Национальное воспитание



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#7979
1   2   3   4   5   6   7   8

Keywords: Kazakh literature, khan,zhyrau research

Қазақ  мемлекеті,  қазақ  хандығының 

құрыл   ғанына 550 жыл толуы қазақ халқының 

да    м ып,  қалыптасу  тарихының  өзіндік  да му 

үр   ді сі  болғанын  көреміз.  Тарихшы  ғалым-

дар      дың зер де леуі бойынша осы уақыт ара лы     -

ғында Қазақ мем ле к етін  30-дан асқан хан  дар 

бас қарғаны  белгілі.  «Қасым  ханның  қас қа 

жо лы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан-

ның «Жеті жарғысы» бүгінгі Елбасы ұсы нып 

отыр   ған «Нұрлы жол болашаққа бас  тар жол» 

ат ты идеясымен ұштасып жатыр.

Қазақ хандығы тұсындағы ауыз әдебиеті 

мұра   лары бүгінгі таңда ұрпақтың бойындағы 

ұлт  тық  құндылықтарды  қалыптастырудың 

не гізгі  көзі  болып  табылады.  Бұл  салада 

Б.Кенжебаев,  Х.Сүйіншәлиев,  М.Мағауин, 

Н.Келімбетов,  М.Жолдасбеков  т.б.  зерт теу -

ле рі  қазақ  хандығы  тұсындағы  қазақ  елі н ің 

мәде ниетінің,  әдебиетінің,  салт  -  дәс түр  ле р і-

нің дамуын терең зерттеп, нақты ғы лы  м  ға өз 

үлестерін қосумен қатар, тарихи тұл  ға лар дың 

негізгі  орнын  белгілеп  беріп  отыр.  Қазтуған, 

Асан  қайғы,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет, 

Ақтамберді,  Бұқар  т.б.  жыр ау  лардың  артына 

қалдырған  жырлары  көшп е лі  л ер  философия-

сына, ұлттық фило со

  

 фияға, әде   биет ке қосқан 



құнды мұра болып табылады. 

18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Біз  осы  уақытқа дейін жоғарыда аты атал-

ған ғұла ма лардың мұраларын ауыз әдебиеті 

мұр  а  лары на жатқызып келдік. Белгілі ғалым 

А.Сейдімбек  Қытай  мұрағатынан  табылған 

Бұқар  жыраудың  мұраларына,  деректеріне 

сүйе  не  отырып,  Бұқар  ұлтымыздың  жазба 

әде   бие ті мұрасына жататын ақындардың бі-

рі еке   ніне өзінің зерттеуінде тоқталып кет ке-

ні  белгілі.  Сондықтан  да,  қазақтарда  жазба 

мұ ра болмаған деген  деректерге жауап ре-

тін  де әлі де болса көптеген дәлелдер табыла-

ды. 

Қ.Мыңжан «Қазақтың көне тарихы» атты 



ең  бе  гінде «қазақтар Түркі қағанаты тұсында 

пай    да болған көне халық» деп жазып кетуі 

нақ    ты дәлел бола алады. Егер Қ.Мыңжанның 

тұжы рым    дамасын  негізге  алатын  болсақ, 

ата л   ған тарихи дәуірлерде бізге белгісіз қан-

ша   ма мұралардың болғанын көреміз.

Қазақтың дербес әдебиеті – XV ғасырдың 

ор  та шенінен бастау алды. Оған себеп болған 

дү ние–Шу  бойында  Қазақ  хандығының 

құры  луы  және  осының  нәтижесінде  қазақ 

хал   қы  ның аренаға шығуы еді. Бұл қазіргі таң   -

да біз білетін тарих, ақиқат тарих. Деген   мен 

бұл тарихтың ақиқатқа айналу жолы қан   ша-

лықты жеңіл болды. Қазақ ханд ы 

 

ғы ның құрыл-



ғанына, қазақ деген мем ле к ет тің ір гесін көтер-

ге ніне 550 жыл толу қарс аңын да, бұл мәселені 

қоз ғап кеткеніміз құп па-құп. Неге дейсіз, өйт-

ке ні қазақтың әде биеті XVIII-ғасырда Бұқардан 

бе рі  қарай  да мы ды  де ген  жаңсақ  пікір  бол-

ды,  тарихтың  же лісі  со лай  құрылды.  Сонда 

Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз  қайда  қалды. 

Қазақ  әде бие ті  Ал тын  Орда  құлағанға  дейін 

түр кі әдебие т і  мен бірге дамыды, одан ары XV-

ға сырда дер  бес әдебиеттің ғұмыры басталды. 

Үш  ға  с ыр ды  жоққа  шығаратын  жоғарыдағы 

та ри х   тың    қателігі  ауыр  еді,  ауырлығы  сонда 

Қазтуғанның, Доспамбет пен Шалкиіздің бар 

екен дігін жоққа шығаруы. 

Ал  бізді  ақиқатқа  жетелеген  не  нәрсе,  ол 

Бейсенбай Кенжебаевтың бастауымен Мұхтар 

Мағауиннің жарыққа шығарған «Қазақ хан ды-

ғы тұсындағы әдебиет», «Қобыз сарыны» мен 

«Алдаспаны» еді. 

Қазақ  әдебиеті  қазіргі  Қазақстан  жерін 

жай   лаған  тайпалар  туғызған  бай  рухани 

қазы   наның  заңды  мұрагері  еді.  Сахарадағы 

ру х ани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді. 

Кең  даладағы  көшпенді  тірлік,  тұрмыстық-

қоғам  дық өзгешелік сөз өнерінің соны сипат-

та  қалып тасуына  себеп  болғанды.  Ал  осы 

ке зең  дегі қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін 

кө те р ген,  сөз  өнерінің  жетекші  өкілдері 

–  жырау лар  болды.  Қазақ  жыраулары  XV-

XVIII ғасырлар шегінде бүгіл әлемдік мәні 

бар аса құнды әдеби мұра қалыптастырды[1].

Осылайша кең даладағы көшпенді тір лік-

тің  ку әгері,  үш  ғасырды  қамтыған  дәуірдің 

өзін  дік  жыр  әлемі  болғандығын  жоғарыда 

ай тыл  ған еңбектерде дәлелдеп кетті. Тарих-

тың да, әдебиеттің де үлкен бір кезеңін бар 

қыл  ғанда,  бүкіл  әлемге  қазақта  Шалкиіз, 

Доспамбет,  Қазтуғандардың  бар  екендігін 

жа  рық  қа  шығарғанда,  Мағауинның  Мұхтар 

де  ген  ұлын  халықтың  ұлы  қылған  да  міні 

осы дүниелер еді. Орны ерек, салмағы ауыр 

ең бек тер.

«Мен»  атты  ғұмырнамалық  хамсасында 

жа   зу шы өзінің осындай биік шыңға шығуы 

ту  ралы  Шалкиіз,  Доспамбет,  Қазтуған, 

Бұхарлар  болмаса,  жұрт  білген  Мұхтар 

Мағауин деген жазушы да болмас еді. Шама-

лы өрнегі, шектеулі өрісі, тапалтақ тұр ғы сы 

бар жабайы жазарманның қатарын тол  ты р ар 

едім.  Біздің  атымыздың  аталуы  шарт  емес. 

Орта  ғысырдағы  Қазақ  хандығы  дә уі рін де 

Шалкиіз,  Қазтуған,  Доспамбет  сын ды  ат-

ақ  ты  сөз  зергерлері  болды  деген  құр мет ке 

толы  лепес  –ХХ  ғасырда  Мұхтар  Мағауин 

бол ды деген сөз. Халқыңның рухы өл ме се, 

сен де бірге жасайсың деген сөз»,  - деп атап 

көрсетуі де жоғарыда аты аталған ұлы баба-

ла ры мыздың  мұралары  арқылы  рухы  биік 

халы қтың дамып, қалыптасқанын нақтылай 

түседі[3].

М.Мағауин мұрасына ат салғандардың бі-

рі профессор Тұрсын Жұртбай «М.Мағауин 

же тек теп әкеліп, әдебиет төріне отырғызған 

Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, 

Үмбетай  мұраларының  әсерін  тілмен  ай-

тып  жеткізу  қиын.  Ең  ғажабы,  жыраулар 



19

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

поэ зиясында әлі ешкімге құл болмаған азат 

көш пендінің  айбынды  үні  жатыр  еді.  Сон-

дық  тан  да  қалың  жұртшылық  бұл  шы ғар -

ма  ларды  тарыққанда  тандай  жібітер  тір ші-

лік  нәріндей  қабылдады.  Мағауин  тура лы 

сөз  болғанда  жырауларға  соқпай  өту  кінә 

бол са,  дәл  солай  жырауларды  атаған  тұс-

та Мағауиннің аты қоса аталады»[2]. Яғ ни, 

көш пенділер мұрасы - ұлттық рухты асқақ-

та та тын, тарихи зердені толықтыратын, тоз-

бай  тын,  тарихтың  дамуына  үлкен  сер пі ліс 

бе ре  тін,  бүгінгі  ұрпақ  мақтанатын,  әлем-

нің  өркениет  көшіне  еркін  енуге  күш  бе-

ре   тін  асыл  мұра  деп  қабылдаймыз.  Міне, 

М.Мағауин  мұрасы  ұлттық  тарих  пен  әде-

бие  тке, философияға т.б ғылымның дамуы-

на қайталанбас қолтаңба мен келіп отыр деп 

нақ тыл аймыз. 

 «Қазақ әдебиеті» газетінде біздің буын-

да  60-жылдары  әдебиетке  келген,  қазір  70-

тің  үстіндегі  жазушылардың  ішінен  ең  көп 

бі л е  тін  ғұлама  кім  десе,  Мұхтар  Мағауин 

деп  ай туға  тиіспіз.  Оның  біздің  әдебиетке 

сал   ған  олжасы  аз  емес.  Сонау  25  жасында 

жа зып  шыққан  кандидаттық  диссерта ция -

сы  –  бірден  докторлық  атақ  беруге  тұр ар  -

лық  еңбек  еді.  Газетте  бірге  істейміз,  қор-

ға  у  ында,  басқасында  басы-қасында  бірге 

бол  дық.  Бірақ  ол  әрі  қарай  доктор  болуға 

аса талпынған жоқ. Оның себептері де жоқ 

емес Одан соңғы еңбектері де аз емес. «Бес 

ға  сыр жырлайды», «Алдаспан», «Алты ғас-

ыр  антологиясы»,  кейінірек  Шәкәрімді  қа-

тар  ға  қо суда  еңбегі  зор.  Бұл  –  ғылымдағы 

жал  пыла ма  еңбегі.  Жазушылықта,  көркем 

әде биет  ке  әкелген  жаңалығы  да  бір  төбе. 

Әң гі  менің, повесть жазудың шебері. Ал ро-

ма н   да  жалғыз-ақ  «Аласапыранын»  алсақ, 

та ри  хи романдардың ішіндегі ең шебер жа-

зыл  ған әрі нақты дерекке құрылған, тарихты 

дәл көрсететін бірегей туынды деп есеп тей-

мін[4]. 

Мұхтар  Мағауинді  қазақ  жұрты  алғаш 

әң  гі мелері  арқылы  таныды.  Ал  1968  жылы 

жа рық  қа  шыққан  «Қобыз  сарыны»  оны  әр 

қаз ақ  үшін  ардақты  тұлғаға  айналдырды. 

«Қобыз сарыны» - жай зерттеу еңбек емес, 

сол уақытқа дейін ХVІІІ ғасырдан басталып 

жүр  ген  қазақ  әдебиеті  тарихын  үш  ғасыр 

әрі г е  жылжытып,  көмескіде  қалған  жырау-

лар  шы ғармашылығын  кейінгі  ұрпағымен 

қай   та  табыстырған  дүние  болды.  Бұл  кітап 

қазақ зиялылары тарапынан ғана жоғары ба-

ға  л анып  қойған  жоқ,  ең  бастысы,  әр  қазақ 

от  ба  сы оны қастерлі мүліктей төрге қой ып, 

мақ тан  тұтты.Қобыз  сарыны»  атты  ең бе -

гі «Қазақ елі - мәңгілік ел» идеясын нақ ты 

ашып берген ғылыми құнды тарихи туын ды-

ға айналды.

М.Мағауин  мұрасын  зерделеуде  ғалым 

Т.Жұртбайдың зерттеулерін негізге аламыз. 

Оның  жазбаларына  тоқтала  отырып,  жазу-

шы  ның тілдік ерекшелігін де негізге алдық. 

Т.Жұртбай: «Мұхтарды ерекше жазушы қы-

л ып тұрған дүние оның ескі тілді жетік біл-

у ін де жатыр. Мұхтардың «Аласапыран» ең-

бе гі тілдік тұрғыдан дербес зерттелуді қажет 

ете  тін туынды.  Мен кезінде екінші рет қай-

та лап  оқы ғанымда  800-ден  аса  өзім  бұрын 

ес  ті ме ген, жаңа сөздар таптым. Ол сөздерді 

тұң ғыш  оқып  тұрсам  да  мағынасын  жақсы 

түс і ніп отырдым. Осы романда қолданылған 

сөз  дер ді біз өмірге кіргізуіміз керек. Егер ол 

сөз  д ер тілге енбесе, өлі тілге айналады»,-деп 

атап  көрсетуі  қазақ  тілінің  бай  қорын  та ғы 

ай қындай  түскендей.  М.Мағауиннің  өз  ор-

та  сы  нан  үйренген,  ата  мен  әжеден  алған 

өзін  дік  сөздік  қоры  бар.  Мағауин  қазақтың 

ес кі сөздерін өз шығармашылығына кеңінен 

пай   да ланған.  Қазақтың  көне  жазу  стилін 

жан-жақты зерттеп, оны түрлендіріп, қазіргі 

әде бие тке қолдана білген. Дәлел келтірейік: 

«Іш құста, қияли болып кетеді дейді», «мыс-

ық   тан  сәл-пәл  ғана  қалқыңқы»,  «енді  бар 

бала  осы  жерге  ошарылды»,  «жұнттай  бо-

лып  семірген»  («Биік  үйдегі  бөрібасар»); 

«Күл  кісі езуіне қатқан», «салыққан оң қол-

ын сілкіді», «шыжымдай тартқан», «көре ше-

гі алда», «шетін оқиға», «қанын іші не тарт-

қан»,  «жеті  нысанды  жолдан  тайды рып» 

(«Коммунистік  реализм»).  «Күміс  шап қан 

ау ыр қара үзеңгіні шың еткізе», «белі сөгіліп 

бір  шаппады  ғой»,  «еті  тым  ояз  екен», 

«һай!»—деді  сосын.  Сәл  шайқалып,  ың ыл-


20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

дай  толқып  отырды  да,  күңірене  суырған», 

«жақ   сыға  ғана  батым  болғаны  ғой», 

«Қашым бек  дарқанның  үйінде»,  «бұдан 

соң  аты  ескіріп,  жүзі  көмескіленіпті», 

(«Әбдіғаппар  сері»);Жоғарыда  Т.Жұртбай 

айт  қан дай  М.Мағауиннің  тілін,  сөздерін 

қол  даныс қа енгізу  керек,  болмағанда қолда 

бар  алтынның  қадірі  жоғалары  анық  деуі 

қазақ  әдебиетіне  осындай  асыл  мұраларды 

ен  гізу  арқылы  тарих  қойнауына  терең  бой-

лау ы мызға мүмкіндік береді[2].

Академик К.Бейсенбаевтың шәкірттерінің 

бірі,  ғалым  М.Жолдасбеков  М.Мағауиннің 

қаз ақ  әдебиеті  тарихынан  алатын  орнын 

мына сөзі арқылы айқындай түскен сияқты: 

«Мағауин,  Рымғали  бір  жұдырықтай  бол -

ған  үшеуміз  өзіміз  үнемі  айта  беретін  қара 

шал  Бейсенбай  Кенжебаевтың  шәкірт тері-

міз.  Бисекең  бізді  тыңға  салды,  ол  кез де 

айтуға  жұрттың  аузы  бармайтын  тақы рып 

еді,  қазақ  әдебиетінің  көне  тарихы.  Мені 

түркі  дәуірінен  бермен  қарайғы  әде б ие-

тке  салса,  Мұхтарды  қазақ  хандық  дәуір-

дер гі  әдебиетке  әкеліп  салды.  Алдында  біз 

тайсақтауын тайсақтадық, дегенмен мо мын -

дығына  қарамай  сондай  бір  табанды  кісі 

еді  Бисекең.  Бізді  осы  жолда  адастырмай, 

үлкен  ғылымның  есігін  аштырып,  сол  та-

қы рып  жолдарына  бағыттады.  Көп  ұзамай 

қазақ әдебиетінің тарихына арналған үлкен 

кон фере нция  өтті,  қазіргі  Абай  атындағы 

уни ве р ситетінде.  Конференцияның  негігі 

тақы рыбы  Бұхардан  әрі  әдебиет  жоқ  деген 

ес кі  сарын.  Міне  осы  топқа  Бисекең  бізді 

әкелді, мен сөйледім, артымша Мұхтар сөй-

леді, ескі сарынды жақтаған бір топ ғалым-

дар бізге қарсы шықты, сөзімізді жоққа шы-

ғар ды. Дегенмен, қандай қиындық болса да 

тай салмадық.  Әсіресе  Мұхтардың  қайрат-

ты  лығы  ерекше  еді.  Басында  мен  Бисекеңе 

мына тақырыпты жазбаймын, жұрт қатарлы 

жат танды  тақырыптарды  қорғай  берейін, 

бала-шағам  бар,  мынамен  жүрем  бе,  мені 

қорғ атпайды  дедім,  ол  кісі  болса  уайым-

дап  қалатын.  Сондай  уақытта  мені  қайрап, 

жігер лендірген  Мұхтар  болды.  «Мырзатай 

не де болса кеттік осы жолмен, келешек те 

осы бағытта. Біздің әдебиетіміз бен тарихы-

мыз д ы бәрібір ешкім тартып ала алмайды»,-

дейтұғын.

Міне,  М.Мағауиннің  ерлігі  осы  еді. 

М.Мағауиннің  зерттеулері  қазақ  әдебиеті 

ғылы мына қосқан үлес ғана болып табылмай-

ды,  ол  ұлттық  тарихымызға  қосқан  орны 

тол мас алтын қазына. Жоғарыда келтірілген 

мәлі мет  арқылы  қазақ  әдебиетінің  даму 

тари хындағы көне түркілік кезең мен Қазақ 

хандығы  тұсындағы  әдебиеттің  қалып та-

суы Бейсенбай Кенжебаев пен оның шәкірт-

терінің  арқасында  болғандығына  көз  жет-

кізе міз. Қазақ хандығына 550 жыл толу қар-

са ңын да  төл  әдебиетке  тоқталмай  болмай-

ды, осы тұста дербес әдебиеттің көш басын-

да Мағауиннің есімі тұрғандығына тағы да 

көзі міз жетеді. Жоғарыда өзі айтып кеткен-

дей, ХV-XVIII ғасыр аралығында Қазтуған, 

Шалкиіз,  Доспамбеттің  болғандығы  ХХ 

ғасыр да Мұхтар Мағауин деген жазушының 

бол ға нына куәгерлік болып тұрғандай. 

Қазақ  хандығының  550  жылдық  мерей 

тойы ның  2000  жылдық  тарихы  бар  киелі 

Тараз жерінде өтілуі біздің  тарихи дамуы-

мыз ды  тағы  бір  нақтылай  түскендей.  Осы 

тұр ғ ыдан  алғанда,  аталған  кезеңдегі  тарих-

ты,  әдебиетті,  көшпеділер  философиясын, 

т.б.  ғылымның  бастаулырын  әлі  де  болса 

тер ең  зерттей  түскенде    қажет  етеді.  Қазақ 

хандығы  тұсындағы  қазақ  әдебиетін  зерт-

теу ші  М.Мағауин  еңбектерін    бүгінгі  оқу  - 

тәр бие үдерісіне енгізудің қажеттілігін көріп 

отыр мыз.  «Мағауинтану»  пәнін  үздіксіз 

білім беру жүйесінде кеңінен енгізе білсек, 

тари хымыздың әлі де болса ашылмай жат қан 

құндылықтарынан бүгінгі жастар сусын дап, 

Елбасы ұсынып отырған  «Қазақ елі - мәң-

гі лік ел» идеясын іске асыруда негізгі орын 

а л ары  сөзсіз.  Қазақ  хандығы  тұсындағы 

тари хи  мұраларымыз  –  бүгінгі  жастардың 

бойын дағы  ұлттық  идеяны,  қазақ  идеясын, 

ұлт тық тарихи сананы қалыптастыруда бас-

ты бағыт болып табылады.



21

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мағауин М. «Қобыз сарыны». ХҮ - ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жы р  ау ла  ры.  

– Алматы.,Мектеп. 2007. -192 б. (Жетінші сөз» сериясы).)

2. Мағауин М. Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Алматы., «Ана тілі» 1992. – 176 б.

3. Мағауин М. «Мен» ғұмырнамалық хамса

4. «Қазақ әдебиеті»  №5, 2015 .

5. МыңжанұлыА. Қазақтың көне тарихы. – Алматы., Жазушы, 1992. –400 б.

6. Мағауин М. «Қобыз сарыны». ХҮ - ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жырау лары. 

– Алматы., Мектеп. 2007. -192 б.  (Жетінші сөз» сериясы).

ӘОЖ 3.37.371.371.3

М.А.Нуриев

Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры

 т.ғ.к., профессор, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер

 Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері 

Ж.А.Сейсенбаева 

 Абай атындағы ҚазҰПУ

 Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директордың орынбасары, ф.ғ.к.

Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері

А.Е.Садыкова

Абай атындағы ҚазҰПУ

 Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ-ның эксперті, магистр

Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері 

Д.М. Советканова

Абай атындағы ҚазҰПУ

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті, магистр

Ж.Б. Қдыралиева

Абай атындағы ҚазҰПУ

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті, магистр

Жобалап оқыту технологиясының үздіксіз білім беру бағдарында қолданудың 

тиімділігі

Ғылыми мақалада жобалап оқыту әдісінің үздіксіз білім беру бағдарында  қолданудың 

ар  тық шылығы мен тиімділігі ашып көрсетілген. Жобалап оқыту технологиясы білім беру 

әді сі ретінде қарастырылып және қазақстандық білім беру жүйесінде қолдану негіздеріне 

мысал  дармен ғылыми сараптама жасалған. Жобалап оқыту технологиясының ерекшелігі – 

білім   герлерді ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру 

ар   қ ылы кез келген мәселені шеше білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін ти гі з-


22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

еді. Жаңа ғылыми ізденіске жетелейтін әдіске жан-жақты сараптама жасалып, нақты дәлел-

де ме лер мен мысалдар келтірілді. 

Түйін сөздер: жобалап оқыту, ізденіс, шығармашылық, білім, ғылым, даму

Статья раскрывает проблему исследования роли проектной деятельности в развитии про-

фессиональных и личностных качеств обучающихся. 

А также рассматривается вопрос о роли метода проекта в образовании и воспитании со-

временного  школьника.  В  настоящее  время  мы  наблюдаем,  стремительные    изменения  в 

об ществе, которые требуют от человека новых качеств. Формирование этих качеств  воз-

лагается  на  образование.  Именно  проектно-исследовательская  деятельность  даёт  новые 

воз можности для решения этих задач. В ходе проектной деятельности учащиеся не просто 

прио бретают знания, они ещё и учатся тому, как самостоятельно в современной жизни при-

о бре тать эти знания. В основу метода проектов положена идея о направленности учебно-

поз навательной деятельности учащихся на результат, который получается при решении той 

или иной практически значимой проблемы.

 Ключевые слова: проектное обучение, поиск, творчество, знание, наука, развитие.

Application of the scientific method of continuing education training course designed disclosed 

advantage and efficiency. Design and technology should be considered as a method of education 

and training of Kazakhstani education system of the examples on the basis of scientific expertise. 

Technology design and training - in search of students, business and educational initiatives, the 

ability  to  solve  any  problem  through  the  development  of  creative  abilities,  contributes  to  the 

formation of an individual. New scientific search method that will lead to a comprehensive analysis 

of specific evidence and examples.



Keywords: design education, research, creativity, education, research, development

1.  Жобалап  оқытуды  бастауыш  сыныпта 

қолданудың тиімділігі

2. Негізгі орта мектеп мазмұнында жоба-

лап оқыту технологиясын жүзеге асырудың 

жолдары


3. Жоғарғы сыныптардағы жобалап оқы-

ту технологиясы негіздері

4. Жоғары оқу орындарында жобалап оқы  -

ту технологиясын қолданудың ерекшелігі

Әлемдік өркениетке жетелейтін, дамыған 

елдер қатарынан бой көрсетуге септігін ти гі-

з е  тін - сапалы білім екендігі даусыз. Ол үшін, 

за  ма науи бағытта, балабақшадан бастап, пе-

да  гог мамандарға дейін заманауи әдістермен 

қа ны ғып, бүгінде қолданысқа ауадай қажет 

ин но вациялық технологиялармен оқыту ке-

рек. Осыған орай, білім алушыларды заман-

ның  ағымына  қарай  дәстүрлі  білімді  жаңа 

әдіс пен алмастыру негізінде ғалымдар тара-

пы нан инновациялық білім беру бағдарлары 

тә жір биеленуде. Білім берудегі өзіндік ойлау 

мен  зерт теуге  дағдыландыруға  жетелейтін 

оқу тех нологияларының бірі – жобалап оқы-

ту ды үздіксіз білім беру бағдарында қол да н-

удың тиімділігін нақты мысалдармен ұсын-

бақ пыз. 

Жобалау  технологияның  өзекті  тұсы  – 

бі лім  алушылар  әртүрлі  ақпарат  көздерін 

пай далана  отырып,  теориялық  білімін  тә-

жі рибеде қолдану негізінде субъект ретінде 

қалыптасып, өз күштері мен мүм кін ші

 

лік те-


р іне деген сенімі артып, интеллектуалды, кә-

сі би тұрғыда дамып, жауапкершілікті сезіне 

тү  седі. 

Қазіргі жаппай жаһандану заманында эк-

о   номикалық,  әлеуметтік,  саяси  және  адам    -

гершілік  проблемалар  ушығып,  ши е л і    ні се 

түсуде.  Осы  мәселелерді  шешуде  қай  ел-

дің  болмасын,  білім  сапасының  ат қа   р ар 

рөлі зор екендігі айтпаса да белгілі. Се  б е  бі, 

халықаралық аренада әр елдің сая си тұрақ-

ты л ығының сақ талуы мен эконо ми   калық бә-


23

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН

се   келестікке қабілеттілігі, сол ел  дің адам ка-

пи  талының сапалық маңы зы на байланысты. 

Осы тұрғыда, қай мем ле   ке ттің білім сапа сы 

жақ сы  болса,  кез  кел ген  бәсекелестікте  ба-

сым түсері анық.Олай болса,тәуелсіз мем ле-

ке  тіміздің тұт қа сын ұстау білімді де, білікті 

жас тардың  ен шісінде.  Ал  еліміздің  ертеңгі 

бо ла шағы –мек теп қабырғасынан алған білім 

нә рі мен су сын даған оқушы жастар – бүгінгі 

сту дент тер. Сондықтан да, оқушыларға сапа-

лы білім бе ру дің тиімді жолдарын іздестіру, 

білімге ұм тылдыру өте өзекті мәселе. 

Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйе-

сі  нің алғашқы басқышы екенін ескере оты-

рып, оқушыға белгілі бір көлемдегі бі лім-бі-

лік,  дағдыларды  меңгертумен  бірге  та би ғат 

қо ғам, адам, айналаны қоршаған дү ние тур-

алы танымын қалыптастыру, оның жеке ба-

сы  ның  қасиеттерін  жан-жақты  дамы ту.  жо-

ға  ры адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-

бү  г інгі күннің басты талабы.

Қазақстан  Республикасының  «Білім  За-

ңы н да» (8 бап) білім беру жүйесінің мін дет -

те рі бөлімінде: «Білім беру жүйесінің бас  ты 

мін  деті  –  ұлттық  және  жалпы  адам зат тық 

құн  дылықтар, ғылым мен тәжірибе же тіс  тік -

тері негізінде жеке адамды қалып тас ты ру  ға, 

дамытуға  дәне  кәсіби  шыңдауға  ба ғыт  тыл-

ған  біл ім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жа-

сау» делінген[2]. Және де Қазақстан Рес пуб -

ли  ка  сының 2015 жылға дейінгі біл ім бе ру  ді 

дең гейлері мен мазмұны нақты көр се  тіл   ген: 

«бастауыш мектептің негізгі мін деті – бала-

ның жеке басын бастапқы қа лып тас ты  ру  ды 

қам тамасыз ету, оның қабілет те рін анық тау 

жә не дамыту» делінген [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет