героев,  их  манеру 
говорить и слушать, их движения, жесты, мимику, почувствовать, что скрывается за словами и поступками в 
душе каждого из персонажей.   
Ключевые  слова: диалог, монолог, драматургия, драматург, стиль, пьеса, лингвопрагматика.  
 
M. K. Nesipbekova 
The language of the hero in drama 
 
In This  article  shows  dramatical  texts  af  actors estethetical  character of  using  lingual – style. This  article  
is considered  the use of language  in the speech of  stylistic  devices  heroes  of dramatic  works.  The article  
discusses  the  role  of dialogue  in  dramatic  works  as  well as a comprehensive study.  In dramatic works  and 
shows  their  nature  and images  of  the  characters.  A  study  is also regarded  Russian – Kazakh  linguistics.  In  the 
article attaches  importance  using of actor’s stylistically  literacy  and  dialogue, monologue,  polylogue  also 
dialecticism,  barbarism  of lexical  elements. Only  when  the  next  conversation actor  learned  the  culture  of 
technics  conversation  on  dramatic  characters,  and subordinate  viewers.  On  stage,  the  actor  tells  the  viewer  
down through  the language  of  communication. 
Providence  art  word in  a  character  deeply  explores  the  scientific  name of the  lower  classes  flocks  not  
only  beautiful  words,  but in  the  future, should indicate. 
Key words:  dialogue,  monologue,  dramaturgy,  the playwright, style,  the play  lingvopragmatika. 
____________________________________ 
 
                                                                            
           
Драмалық  шығармалардағы кейіпкер тілі 

202 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
 Диалогтар    кейіпкер    болмысын    таныта-
тын    тілдік    амал    ретінде  орыс  тіл    білімінде  
Л.В.  Щерба,  Л.П.  Якубинскиий,  В.В.  Вино-
градов, 
Г.О. 
Винокур, 
Т.Г. 
Винокур,  
А.Н. Гвоздев, М.М. Бахтин, В.М. Лагутин тағы 
басқа    ғалымдардың    еңбектерінде   жете  зерт-
телді. Драмалық  шығармалардың ерекшелігі – 
тұтасымен  сөйлеушілердің  сөздері  болып  ке-
летіндігінде.  Драмалық  шығармаларда  жазу-
шының  сипаттауы,  баяндауы болмайды. Мұн-
дағы сөйлеу тіліне берілетін  басымдық – дра-
матургия  жанры  мен  стиліне тән басты нәр-
се.  Драмадағы  оқиға    желісі  кейіпкерлердің  
диалогына  сай  негізделіп  шешіледі.  Драма-
тург  оқиғаны,  іс-әрекетті  сахна  талаптарына 
сай дамытады. Драмалық шығармаларда кейіп-
кер  бейнесі  тартыс үстінде  ашылады.   
Драматург    үшін    іс-әрекет    арқылы    ғана 
емес, тіл арқылы да мінез ерекшелігі  көрінетін  
кейіпкерді  ұсыну  оңай  емес. Сахналық  шы-
ғармаларда    образ    жасауда    кейіпкерлер  тілі-
нің  орны  ерекше  болып  келеді.  Кейіпкерлер-
дің  тілінен  олардың  бейнесі  көрінеді. Кейіп-
керлер  тілінің    мазмұны    нақты,  құрылымы  
қысқа  болып  келетіні  белгілі.  Академик  
З.Қабдолов:  «... драмадағы  ең  басты,  ең  ше-
шуші,  ең  негізгі  нәрсе – тіл.  Пьесаның күші 
де,  әлсіздігі  де  тілде;  пьесадағы  әр  сөз  мірдің 
оғындай  өткір,  көздеген   жерге  дір  етіп  тиер-
дей дәл, көкейге саулап құйылардай таза,  мөл-
дір,  санаға    мықтап    дарығандай    мағыналы, 
мәнді  болып  келуге  тиіс», - дейді [1, 98]. Ал, 
мағыналы  сөз – жүйелі  ойдың нәтижесі  екені 
белгілі.   Сондықтан,  кейіпкерлер  тілінің  эсте-
тикалық  қызметін    көрсетуде  тілдік-стильдік  
амал-тәсілдердің  орны  бөлек.   
Қазақ    тіл    білімінде    көркем    әдебиеттегі  
кейіпкерлер  тіліне  қатысты кейбір мәселелер 
М.  Балақаев,  Ә.  Қайдаров,  Р.  Сыздықова,  
М.  Серғалиев,  С.  Исаев,  Р.  Әміров,  Х.  Нұр-
мұханов,  Б.  Шалабаев  тағы    басқалардың    ең-
бектерінде қарастырылды. Жалпы көркем  шы-
ғармаларда әрбір кейіпкердің сөз саптауы  мен  
сөз  мәнері әр  түрлі болып  келеді. Бұл  олар-
дың   қоғамда  алатын    әлеуметтік   жағдайына,  
ортасына    байланысты    болады.  Сондықтан  
да    олардың    әр  қайсысының    өзінше    сөйлеу  
дағдысы    болады.  Кейіпкер    тілінің    осындай 
ерекшеліктері  тілдің  лексикалық  және  грам-
матикалық  қабаттары  арқылы  жүзеге  асады. 
Кейіпкердің  тілі  арқылы  оның  мәдениеттілігі, 
жас  мөлшері,  қызметі,  кәсібі,  өскен  ортасы, 
сыпайылығы,  дөрекілігі    т.б.  қасиеттері    бай-
қалады.  Кейіпкердің  сөйлеу  мәнеріндегі  өзін-
дік  ерекшелігі  оның  лексикасынан  бастала-
тыны  белгілі.  Ал  сөйлеу тілі  лексикасының  
құрамына    қарапайым,  тұрпайы  жаргон  сөз-
дер, жергілікті  тіл ерекшеліктері (диалектизм-
дер)  жатады.  Өзіндік    қолтаңбасы  бар   драма-
тургтердің   шығармаларындағы  тілдік  құры-
лымның  бірқатарын сөйлеу  тілінің  элемент-
тері    құрайды.  Драматургтің    жеке    стильдік 
даралығы    оның    белгілі    тілдік    құралдарды 
қолдануындағы  ерекшеліктерінен  байқалады. 
Тілімізде    жиі  кездесетін  сөйлеу  тілінің  эле-
менттері  қатарына  экспрессивтік-эмоционал-
ды сөздер жатады. Бұл тілдік құралдар көркем 
туындыларда  кейіпкердің  мінез-құлқын  ашу-
ға,  суреттелген  оқиғаны  әсірелеуге  де  қаты-
сады.  
Бүгінгі    таңда    сахна    мен  көгілдір  экран 
тілінің  айналасында  зерттелуі  тиіс  күрделі 
мәселелердің көп екендігі даусыз. Сөз өнерінің  
құдіреті  тек  әдемі  сөздердің  тізбегінде   емес, 
оның  ғылыми  астарының  негізінде  жатыр. 
Сахнадағы   актер  жалпы  көрермен  алдында  
сөз    сөйлеу    өнерінің    міндеті  мен    жауапкер-
шілігін  қатаң  сезінуі  тиіс.    
Актер  тілі  негізінен  образ  жасауға,  оны  
даралауға  қызмет етеді. Актер тілі – лингвис-
тикалық    стилистиканың    зерттеу    нысанына  
жатады.  Актер  тілін  талдауда  диалог,  моно-
лог,  полилогтердің    қызметі  айырықша.  Әсі-
ресе,  диалогтың    табиғаты    ерекше.  Диалог  
арқылы    шығарманың    идеясы    мен    кейіпкер  
бейнесі  көрінеді.  Актер  тілі  арқылы  көркем 
шығармада  кейіпкер  бейнесі  сомдалады. 
Демек,  актердің    еңбегі    кейіпкерін  шебер 
сомдаумен  бағаланады.  Шебер  актер  оқыған  
кітабыңызды  көз  алдыңызға  картина  түрінде 
елестетеді. Актерлер тіліндегі лексикалық эле-
менттер:  диалектизмдер, қаратпа және одағай 
сөздер,  қарапайым  және  жаргон    сөздер    мен  
варваризмдердің  қолданылуына  талдау  бары-
сында үлкен  мән беріледі.  
Сахна    тілінің    маманы,  профессор  Д.  Тұ-
ранқұлқызы,  тіл  байлығы – елдің  елдігінің 
айғағы,  көркем  және  ғылыми  әдебиеттің,  мә-
дениеттің салт-санасы. Тіл байлығы,  тіл таза-
лығы,  тіл  мәдениеті – ұлт қасиетінің, санасы-
ның негізгі өнегесі,  нағыз белгісі.  Әр тілдің өз 
ырғағы  бар.  Қазақ    тілі  еш  уақытта  өзімен 
көршілес  халықтардың  тілдерінен  кем  болып, 
қатарынан  қалып  өмір  сүрмегендігі,  өз  сыба-
ғасын  ешкімге  жібермегендігі  мыңдаған  жыл 
тарихында айқындалған. Біздің  тіліміз –  көр-
кем, бай.  Мәселе,  соны дұрыс пайдалана білу-
де. Өз тіліміздің сұлулығын сезбей, өзге тілдің 
сұлулығын    сезіну    екіталай.  Қазақ    тілінің  
өзге  де  ұлттық  тілдер  сияқты  екшеліп,  қыр- 
М. К. Несипбекова 

203 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ланған, тұрақталған, жалпыға ортақ заңдылық-
тары мен ережелері бар. Ол  заңдылықтардың  
бір  бөлігі  сөздерді  дұрыс  таңдап,  орнымен 
жұмсауға  қатысты» – дейді.  Сондықтан    олар  
сөзді өздері ғана ұғынып, бағалап қана қоймай, 
оны  көрерменге,  тыңдаушының  зердесіне 
жеткізе  білулері  керек,  яғни  тыңдаушысын 
ұйытып, баурап алып, сөз қадірін, өнер қадірін 
танытуы тиіс деп есептейді.   
Тіл –  ең  алдымен  коммуникациялық  қыз-
метті  атқарады.  Сахнадағы актердің  сөзі  та-
биғи    сипатқа    ие.  Сахнадағы    табиғилық –  
күнделікті өмірдегідей  қарапайым  сөздер  тіз-
бегі емес, драмалық өнер табиғатына сай, өзек-
ті  жарып  шығып,  адамның  ішкі  табиғатымен 
қабысып жатады.  
Театр  тіршілігіндегі  негізгі  тұлға –  актер, 
ең  басты  құралы – сөз.  Әдебиет  те,  өнер  де, 
драматургия да сөзсіз жүзеге аспайды. Ал  әде-
биет, өнер жоқ жерде сахна өнері де жоқ.  Қар-
сылық  пен  қақтығысқа  құрылған  әрекет-қуаты  
күшті  сөз  ғана  сахнаның  шырайын  кіргізеді. 
Сондықтан  драматургия  тілі  күнделікті    өмір-
дегі  ауызекі  сөз  емес,  айрықша   айшықты  тіл.  
Ол композициялық құрылысы, жанрлық сипаты, 
оқиға  желісі,  идеялық,  көркемдік  қуаты  барын-
ша  пісіп-жетіліп  барып,  күрделі  толғаныстан 
туатын  дүние.  Демек,  сахна  тілінің  көркемдік 
қуаты мен саздылық  сипаты  театр  өнері  сала-
сында  айрықша  орын  алады.  
Прагмалингвистика  өзінің  табиғаты жағы-
нан  коммуникативтік  іс-әрекетті  зерттейтін 
сала  болғандықтан,  барлық  тілдік  талдауларға 
ықпалын  тигізеді.  Бұл    туралы  А.  Тымболова 
«Көркем  әдебиет  тілін  гуманитарлық  ғылым-
дармен  байланыстыра,  антропоцентристік    тұр-
ғыдан    қарастырғанда,  лингвопрагматикалық  
аспект  көркем  шығармалардың тілін кешенді 
және фрагментарлы түрде зерттейді. Сол сияқ-
ты сөзді дұрыс қолданбасаң, сөйлемді  жүйелі  
құрастырмасаң,  тілдік  нормаға нұқсан келеді. 
Сахна  тілінің  де өзіне сай лексикалық,  грам-
матикалық,  орфоэпиялық  нормасы бар.  Тіл-
дік    норма    жазуда    ғана  емес,  сөздің  қолда-
нылуы  мен  айтылуында  да,  сөйлем    құрауда  
да,  яғни  тілдің  өн  бойында  болуы тиіс»,-деп 
көрсетеді [2, 127].  
Тілдік    норманы    сақтап    сөйлеу – мәде-
ниеттіліктің  белгісі. Тіл  мәдениетіне жетікпін  
дейтін  тұлға  сөздің  мағынасын,  мәндестік 
ерекшелігін,  әдеби,  тілдік  төркінін,  сөздердің 
еркін  және  тұрақты  тіркестер  құрамына  ену 
мүмкіншіліктерін  жете  білуі  керек.  Яғни,  
сахна  тілі  орфоэпиялық  ережелер мен норма-
ларды  сақтауды  қатаң  түрде  талап  етеді.  Сах-
нада  әдеби  тіл нормалары түгел сақталып, ак-
тердің  оны  сөйлеу  тілінде  қаншалықты  мең-
гергендігі  жан-жақты  көрінеді.  Яғни,  актер  
сөйлеу  мәдениеті  мен  сөйлеу  техникасын  қа-
тар меңгеруі қажет. Образды  сомдаушы  актер 
қазақ  әдеби  тілінің  нормаларын  тиісті  дәре-
жеде сақтап сөйлеуі қажет.   
Бұл  ойымызды  «Сөйлеу  техникасы  мен 
сөйлеу  мәдениетін  қатар  меңгеру – дауыс  са-
пасын жақсартудың бірден-бір жолы. Өйткені, 
сөйлеу мәдениеті сөздерді білдірмек ойға  дәл  
таңдай  білу  болса,  сөйлеу  техникасы  сол  сөз-
дерді  тыңдаушысына  жеткізе  білетін  дауыс 
құбылыстарын  меңгеру  болып  табылады»,- 
деген  пікір нақтылай түседі [3, 32].  
Әдеби  тіл  нормалары тілдің әрбір деңгейі-
мен тығыз байланысып, қолданылу барысында 
фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, син-
таксистік  деңгей  элементтерінің  жүйесін  сақ-
тайды. Сондықтан  С. Исаев «Әдеби  тілдің  нор-
малары фонетикалық  нормалар  мен олардың  
жүйесінен,  лексика-  семантикалық  нормалар-
дан,  морфологиялық  нормалар  мен  олардың 
жүйесінен, сөздердің комбинаторлық, конструк-
тивтік  нормалары  мен  қолданылу,  қалыптасу  
жүйелерінен тұрады» [4, 17],- дейді.  
Сахнада  актер  тіл  арқылы  көрерменімен  
тікелей  байланысқа  түседі. Актер  тілі  көрер-
мендер  үшін  дұрыс  айтылған  әдеби  тілдің  
үлгісі  болуы тиіс.  Әдеби  тілдің  бірыңғай  нор-
масына  ұмтылу,  тіл  мәдениетінің  бір  белгісі 
болып  табылады.  Сондықтан,  театр – актер – 
тіл   бір-бірінен  ажырамас    ұғымдар,  тіл  мәде-
ниеті  мен  сөйлеу  техникасы  да  тығыз  байла-
нысты.   
Сахнадағы    тілдік    тұлға – ұлттық    тілдің  
нағыз    сапасын    жинақтап  сақтаушы    субъект 
болып  табылады.  Драмалық  шығармаларда 
кейіпкерлердің  сөзі  жеке-дара  айтылғанмен, 
композициялық  құрылымы тұтастық құрайды.  
Сахнаның  басты  шарты  ауызша  сөздің 
нормалары  мен  жазба  сөздің  ара  жігін    ажы-
рату  болып табылады. Әрине,  барлық  уақыт-
та  сөздің  жазылуы  мен  айтылу  нормасының 
сәйкес  келе  бермейтіндігі  белгілі.  Сондықтан, 
сахнада    орфоэпиялық    норманың    сақталуы  
да негізгі  талаптардың бірі.   
Жазба  мәтіннен  оқырман  эмоциялық  әсер-
ді    аз  алуы    мүмкін.  Ал  сахналық  қойылымда  
шебер  ойнай білген актердің аузынан шыққан 
әрбір  сөз  көңілдегі  ойға  қозғау  салары  анық. 
Бұл  жерде  актер  дауысы   шешуші  рөл  атқа-
рады.   Дауыс    актер    сөзінің  үш  бірдей 
ықпалды қызметін жүзеге асырады  дейді  сах-
натанушы  Д. Тұранқұлова.  Олар: «спектакль 
Драмалық  шығармалардағы кейіпкер тілі 

204 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
 
не  жайында,  соны  естіп-білуге;  дыбыс  ырғағы-
мен  бейнеленген  кейіпкер  ойларын  түсінуге; 
пьеса кейіпкерлері қандай сезім-күйде, соны аң-
ғаруға мүмкіндік әпереді», – деп көрсетеді [5, 86].  
Ал,  Римнің  атақты  шешені  Цицерон  «Ше-
шеннің  қуаты  тыңдаушының  көңілін  бүтіндей 
аударып,  бағындыра    білуінде.  Қызыл    тілді 
шешен  деп,  кім  форумда  және  азаматтық  сот 
процестерінде  тыңдаушыны  иландыра  алса, 
сүйсіндіре  алса,  өзіне  бағындыра  алса,  соны 
айтамыз»  деген  екен.  Сонымен  қатар,  Цице-
рон  трактаттарында сөз құрау, сөз стилі, сөзді 
әзілмен, сынмен жеткізу, басқа да әдеби ерек-
шеліктерді  пайдалану,  сөзді  дыбыстық  мета-
форалармен    құлпырту  т.с.с.  шешендер  үшін 
құндылығы  аса  зор  кеңестер  келтірілген.  Бұ-
лардың  барлығы  сөз иесі мамандарына   күн-
делікті  сөз  құдіретін   жете  түсіну,  таныту  
үшін өте қажет.  
Өнердің  түрі  көп, мысалға: кескін  өнері,  
мүсін    өнері,  сәулет  өнері,  т.б.  Мүсіншінің  
құралы – бояу, әншінің  құралы – үн,  бишінің  
құралы – қимыл  болса,  шешеннің    құралы – 
сөз,  тіл.  Ал,  сахна  тілі  қандай  өнер  дегенде,  
сахна тілі – сөз,  тіл өнері  болмақ.   
Сөз  сахна    тілінің    құрылыс    материалы  
болып  табылатындығы  белгілі. Сахнада әдемі  
сөйлеу,  әсерлі сөйлеу, мәнді де мәнерлі, жұм-
сақ,  күштеп,  батырып  сөйлеу  әртүрлі  ойлар-
дың  нәтижелері.  Яғни,  сөздің  қаншалықты  
дәрежеде  айтылуы, актердің ой-ұшқырлығына 
байланысты  болып  келеді.  Сөйтіп,  пайыздық  
өлшемдерге ие болады.   
Сондай-ақ,  актердің  сөзі  оның  психоло-
гиясының  да  көрсеткіші.  Себебі,  актер  ішкі 
психологиялық  тебіренісі  мен  сыртқы  пішіні  
бір-біріне  сай  болғанда  ғана  нағыз  кейіпкер 
бейнесін  жасап  шығармақ.  Бұл  жердегі  ішкі 
психологиялық  тебіреніс  ішкі  сөзге   –  моно-
логқа,  сыртқы  пішіндік  көрініс  сыртқы  сөз 
әрекетіне саяды.   
Жалпы,  кейіпкер  тілінің  басты  мақсаты  
рөлді  орындау  барысында  сөйлеуді   машық-
тандыру,    әрбір  сөздің  мәнін  түсініп,  табиға-
тын тануға баулу, кейіпкер образын аша түсе-
тін  штрихтарға  талдау  жасау,  ондағы  әр  сөзге 
мән беру, оның орындалуын, сахналық үлгісін 
жасау,  тілдік  сөз  қорын  байыту,  мәнерін   же-
тілдіру. Бір  сөзбен  айтқанда  сөйлеу  техника-
сын  жақсарту.  Біз  қарастырып  отырған  кейіп-
кер  тілінің  сөз  әрекеті  ой  ұшқырлығына   қан-
шалықты ықпал етсе, сөйлеу техникасының да 
соншалықты  әсері бары белгілі.   
Қорыта келгенде, сөз ата-бабамыздан  жал-
ғасып келе жатқан аманат, асыл  мұра.  Актер  
сөйлер  сөзін,  айтар  ойын   жүйелі  жеткізіп,  
әдеби    тілдің    нормасын    сақтап,   сөз  сөйлеу 
өнеріне,  тіл  мәдениетіне  ыждаһаттықпен    қа-
рауға,  ұлттық  тілдің  қаймағын  келер  ұрпақ-
қа  бұзбай  табыстауға  тиіс.   
 
Әдебиеттер   
 
1  Қабдолов  З.  Сөз  өнері. – Алматы: Санат,  2002. – 360 б.  
2  Тымболова А. Драмалық шығармалардың лингвистикалық  поэтикасы. –  Алматы: Елтаным баспасы,  2013. – 328 б.  
3  Тұранқұлова Д. Сахна тілі. – Алматы, 1998. – 208 б.  
4  Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1989. – 269 б.  
5  Тұранқұлова Д. Сырлы сөз – сахна сәні. – Алматы, 2003. – 204 б.  
 
References 
 
1  Қabdolov  Z.  Sөz  өnerі. – Almaty: Sanat,  2002. – 360 b.  
2  Tymbolova A. Dramalyқ shyғarmalardyң lingvistikalyқ  poetikasy. –  Almaty: Eltanym baspasy,  2013.  – 328 b.  
3  Tұranқұlova D. Sahna tіlі. – Almaty, 1998. – 208 b.  
4  Isaev S. Қazaқ әdebi tіlіnің tarihy. – Almaty: Mektep, 1989. – 269 b.  
5  Tұranқұlova D. Syrly sөz – sahna sәnі. – Almaty, 2003. – 204 b.
                                          
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
М. К. Несипбекова 

205 
 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
 
 
 
УДК 81:001.12/.18 
 
А. А. Саганаева 
 
магистрант II курса Казахского государственного женского педагогического университета, 
г. Алматы, Казахстан 
Научный руководитель – д. ф. н. профессор В. И. Жумагулова 
e-mail: 
kairat_0808@mail.ru
 
 
Особенности вербализации концепта «байтерек»  
в национально-культурном сознании 
 
В данной статье предпринимается попытка исследования концепта «байтерек» и актуализирующих его 
языковых единиц.  
Концепт «байтерек» является одним  из базовых в тюркской, в частности, казахской языковой картине 
мира, который имеет большое значение в казахской ментальности как для отдельной языковой личности, так 
и  для  лингвокультурного  сообщества  в  целом.  Анализ  особенностей  реализации  концепта  «байтерек» 
позволит выявить общее и специфическое, коллективное и индивидуальное для казахского языкового созна-
ния.  
Ключевые  слова:  языковая  картина  мира,  концепт,  свободный  ассоциативный  эксперимент,  нацио-
нально-культурное сознание. 
 
А. А. Саганаева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет