Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет109/193
Дата10.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#42207
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   193
Сауаттылық əлеуметтік тəжірибе ретінде 
Білімді меңгеруді анықтау «қиындықтары» 
күн тəртібінен түспей тұрған кезде, сауат ашу 
тəжірибесін əлеуметтік жəне мəдени контекст 
аясында қарастыру маңызды бола бастады. Бұл 
əдіс когнитивті зерттеулердің эксперименталды 
немесе тұлғалық сипатына жəне мəтінді тілдік 
тұрғыдан зерттеудің этикалық жəне мəтіндік 
əдістеріне қарағанда, əсіресе, этнографиялық 
пікірді ұстанатындарға қатты əсер етті. Бұл əлеу-
меттік дамулар кейде «жаңа сауаттылық зерт-
теулері» деп аталды [4, 54; 6, 29; 14, 58]. Бұл 
дəстүрдегі еңбектердің көбісі сауаттылық ұғы-
мының арнайы мəдени контексттегі күнделікті 
мағынасына жəне қолданысына мəн береді жəне 
сауаттылық бағдарламаларын біздің қалай түсі-
нетіндігімізді зерттейді [11, 65; 12, 71].
Сауаттылықтың «автономды» жəне «идео-
логиялық» модельдері арасындағы айырмашы-
лықтар туралы сөз қозғайды [14, 57]. Сауатты-
лықтың «автономды» моделі жоғарыда аты 
аталған алғашқы «когнитивті нəтижелер» жайлы 
əдебиеттердегідей сауаттылық автономды түр-
де басқа да əлеуметтік жəне когнитивті тəжі-
рибелерге əсер етеді деген пайымнан туындайды. 
Street-тің [14, 57] ұстанған моделі мəдени жəне 
идеологиялық тұжырымдамаларды бейтарап жəне 
əмбебап күйде ұсынады. Сауаттылық əлеумет-
Сауаттылық ұғымын əлеуметтік тəжірибе ретінде анықтау мəселелері 


130
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
тік тəжірибе ретінде əдісінің зерттеулері алдыңғы 
сөйлемде айтылған пікірге күмəн келтіріп, тəжі-
рибе жүзінде автономды үлгіге негізделген үстем 
əдіс басқа мəдениеттерге сауаттылықтың батыс 
(немесе урбандалған) қағидасын үстеуде. Оған 
балама сауаттылықтың идеологиялық үлгісі 
сауаттылық тəжірибесіне контекстке қарай өзге-
ріп отыратын əлдеқайда сезімтал көзқарас ұсы-
нады. Бұл үлгі автономды үлгіге қарағанда көбі-
рек жəне түрлі алғышарттардан бастау алады; 
ол сауаттылықтың жай ғана техникалық немесе 
бейтарап біліктілік емес, оның əлеуметтік тəжі-
рибе екендігін жəне əлеуметтік эпистемиоло-
гиялық қағидаларға негізделетінін баса айтады. 
Адамдардың оқу мен жазуға деген көзқарасы 
олардың білім, сəйкестілік жəне болмыс жайлы 
концепцияларынан бастау алады. Бұл тұрғыдан 
сауаттылық ұғымының кейбір нұсқалары əр-
дайым «идеологиялық» болғандықтан, ол əрқа-
шан белгілі бір əлемдік пікірге негізделгендік-
тен жəне мол пікірдің басқалардан үстем екен-
дігін жəне басқаларына шектеу қоятындығы-
нан, бұл ұғымның мағынасы да, тəжірибесі де 
даулы пікір болып табылады [6, 13]. Əлеу-
меттік сауаттылық жайлы пікірталастар [14, 58] 
сауаттылық ұғымы əуел бастан əлеуметтік іс-
əрекет болғандығы пікірде. Мұғалімдердің, оқу-
шылардың қарым-қатынасының өзі сауаттылық 
ұғымының табиғатына жəне олардың сауат-
тылық жайлы пікірлеріне əсер ететін əлеумет-
тік тəжірибе болып табылады. Сондықтан, 
сауаттылық бейтарап күйінде берілетін жəне 
оның əлеуметтік құрамдас бөлігі кейінірек мең-
герілетін үдеріс деген пікір орынсыз. 
Осы себептерден жəне көптеген дəстүрлі 
сауаттылық бағдарламаларының сəтсіздігінен 
[14, 59], əлемнің түкпір-түкпірінде сауаттылық 
мəселесімен айналысушы академиялық қызмет-
керлер, зерттеушілер жəне оқытушылар көпте-
ген тəжірибелер жəне бағдарламалар негіздел-
ген сауаттылықтың автономиялық үлгісі оқу 
мен жазудың көпжақтылылығын түсіндіретін 
немесе идеолгиялық үлгіні толықтыратын тəжі-
рибелі бағдарламалармен қамтамасыз ететін 
интеллектуалды құрал емес екендігін алға тар-
туда [2, 56; 7, 36; 8, 28; 141, 61]. 
Бұл əдістің саясаткерлер мен бағдарлама 
дизайнерлеріне бағытталған сұрағы бейтарап 
даму аясында сауаттылықтың əсері емес, жер-
гілікті халықтың жаңа қарым-қатынас тəжіри-
белеріне деген пікірі болуы керек. Kulick & 
Stroud-тың [10, 61] миссионерлердің Жаңа 
Гвинея ауылдарына сауаттылықты қалай алып 
келгендігінің этнографиялық сипаттауы бұл 
қағиданы аша түспек. Бұл тұрғыдан, сауатты-
лық – күш ара қатынасының құрамдас бөлігі 
жəне адамдардың тек қана педагогикалық жəне 
когнитивті факторлар ғана емес, сонымен қатар, 
əлеуметтік жəне мəдени тəжірибе аясындағы өз 
жағдаятына қалай ие болатындығының көрсет-
кіші. Бұл мəселе, өз кезегінде, кез-келген сауат 
ашу бағдарламасына қоюға болатын төменде-
гіше сұрақтарға жол ашады: Бағдарлама қаты-
сушылары арасындағы күш ара қатынасы қан-
дай? Қандай ресурстар қолданылады? Егер адам-
дар сауаттылықтың бір түрінің орнына басқа-
сына иеленсе, қайда барады? Сауат ашу бағдар-
ламасының қатысушылары сауаттылықтың басым 
концепцияларына қалай қарайды? 
Бұл əдістің зерттеу үшін де, тəжірибе үшін 
де маңызы зор. Зерттеушілер, өз мəдениетіне 
таныс белгілі бір сауаттылық тəжірибесіне жүгін-
бестен бұрын, енді, жазу мен оқуды əлеуметтік 
контекст аясында жəне басқа көзқарастарды 
түсіністікпен қабылдау арқылы сауаттылық ұғы-
мының шеңберін кеңейтпек. Көптеген адамдар 
үшін сауаттылықтың автономды үлгісі аясында 
«сауатсыздық» деп атаған ұғымы, мəдени көз-
қарастарға жұмсақ көзқарас негізінде, сауатты-
лық тəжірибесінің маңызды қолданысын бел-
гілі мақсаттары мен арнайы контексттерінде 
көрініс табады. Мысалы, зерттеулер нəтижелері 
«сауаты жоқ» тұлғаның сауаттылық іс-əрекет-
теріне кірісетіндігін көрсетеді, сондықтан, сауат-
ты/сауатсыз ұғымдарының ара-жігін ажырату 
қиынға соғып отыр. 
Жаңа сауаттылық зерттеулерінің басты ұғым-
дары сауаттылық оқиғалары мен сауаттылық 
тəжірибелері тəрізді жаңа ұғымдарды арнайы 
контекстер мен тəжірибелік бағдарламалар шең-
берінде кедергілерден сүрінбей өтуге мүмкіндік 
береді. Shirley Brice Heath «сауаттылық оқиға-
ларына» «қатысушылар қарым-қатынасына жəне 
оларды түйсіну үдерістеріне жазу іс-əрекетінің 
интеграциялануы» деген анықтама береді [14, 
1] «Сауаттылық тəжірибелер» ұғымын «оқу мен 
жазудың əлеуметтік тəжірибелері мен ұғым-
дары» деп сипаттаған, кейінірек ол Heath-дің 
ойын жетілдіре отырып, бұл ұғымға «сауатты-
лық оқиғаларын» да енгізді. Осылайша, сауат-
тылықтың əлеуметтік үлгілеріне қатысушалыр-
дың ой-пікірлерін қосу арқылы, оларға бұрын-
ғыдан да маңызды мағына үстеді [14, 62]. David 
Barton, Mary Hamilton жəне олардың Ланкастер 
университетіндегі (Lancaster University) басқа 
да əріптестері осы ұғымдарды өз зерттеуле-
рінде қолдану арқылы Ұлыбританияда жəне 
əлемде аса зор маңызға ие болды (салыcтыры-
А. Алдабердіқызы 


131
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
ңыз: Barton and Hamilton 1999). Басыңқы жəне 
бағыныңқы, формалды емес жəне жергілікті 
сауаттылық ұғымы «жағдаятты» жəне «идео-
логиялық» əдістер аясында басты маңызға ие 
болды. 
Brandt, Maddox, Stromquist жəне басқалары 
тəрізді жергілікті немесе сыртқы жəне жахан-
данған əлемнің тəжірибесін, сонымен қатар, 
когнитивті əсерлер мақалада талқыланған пікір-
лер мен ойлар сауаттылық ұғымын тануда түрлі 
əдістердің бар екендігін жəне ересектер сауат-
тылығын қолға алу жəне тереңдету бағдарлама-
ларының қалай тұжырымдалу керек екендігін 
көрсетеді. Осы тұрғыдан, сауаттылықты да-
мыту бағдарламасы «Сауаттылықты өлшеу мен 
қадағалау» – ‘Measuring and monitoring literacy’, 
«Сауаттылық стратегиялары мен саясаттары» – 
‘Strategies and policies for literacy’, «Сауаттылық 
жəне адамзат дамуы» – ‘Literacy and human 
development’ жəне «Сауаттылықты тиімді үйре-
тудің жəне бағдарлама жасаудың педагогика-
лық əдістері» – ‘Pedagogical approaches to 
literacy effective literacy learning and programme 
designs’ сияқты бағдарламаларға сай сауатты-
лықтың қай түрін қарастырып жатқандығын 
атап көрсетуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет