Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет36/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

 
 
Тірек  сөздер:  Миф,  фольклор,  этнография,  реминисценция,  мəңгүрттік,  фольклорлық  сарын, 
мифологиялық дүниетаным, құбылу. 
Ключевые  слова:  Миф,  фольклор,  этнография,  реминисценция,  мангурт,  фольклорный  мотив, 
мифиологическое миропознание, перевоплощение. 
 Keywords:  mith, folklore, etnography, reminisention, mangurt, folklore motive, mithiologic word knowledge, 
reincarnation.  
 
Əдебиеттің даму тарихының əрбір кезеңінде этно-фольклор біте қайнасып, бірге тыныс тіршілік 
еткен  жəне  шығармаларда  белгілі  бір  сюжеттік  оқиғаны  құруға,  кейіпкердің  образын  ашуда, 
көркемдік  тəсілдердің  берілуінде,  оқиға  түйінін  шешуде,  финалында  яғни,  шығарманың  өн 
бойында белгілі бір қызмет етіп отырған.  
 Прозалық  шығармалар  өзінің  бастауын  ертегілер  желісі  мен  ауыз  əдебиетіндегі  елге  көп 
тараған  аңыз  əңгімелер,  қиссалар  мен  хикаяттардан  алатынын  тілге  тиек  етуге  болады.  ХХ 
ғасырдың 20-30 жылдарындағы əдебиетте  де осы үрдіс көрініс тапқан. 
Əлемдік  əдебиет  контексінде  қазіргі  қазақ  əдебиетінің  орнын  танып  бағдарлау  үшін  жаңаша 
талдау, жаңаша бажайлау танымы тұрғысынан қарау міндеті тұр. 
Əсіресе  көңіл  бөліп  назар  аударатын  мəселе  рухани  дəулетіміздің  негізгі  қайнар  көзі  болып 
табылатын  ауыз  əдебиеті  үлгілерінің    қазақ  прозасындағы  көріну,  берілу  жолдарын  жан-жақты 
қарастыру мұқият зерделеу, қазіргі таңдағы əдеби зерттеу қажеттілігінен туындап отырғаны анық.  
Арман-тілегін, өткені мен бүгінін, ертеңі мен болашағын, фольклорда өрнектейтін қазақ халқы 
үшін – ауыз əдебиеті үлгілерінің қай түрі болса да жанына жақын екені рас. Фольклорлық сарын 
үлгілері  жыраулар  поэзиясында  да,  ХХ  ғасырдың 20-30 жылдарындағы  əдебиетте  де  де  көрініс 
тапқан.  Жаңа  өкіметтің,  қоғамның  мерездігін  аңдаған,  ақын-жазушылар  өз  ойларын  ашық  не 
астарлы  түрде  шығармаларында  беріп,  ащы  шындықты  айта  білді.  Оларды  халық  жауы  деп, 
өздерін  ату  жазасына  бұйырып,  шығармаларын  оқуға  тыйым  салып,  тарих  сахнасынан  мүлдем 
алып тастауды көздеді. Орнаған қызыл үкімет өзімен бірге өнерге де, соның ішінде  əдебиетке  де 
өзінің «социалистік реализм» əдісін ала келді. Яғни, кез-келген ақын-жазушы өнерге əдебиетке тек 
таптық  тұрғыдан  келуге  жəне  қарауға  тиісті  болды.  Ол,  мейлі  поэзиялық,  прозалық  туынды 
болсын,  шығармалардан тек қана кедей тобының мүддесін көтеретін идея «мен мұндалап» тұруға 
тиіс болды.  
Ақын-жазушылар  кеңестік  идеологияның  қысымына  қарамай,  тығырықтан  шығып  заман 
шындығын  символдық  формада  соның  ішінде  осы  фольклорлық  сарын  үлгісінде  жеткізуге 
тырысты.  Сонау түркі бабаларының рухынан нəр алған, түпкі негізімізді жырға қосқан, сөз еткен 
ақын-жазушылардың  өздері  өлсе  де  арттарында  қалдырған  мұралары  өлмек  емес.  Өйткені,  қазақ 
халқы  мың  өліп,  мың  тірілсе  де  сол  халықпен  ғасырлар  бойы  келе  жатқан  бабалар  рухы,  олар  
жырлаған өнер түрлері, ұстанған салт-дəстүрі мəңгі жасай бермек.  
Уақыт  өткен  сайын,  қоғам  өзгерген  сайын  əдебиет  фольклорлық  сарынды  қажет  етіп  ауыз 
əдебиеті  үлгілерінің  көрініс  табуын  талап  етті.  Ұлттық  таным,  ұлттық  рух  талап  еткен 
фольклорлық  сарын  қазақ  əдебиетіне  жаңа  леппен,  соны  сарынмен  қайта  оралды.Тіпті,  кеңестік 
идеологияға  қарамастан,  халықтық  мұраны,  наным-сенімді  өз  шығармаларына  өзек  еткен 
жазушылар  да  болды.  Қазақ  əдебиетінде  мифке  қызығушылық  реализммен  постмодернизмге 
дейінгі  əртүрлі  эстетикалық  бағыттағы  жазушылардың  көбіне  тəн,  ол  əңгімеден  романға  дейінгі 
түрлі жанрлық нышандарда жүзеге асырылып келеді. Миф əртүрлі көркем бағыттар мен жанрларда 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
250  
нығайып қана қойған жоқ, көркем мəтіннің барлық деңгейіне енуде. 
Ғ.Мүсіреповтің «Ана туралы жыр» əңгімесі алғашқы адамның пайда болуы Адам ата мен Хауа 
ананың  алғаш  жер  бетіне  түсіп,  ұрпақ  жаюы  туралы.  Мұны  əңгімені  фольклорлық    пайыммен 
генеологиялық  мифке  жатқызуға  болады.  Ал,  М.Ысқақбаевтың  «Ұят  туралы  аңыз»  повесіндегі 
орталық негізгі кейіпкер Тəңірі болса, бұл шығармада Алла бейнесі берілген. Ғ.Мүсіреповтің «Ана 
туралы  жыр»  повесінде  Алланың  бес  періштесі  болса,  Марал  Ысқақбайдың  «Ұят  туралы 
аңызында»  Тəңірінің  екі  періштесі  Кесепат  пен  Шарапаттың  қарама-қарсы  ойлары  берілген.  Екі 
повесте  де  бір  Құдіретті  күшке  бас  ию,  тағзым  етіп  табыну.  Екі  автордың  да  авторлық  идеясы – 
бағзы заманнан келе жатқан Тоныкөк, Күлтегін жырларымен үндесіп жатқандай. 
«Жоғарыдағы Көк Тəңірі, 
Төменде қара жер жаралғанда, 
Екеуінің ортасында адам баласы жаратылған...» 
Бұл  повестерді  көне  діни  аңыздық  сюжетке  құрылған,  мифтік  бейнелермен  толықтырылған 
жасампаздық  рухани  шығарма  деп  қарастыруға  болады.  М.Ысқақбаевтың  «Ұят  туралы  аңыз» 
повесінде  сонау  бағзы  замандардан  да  əрідегі  біздің  бабаларымыз  тəу  еткен  «Тəңірі»  туралы 
əңгімеленеді.  
Ғалым С.А.Қасқабасов  бұл жөнінде «Қазақтың  көне мифінде болуға тиісті ілкі ата – демиург 
бейнесі Тəңір образымен алмастырылған. Ал, Тəңір аспанның əміршісі саналған. Яғни Тəңір – ең 
жоғарғы құдай, ол аспан мен жердегі тылсым мен тіршіліктің иесі»  - деген. 
 Бұл  мифтік  повесте  Тəңірі  екі  періштесін  кезек  тыңдап,  ғаламда  болып  жатқан  өзгерістерді 
солардың шар айналарынан қарап біліп отырады. Анда-санда жерге қарап, əуелде адамзат атаулы Адам 
ата мен Хауа ананы пейіштен қуғанда екеу-ақ еді, қазір ұзын саны бірер мың болыпты деп ой түйеді. 
Шарапат қашанда ізгілік пен жақсылықтың символы іспеттес. Ал Кесепат болса мүлдем қарама-
қарсы.  Автор  Шарапат  пен  Кесепатты  антитезалық  бейнелеу  тəсілімен  ізгілік  пен  зұлымдықтың, 
жақсылық пен жамандықтың қарама-қарсы символы ретінде алған. Дүние дүние болып жаралғалы 
жұмыр басты пенде бойындағы екіұдай мінез: бірі жамандыққа бастап тұратын – кесепат азғыруы, 
бірі  адамдар  үшін  жақсылық  жасауға  бар  Шарапаттың  іс-əрекеті  өмір-бойы  бір-біріне  кереғар 
күресіп өтетіні содан екен. 
Бұл мифтік аңыз шығыстын мотивтегі көне сюжетке құрылған. Жазушы құрғақ баяндаудан гөрі 
адам тойымсыздығының түп төркіні неде деген сұрақты ортаға салады. 
Қарымды  қаламгер  Ə.Кекілбаевтың  «Күй»  повесінде  де  ежелгі  аңыз-əңгімені,  өткен  күннің 
елесін  ой  елегінен  өткізіп,  бүгінгі  күннің  көкейкесті  мəселелерін  қозғайды.  Жазушы  ескі  аңызды 
қайта  жаңғыртып,  қайта  баяндап  қана  қоймайды,  оған  философиялық,  психологиялық  реңк 
үстемелей отыра аңыздың əлеуметтік сипаты, (қырын) ашады. Шығармада ежелден қоңсы отырған 
бірде  жауласып,  бірде  татуласып,  талас-тартыспен  күшін  көрген  қазақ  пен  түркімен  арасындағы 
бітіспес  жаулығы сөз  болады. Бітімге келмей, тек қана  жауласумен болған,  өзара сыйыса  алмай, 
ұғыса  алмай  өткен  екі  бауырлас  жұрт  талай  тауқыметті  бастан  кешіріпті,  бірін-бірі  кешіре 
алмапты.  Автор  талай  замандар  бойы  қазақ  даласы  мен  түркімен  құмдарындағы  зорлық-
зомбылықтың неше алуан түрі: алып кету, шауып кету, жер дауы, жесір дауы, жазушының ең ауыр 
сұмдық түрі – мəңгүрт жасау сияқты аңыздық желілерді шебер қолдана білген.  
Шығармада  түркімен  батыры  Жөнейттің  қолға  түскен  тұтқын  жас  өспірімдерді  мəңгүртке 
айналдырып,  жаулықтың,  дұшпандықтың  ең  ауыр  да  сорақы  үлгісін  көрсетеді.  Бағзы  заманнан 
адам баласына неше түрлі қиянат зұлымдық-əрекеттер жасаудың ішіндегі ең сұмдығы, ең шектен 
шыққаны – адамды  қинап,  мəңгүрт  жасау  болып  табылады.  Мəңгүрттіктің  қасында  басқа 
зұлымдық, жауыздық дегеніңіз түк емес. Бұл қорлау – мəңгүрт жасап, жеңген жауының тұқымын 
құрту,  болашақтың  тамырына  балта  шабу    мақсатында  жасалған  мəңгілік  азап.  Автор  повестің 
сюжет  желісіне  мəңгүрттік  туралы  аңызды  орынды  ала  білген.  Жауласқан  елдер  тарихында 
мəңгүрттік  жəне  мəңгүрт  жасау  ежелден  бар  екендігі  белгілі.  Бұл  жайлы  кейбір  мəліметтер  ауыз 
əдебиеті нұсқаларында кездеседі. Мысалы қырғыздың əйгілі «Манас» жырында да жас балаларды 
алып  қашып  кетіп,  олардың  басына  шіре  байлайтыны    жайлы  айтылады. «Кепеш  кигізу», «шіре 
байлау» дегенді мəңгүрттікпен қатарластыра алуға болады. Төл əдебиетімізге, жалпы өз кезеңінде, 
одақтық əдебиетке мəңгүрт ұғымын алғаш алып келген қаламгер - Əбіш Кекілбаев. 
Автордың  айтпағы  əр  заманның,  əр  қоғамның  өз  мəңгүрті  болады    деп  ой  түйдіреді.  Патша 
үкіметі  тұсындағы  бертін  келе,  Кеңес  Үкіметі  тұсындағы  күшпен  енгізілген  отаршылықтың  таз 
кепеші  мəңгүрт  болып  жалғасын  тапты.  Бүгінгі  күні  ешкімнің  зорлық-қорлығынсыз-ақ  туған 
тілімізден, дінімізден айырылған, тегін білмейтін «шала қазақ» дейтін - «рухани   мəңгүрт» ұрпақ 
дүниеге  келді.  Автор  танымы  рухани  мəңгүрттік  мəңгүрттіктің  ішіндегі  аса  қауіптісі  деген 
байламға көз жеткізеді.  Ежелгі  аңыздағы тарихи шындыққа  сүйеніп, жазушының  өткенді  шолып, 
болашаққа  жасаған  ишара – тұспалы  аңызбен  астасып,  қазіргі  күнмен  үндесіп,  психологиялық – 
параллелизм тұрғысынан мəні ашыла түседі.  

№2. 2014 
 
 
251 
Негізгі кейіпкер – түркімен  батыры  Жөнейттің өш  алу, кек  алу  жолында  туған  бауырынан да, 
баласынан да айырылуын, өмірінің соңында құлағына келген күй əуені арқылы түсінеді. Екі елді 
татуластырып табыстырған да, бітістірген де өнердің құдіреті. «Күй» повесіндегі аңыздық желідегі 
сол кездегі  мəңгүрттікті  қолдан жасау  болса, бүгінде рухани  мəңгүрттіктің белең  алуын  жəне екі 
кезең мəңгүрттігін бір-біріне қарама-қарсы, антитеза формасында алынуы шығарманың əлеуметтік 
салмағын арттыра түседі.  
Ол күйдің астарында – рухани таным, ұлттық болмыс, салт-сана, фольклорлық сана, бүкіл қазақ 
елінің рухани-мəдени – пəлсапалық байлығының негізі, түп-тамыры, көрсеткіші жатыр. 
Тұтастай алғанда, халықтық мұрамыз атадан балаға аманат болып, заман он айналып түссе де өз 
негізін  əлі  жойған  жоқ.  Ал,  сол  негіз  жойылса,  халық  та  бірге  жойылады.  Қазір  егемендігімізді 
алып,елдігімізді  қайта  сезінген  кезде,  сол  кездегі  ұмыт  бола  жаздаған  не  алмағайып  кезеңдерде 
ұмыт  болған  сол  асыл  мұрамызды  қайта  тірілту,  қайта  жаңғырту  əрбір  қазақтың  міндеті  деп 
ойлаймыз.  
 
ƏДЕБИЕТ 
 
1
 
Ысқақбаев М. «Ұят туралы аңыз» Алматы: Жазушы. 1980. Б-7. 
2
 
Қасқабасов С. Жаназық. Аударма баспасы., Астана. 2002. Б-96.  
3
 
Кекілбаев Ə. Таңдамалы шығ. 1 том. Алматы: Жазушы, 1989.Б-125 
 
Танжарыкова А.В. Фольклорные мотивы в современной казахской прозе 
 
Резюме 
 
В статье рассматриваются фольклорные мотивы в современной казахской прозе. Был сделан тщательный анализ проз 
в  основу  которых,  рядом  писателей  взят  фольклор.  Дошедшие  до  нас  с  незапамятных  времен  события,  описанные  в 
мифах,  оказывали  свое  влияние  то  на  начало,  то  на  кульминацию,  то  на  конец  произведения,  это  влияние  было 
рассмотрено с разных точек зрения. Согласно ветхой концепции человек при переходе из этого мира в потусторонний 
мир  в  зависимости  от  своего  характера  превращался  в  зверя  или  птицу,  отблески  такой  реинкарнации  наблюдаются  в 
современной прозе. Произведения таких знаменитых казахских писателей как Г.Мусрепов, А.Кекильбаев, М.Ыскакбаев  
были глубоко исследованы в этом направлении. Их книги являются хорошим примером для воспитания подрастающего 
поколения  в  духе  традиций  и  обычаев  казахского  народа,  также  они  учат  их  передавать  традиционный  опыт  из 
поколения  в  поколения  безо  всяких  изменений,  хотя  время  неизбежно  налагает  на  них  свой  отпечаток  и  оставляет 
неизгладимый след.    
 
 
Таңжарықова А.В. folklore motives in modern Kazakh prose 
 
Summary 
 
The article considered folklore motives in modern Kazakh prose. It was analyzed systematically the books of writers who took 
as a base the folklore motives in the prose. Sometimes  it was considered the influence of the miffs to the beginning, culmination 
and the fin of the writings. According the oldest conception when the person passes from the this world to the life after the death 
the person because of his   character becomes an animal or a bird, this phenomena of reincarnation observes in our days prose. 
The writings of G. Musrepov, A. Kekilbayev, M.Iskakbayev was analyzed in this direction. Their books are a good to educate the 
yang generation in  kazakh tradition and teach them to keep them and pass them to the next generation without any changes, 
although the time leaves its foot printing. 
 
 
 
  

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
252  
МАЗМҰНЫ 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050:  
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауына арналған  
 
Еспаев С.С. Қазақстанныңғылыми сыйымды экономикасыныңжаңа үлгісі: ғылымның болашағы, инновация  
жəне индустриализация...........................................................................................................................................................3 
Дінішев Ф.М.Қазақстанның экономикасындағы технологиялық қалыптар.......................................................................7 
Альжанова Ф.Г.Креативті экономикадағы адам ресурстары.............................................................................................11 
 
Теориялық жəне əдістемелік сұрақтар 
 
Нұрланова Н.К.Қазақстан экономикасын кеңістіктік поляризациялау: мəселелері жəне шешу жолдары....................16 
Айтжанова Д.А. Ұлттық экономиканың нақты секторы салаларындағы құрылымдық қайта құрулардың  
стратегиялық міндеттерін шешуге əдістемелік көзқарас.....................................................................................................20 
Рузанов Р.М., Досманбетова М.С.Қазақстандық өнеркəсіптік компаниядағы интелектуалды капиталдың құнын бағалау.25  
 
Əлеуметтік дамудың мəселелері 
 
Мельдаханова М.К., Қалиева С.А. Халықтың жұмыс бастылығы жəне оны қамтамасыз ету факторлары.....................30  
Киреева А.А. «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағытының шеңберіндегі гендрлік саясаттың əлемдік тəжірибесі.............36 
Абдразақова А.Т. Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: əлемдік тəжірибе.....................................................40 
Нүрпейсова А.А. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу тəжірибесіне талдау...................43 
 
Қаржылар жəне инвестициялар 
 
Халитова М.М., Панзабекова А.Ж.Қазақстанның құнды қағаздар нарығындағы инвестициялық белсенділікті  
реттеудің əдістері...................................................................................................................................................................... 50 
Хамитов Н.Н.,Жақсыбекова Г.Н. Кредиттеу саласындағы риск-менеджмент: мəселелері жəне шешу жолдары..........54 
 
Салалық нарықтар 
 
Шевченко В.В.Салалық бəсекелік басымдықтарды қалыптастыру факторлары...............................................................58 
Тұрсынбаева Д.К., Бекжанова Т.К. Қазақстан Республикасының бақылаусыз экономикасына негізгі  
экономикалық көрсеткіштердің əсері.....................................................................................................................................63 
 
Салалық нарықтар 
 
Мамбеталиева Г.С. Европадағы лоббизм: мақсаты, акторы, эффективтілік критерийлері..............................................68 
Усупова Ч.С. Рухтық-мəдени құндылық жəне табиғи-құқықтық, азаматтық ғұрып, дəстүр арабайланысы...................72 
Тилекматова  А.Т. Қырғызстанда жəне АҚШ-тағы саяси жүйенің өзгешеліктері.............................................................75  
Джамгырчиев Т.Д. Қырғыз Республикасының төзімді даму үшін су басқарудың ресурстарын басқа  
мемлекеттердің тəжірибесін игеруі.........................................................................................................................................77 
Ахмет Эр  Агрессивтілікті жоюдағы мектеп тəрбиесінің рөлі.............................................................................................82  
Мамытов Э. А. Кеңес заманынан кейінгі форматта еуро бірдейліктің нығаюының мəселелері………………….…….84 
Əлмұханова Р.Т.  Айтыс: ақындық жəне күйшілік.................................................................................................................89  
Жұмабекова Д.Ж. М.Скориктың скрипкаға арналған Рапсодиясының премьерасы (Е.Брусиловскийдың «Қыз 
Жібеқ» операсының 80 жылдығына арналған)......................................................................................................................................94 
Садырова М.С., Маманова Х. М. «Қазақстандық турист» кім?.............................................................................................97  
Жұмаділова Ш.Г., Ділдебаева Ж.Т., Сайлаубеков Н.Т. Қазақстандағы мұнай жəне газ кəсіпорынының өзіндік  
құнының өсуін талдау...............................................................................................................................................................101  
Нұрғалиева А.М. Несиелік тəуекелді  бағалаудағы басқару əдіснамалық  тəсілдеме........................................................105 
Көкенова А.Т. Инновациялық қызметті белсендендірудің қаржылық көздері...................................................................113 
Картаева Т. Е. Қазақтың үйлену салтындағы қалың мал беру рəсімі.................................................................................118 
Нұрмағанбет Е.Т. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс тер бойынша  алдын-ала тергеудегі  
адвокат-қорғаушының процессуалдық мəртебесі...................................................................................................................123
 
Шамұратова Н.Б., Жетесова М.Т., Тастанбекова К.Н. Əлемдік ықпалдасу жағдайындағы Қазақстанның көші- 
қондық үдерісі.............................................................................................................................................................................130
 
Көкенова А.Т., Қалымбетова А.Р. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша  қорлар  
есебін ұйымдастырудың негізгі бағыттары.............................................................................................................................133 
Ивилказиев А.Е.   ЖОО бизнес-процесстерді басқару əдістері..............................................................................................138 
Маманова Х. М. Туризм саласының өзгерістеріне қазақстандықтардың əлеуметтік бейімделуі.......................................143
 
Мұратбек Ж.М.  ШЫҰ жəне Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік кешен концепциясы...........................................145 
Сандібекова С.Г., Артықбаева А.Е. Қазақстандағы HR-менеджмент  рөлінің өзгеруі........................................................150
 
Мұханова Г.К. Қазақстанда экономика мен басқаруды аймақтандыру: ахуалдары мен келешегі......................................153 
Серіков Р. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке меншік əріптестіктің институционалдық ортасының  
даму жағдайы жəне перспективалары.......................................................................................................................................159 
Сүлейменова С.С. Жаһанша Досмұхамедов шығармаларындағы қазақтардың заңдары.....................................................167 
Махатова А. Фармацевтикалық кəсіпорындар қызметəн басқару: Қазақстандық жəне əлемдік тəжірибе.......................174
 
Құлманов С.Қ.
 
Грамматикалық категорияларды оқытудағы сабақтастық (еліктеу сөздердің  
академиялық грамматикаларда, ғылыми еңбектерде, түсіндірме сөздік пен мектеп оқулықтарында берілуі).................180 
Омарова Г.А. Педагогикалық пəндерді инновациялық технологиялар арқылы оқыту........................................................185 
Мамунова А.Е. Əлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі .............................................................................................188 
Абдрахманова М.З. Шетелде жəне Қазақстанда қолданылып жатқан əлеуметтік саясат үлгілерінің ерекшелігі..............192 
Жорабекова М.К., Сақтағанова М.Ж. Оқытудың жаңа технологиясы: Жоғары оқу орындарында орыс тілін  
шетел тілі ретінде оқытуда іскер ойындардың тиімді əдіс ретінде қолданылуы............................................................196 
Бөкебаев А.Е. Бəсекеге қабілетті, ұтқырлы, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге маманды даярлау білім беру үдерісінде 
оқу үрдісін ұйымдастыратын педагогтың кəсіби құзыреттіліктің деңгейі.............................................................................201 
Есентаева Д.
 
Би симфонизациясының  эстетикалық аспекті..................................................................................................204 
Кадырбаева Қ.М.  Вокалды-камералық əн өнеріндегі білікті ұстаз – Н.А.Шарипова туралы білікті сөз...........................209 
Мұхамеджанова Г.Т. Əдебиеттанудағы лирикалық проза.......................................................................................................212 
Түзелбаева Ə. Семантикалық уəжділік – сөзжасамдық мағына тудырудың негізі................................................................216 
Мұқаұлы С.,  Калменова М.Т. Табиғат пайдалану экономикалық  қатынастарын жетілдіру...............................................219 
Капенова А.З., Жанакова Н.Н. Бюджеттік-салалық пəннің теоретикалық жəне методикалық негіздері............................222 
Мухамеджанова З.Ж. Алматы қаласының қазіргі уақыттағы əлеуметтік инфраструктурасының дамуы .........................229 
Алшимбаева А.У. Мұңай саласындағы бəсекелестіктің басты факторлары...........................................................................232
 
Көшекова А.А. «Ер Көкше» архаикалық эпосындағы ат бейнесі............................................................................................235 
Ахантаева Ə. Ж. Қазақ тарихы ғылымының – тарланы...........................................................................................................239 
Жұмағұлова Қ.Ə., Оспанова Б.А., Ташбулатова А.Е. Оқу үдерісінде болашақ мамандардың  креативті  
тұлғасын қалыптастырудың  теориялық-əдіснамалық негіздері.............................................................................................244 
Таңжарықова А.В. Прозалық шығармалардағы  этно-фольклорлық сарындар....................................................................249 

№2. 2014 
 
 
253 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет