1. Тақырыбы: Мейіргер жұмысын ұйымдастыру, басқару және мотивациялық қызметі. Аға мейіргердің, мейіргерлердің, кіші мейіргерлердің қызметтік міндеттері.
2. Мақсаты: Студенттерге мейіргер жұмысын ұымдастырудағы басқару және мотивациялық қызметі туралы таныстырып, аға мейіргерлердің, мейіргерлердің, кіші мейіргерлердің қызметтік міндеттерін үйрету.
3. Дәріс тезистері:
Мейіргер ісі мамандығы.
Мейіргер ісіндегі басқару қызметі.
Аға және кіші мейіргерлердің қызметтік міндеттері.
Мейіргерлер білуі керек.
Мейіргер ісі -қоршаған ортаның өзгеру салдарынан болып отыратын жағдайдағы жеке тұлғаның және халықтың денсаулығына байланысты, проблемаларды шешуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір саласы болып саналады.
Ғылым ретінде медбикелік іс практикада тексерілген білімдерге сүйенеді. Алғашқыда медбикелік іс медицина, психология, социология, мәдениеттану ғылымдарынан бастау алған. Қазіргі заманда медбике ісіне жаңаша салалар қосылып жатыр (медбике ісінің философиясы, мененджменті, маркенинг, медбикелік педагогика, медбикелік ісіндегі қарым- қатынас, медбикелік үрдіс).
Медбикелердің негізгі мақсаты -сырқаттаған адамдардың, жанұяның, халықтың денсаулығын сақтап, жан- жақты ем көрсету болып табылады.
«Мейірбике ісінің негіздері»пәні медицина, биология, гигиеналық, клиникалық және қоғамдық пәндермен тығыз байланыста.
Пәннің негізгі міндеті:медбикелік кәсіптік бағытта, жан - жақты білім алуға көмектесіп, мүмкіндік туғызу.
Ғылым және өнер болып саналатын медбикелік ісқазіргі уақытта өз алдына келесі мақсаттарды қояды:
-халықта медбике ісінің маңыздылығы, ерекшелігі жөнінде түсінік қалыптастыру;
мамандық мінетті кеңейту және халықтың медбикелік қызметке қажеттілігін қалыптастыру үшін медбике қабілетіне көңіл аударып, нәтижені қолдана отырып дамыту;