Национальной академии наук республики казахстан


Kazakhstan model of world and traditional religion



Pdf көрінісі
бет30/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58

Kazakhstan model of world and traditional religion 
 
M. Egamberdyev, K. Kartayeva 
mirzahan_74@mail.ru, kartaeva_k@mail.ru 
Al-Farabi Kazakh National university, Kazakhstan, Almaty. Ass.Prof.Dr.  
 
Key words. Ethnos, ethno-demography, confession, dialogue of confessions, leaders of religion. 
Abstract. This article discusses the current problems of inter-ethnic and inter-religious relations in Kazakhstan, 
including  Almaty  city  and  its  territory.  Also  analyzes  the  stable  model  of  interethnic  and  inter-relationship  of  the 
state with civil society, public policy support from faith-based organizations, and ideas and problems are discussed at 
the international congress of leaders of world religions and denominations held annually in the city of Astana. 
The  indigenous  population  of  the  country  -  the  Kazakhs,  ethnic  groups  of  Kazakhstan  is  given  according  to 
official data of the Statistics Agency of Kazakhstan. At this time in domestic science and society is very important to 
analyze and determine the major religions and faith-based organizations: structure, settlement, language, religion of 
people, ethno-demography and ethno-cultural ties between them. The stable development of Kazakhstan is the key of 
forming a model of peace and harmony, tolerance and friendship, dialogue between peoples. 
 
УДК 314.9 
 
Әлемдік және дәстүрлі діндердің қазақстандық моделі 
 
М.Ш.Эгамбердиев, Қ.Б. Картаева 
mirzahan_74@mail.ru, k_kartaeva@mail.ru
 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.   
 
Кілт сөздер. Этнос, этнодемография, конфессия, діни диалог, дін көшбасшылары. 
Түйіндеме. Мақалада Қазақстанда, соның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысында қалыптасқан 
дінаралық  қатынас  орнатудың  негізгі  ұстанымдары    қарастырылады.  Сондай-ақ  Қазақстанда  этносаралық 
және дінаралық келісімнің тұрақты моделінің қалыптасуының мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни 
бірлестіктер  тарапынан  үздіксіз  қолдау  көрсетіп  отыруымен  байланыстылығы,  Астана  қаласында  өткен 
әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінде қабылданған идеялар,  әлемдік және дәстүрлі 
діндердің қазақстандық моделіне  талдаулар қамтылады.  Қазақстан халықтарын құрайтын жергілікті халық 
қазақ  халқы  мен  Қазақстанды  мекен  еткен  басқа  ұлттар  мен  ұлыстардың  жалпы  саны  ҚР  Статистикалық 
Агенттігінің  ресми  мәліметі  негізінде  берілген.  Діни  конфессиялар  мен  ұйымдардың  бағыттарын  қамту, 
қазіргі  Қазақстан  халықтардың  құрамын  нақтылау,  олардың  діні  мен  тілін,  Қазақстан  өңірлерінде 
қоныстануын нақтылау және саралау, этнодемографиясы мен этномәдени байланыстарын анықтаудың қоғам 
үшін, отандық ғылым үшін маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының табысты дамуы – Бейбітшілік пен 
келісімнің  тиімді  моделін  қалыптастыра  білуі,  мемлекет  саясатының  маңызды  бағыты  ретінде  көп  ұлтты 
халықтың өзара татуластығы, бірлігі мен дінаралық диалогы.  
 
Қазақстан  Республикасының  табысты  дамуы  –  Бейбітшілік  пен  келісімнің  тиімді  моделін 
қалыптастыра білуі. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде көп ұлтты халықтың өзара татула 
стығы,  бірлігі  мен  дінаралық  диалогты  атауға  болады.  1995  жылы  1  наурызда    ҚР  Президенті    Ә. 
Назарбаевтың жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 
Қазақстан  Халықтары  Ассамблеясы  құрылды.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  –  ұлтаралық  және 
дінаралық диалогтың теңдессіз институты [2; 11, 10-20 б.].  
Қазақстан халықтарын құрайтын жергілікті халық қазақ халқы мен Қазақстанды мекен еткен басқа 
ұлттар мен ұлыстардың жалпы саны ҚР Статистикалық Агенттігінің 2014 жылдың 1 қазанындағы ресми 
мәліметі бойынша бұл күнде 17 353 700 адамға  жетіп отыр. 2014 жылдың қаңтарындағы ресми мәлімет 
бойынша еліміздегі қазақтардың саны – 11 244 547, басқа ұлттар саны – 6 109 153. Соның ішінде Алматы 
облысы бойынша барлық халық саны – 1 984 518; соның ішінде қазақтар  – 1 383 345; орыстар  – 301 713; 
өзбектер – 4627;  украиндар  – 5250 ; ұйғырлар – 156 004; татарлар  – 13 829; немістер – 9117; корейлер – 
16 651 ; әзірбайжандар – 17  187; белорустар  – 732; түріктер – 37 458; дүнгендер – 1848; поляктар – 1187; 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
186  
күрттер – 14 794; шешендер – 5991; тәжіктер – 770; башқұрттар – 352; басқалар – 13 663.  Енді Алматы 
қаласы бойынша талдасақ, халық саны – 1 507 509; оның ішінде қазақтар – 845 938; орыстар – 447 259; 
өзбектер – 8806;  украиндар – 10 536; ұйғырлар – 80 347; татарлар – 21  823; немістер –6458;  корейлер – 
28  648;  әзірбайжандар    –  9438;  белорустар  –  1643;  түріктер  –  6523;    дүнгендер  –  7507;  поляктар  –  842; 
күрттер – 2369; шешендер – 2396; тәжіктер – 2510; башқұрттар  – 552; басқалар – 23914 [1].  
Қазіргі Қазақстан халықтардың құрамын нақтылау, олардың діні мен тілін, Қазақстан өңірлерінде 
қоныстануын нақтылау және саралау, этнодемографиясы мен этномәдени байланыстарын анықтаудың 
қоғам  үшін  маңызы  ерекше.  Осы  тұста  Қазақстан  халықтарының  құрамына  тоқталып  өтейік,  саны 
жағынан  көп  басқа  ұлт  өкілдері:  орыстар,  украиндар,  өзбектер,    немістер,  татарлар,  ұйғырлар, 
белорустар,  корейлер,  азербайжандар,  түріктер,  поляктар,  дұнғандар,  күрдтер,  чечендер,  тәжіктер, 
башқұрлар,  молдавандар,  ингуштар,  мордвалар,    армяндар,  гректер,  чуваштар,  қырғыздар,  удмурттар, 
литовтар, болгарлар, еврейлер,   марийлар, грузиндер, цыгандар, лезгиндер, қытайлар, парсылар, түрік-
месхеттер,    балкарлар,  осетиндер,  эстондар,  латыштар,  түркмендер,  қарақалпақтар,  аварлар, 
қарашайлар,  қырым  татарлары.  Саны  жағынан  аз  ұлт  өкілдері:  чехтар,  абазиндер,  абхаздар, 
австриилықтар, агулдер,  адыгейлер, албандар, алеуттар, алтайлықтар,  американдықтар, ағылшындар, 
арабтар,  ассирилықтар,  афгандар,  белудждер,  буряттар,  венгрлер,  вепстер,  вьеттер,  гагауздар, 
голландықтар,  грузиндік  еврейлер,    даргиндер,  долғандар,  жапондар,  қырым  еврейлері,  ижорлар, 
испандықтар,  итальяндар,  ительмендер,  кабардиндер,  қалмақтар,  қарайымдар,  карельдер,  кеттер, 
комилар, коми пермяктар, коряктар,  кубиндер, лактар, ливтар, мансилар, монғолдар, нанайлар,  үнділер 
мен  пакистандықтар,  нганастар,  негидальдар,  ненцтер,  нивхилер,  ноғайлар,  ортаазиялық  еврейлер, 
ороктер, орочилар, румындар, рутульдар, рушандар, саамдар,селькуптар, сербтер, словактар, табасаран, 
талыштар, таттар, тау еврейлері, тофалар, тувиндер,  удиндер, удэгейлер, ульчтар, финдер, француздар, 
хакастар,  ханттар,  хорваттар,  цахурлар,  черкестер,  чехтар,  чувандар,  чукчалар,  шведтер,  шорцтар, 
шугнандар, эвенкилер, эвендер,  энцтер, эскимостар, юкагирлер, якуттар [2; 4, 84-86 бб.].   
Әрине, осындай 130 дан астам ұлт өкілдері тоғысқан мекен көп діннің де  тоғысқан мекені болады. 
2009  жылғы  жалпыұлттық  санағының  нәтижесіне  сәйкес  елімізде  халықтың  70,2  %-ы  өздерін 
мұсылмандармыз,  яғни  11  237  900  адам  діни  сенімі  бойынша  өздерін  ислам  дінінің  өкілдеріне 
жатқызатындығын  білдірген,  4  190 100  адам  басқа  діндегілер,  соның    ішінде      26  %-ы  – 
христиандармыз, 5 300 адам; 0,03 %-ы – иудейлерміз, 14 600 адам; 0,1 %-ы – буддистерміз, 30 100 адам; 
0,2  %-ы  –  өзге  діндерді  (кришна,  т.б.)  ұстанушылармыз  деп  атаған.  Соның  ішінде  ешқандай  дінді 
ұстанбаймыз деп – 450 500 адам,  2,8 %-ы, жауап берсе, 0,5 %-ы жауап беруден бас тартқан [1]. 
Қазақстан  көп ұлтты халықтар консолидациясы олардың діни құқықтарын қорғау және дамытумен 
де    тығыз  байланысты.  Қазақстанның  бастамасымен  2010  жыл  Мәдениеттерді  жақындастырудың 
халықаралық  жылы  ретінде  өтті,  ал  2013-2022  жылдарды  ЮНЕСКО  Мәдениеттерді  жақындастырудың 
халықаралық  онжылдығы  деп  жариялады.    2010  жылы  Қазақстан  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  етіп,  өз  қызметі 
барысында  еліміз  толеранттылықты  нығайту  мәселесін  басты  бағыт  етіп  ұстап,  еуроатлантикалық  және 
еуразиялық  қауіпсіздік  өлшемдерінің  санын  кеңейте  түсуді  ұсынды.  ЕҚЫҰ  Астана  саммитінің 
Декларациясында  конфессияаралық  үнқатысуды  дамыту,  мемлекеттер  арасындағы  сенімді  нығайту 
туралы Саммитке қатысқан 56 мемлекет басшыларынан қолдау тапты. Одан әрі  Қазақстан Eлiмiз «Иcлaм 
кoнфepeнцияcы  ұйымының»  тoлық  мүшeci  ретінде  2011  жылы  Ислам  Ынтымақтастығы  Ұйымын 
басқарып, ислам елдері арасындағы діни мәселелердің басым бағыттарын реттеуге үлес қосты [2]. 
Қазақстан  Республикасының  2011  жылы  қабылданған  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер 
туралы» Заңында: «Ocы Зaң Қaзaқcтaн Pecпубликacының өзiн дeмoкpaтиялық, зaйыpлы мeмлeкeт peтiндe 
opнықтыpaтынын,  әpкiмнiң  ap-oждaн  бocтaндығы  құқығын  pacтaйтынын,  әpкiмнiң  дiни  нaнымынa 
қapaмacтaн тeң құқылы бoлуынa кeпiлдiк бepeтiнiн...нeгiзгe aлaды», – дeп aтaп көpceтiлді [2].  «Діни қызмет 
және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заң    негізінде  2012  жылы    діни  бірлестіктер  мемлекеттік  қайта 
тіркеуден  өтті.  Нәтижесінде,  кезінде  4551  деп  көрсетілген  діни  бірлестіктер  саны,  3088-ге  өзгерген. 
Сонымен  қатар,  елімізде  тараған  конфессияларды  жіктеу  жүйесіне  көңіл  бөлініп,  бұрын  конфессия 
қатарына жатқызылған діни бағыттарды талдау арқылы, діни конфессиялардың нақты саны 46 емес, 17 
екені  анықталған  [3].    Сондай  ақ,  осы  Заң  қабылданғаннан  кейін  2229  –  ислам,  орыс  православ 
шіркеуінің митрополиялық округінде – 9 епархия, 261 приходтары, Армян-апостол шіркеуі мен 8 көне 
әдет-ғұрыптар  шіркеулері,    Рим-католик  шіркеуінің  79  бірлестігі,  иудейлердің  4  қауымы,  2  буддистік 
бірлестіктер  діни  бірлестіктер  ретінде    мемлекеттік  қайта  тіркеуден  өткен.  Елімізде  9  медреселер,  1 
имамдардың  біліктілігін  арттыру  орталығы,  2  қарилар  дайындау  орталықтары,  1  епархиялық  жоғары 
діни семинариясы, 1 епархиялық рухани училищесі және 1 ислам дін мамандарын дайындайтын «Нұр-

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
187 
Мұбарак»  университеті,      ірі  мешіттер  жанынан  ашылған  курстар  мен  шіркеу  жанынан  ашылған 
жексенбілік мектептер діни білім беру мекемелері ретінде қызмет атқарады [5]. Ал, 2003 жылғы ресми 
дерек  бойынша Қазақстанда  мұсылмандар  мен  христиандар  халықтың  97  %-н  құрайды. Республикада 
1648  –  ислам,    230  –  православтық,    300  –    баптист,  70  –  7  күн  адвентистері,  90  –  лютерандар,  106  – 
иегуа  куәгерлері,  40  –  елуліктер,  77  –  Рим  католик  шіркеуі,  166  –  дәстүрлі  еместер,  23  –  иудаизм, 
барлығы 2750 діни ұйымдар болған еді [2, 547-549 бб.; 4, 108 б.]. «Діни қызмет және діни бірлестіктер 
туралы» Заң бойынша дәстүрлі діндерді насихаттайтын миссионерлерде ресми түрде тіркеуден өтеді. 
Қазақстанда Қазақстанды өз отаным деп санайтын басқа діни сенімдегі халықтардың қандай дінге 
және  этномәдениетке  жататынына  қарамастан  барлық  қазақстандықтардың  жалпыұлттық  бірлігі  мен 
келісімінің  ерекше  формуласын  қалыптастырылды.  Қазақстандағы  әрбір  дін  –  ислам,  православие, 
католицизм,  протестанттық  діни  ілім,  иудаизм,  буддизм  және  басқалар  уағыздайтын  жоғары  құн-
дылықтар,  әрбір дінді ұстанатын қазақстандық  –  ол  тең  құқылы  азамат, біртұтас  азаматтық  қоғамның 
ажырамас  бөлігі  деп  белгіленіп,  осыған  орай  2015  жылы  Астана  қаласында  Әлемдік    және  Дәстүрлі 
діндердің  V  съезді  өткізілмек.  Бұл  Қазақстан  Республикасының  барлық  діндерге  деген  құрметіміздің 
айғағы болып табылады.   
Қазақстанда  дінаралық  қатынас  орнатудың  негізгі  ұстанымдары  қалыптасқан.  Қазақстанда 
этносаралық  және  дінаралық  келісімнің  тұрақты  моделінің  қалыптасуы  мемлекет,  азаматтық  қоғам, 
оның  ішінде  діни  бірлестіктер  тарапынан  үздіксіз  қолдау  көрсетіп  отыруымен  байланысты  десек 
болады.    Қазақстан  Республикасының    Конституциясы  мен  заңдары  ар-ождан  бостандығы  мен  діни 
сенімді  қорғауға  кепіл  береді,  әрі  діни,  этникалық  және  басқа  тұрғыдағы  кемсітушіліктерге  тыйым 
салады.  Қазақстан  Республикасының  2011  ж.  қабылданған  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер 
туралы»  Заңы  діни  бірлестіктердің  қызмет  атқару  аясын  құқықтық  негізде  жүзеге  асыруға  және 
қорғауға  мүмкіндік  береді.  Қазақстан  маңызды  халықаралық  келісімге  және  адам  құқығына  қатысты 
шарттарға, оның ішінде БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісімдеріне (пакт) қосылған [3].  
Қазақстанда  конфессиялардың  өз  қызметтерін  жүзеге  асыруы  үшін  тең  және  қолайлы  жағдай 
жасалған.  Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  өздерін  мұсылман  санағанымен,  басқа  діни  сенім 
иелерінің  толыққанды  іс-әрекет  жасауына  кедергі  келтірмейді. Қазақстан  Тәуелсіздігін    алғаннан  бері 
православиелік,  католиктік  және  протестанттық  қауымның  саны  артқандығын  жоғарыда  келтірілген 
мәліметтер  айғақтайды.    Қазақстандағы  иудейлер  мен  буддистердің  ұйымдары  да  өз  құқықтарына 
сәйкес қызмет жасап отыр.   
Діни  келісім  мен  толеранттылықтың  қазақстандық  моделі  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 
лидерлерінің  Қазақстанда  бас  қосуынан  да  көрінеді.  Әлем  таныған  Астана  қаласында  Елбасы  Н.Ә. 
Назарбаевтың  бастамасымен  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  Халықаралық  деңгейдегі  IV 
съезі өткізілді [2]. 
2012 жыл 30 мамырда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне әлемнің 
40  елінен  85  делегация  қатысты.  Ең  алғашқы  өткізілген  съезге  әлемнің  17  елінен  17  діни  көшбасшы 
қатысқан  еді.  Әлем  діни  көшбасшаларының  Қазақстанның  елордасында  бас  қосып,  әлемдің  діни 
кеңістіктегі  өзекті  мәселелерді  талқылауы  Қазақстандық  діни  татуластыққа  негізделген  «модельді» 
мойындауы еді.  
Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  Халықаралық  Кеңесі  құрылып,  Кеңес  құрамына 
әлемнің жетекші конфессиялары – Исламның, Христиандықтың, Иудаизмнің, Буддизмнің, Индуизмнің, 
Синтоизмнің, Зороастризмнің өкілдері енген. IV съезде Елбасы Н.Назарбаев жаһандық толеранттылық 
пен сенімді қалыптастыру мен нығайту проблемаларына арналған Интернет-ресурс құруды ұсынып, ол 
G-GLOBAL  жалпы  электронды  порталының  бір  бөлігіне  айналды.  Қазақстан  ұсынған  G-GLOBAL 
идеясы  жаһандық  өзара  түсіністік  пен  толеранттылық  үшін  де  жаңа  мүмкіндіктер  ашты  [5].  Елбасы 
Н.Назарбаев 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер» көшбасшыларының 
ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде:   «сіздер, діни лидерлер, руханилықтың – дүниенің үйлесімді дамуының 
басты  шартының  қайта  өрлеуінің  жүргізушілері  бола  аласыздар»,  -  деп  әлем  діндерінің  басшыларын 
үндестікте  жұмыс  жасауға,  халықаралық  рухани,  халықаралық  діни,  халықаралық  конфессиялық 
байланысқа шақырды [5].  
Ислам  діні  басым  дамыған  Қазақстанда  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  өткен 
басқосулары  мен  қабылдаған  үндеулері  дүние  жүзінде  дінаралық  келісімнің  өркен  жайып, 
өркениеттердің  өзара  үндестік  табу  ісінде  айтарлықтай  рөл  атқарады деуге  болады.  Қазақстан  – 
мұсылман  тұрғындары  басымдыққа  ие  ел.  Ислам  діні  осы  дінді  ұстанатын  Қазақстан  халықтарының 
рухани  тіректерінің  бірі.  Бүгiнгi  күнi  иcлaм    дiнi  жepшapының  бapлық  құpлықтapындa  тapaлғaн және 
мұcылмaндapдың  caны  2  миллиapд  aдaм  мөлшepiндe  деп  eceптeлудe.  Әcipece,  Бaтыc  xaлықтapынaн 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
188  
иcлaмды  қaбылдaушылapдың  caны  тұpaқты  түpдe  өcудe.  XX  ғacыpдa  мұcылмaндapдың  caны  7  ece 
көбeйгeн. Дүние жүзінде хaлқының бacым көпшiлiгi мұcылмaндapдaн құpaлaтын мeмлeкeттepдiң caны 
60 шaмacындa [1, 4 б.; 3, 9 б. ].  
Қорыта айтқанда, Қазақстанның бастамасымен өткен Халықаралық діни конфессия идеялары бүкіл 
әлем  үшін  бетбұрысты  кезең  болды,  бұл  әлемдік  тәртіптің  жаһандық  трансформациясы  бастамасы 
болды деуге болады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ХХІ ғасырда әділетті әлем 
құрудың  негізін  идеялық-рухани  құрылымдауға  нақты  бағытталған жетекші  үнқатысу  тұғырнамасына 
айналды деуге болады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
[1]  2014  жыл  басындағы    Қазақстан  Республикасы  халқының    жекелеген  этностары  бойынша  саны.  Серия  15, 
Демография //  http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersPopulation 
[2] http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstannyn-iyu-dahy-torahalyhy_1341833506 
[3] http://www.mckr.kz/ 
[4] Абжалов С.И. Ханафи мазхабы. Алматы, Қазақ университеті, 2012.    
[5] Бұлытай М.Ж. Ата-баба діні немесе түркілер неге мұсылман болды.  Алматы: Білім, 2000. 480 б. 
[6] Бұлытай М.Ж. Дін және ұлт. Алматы, «Арыс» баспасы, 2006. 584 б. 
[7] Қайрат Лама-Шариф. Діни сенімдер әртүрлі, ал заң баршаға бірдей//  «Егемен Қазақстан» газеті, 14 қыркүйек, 
2011 жыл. 
[8] Картаева Т.Е. Тарихи демография. Алматы, «Арыс баспасы», 2007. 178 б.  
[9]  Назарбаев  Н.  Ә.  Конфессияаралық  қатынастар,  толеранттылық  және  дін  туралы  //  Дәйек  сөздер  жинағы.  Астана, 
МДХО, 2014.   43 б.  
[10] Народы Казахстана. Энциклопедический справочник. Алматы: Арыс. 2003. 
[11] Тоқаев Қ.Қ. Қазақстан Республикасының дипломатииясы. Алматы: Қайнар, 2002.  
 
REFERENCES 
 
[1] 2014 zhyl basyndagy  Kazakstan Respublikasy halkynyn  zhekelegen jetnostary boiynsha sany. Seriia 15, Demografiya 
//  http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersPopulation (in Russ).  
[2] http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstannyn-iyu-dahy-torahalyhy_1341833506 (in Russ).  
[3] http://www.mckr.kz/ (in Kaz). 
[4] Abzhalov S.I. Hanafi mazhaby. Almaty, Kazak universitetі, 2012.   (in Kaz). 
[5] Bylytai M.Zh. Ata-baba dіnі nemese tyrkіler nege mysylman boldy.  Almaty: Bіlіm, 2000. 480 b. (in Kaz). 
[6] Bylytai M.Zh. Dіn zhane ylt. Almaty, «Arys» baspasy, 2006. 584 b. (in Kaz). 
[7] Kairat Lama-Sharif. Dіni senіmder artyrlі, al zaң barshaga bіrdei//       «Egemen Kazakstan»  gazetі, 14 қyrkyiek,  2011 
zhyl. (in Kaz). 
[8] Kartaeva T.E. Tarihi demografija. Almaty, «Arys baspasy», 2007. 178 b. (in Kaz). 
[9]  Nazarbaev  N.  Ә.  Konfessiiaaralyk  katynastar,  toleranttylyk  zhane  dіn  turaly  //  Daiek  sozder  zhinagy.  Astana,  MDHO, 
2014.   43 b. (in Kaz). 
[10] Narody Kazahstana. Enciklopedicheskii spravochnik. Almaty: Arys. 2003. (in Russ).  
[11] Toкaev K.K. Kazakstan Respublikasynyn diplomatiiyasy. Almaty: Kainar, 2002. (in Kaz). 
 
КАЗАХСТАНСКАЯ МОДЕЛЬ МИРОВОЙ И ТРАДИЦИОННОЙ РЕЛИГИИ 
 
Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаевич
1
, Картаева Kарашаш Бөкенбайқызы

1
КазНУ им. аль-Фараби. Факультет истории, археологии и этнологии. Кандидат исторических наук, доцент. 
Казахстан, г.Алматы. mirzahan_74@mail.ru 
2
КазНУ им. аль-Фараби. Факультет истории, археологии и этнологии. Магистрант. Казахстан, г.Алматы. 
kartaeva_k@mail.ru 
 
Ключевые слова. Этнос, этнодемография, конфессия, диалог межконфессии, лидеры религии. 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  актуальные  проблемы  межэтнических  и  межконфессиональных 
отношений  в  Казахстане,  в  том  числе  на  территории  Алматинской  области  и  города  Алматы,  также  анализируется 
стабильная  модель  развития  межэтнического  и  межконфессионального  согласия,  связь  государства  с  гражданским 
обществом,  поддержка  государственной  политики  со  стороны  конфессиональных  организаций,  идеи  и  проблемы 
рассмотренные на международном съезде лидеров мировой религии и конфессий проводимый ежегодно в городе Астана.  
Численность  коренного  населения  страны  –  казахов,  этносов  и  этнических  групп  Казахстана  приведена  по 
официальным  данным  Статистического  Агентства  РК.  В  данное  время  в  отечественной  науке  и  обществе  очень 
актуально  анализировать  и  определять  основные  направления  конфессий  и  конфессиональных  организаций:  состав, 
расселение, язык, вероисповедание народов, этнодемографию и этнокультурные связи между ними. Стабильное развитие 
Казахстана – залог развития формирования модели мира и согласия, толерантность и дружба, диалог между народами. 
 
Поступила 27.02.2015 г. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
189 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
УДК 336+347.735  
 
Organizational aspects of fiscal policy and budgeting enterprise 
 
Mutalip Kyzy B.
1
, Bodauhan K
2
, Shamuratova N.B.
3
, Bekbosynova L.T.
4
 
naza_1@mail.ru 
1,2,3,4
 Kazakh Agro Technical University S.Seifullin 
 
Key words: budget, budgetary policy, financial policy, functions budgeting. 
Abstract. The article tells about the future development of financial policies in the company which in turn will 
contribute  to  the  level  of  performance  budgeting  in  general.  Just  here  is  the  financial  policy  of  the  enterprise 
budgeting  to  improve  with  the  production  of  budgeting.  Just  narrated  that  regardless  of  the  choice  of  objects 
budgeting  general  scheme  of  formation  of  operating  budgets  is  quite  typical  and  represents  a  combination  of  the 
following budgets and the relationships between them: sales budget, the budget of inventory, budget direct materials 
costs, production overhead budget, budget direct labor costs, the budget commercial expenses, budget management 
costs,  budgets,  revenues  and  expenditures.  On  this  basis  in  the  process  of  developing  a  modeling  financial  budget 
document  format,  define  the  list  of  required  primary  documents  and  clarify  the  temporary  regulations  budgeting, 
developing a scheme of consolidation in the financial operating budgets, define the responsibility of individuals for 
budgeting, collect and process information.  
 
УДК 336+347.735  
 
Организационные аспекты финансовой политики и бюджетирования предприятия 
 
Муталипкызы Б.
1
, Бодаухан К.
2
, Шамуратова Н.Б.
3
, Бекбосынова Л.Т.

 
1,2,3,4 
Казахский агротехнический университет имени С.Сейфуллина 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет