Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата03.03.2017
өлшемі9,42 Mb.
#5613
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ КЕЙБІР ҚҰЖАТТАР 
 
Н.Ə. Атығаев 
 
Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты директорының орынбасары, т.ғ.к., доцент 
 
Түйін сөздер: Қазақ хандығы, қаржы, салық, йасак, нумизматика, ақша, монета, теңге, тиын, қалалар.  
Аннотация. Мақалада қазақ ауыз əдебиетінің, ортағасырлық шығыстың мұсылман тарихшыларының мəліметтері, 
жарияланған  мұрағат  құжаттары  мен  арнайы  зерттеулер  негізінде  Қазақ  хандығының  қаржы  жүйесі  туралы  кейбір 
материалдар  қарастырылады.  Жұмыс  барысында  автор  келесі  қорытындыға  келеді:  түрлі  тарихи  дереккөздерде  Қазақ 
хандығы билеушілерінің бағынышты халықтан түрлі алым-салықтар жинағаны, соның ішінде ақшалай да, жəне ақшаның 
төлеу құралы ретінде пайдаланылғаны туралы материалдар сақталған. Зерттеушілер анықтаған Тəуекел хан мен Тұрсын-
Мұхаммед  ханның  ақшалары  қазақ  хандарының  ақша  шығарғанын  дəлелдейді.  Осыған  орай  мемлекеттің  маңызды 
нышандарының  бірі  болып  табылатын  қаржы  жүйесінің  кейбір  элементтері  Қазақ  хандығында  болды  деуге  негіз  бар. 
Сонымен қатар, автордың пікірінше, бұл мəселе бойынша жаңа деректердің негізінде, бұрыннан белгілі материалдарды 
сын тұрғысынан қарау арқылы зерттеуді жалғастыру қажет.  
Поступила 16.05.2016 г. 

Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
134  
REPORTS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES  
OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
ISSN 2224-5227 
Volume 3, Number 307 (2016), 134 – 139 
 
UDC 371.215 = 512.122 
 
THE ANALYSIS OF A LESSON ORIENTED TO A RESULT 
 
K.V.Ushakova, S.S. Kasimova, A.S. Seisenova
 
 
Karaganda state technical university, Karaganda, Kazakhstan 
saule.saken2010.kasimova@mail.ru 
 
Key words: analysis, lesson, educational activity, result, learning methods, personality, education, cartogram, 
pedagogical experience.  
Abstract. A new trend's analysis is given in this article, the analysis in modernization of school education to 
form the personal qualities of pupil. So, there is an accent onto that the aim and task of a teacher is not to give 
studying material, but in the skill to analyze the material deeply, to gain the main aim efficiency of educational 
process does not depend on only changing of methods, ways and lesson teaching, so on definitely innovative 
approach of teacher to a student. 
The result of many years pedagogical activity is the cartogram of teacher and pupil activity's value, the 
efficiency of this cartogram is that teacher does not plan his/her activity during lesson, so he/she obligates 
himself/herself to develop the personal qualities of pupil. Experience proves, that the result of intimate pedagogical 
activity analysis is changing the personal qualities not only of a pupil, so of teacher too. 
 
 
ƏӨЖ 371.215 = 512.122  
 
САБАҚ ТАЛДАУДЫҢ НƏТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛУЫ 
 
С.С. Касимова, К.В. Ушакова, А.С. Сейсенова 
 
Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды қаласы 
 
Түйін  сөздер:  талдау,  сабақ,  оқу  əрекеті,  нəтиже,  оқыту  əдістері,  тұлға,  білім  беру,  картограмма, 
педагогикалық тəжірибе. 
Аннотация.  Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  талап  оқушының  тұлғалық  сапаларын  дамытуды,  өздігінен 
білім  алу  арқылы  дамуын  қойып  отырғандықтан  мақалада  білім  беруді  жаңғыртудағы  жаңаша  əдістерге 
талдау  жасалған.  Əр  педагогтың  мақсаты  мен  міндеті  тек  сабақты  өткізіп  қана  қоймай,  көздеген  мақсатқа 
қол жеткізу үшін өзінің сабағына терең педагогикалық талдау жасай білу əдістемесін меңгеруі қажеттігінің 
өзектілігі  қарастырылған.  Сабақ  талдаудың  кездейсоқ  емес  мақсатты  болуы,  ол  үшін  бақылау 
бағдарламасының  жасалуының  маңыздылығы  айтылған.  Оқу  үрдісінің  тиімділігі  сабақты  өткізудің  əдіс-
тəсілдері  мен  формаларының  өзгеруіне  ғана  емес,  олардың  оқушының  қабілеті  мен  жеке  ерекшелігіне  сай 
іріктеліп  алынуына,  мұғалімнің  оқушыға  қарым-қатынасының  жаңаша  қойылуына  байланысты  екендігі 
көрсетілген. 
Көпжылдық  педагогикалық  тəжірибенің  нəтижесі  мұғалім  мен  оқушы  іс-əрекетін  бағалау 
картограммасының  жасалуы  болып  табылады.  Ұсынылған  картограмманың  тиімділігі  мұғалімнің  сабаққа 
дайындалу,  өткізу  барысында  тек  өзінің  іс-əрекеттерін  жоспарлап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оқушының 
міндеттерін  анық  біліп,  оның  тұлғалық  сапаларын  дамытуды  өзіне  міндеттеуінде.  Сабақты  педагогикалық 
талдаудың  тереңдігінің,  нақтылығының,  іскерлігінің  көрінісі – бұл  мұғалімнің  жəне  оқушының  тұлғалық 
сапаларының өзгеруі екендігі өзіндік тəжірибе арқылы дəлелденген.  
 
Қоғамның  жаңаруы,  экономиканы  дамытудағы  жаңа  стратегиялық  бағыттар,  қоғамның 
ашықтығы,  оның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қойылатын  талаптарды 
түбегейлі өзгертті. Білім беру жүйесі білім берудің мақсаты, мазмұны мен технологияларын оның 
нəтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.  Білім  берудің  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-

ISSN 2224–5227                                                                                                                               
№ 3. 2016  
 
 
135 
машыққа  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес,  əлеуметтік  жəне  кəсіби  біліктілікке, 
ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  жəне  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан  қоғамда 
лайықты өмір сүру мен еңбек ету болып отыр. Аталған мақсаттар қазіргі мектеп мұғаліміне үлкен 
міндеттер жүктейді.  
Сабақ  беру  əдістемесін  игерумен  қатар  оны  жан-жақты  талдай  білудің  маңызы  зор.  Сабақ 
талдау  мақсатты  іс-əрекет:  мұғалімдердің  іс-тəжірибесін  зерттеп,  озық  тəжірибе  таратуға,  оқыту, 
тəрбиелеу ісінің сапасын анықтауға, кемшіліктерді жоюдың жолдарын көруге мүмкіншілік береді. 
«Сабақ – оқу-тəрбие  процесінің  «тірі  клеткасы»,  оқушы  үшін  ең  маңызды,  ең  бастылардың  бəрі 
сабақта  жүзеге  асады.  Егер  де  мектеп  директоры,  оның  орынбасары  мұғалімге,  сынып  өміріне 
етене  кіріспесе,  сабақты  терең  зерттемесе,  оған  атүсті,  мақсатсыз  қатыса  салса,  онда  мұндай 
басшылардың  істеген  істерінің  мəнісі  жоғалады.  Сабақ  тек  мұғалімнің  ғана  шығармашылық 
лабораториясы,  ал  кабинеті  сол  сабақтарды  бақылау  кезінде  туындаған  ойларды  жүйелеп, 
өрнектейтін орын» – дейді Ю.А. Конаржевский [1, 4 б.].  
Мектеп  басқару  ісін  ғылыми  негізде  жүргізу  үшін  бүгінде  оқу-тəрбие  процесінің  «тірі 
клеткасын»  терең  зерттеу  қажет.  Тек  сабақта  ғана  мектеп  басшылары,  оның  орынбасарлары 
төмендегідей мағлұмат ала алады:  
- сабақтағы мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, қарым-қатынасы; 
- мұғалім өз пəнін терең əлде үстірт қана біле ме? 
- оқушыларды танымдық əрекетке жұмылдыра ала ма? 
- мұғалім кім? Ақпарат беруші ме, əлде оқушылардың оқу процесін ұйымдастырушы ма? 
- мұғалім сапалы білім мен білік, дағдыны қамтамасыз ете ала ма? 
-  мұғалім  оқушылардың  пəн  бойынша  алған  білімдерін  оларды  дамыту  мен  тəрбиелеуге 
пайдалана ала ма?  
Мектеп практикасында сабақ талдауда көптеген кемшіліктер кездеседі. Ең басты кемшілік бұл 
– сабаққа қатысу, талдау мақсатының айқындалмауы.  
Екінші  кемшілік – мақсат  қойылғанымен,  бақылау  мен  талдау  бағдарламасының  болмауы, 
яғни,  жасалмауы.  Мақсаттың  болуы  соңғы  нəтижені  ғана  көрсетеді,  бірақ  оны  іске  асырудың 
жолдары  көрсетілмейді.  Бағдарламаның  болмауы  айтарлықтай  қиындықтар  тудырады,  сабақ 
талдаудың алдына қойылған мақсат пен сол мақсатты іске асырудың арасында, мақсатқа ұмтылу 
мен мақсаттың жүзеге асуының арасында алшақтық тудырады.  
Көптеген жағдайларда мектеп басшылары мен оның орынбасарлары жəне жалпы мұғалімдер 
сабақ талдауды өз көзқарасы тұрғысынан жүргізеді. Яғни сабақ процесінен өзіне таныс əдістер мен 
формаларды іздейді де «маған ұнады» немесе «ұнамады» – деген қорытынды жасайды. 
Келесі бір кемшілік – сабаққа қатысушылардың сабақ талдағанда сабақтың барысын баяндап 
шығуы,  өздерінің  көргендерін  тізбектеп  шығады.  Мұндай  талдау  мұғалімнің  құлағына 
жаққанымен, пайдасыз. Мұғалімнің əдістемелік шеберлігін арттыруға түк қосары жоқ.  
Сабақ  талдаудағы  тағы  бір  кемшілік – ұсақ-түйекті  тізбектей  беру,  ең  басты  талдаудың 
мақсатын естен шығару. 
Сабақ  талдауға  байланысты  сан  алуан  схемалардың  пайда  болуының  өзі  де  мəселенің 
өзектілігін,  күрделілігін  көрсетеді.  Сабақ  сияқты  шығармашылық  құбылысты  схемаға  салып 
талдауға  болмайды.  Оқу-тəрбие  процесіне  жасалатын  талдаудың  қандайы  болмасын  нəтижеге 
бағытталатыны  белгілі.  Əйтсе  де  қоғамдағы  рухани  мəдениет  пен  жеке  адамның  мəдениетін 
байланыстырушы  құндылықтардың  өзгеруі  оқу-тəрбие  процесі  нəтижесін  бағалауда  қарама-
қайшылықтар туғызып отыр. 
Оқу орнының нəтижесі мектеп бітірушінің: 
- қоғамдағы процестерге араласып кете алуын; 
- тұжырымдамалық түсінігінің болуын; 
-  жаңа  жағдайда  шығармашылықпен  қызмет  ете  алуын,  яғни,  жаңа  тұлға  құзырлығының 

Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
136  
дамуын  көздейтін  болса,  онда  оқу-тəрбие  процесін  ұйымдастырушылар:  мектеп  басшылары  мен 
мұғалімдер  тұлғаның  əдеби  сауаттылығына,  математикалық  сауаттылығына  жəне  ғылыми-
жаратылыстану сауаттылығына жауапты [2, 95 б.].  
Қазіргі  кезде  құзырлылыққа  əкелетін  оқушының  тұлғалық  сапаларының  дамуын  сабақ 
процесінде  сабақтың  айқындалған  мақсаты  мен  нақты,  қол  жеткен  нəтижесін  салыстыру  арқылы 
айқындау қажет.  
Мəселеге назар аудартқан алғашқы факт – мектеп мұғалімдерінің 60%-ның сабақ нəтижесінде 
көздейтіндері  оқушылардың  пəндік  білімі,  білік  дағдыларын  игеруі  сияқты  сапалармен 
қанағаттанатыны, ал осы білім, білік, дағдыны жаңа ақпарат алуға, оны талдауға, сыни ойлауға, өз 
пікірін  қорғауға,  кəсіби  білім  алуға  пайдаланудың  тəсілдерін  іздеудің,  қолданудың  аздық  етуі 
болды.  Мұғалім  оқушылардың  тұлғалық  сапаларының  қаншалықты,  қайтіп  дамуына  жағдай 
жасауды  өзіне  міндеттемейді.  Нəтижесінде  білімнің  жеке  тұлға  тағдырындағы  мəнділігі 
төмендейді. 
Сондықтан  оқу-тəрбиелеу  іс-əрекетінің  нəтижесіне  талдау  жасауды  жүйелік  теория 
тұрғысынан зерделей отырып, қайта қарау, əр сабақтың мақсатын «неге?», «не үшін оқытамын?» 
деген  сұрақтардың  жауабы  негізінде  ойластыру  барысында  мұғалімнің  сабақтағы  өз  іс-əрекетін 
ұйымдастыру  міндеттерін  қоюмен  қатар  оқушының  белсенді  іс-əрекет  иесі  ретінде  өзінің  іс-
əрекетін жоспарлауға, реттеуге үйрену қажеттілігі туындап отыр.  
Қазіргі  кезде  басқарушының  сабақ  талдаудағы  мақсаты  мұғалімнің  сабағына  айқын 
мақсатпен,  үлкен  дайындықпен  барып,  талдау  барысында  мұғалімді  жаңаша  дайындау,  қазіргі 
заманғы  мектеп  мұғалімін  жасау.  Сабақ  талдау – басқарушы  мен  мұғалімнің  мақсат  пен  нəтиже 
арасындағы айырманың болу себептерін көру арқылы процесті дамыту, түзету үшін бір мақсатты 
көздейтін əңгіме-сұхбаты.  
Мектеп  басқарушының  сабаққа  қатысуға  жəне  талдауға  дайындығы 4 компоненттен  тұрады 
[3, Б. 57-58.]: 
1.
 
Мақсат қою жəне бақылау бағдарламасын əзірлеу; 
2.
 
Мұғалім  жұмысына  жəне  оқушылардың  сабақтағы  іс-əрекетіне  барлау-бақылау,  яғни, 
сабақтан ақпарат алу; 
3.
 
Оқытушымен сұхбатқа дайындық. 
Бұл:  
-
 
сабақ талдаудың морфологиялық аспектісі. 
-
 
сабақ талдаудың құрылымдық аспектісі. 
-
 
сабақ талдаудың функционалдық аспектісі. 
-
 
сабақ талдаудың генетикалық аспектісі.  
4.
 
Сабақтың талдауы.  
Сабақ  талдау  барысында  бұл  төрт  компонент  органикалық  бірлікте  жүзеге  асады:  бұл – 
жүйедегі  екінші  жəне  төртінші  элементтердің  шарықтау  кезеңі  болып  табылады.  Дегенмен, 
талдаудың  пəрменді  болуы  оның  бірінші  жəне  үшінші  компоненттерінің  іске  асу  сапасына, 
былайша  айтқанда  басшының  сабаққа  қатысуға  немесе  мұғаліммен  сұхбатқа  қалай 
дайындалғанына  тəуелді  болып  шығады.  Ал  басқарудың  күнделікті  практикасында  дəл  осы 
аталған компоненттерге мəн берілмей басқа екеуі орындалғандай болатыны өкінішті. 
Сабақ  талдау  мақсаты  деген – сол  сабақты  талдау  барысында  қол  жетуге  тиісті  нəтиженің 
бейнесі. 
Ол мақсат мектептің биік парызына сəйкес, оқу-тəрбие процесі нəтижелерінің даму деңгейін 
бағалаушы қорытынды көрсеткіштерден бастама алады. Педагогикалық іс-əрекеттердің жағдайын 
жəне  мүмкіншіліктерін  талдау  мынадай  сұрақтарға  жауап  береді.  Неліктен  осы  немесе  басқа 
мақсаттар  алға  шығады,  мұғалімнің  жұмысын  қадағалауда  ең  бірінші  маңызды  мəселе  не  болып 
табылады?  Осы  жағдай  үшін  бақылаудың  қандай  түрі  оңтайлы  болып  табылады?  Қай  уақытта 

ISSN 2224–5227                                                                                                                               
№ 3. 2016  
 
 
137 
сабаққа қатысу керек? 
Талдау  мақсатының  түзілу  процесіне  мектеп  басқарушы  қажеттілік  арқылы  келеді:  байқау, 
əдістемелік  көмек  беру,  анықтау,  зерттеу,  оқушылардың  білім  сапасы  жəне  мұғалімнің  біліктілік 
дəрежесінің осы жəне басқа сапаларын тексеру.  
Басқарушы  талдау  мақсатын  ойластырып,  ұйымдастырғаннан  кейін  оны  декомпозициялауға 
кіріседі,  яғни  бақылау  бағдарламасының  негізін  құратын  логикалық  элементтеріне  бөледі.  Бұл 
жерде мақсатты нақтылау жүреді, мақсат, міндет бөлінеді. 
Сондықтан  сабаққа  қатысу  мен  оны  талдаудың  қалай  ісек  асатыны  туралы  жəне  қолдану 
жолдарын көрсету барысында алдымен мақсат қойып, содан кейін бағдарламасын құрып алу абзал.  
1 – мысал. 
Талдау мақсаты: «Мұғалімнің үлгермеушілікті болдырмаудағы жұмысын тексеру» болғанда 
бақылау бағдарламасы келесідей болады:  
-  Үлгерімі  төмен  оқушыларға  ұсынылған  тапсырмалар  деңгейінің  оқушы  қабілетіне 
сəйкестігін анықтау.  
-  Мұғалім  тарапынан  оқушылардың  оқу  əрекетіне  жасалған  бақылау  түрлерінің  олардың 
жетістіктеріне əсерін айқындау.  
- Оқушылардың біліміндегі типтік қателерді, оның себептерін айқындау жолдарын зерделеу. 
- Жіберілген қателермен жұмысқа басқа оқушылар қайталамайтындай зейінін аударта алуы. 
- Өзін-өзі тексеру мен бірін-бірі тексерудің ұйымдастырылуын анықтау. 
2 – мысал. 
Талдау мақсаты: Мұғалімнің оқушыларды ойлау əрекетіне бесендірудегі жұмысын талдау. 
Бақылау бағдарламасы:  
-  Мұғалімнің  үй  тапсырмасын  тексеруде  оқушыларды  өз  жауаптарын  дəлелдеп,  түсіндіріп 
беруге машықтандырудағы жұмыс түрлерін анықтау.  
- Алынған білімді жаңа білімді меңгеруде тірек ете алу дағдыларын айқындау.  
- Жаңа білімді өздігінен игеруде оқушыларды талдауға, салыстыруға, ажырата білуге үйрету 
жолдарын айқындау.  
- Негізгі идеяны бөліп алып, дəлелді түсіндіре білу жолдарын анықтау.  
-  Бекіту  кезінде  жаңа  ұғымға  байланысты  сұрақтарды  жинақтап,  қысқаша  қорытуға 
дағдыландыруын айқындау. 
3 – мысал.  
«Оқушылардың өздігінен ойлай білуін, өзінің оқу-əрекетіне талдау жасау біліктілігін тексеру» 
мақсатын жүзеге асыру болғанда, бақылау бағдарламасы төмендегідей түзілді:  
- Оқушылар сабақта білімді игерудің мақсаты мен міндетін, орындау əдісін өздері анықтай ала 
ма?  
-  Материалды  талдап  ұсыныстар  жасаудағы,  бір-бірінің  жауабын  түзетіп  толықтырудағы 
белсенділік деңгейі қандай?  
- Тапсырмалар орындауда шығармашылық ізденушіліктері қаншалықты?  
- Алған мəліметтерді басқа нəтижелермен салыстырып айыру жолдары қандай?  
- Кеткен қателерді анықтап жоюға талпыну байқалды ма?  
- Өздерінің іс-əрекеттерін бағалау біліктілігі қаншалықты қалыптасқан? 
Мұғалім сабақтағы өз əрекеттерінің міндеттерін көруімен бірге оқушы міндеттерін анық білуі 
тиіс.  Оқушылар  тұрғысынан  ол  міндеттер  саналы  қабылданған  қажеттілікке  айналады.  Ол  үшін 
Петр  Иванович  Третьяков  ұсынған  картограмманы  негізге  алуға  болады.  Үлгіні  жаңарту  арқылы 
гуманитарлық  бағыттағы  пəндерге  қатысу  барысында  мұғалім  мен  оқушының  іскерлігін 
бағалаудың үш блоктан тұратын картограммасы жасалды [3, Б. 61-63.].   
 
 
 

Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
138  
І блок. Өзі мен оқушының іс-əрекетін жоспарлау жəне мақсат қою шеберлігі 
 
мұғалім 
оқушы 
1.Сабақ  жоспарлау  кезінде 
мақсат қою 
І деңгей. Сабақтың мақсатын түсіну, соған сəйкес өз алдына мақсат қою.  
ІІ  деңгей.  Сабақтың  іс-əрекет  мақсатына  сай  міндеттерін  құрастыру,  күтілетін 
нəтиже туралы түсінігін қалыптастыру. 
ІІІ  деңгей.  Проблеманы  мұғалімнің  көмегімен  құрастыру,  қол  жеткен  жəне 
өлшенетін мақсаттар қою. 
2.Оқушының психо- 
педагогикалық 
ерекшеліктеріне 
сəйкес 
сабаққа мазмұн таңдау (қажет 
мəлімет бойынша)  
І деңгей. Оқушының өткенді еске түсіруі, материал мазмұнын түсінуі. 
ІІ деңгей. Ұсынылған ақпаратпен жұмыс жасауды қабылдау. 
ІІІ  деңгей.  Проблеманың  туу себептерін  айту,  сабақтың  негізгі  бөлімін  қабылдауға 
даярлығын білдіру. 
3.Оқу 
материалда- 
рын 
қисындығы, 
күрделілігіне 
қарай деңгейге  
сəйкестендіре ұсыну. 
І деңгей.Өз мүмкіндігіне сай деңгейін анықтай алуы. 
ІІ деңгей.Өз деңгейі негізінде ұсынылған материалдарды алу. 
ІІІ деңгей. Тапсырма мазмұнымен танысу, қабылдау. 
4.  Мақсат,  міндетке  сəйкес 
оқу 
матер- 
иалының 
мазмұнын  (ОММ),  танымдық 
əрекетті 
ұйымдастыру 
формасын 
(ТҰФ), 
оқыту 
əдістерін (ОƏ) жоспарлау 
І  деңгей.  Сабақ  мазмұны  мен  мақсатына  сай  өз  іс-əрекетін  жоспарлау,  аралық 
мақсаттарды нақтылау. 
ІІ деңгей.Мақсатқа қол жеткізу тəсілдерін ұсыну. 
ІІІ  деңгей.  Оқушының  проблеманы  шеше  алатындығын  нақтылауы,  шешу  мүмкін 
болатын тəсілдерді іріктеу.  
 
ІІ блок. Өзі мен оқушының іс-əрекетін тиімді ұйымдастыру шеберлігі 
 
мұғалім 
оқушы 
5.Өз 
деңгейіне 
сай 
мүмкіндігін анықтай алуы.  
Оқушының  өз  деңгейіне 
сəйкес 
іс-əрекетін 
ұйымдастыруын 
қамтамасыз ету. 
І  деңгей.  Деңгейіне  сəйкес  өз  іс-əрекетіне  қажет  болатын  уақытты  белгілеу; 
тапсырмамен  жұмыс  істеуі  жəне  іс-əрекет  барысында  мұғалім  ұсынған  материал, 
ақпарат  көздерінен  мəлімет  алып  айтуы,  сұрақтар  қоюы;  өзі  білмейтін  сұрақтарды 
қарастыру үшін белгілеп алуы. 
ІІ  деңгей.  Оқушының  проблемаға  сəйкес  қосымша  ақпаратпен  жұмыс  істеуі,  қажет 
мəліметтерді  іздеуі,  сұрыптауы,  жүйелеуі;  проблемаға  алынған  түрлі  жауаптарды 
жинақтап, жүйелеу тəсілін ұсынуы; келесі деңгейге өту қабілетін көрсетуі. 
ІІІ  деңгей.  Алынған  жауаптардың  өзара  байланысын  айқындау,  нақтылап  жүйелеу 
тəсілдерін қолдануы; 
қарама-қайшылықтарды шешуі, талдап бір қорытындыға келуі.  
 
ІІІ блок. Өзі мен оқушының іс-əрекетін реттеу, бағалау, талдау жасау іскерлігі 
 
мұғалім 
оқушы 
6.  Өзі  оқушы  іс-əрекетіне 
талдау 
жəне 
бағалау 
жүргізу; 
оқушылардың 
материалды 
игергені 
туралы 
түсініктерін 
анықтау; 
І деңгей. Материалды талдап түсіндіру, мүмкін болса сызба құру; 
ІІ деңгей. Талқылау барысында өзара бақылау жəне басқалардың іс-əрекетін бағалау;  
талқылауда ойын білдіруде сөйлеу нормаларын сақтау;  
материалды  түсінуде  қосымша  ақпаратты,  сызба,  кестелерді  сауатты  қолдана  білу 
арқылы басқалармен бірге өзара əрекет нəтижесін алу; 
ІІІ  деңгей.  Талқылау  негізінде  бірлесе  отырып,  ортақ  тұжырымға  келу;  мұғалім 
ұсынған проблеманы шешу; 
7. 
Оқушылардың 
өзара 
жұмысы 
барысында 
талқылаудан 
мақсатқа 
қарай бағыттау. 
І деңгей. Өзін-өзі бақылауда іс-əрекетін реттеу; 
Алынған нəтижені көзделген мақсатпен салыстыру; 
ІІ деңгей. Материал туралы алған білімді бағалау үшін өлшемдер ұсынуы; 
ІІІ деңгей. Өзінің əрі қарайғы іс-əрекет жобасын ұсынуы, көрсетуі, бөлісуі 
 
Сабақты  педагогикалық  талдаудың  тереңдігінің,  нақтылығының,  іскерлігінің  көрінісі – бұл 
мұғалімнің жəне оқушының тұлғалық сапаларының өзгеруі.  
 
ƏДЕБИЕТ 
 
[1] Конаржевский Ю.А. Анализ урока. М., 2000. 
[2]  Нəтижеге  бағдарланған  білім  беруде  оқушыларды  əлеуметтендіру  мен  тəрбие  жүйесінің  даму  болашағы, 
бағыттары мен проблемалары (облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары). Қарағанды. 2005. 
[3] Бөдесова С.Б., Қасымова С.С. Жүйе жəне жүйелік талдау: Əдістемелік құрал. Қарағанды. 2006. 
[4] Горская Г.Л. Организация учебно-воспитательного процесса в школе. М., 1988. 
[5] Турбовсхой Я. Управление: от схемы к жизни / Народное образование. №8. 1991. 

ISSN 2224–5227                                                                                                                               
№ 3. 2016  
 
 
139 
 
REFERENCES 
 
[1] Konarzhevskij Yu.A. Analiz uroka. M., 2000.  
[2] Nətizhege baғdarlanғan bіlіm berude oқushylardy əleumettendіru men tərbie zhүjesіnің damu bolashaғy, baғyttary men 
problemalary (oblystyқ ғylymi-praktikalyқ konferenciya materialdary). Karaғandy. 2005.  
[3] Bөdesova S.B., Kasymova S.S. Zhүje zhəne zhүjelіk taldau: ədіstemelіk құral. Karaғandy. 2006.  
[4] Gorskaya G.L. Organizaciya uchebno-vospitatelnogo processa v shkole. M., 1988. 
[5] Turbovsxoj Ya. Upravlenie: ot sxemy k zhizni. Narodnoe obrazovanie. №8. 1991. 
 
АНАЛИЗ УРОКА, ОРИЕНТИРОВАННЫЙ НА РЕЗУЛЬТАТ 
 
С.С. Касимова, К.В. Ушакова, А.С. Сейсенова 
 
Карагандинский государственный технический университет, г. Караганда, Казахстан 
 
Ключевые  слова:  анализ,  урок,  учебная  деятельность,  результат,  методы  обучения,  личность,  образование, 
картограмма, педагогический опыт. 
Аннотация.  В  статье  дан  анализ  нового  подхода  в  модернизации  школьного  образования  к  формированию  
личностных качеств ученика. Также делается акцент на то, что цель и задача педагога должна заключаться не только в 
передаче  изучаемого  материала,  но  и  в  умении  глубоко  анализировать  этот  материал,  чтобы  достичь  желаемой    цели. 
Эффективность учебного процесса зависит не только от изменения методов, способов и форм проведения урока, но и от 
определённого инновационного  подхода учителя к ученику. 
Результатом  многолетней  педагогической  деятельности  является  картограмма  оценки  деятельности  учителя  и 
ученика, эффективность этой картограммы в том, что учитель во время урока не только планирует свою деятельность, но 
и  обязует  себя  развивать  личностные  качества  ученика.  На  опыте  доказано,  что  результатом  глубокого  анализа  своей 
педагогической  деятельности является изменение личностных качеств не только ученика, но и самого учителя.  
 
Поступила 16.05.2016 г. 

Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
140  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет