Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#7070
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

 
ƏДЕБИЕТ 
1
 
Социальная работа. Уч.пособие /Под ред. В. И. Курбатова. – Ростов н/Д: Феникс, 1999. 
2
 
  Мисиков Б. Многоканальное финансирование //Высшее образование. – 1999. - №5. – с.13-15. 
3
 
 Лисицын Ю.П. Медицинское страхование. М.: Медицина, 1995. 
4
 
 Кузьменко М.М. и др. Здравоохранение в условиях рыночной экономики. - М.: Медицина, 1994. 
5
 
 Батыгин К.С., Трофимюк Н.А. Социальное страхование и охрана здоровья трудящихся.  -М.: Профиздат, 1989. 
 
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ПРОСТРАНСТВО СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ 
 
Резюме 
 
В  этой  статье  рассматривается  экономичекое  пространство    социальной  работы,  экономика  системы  социальной 
защиты, образования,  здравохранения, сфера отношений труда, культур и экономика быта. 
 
ECONOMIC SOCIAL WORK SPACE 
A.E. Mamunova 
 
Summary 
This article discusses the economic progress the space of social work, economics of social protection, education, healthcare, 
the sphere of labor relations, economics and culture of everyday life. 
 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
192  
УДК 273.56.1 
 
М.З. АБДРАХМАНОВА 
Қазақ қыздар педагогикалық университеті, 
қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасының  магистранты, 
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
 
ШЕТЕЛДЕ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТҚАН 
ƏЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Аннотация 
 
Мақалада қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тəжірибесінде қоғамның сұраныстары мен 
талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің əлеуметтік саясатты орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал 
өркениетті елдерде əлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге асырылып жатқанда бұл 
мəселенің  біздің  еліміз  үшін  өзектілігі  зор.  Əлеуметтік  мемлекет  құру  жолындағы  Қазақстан 
Республикасының  əлеуметтік  саясатына  саяси  талдау  жасай  отырып,  оның  мəні  мен  мазмұнын  ашып 
көрсету.Əлеуметтік жұмыстың дəстүрлі моделдеріне негіз бола алады. Əлеуметтік саясатты жүзеге асырушы 
саяси институттардың қоғамда алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып табылады.  
Тірек сөздер: əлеуметтік жұмыс, əлеуметтік саясат, əлеуметтік қорғау, заң, бағдарлама, үлгі, мемлекет, 
экономака, қағида, əлеуметтік қамсыздандыру, əлеуметтік мəселе. 
Ключевые  слова:  социальная  работа,  социальная  политика,  социальная  защита,  модель,  закон, 
программа, государство, экономика, принцип, социальное обеспечение, социальная проблема.  
Keywords: social work, social policy, social protection, model, law, program, state, economy, principle, social 
security, social problem. 
 
Əлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық 
қажеттіліктерін  қанағаттандырып,    жаңа  биік  белестерге  қадам  басуға  əрекет  жасайды.  Бүгінгі 
таңда  əлеуметтік  мемлекет  болып  табылатын  көптеген  əлем  мемлекеттері  үшін  əлеуметтік 
саясаттың  айқын  басым  бағыттарын  анықтап,  салиқалы  əлеуметтік  саясат  жүргізу,  халықты 
əлеуметтік  қорғаудың   өзіндік  моделін  қалыптастыру  стратегиялық  маңызы  бар  мəселе  болып 
отыр.  Əлеуметтік  саясаттың  басым  бағыттарын  анықтау  арқылы  мемлекет  ең  алдымен  негізгі 
халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу 
арқылы қоғамның əр түрлі топтарына, таптарына, əсіресе əлжуаз əлеуметтік қорғауды қажет ететін 
топтарын  əлеуметтік  қорғаумен  қамтамасыз  етеді. «Əлеуметтік  саясат»  ұғымын  теориялық-
методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. 
Ал  əлеуметтік  саясаттың  негізі  əлеуметтік  қорғаудан  бастау  алса,  əлемнің  көптеген 
мемлекеттерінде  халықты əлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта 
теңізі  елдері  моделі,  Чили  моделі  жəне  т.б.)  қалыптасып  үлгерді.  Осы  тұста  Қазақстан 
Республикасының  əлеуметтік  қорғау  жүйесінің  əлем  елдерінің  озық  тəжірибесі  негізінде  өзіндік 
моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да 
басқа  мемлекеттер  сияқты  əлеуметтік  саясатын  жетілдіріп  отыруы  заңды  құбылыс  болып 
табылады. Əлемдік тəжірибеде əлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен 
мынадай белгілері бар: 
1.
 
Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;  
2.
 
Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;  
3.
 
Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;  
4.
 
Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;  
5.
 
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.  
Əлеуметтік  бағыттағы  мемлекеттік  бағдарламалар  мен  оларды  жүзеге  асыратын  тетіктердің 
болуы. [1] 
Мемлекеттің  əлеуметтік  саясаты  əлеуметтік  қамсыздандыруға  жəне  əлеуметтік  қызметтерді 
көрсетуге  арналған  қызметті  қамтылаған   мемлекеттің  бағдарламасы  арқылы  жүзеге  асады. 
Классикалық  үлгіде  əлеуметтік  қамсыздандыруға  əлеуметтік  сақтандыру  мен  қоғам  мүшелерінің 
əлжуаз топтарына қолдау, көмек көрсетуге деген əлеуметтік жауапкершілігі арқылы көрініс тауып 

№2. 2014 
 
 
193 
жүр.  Əлеуметтік  қызметтер  жүйесіне  денсаулық  сақтау,  білім  беру,  кəсіби  даярлау,  еңбекпен 
қамтамасыз ету жəне т.б. мемлекет қамтамасыз ететін қызмет түрлері жатады. Əлемдік тəжірбиеде 
бұдан  да  басқа   халықты  əлеуметтік  қорғаудың  қалыптасқан   үлгілері  көп.  Əлеуметтік  саясат 
жүргізу  үлгілерін  əртүрлі  классификациялайды.  Олардың  көпшілігі  əлеуметтік  саясатты  жүзеге 
асыруда  мемлекеттің,  азаматтық  қоғам  институттарының  жəне  жекелей  азаматтардың  қатысу 
деңгейі  мен  алатын  роліне  байланысты  принциптерге  негізделген.  Геосаяси  аспектіде 
қарастыратын  болсақ,  скандинавиялық,  континенталды  жəне  американ-британдық  əлеуметтік 
саясат үлгілерін көрсетуге болады.[2] 
Əлеуметтену  мемлекеттің  қайнар  көзі - əлеуметтік  саясаттан  басталады.  Мəселен,  дамыған 
Еуропа  елдерінде  əлеуметтік  саясаттың  екі  үлгісі  кеңінен  қолданылады.  Біріншісі  «бисмарктық» 
əлеуметтік саясат үлгісі, екіншісі «беверидждік» үлгі. 
«Бисмарктық» əлеуметтік саясат үлгісі бойынша əлеуметтік көмек пен белсенді еңбек қызметі 
арасында  тығыз  байланыс  орнатылады.  Жеке  адам  өзінің  белсенді  еңбек  қызметі  барысында 
келісім – шарт  негізінде  əлеуметтік  қорға  мөлшерлі  аудармаларын  жасап  отырады.  Кейін  бұл 
аудармалардан  сақтандырушы  қорлар  құрылып,  одан  əртүрлі  əлеуметтік  көмек  көрсетіліп 
отырады.  Мұндай  қорларға  мемлекеттік  бюджеттен  қаржы  бөлінбейді.  Ал,  еңбек  белсенділігі 
төмен  отбасылар үшін ұлттық  ынтымақтастық  ұстанымы  бойынша мемлекеттік органдар  арқылы 
əлеуметтік көмек көрсетіледі.  Ал  Қазақстанның  өзіндік  əлеуметтік  саясатының  үлгісі  мен 
тұжырымдамасы  қалыптасу  үстінде  екенін  ескерсек,  онда  бұл  екі  үлгінің  басты  жетістіктері  мен 
тиімді тетіктері нысанаға алынып отырғандарына көз жеткізуге болады.    Скандинавиялық  үлгіні 
–  социал-демократиялық,  континенталдыны – социал-нарықтық,  ал  американ-британдықты – 
либералды үлгі деп атайды.[3] Бұл үлгілердің ерекшелігі мемлекеттің əлеуметтік қорғау жүйесіне 
қандай  формада  қатысуына  байланысты  байқалады.  Мəселен  Скандинавия  мен  континенталды 
үлгіні  ұстанған  Еуропа  мемлекеттерінде  əлеуметтік  қорғау  жүйесі  мемлекет  тарапынан,  ал 
Оңтүстік  Европа  елдерінде  үкіметтік  емес  ұйымдар  мен  агенттіктер,  шіркеулер,  кəсіподақтар,  əр 
түрлі  əлеуметтік  топтарды  қосатын  мүдделі  ұйымдар  мен  қайырымдылық  қорлары   арқылы 
ұсынылады.  Католиктік  елдерде  мемлекеттің  көпшілік  əлеуметтік  міндеттерін  шіркеулер  өз 
мойнына алады.  
Халықты  əлеуметтік  қорғаудың  скандинавиялық  үлгісі.  Əлеуметтік  саясат  жүргізудің  бұл 
типінде əлеуметтік қажеттіліктерге деген қаражаттың көп бөлігін мемлекет өз мойнына алып,  оны 
əлеуметтік қамсыздандыруға бөлу мен таратуды  көзі тікелей бюджет болып саналады.  Мемлекет 
өзінің  азаматтарының  əл-ауқатын,  жағдайын  жасап,  негізгі  əлеуметтік  қызметтерді  де  көрсетуге 
жауапты  болады.   Скандинавиялық  үлгі  Швеция,  Финдляндия,  Дания,  Норвегия  сынды 
мемлекеттердің  саясатында  кең  көрініс  табады.   Осы  елдердің  ішінде  Швецияның  əлеуметтік 
саясат  жүргізу  үлгісі  əлемдік  тəжірбиеде  ерекше  орны  бар. «Швециялық   үлгі»   60  жылдардың 
соңында  Швеция  дамыған  əлеуметтік,  экономикалық  қатынастар  орнаған  ел  ретінде  статус 
алғаннан кейін пайда болды. 
Əлеуметтік  қамсыздандыру  жоғарғы  деңгейде  жəне  жұмыссыздық  бойынша,  балаларға 
арналған т.б. мемлекеттік жəрдемақы түрлері бар. Жұмыссыздық бойынша жəрдемақы жұмыстан 
айрылып қалған жағдайда азаматтардың қалыпты күн кешуіне арналған. Ал балалар ата-анасының 
табысына  қарамай   18  жасқа  толғанша  ай  сайын  жəрдемақы  алып  отырады.   Əлеуметтік 
қызметтердің ішіндегі білім беру саласы халықтың бар бөлігінің сауаттылығын қамтамасыз етуде. 
Орта жəне жоғары білім ақысыз болып табылады жəне көптеген қайта даярлау оқыту орталықтары  
мен білім беру бағдарламалары жұмыс істейді.  Квалификациялы мамандарды дайындау мен қайта 
даярлау 
жұмыссыздық 
деңгейін 
төмендетіп, 
мемлекеттің 
халықтың 
толыққанды 
жұмысбастылығына  бағытталған  əлеуметтік  саясатын  көрсетеді.  Швеция  заңнамасында  оқу 
демалысына  қаржы  төленеді  делінген,  жалпы  Швеция  білімге  ЖІӨ-нің  көп  мөлшерін  жұмсайды. 
Сонымен  Швецияның  əлеуметтік  саясаты  əлеуметтік  солидароность  пен  əлеуметтік  əділеттілікке 
негізделген. Халықты əлеуметтік қорғаудың континенталды үлгісі. Əлеуметтік саясат жүргізудің 
континеталды  үлгісінде  мемлекет  тек  қана  əлеуметтік  төлемдер  төлеумен  ғана  айналысады,  ал 
əлеуметтік қызметтерді ұйымдастырмайды.   
Мұнда  мемлекет  бюджетінен  жəне  жұмысшылар  мен  жұмыс  берушілердің  əлеуметтің 
шараларға  бөлетін  қаражаты  бірдей  мөлшерде,  жəне  негізгі  қаражат  көзі  мемлекеттік  жəне  жеке 
əлеуметтік-сақтандыру қорлары болып табылады.  Бұл үлгіні ұстанатындар – Германия, Франция, 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
194  
Австрия,  Бельгия.   Осы  елдердің  ішінде  Германияның  əлеуметтік  саясатыны  тоқталып  өтсек,  ең 
алдымен  Германияда   1946  Альфред  Мюллер-Армак   жылы  «нарық  еркіндігі»   мен  «əлеуметтік 
теңестіру»  принциптерін  біріктіретін  жəне   экономикалық  саясатты  анықтайтын   «əлеуметтік 
нарықтық қатынас»  ұғымын енгізді. Мұндай саясаттың мақсаты экономикалық сферада қоғамның 
əрбір  мүшесінің  өзін  өзі  жетілдіруіне  жағдай  жасайтын  əлеуметтік  саясат  болып  табылады.   Бұл 
үшін индивидтердің шаруашылық қызметін реттейтін институционалды жағдайлар керек. Бірінші 
кезекте  табысты  бюджет  арқылы  қайта  бөлу  немесе  швециялық  үлгідегідей  тегін  əлеуметтік 
қызметтер емес, ал əлеуметтік қорғау бағытталған еңбекке қабілетті халыққа экономикалық жағдай 
жасалып  тұр.  Əлеуметтік  қамсыздандыру  жүйесі  мемлекет  есебінен  төленетін  балаларға 
жəрдемақы (бала туылғанда берілетін, күнкөрісі төмен жəне көп балалы отбасыларға), босқындарға 
көмек, білім алуға жəрдемақы, жастарға көмек,  емделуге жəрдемақы, зейнеткерлік субсидиялары, 
соғыс құрбандарына көмек, мүгедектер мен қоғамның басқа да кедей, əлжуаз топтарына əлеуметтік 
көмек көрсетіледі.  
Американ-британдық  үлгі  əлеуметтік  сферада  мемлекеттің  минималды  түрде  қатысуымен 
сипатталады.  Əлеуметтік  бағдарламаларды  жүзеге  асыру  тетігі  мемлекеттік  бюджет  емес,  жеке 
салымдар  мен  сақтандыру  болып  табылады.   Мемлекет  өз  мойнына  тек  барлық  азаматтардың 
минималды  кірістерін  сақтауды  жəне  халықтың  аса  көмекке  мұқтаж  табын  қорғауды  алады.  Бұл 
үлгіні  негізгі  ұстанатын  мемлекеттер:  АҚШ,  Англия,  Ирландия,   АҚШ-та  заманауи  əлеуметтік 
халықты  қамсыздандыру  үлгісінің  негізі 1935 жылы  Ф.Рузвельт   қабылдаған  Əлеуметтік 
сақтандыру туралы Заңның қабылдануымен қаланды.   АҚШ-та əлеуметтік көмектің негізгі бағыты 
отбасыға арналған. Материалды қолдау алудың негізгі талабы – отбасыда жан басына шаққандағы 
кіріс көзі елде бекітілген күнкөріс өлшемінің ең төменгі мөлшерінен төмен деңгейде болуы керек. 
Аз  қамтамасыз  етілген  отбасылардың  балаларына  жəрдемақылар  төленеді.  АҚШ-тың  əлеуметтік 
саясатының  ерекшелігі  көмекке  мұқтаж  адамдарға   қаржылайдан  бөлек  тағы  да  басқа  көмектер 
көрсетіледі. Мəселен, ол – тамақтануға, азық-түліктер сатып алуға арналған талондар, т.б. Жерорта 
теңізі   елдерінің  əлеуметтік  саясат  жүргізудің  өзіндік  үлгісі  бар.  Ол  мемлекеттерге   Испания, 
Португалия,  Греция,  Италия,  Ирландия  елдері  жатады.  Бұл  елдерде  əлеуметтік  қорғау  жүйесінің 
негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған əлеуметтік сақтандырумен 
түсіндіріледі.  Жерорта  теңізі  елдері  үлгісінде  əлеуметтік  салаға  көп  қаражат  бөлінгенімен,  ол 
халықтың басым бөлігін қамти алмайды.  
 
Демек,  əр  мемлекеттің  əлеуметтік  саясат  жүргізу 
ерекшелігі  елдің  экономикалық  потенциалымен  санасады.  Осыған  сəйкес  əлеуметтік  мəселелерді 
шешуге  арналған  əдістер  жүйесі  бар.   Бірнеше  елдердің  топтамасында  немесе  жекелей 
мемлекеттердің  өздеріне  тəн  əлеуметтік  жүйесін  кездестіруге  болады.  Бір  елдің  белгілі  бір  топқа 
жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс: 

 
əлеуметтік саясаттың көздеп отырған түпкі мақсаты: берілген жүйе минималды ауқаттылық 
пен  кепілдендіруді  ұсынумен  шектелуі,  мемлекетте  жалпы  табыстың  қоғам  мүшелеріне  қайта 
бөлінуі;  

 
əлеуметтік саясаттың экономикалық саясатпен байланыстылығы;  

 
əлеуметтік қорғау жүйесінің басымдылық типі: белсенді, конструктивті.[4]  
 
 
 
Экономикалық  дағдарыс  жағдайындағы  мемлекет  саясатының  құрамдас  бөлігі  тиімді 
əлеуметтік саясат болып табылады. 
Сарапшылар  əлеуметтік  саясатты  нарықтық  жаңарудың  ілгерілеу  критерийлеріне  жатқызады. 
Олардың  пікірінше,  нақты  саяси  жүйенің  стратегиялық  орнықтылығы  мен  тұрақтылығы  көп 
жағдайда əлеуметтік саясаттың концептуалды бағыттарын дұрыс таңдауға байланысты. 
Жалпы  алғанда,  əлеуметтік  саясат  саяси  жүйенің  маңызды  бейімделу  механизмі  болып 
табылады, сондықтан оны «саяси» мен «əлеуметтіктің» өзара əрекеттесуі ретінде қарастыру қажет. 
Сондай-ақ  «əлеуметтік»  жиі  «қоғамдықтың»  синонимі  ретінде  алынады,  сол  себепті  əлеуметтік 
саясат  міндеттерінің  бірі – ықпал  ету  жəне  бақылау  механизмдерін  пайдалана  отырып,  қоғамдық 
өмірде тепе- теңдіктің белгілі дəрежесіне жету. 
Қоғамдық  өмірде    тепе-теңдіктің  белгілі  дəрежесіне  жету  үшін  əлеуметтік  саясаттың  негізгі 
бағыттары блоктар бойынша топталады. 
 1) кедейшілікпен күрес;  

№2. 2014 
 
 
195 
 2) Адам капиталын сақтау; 
 3) адам капиталының нарық сұраныстарына бейімделуі. 
Əлеуметтік  саясат  экономикалық  жəне  əлеуметтік  үдерістердің  тиімді  өзара  əрекеттесуіне 
бағытталуы тиіс, осы ретте экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттардың едəуір дəрежеде жүзеге 
асырылуына соңғысына басымдылық берген жағдайда қол жеткізіледі. Мемлекеттің экономикалық 
саясатымен  өзара  əрекеттескенде  əлеуметтік  саясат  түпкі  мақсатқа  жетуге,  яғни  халықтың  əл-
ауқатын  жəне  өмір  сүру  сапасын  жан-жақты  арттыруға  бағытталуы  керек.  Қазақстан  Президенті 
еліміздің 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей: «барша қазақстандықтардың 
өркендеуі,  қауіпсіздігі  мен  əл-ауқатының  жақсаруы  біздің  мемлекетіміз  үшін  аса  маңызды 
үштұғырлы  міндет  болып  қала  береді»  деп,  мемлекет  бағытының  өзгеріссіз  қалатындығын 
ерекше  атап  айтты.  Осы  міндеттің  жүзеге  асырылуына  «Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға» 
Жолдауында айтылған дағдарыстан шығу шаралары бағытталған.[5] 
Алайда  азаматтардың  əлеуметтік  көңіл-күйі  мен  əл-ауқатын  тек  табыс  деңгейі  мəселесі 
тұрғысынан  ғана  қарастыруға  болмайды.Əрине , тамаққа,  киімге  жəне  тұрғын  үй  мен  басқа 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мүмкіншіліктерін  анықтайтын  табыс  деңгейі  тұрғындар  əл-
ауқатының  басты  көрсеткіші  болыт  табылады.  Бірақ  шынайы  əл-ауқаттың  өлшемі  ретінде  басқа 
көрсеткіш, яғни түрлі мүмкіншіліктерге қол жетімділігі маңыздырақ. Бұл өз кезегінде мемлекетке 
үлкен  жауапкершілік  жүктелетіндігін  білдіреді:  бюджет  қаржысы  есебінен  «қоғамдық  тауарлар» 
өндірісі мен əлеуметтік бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету. 
Əлеуметтік  салаға  мемлекеттік  инвестициялар  үкіметтің  тек  экономикалық  емес,  бірінші 
кезекте,  əлеуметтік  басымдықтарын  жəне  белгілі  мақсат  пен  бағдарламаларды  ұстанатындыған 
көрсетуі тиіс. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы жəне ырыс-берекесі ел дамуының 
негізгі  ұлттық  басымдықтарына  жатады.  Бұл  басымдықтар  адам  дамуына  құйылған  инвестиция 
көлемінің  ұлғаюына  ықпал  етуі  қажет.  Алайда  адам  дамуына  салынған  қаражат  өндірістік  емес 
шығынға  теңестірілмей,  керісінше  білім  беруге,  мəдениетке,  денсаулық  сақтауға  жұмсалған 
қаржының жоғары рентабельділігімен теңтестірілгені жөн.[6] 
Қазақстанда 
əлеуметтік 
саясат 
компенсаторлық, 
амортизациялық 
жəне 
мəселеге 
бағдарланғандық  бағыттары  бойынша  жүзеге  асырылады.  Бірінші  бағыт  бойынша  мемлекет 
тұрғындардың  экономикалық  əлсіз  топтарының  ағымдары  экономикалық  ахуал  дамуымен 
байланысты шығындарының орнын толтырады (зейнетақыға қосымша төлем; азаматтардың белгілі 
санаттарына жеңілдіктер жəне т.б.). 
Екінші бағытта əлеуеметтік қауіп-қатерлерді амортизациялау үшін мемлекеттік кепілдеме беру 
арқылы  қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің білгілі дəрежесіне қол жеткізіледі. 
Үшінші  бағытта  мəселеге  бағдарланған  əлеуметтік  саясат  қоғамдық  жəне  экономикалық  даму 
барысында  пайда  болған маңызды əлеуметтік мəселелерді  шешуі  қажет. Бұл – денсаулық  сақтау, 
тұрғын үй, экологиялық жəне басқа да мəселелер. 
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына əлеуметтік саясат үш ірі ішкі жүйе бірлігі ретінде 
қарастырылған: табыс саясаты, əлеуметтік қорғау саясаты, жұмыспен қамту саясаты. 
Табыс саясаты жалпы əл-ауқат деңгейін көтеруге байланысты мемлекеттік шаралар жиынтығын 
көрсетеді, мысалы,бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру,т.б. 
Тұрғындарды  əлеуметтік  қорғау  саясаты  аз  қамтылған  топтарға  қолдау  көрсетуге  байланысты 
кешенді  мемлекеттік  іс-шаралардан  тұрады:  тұрғындардың  белгілі  санаттары  үшін  арнайы 
мемлекеттік жəрдемақы мөлшерін көбейту, зейнетақы мөлшерін өсіру жəне т.б. 
Жұмыспен  қамту  саясаты  экономикалық  жағдайдың  талаптарына  сəйкес  еңбек  ресурстарын 
бөлу жəне дамытуға байланысты мемлекеттік шаралардың жиынтығынан тұрады. 
Əлеуметтік  саясаттың  жүзеге  асу  деңгейін  анықтайтын  жоғарыдағы  ішкі  жүйе  көрсеткіштері 
ретінде  тұрғындардың  табысы,  жұмыспен  қамтылу  деңгейі  жəне  т.б.  алға  тартылады.  Бұл 
көрсеткіштер  қоғамдық  жүйе  жəне  оның  бөлшектерінің  қарама-қайшылықтарын  азайту  мен 
тиімділігін  молайту  мақсатындағы  əлеуметтік  жəне  экономикалық  үдерістерге  қоғамның  тұрақты 
жəне саналы əсерін көрсететін əлеуметтік саясаттың тікелей ықпал етуінің ортасында орналасқан. 
Əлеуметтік  саясаттың  басты  мазмұны  ретінде  Елбасы  Жолдауында  тізбектелген 
басылымдықтар жүйесін дұрыс меңгеру қабылданады; 

 
тұрғындарды аз қамтылған топтарына қолдау көрсету; 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
196  

 
еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру. 
Осы орайда екі мақсаттың аражігін дəл ажырату қажет: 
Біріншіден  мемлекетің  əлеуметтік қолдауынсыз  күн  көре  алмайтын  əлеуметтік  əлсіз  топтарды 
нарықтың  қатаң  əсерінен  қорғау;екіншіден,  əлеуметтік  саясаттың  құралдары  арқылы 
тұрғындардың əртүрлі топтарының экономикалық белсенділігіне ықпал ету.[7] 
Жалпы алғанда əр үлгінің мемлекетте əлеуметтік саясат жүргізу мен халықтың əлжуаз бөлігін 
қорғап  отыруда  өзіндік  артықшылығы  мен  кемшіліктері  бар.  Бірақ  əлем  мемлекеттер  қоғам 
түрленіп,  дамыған  сайын  əлеуметтік  саясат  жүргізу  əдістерін  жетілдіріп  отырады,  бір-бірімен 
тəжірибе алмасу үрдісі тоқтамайды. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
1
 
Жұматай  И.  Қазақстан  Республикасында  кедейшілікке  қарсы  күрес,  əлеуметтік  қорғау,  тұрғындардың  əл-
ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты // САЯСАТ-POLICY. 2007. № 12. 71 б. 
2
 
«Қазақстан  Республикасының  мүгедектерді  əлеуметтік  қорғау  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2005 
жылғы 13 сəуідегі N 39 Заңы 
3
 
Мұхамеджанов М.Ə. Қазақстан əлеуметтік саясаттың кейбір мəселелері// Ақиқат-2002, 38-41 бб 
4
 
Назарбаев  Н.Ə.  Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға.  ҚР  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы 
//www.akorda.kz 
5
 
Н.Ə.Назарбаев.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  Жаңа  əлемдегі  жаңа 
Қазақстан. 2007ж 
 
ОСОБЕННОСТИ МОДЕЛИ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ ПРИМЕНЯЮЩИЕСЯ 
 ЗА РУБЕЖОМ И В КАЗАХСТАНЕ 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  основные  модели  применяющиеся  в  социальной  работе  Казахстанской  и  иностранной 
социальной политике. 
 
FEATURES MODEL OF SOCIAL POLICY APPLICABLE OVERSEAS AND IN KAZAKHSTAN 
Summary 
 
This article discusses the basic model that is used in social work of Kazakhstan and foreign social policy. 
 
 
 
 
372.659 171        
 
М.К. ЖОРАБЕКОВА, М.Ж  САКТАГАНОВА 
МКТУ имени Х.А.Ясави г.Туркестан
 
НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ: ДЕЛОВЫЕ ИГРЫ КАК ЭФФЕКТИВНЫЙ 
МЕТОД ПРИ ИЗУЧЕНИИ РУССКОГО ЯЗЫКА КАК ИНОСТРАННОГО В ВУЗЕ 
 
Аннотация 
 
 Когда  речь  идет  о  применении  новой  технологий  в  обучении  языкам  мы  имеем  в  виду  не  только 
технические средства, но и новые формы и методы обучения, а также новый подход к процессу обучения в 
целом.  Сейчас  обучение  русскому  языку  как  иностранному  в  частности  требуют  пересмотра    как  общей 
методологии, так и конкретных методов и приемов.  
В  статье  рассматриваются  актуальные  проблемы  внедрения,  развития  и  использования  инновационных 
подходов  и  методов  в  процессе  обучения  студентов  русскому  языку.  Обоснованы  преимущества 
инновационного подхода по сравнению с традиционными формами подготовки студентов. В статье объектом 
исследования    является  процесс  обучения  иностранному  языку  и  закономерности  усвоения  его  как  нового 
средства  коммуникации,  а  также  особенности  образования  и  воспитания  всесторонне  развитой  личности 
средствами  иностранного  языка  в  разных  условиях .  В  статье    теоретически  обосновываются  игровые 
способы  и  средства  овладения  учащимися  иностранным  языком,  а  также  предложены  игровые  приемы, 
способствующие формированию познавательного интереса к изучению иностранных языков. В заключении 

№2. 2014 
 
 
197 
сформулированы  выводы,  сделанные  на  основе  анализа  и  обобщения  результатов  исследования.  Но  что 
особенно важно – игровые методики создают вполне естественные ситуации общения между участниками. 
Игровые методы являются одним из самых эффективных методов обучения иностранному языку, так как их 
психолого-педагогической  основой  является  игровая  деятельность,  которая  вносит  большой  вклад  в 
психическое  развитие  личности.  Использование  игровых  методов  на  уроках  иностранного  языка  в  вузе 
соответствует познавательным потребностям В игре активизируются мыслительные процессы  и возрастает 
мотивация  к  изучению  иностранного  языка.  Обучение  лексики  иностранного  языка – процесс,  который 
охватывает несколько этапов. На первом этапе осуществляется введение нового слова. На следующем этапе 
учащиеся  тренируются  в  создании  лексических  речевых  связей  в  однотипных  речевых  ситуациях. 
Результатом обучения является умение студентов создавать динамичные лексические речевые связи, то есть 
свободно использовать новые слова в общении. Игровые формы и приемы очень разнообразны и могут быть 
использованы на каждом этапе работы с лексикой.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет