тəрбиелеу – тұлғаны дамыту іс-əрекеті; адамның, отбасының, қоғамның жəне мемлекеттің
мүддесінде өзін-өзі анықтауға, рухани құндылықтар, қоғамдық мораль негізінде əлеуметтенуге
жағдай жасайды;
тəрбие - педагог пен студенттердің өзара белсенді əрекеттесу үдерісі. Тəрбиеленушінің
дамуына қарай педагогикалық əсер ету педагогикалық өзара əрекеттесуге ұласады. Тəрбиеленуші
біртіндеп тəрбие үдерісінің субъектіне айналады, себебі оның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі тəрбиелеу
дағдылары арта түседі;
тəрбие жұмысы – ЖОО білім үдерісінің маңызды құрамдамасы, сабақта жəне сабақтан тыс
уақытта іске асырылып, отандық зиялыларының өкіліп болып табылатын болашақ маманның
рухани, жалпы мəдени, азаматтық жəне кəсіби қасиеттерін қалыптастырады;
тəрбие жүйесі – білім кеңістігіндегі өзара байланысты элементтер жиынтығы. Ол тұлғаның
əлеуметтік маңызды сипаттамаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім кеңістігі өзара
бағынышты, тұлғаны дамытатын тəрбиенің мына жүйелерін: білім мекемесін жəне онымен өзара
əрекеттесетін мəдени ортаны; этномəдени ортаны; қоғамдық-саяси ортаны; жастардың субмəдени
ортасын қамтиды;
əлемнің жаһандануы – халықтардың шаруашылық іс-əрекетте бірігуі, мұның өзі ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетіп, халықтар арасындағы тарихи тосқауылдарды, провинциализм
психологиясын, əсіре ұлтшылдықты жоюға септігін тигізеді;
ISSN 1991-3494 № 1. 2015
129
мемлекеттік жастар саясаты – мемлекет іске асыратын, жастарды қолдауға арналған
əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастыру жəне құқықтық шаралар жүйесі;
руханият – тұлға түрткілері (мотивтері) жүйесінде екі іргелі қажеттіліктің: танымның
идеалды қажеттілігінің жəне өмір сүруге, «басқалар үшін» əрекеттенудің əлеуметтік қажеттілігінің
жеке білінуі. Адамның рухани байлығы өзін-өзі, əлемді, өмірінің мəнін, мақсатын тану қабілетімен
анықталады;
құзірет (ағылш. – қабілет, білік, лат. – келісімділік, үйлесімділік)
1) белгілі бір сала бойынша білімінің болуы; 2) белгілі бір тұлғаның міндеттерінің жиынтығы.
құзіреттілік – жеке адам қасиеті: ептілік дəрежесі, тұлғаның өзін-өзі іске асыруы (əдеті,
өмірлік əрекет тəсілі, қызығушылығы), жеке адамның қабілетінің білінуі жəне т.б.;
құзіреттілік ұстанымы – білім алу мақсат-векторларының басым бағдарлары: оқуға қабілеті,
өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі өзектендіруі, əлеуметтену жəне əлеуметтендіру, жеке белгілерін
дамыту;
корпоратизм – азаматтық қоғам эволюциясын анықтайтын вектор, мемлекетті біріктіретін
қазіргі идея, рухани өзек, дағдарыстан шығудың шынайы жолы;
университтің корпоративтік мəдениеті – университетте білім беруші мен білім алушы-
лардың ішкі тəртіп нормаларына сай мінез-құлық ережелері (құндылықтар, əлеуметтік, комму-
никативті, моральдық нормалар, рəсімдер, дəстүрлер, өзіндік стиль); басқару ережелері (ұйым-
дастырушылық құрылымы, қатынастар, кадр саясаты); университеттің білім кеңістігіндегі орны
мен рөлі туралы түсініктер, белгілі өзгерістер қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлер;
озық болу – қазіргі маман іс-əрекетінің маңызды компоненті, табысқа жəне нақты мақсаттарға
қол жеткізу үшін жеке тұлғалардың немесе топтың мінез-құлығына əсер етіп, тиімді іс-əрекетке
ынталандыру;
жастар – Қазақстан Республикасының он төрт-жиырма тоғыз жас арасындағы азаматтары;
кəсіби-корпоративті мəдениет – таңдаған мамандығын мақтан тұту, кəсіби этика ережелерін
сақтау, кəсіби іс-əрекетке шығармашылықпен қарау;
университтегі оқу-тəрбие үдерісі – студенттерге кəсіби білім беру, тұлғалық қасиеттерін
дамыту, оқу мен тəрбие үдерістерінің біртұтастығы.
II. Қазіргі ЖОО-да тəрбие жұмысын ұйымдастыру мəселесін қою өзектілігі:
студенттердің əлеуметтік-психологиялық келбеті
Заманауи ЖОО студенттерімен жүргізілетін тəрбие жұмысының осы тұжырымдамасы Қазақ-
стан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан 2020: Болашаққа жол»
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын
іске асырылуын басшылыққа ала отырып зірленген. Аталған құжаттарда жастар ұлттың мəңгілік
қозғаушы күші, шоғырланған қуаты, елдің басты стратегиялық қоры болып табылатын əлеуметтік-
демократиялық топ ретінде қарастырылады жəне олар қоғамның əлеуметтік құрылымында ерекше
орынға ие.
Осы бағытта Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елінің
қатарына енуін қамтамасыз ететін, жастар тəрбиесіне тікелей қатысы бар мəселелерді айқындап
берді. Қоғамның əлеуметтік құрылымында студент жастар – ерекше ұтқыр əлеуметтік топ, олар
қоғамның түрлі таптарынан бой көтеріп, өмірдің, еңбектің, тұрмыстың нақты жағдайларында
шынығады, белгілі əлеуметтік мəртебеге, моральді-психологиялық қасиеттерге ие. Студенттер
үшін кəсіби білім алу болашақ өмір жолында аса қажетті рухани қор. Жастардың əлеуметтік жəне
ұлттық құрамы айрықша болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен белгілі бір қауымдастықты
құрайды. Бұл ерекшеліктер оқу мен тəрбие əрекетінде қалыптасатын уақытша сипатқа ие студент
мəртебесінің (статусының) пайда болуымен байланысты.
Қазақстан Республикасында жастарға 14-29 жас арасындағы адамдарды жатқызады, бұл ел
тұрғындарының 29 %,-н құрайды, жалпы саны 4,5 миллион, оның ішінде студенттер 1,5 млн.адам.
Бүгінде студент жастармен тəрбие жұмысын күнделікті қатысым деңгейінде ұйымдас-
тырудағы өзекті мəселе – оқытушылардың жастардың бейтарап қалыптасып жатқан мəдениетін
біліп ескеруі. Бұл мəдениет:
Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан
130
көбіне сауық құруда, бос уақытын тиімді өткізуде білінеді, дене шынықтыру, психологиялық
(алдымен-коммуникативті), рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған;
«батысқа» еліктеуге, «американдануға» негізделген мəдени қажеттілік пен қызығушылық
топтық жəне жеке мінез-құлықтың мынадай белгілерімен: (прагматизммен), эгоизммен, қаті-
гездікпен, кəсіби мүддені табанасты етіп жайлы өмірге ұмтылуымен анықталады. Мəселе мынада:
бұқаралық ақпарат тасқынында жастар «жат» мəдениеттің «жағымсыз» үлгілеріне еліктеуде, соның
салдарынан қоғамға пайдалы, соның ішінде еңбек іс-əрекеті, кəсіби білімді тереңдету, дүние-
танымды кеңейту, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру мəселелері тыс қалып жатады;
тұтынушылық бағыттардың шығармашылық өзіндік іс-əрекеттен басым болуы шығарма-
шылықты дамытудан гөрі дайын мəдени құндылықтарға бет бұруымен (ғылыми-ізденіс іс-
əрекетінің кейбір түрлерін ескермеген жағдайда) ерекшеленеді;
«басқа» құндылықтарды қабылдамау – конформизм, талғам мен қажетттіліктер даралығының
жеткіліксіздігі;
өзін-өзі этномəдени сəйкестендірудің болмауын, құндылықтардың этномəдени мазмұнын
жеткіліксіз игеруіді халық мəдениетін ескіріп кеткен үдеріс деп танумен, көпшіліктік арасында
«модаға» айналған дінге табыну арқылы сол мəдениетке бейтарап күйде азды-көпті ұмтылумен
түсіндіруге болады;
мəдени-бос уақыттың коммерциялық сипат алуы себебінен жастар мəдениетінің келбеті мен
өмір сүру салтына тигізер əсері əлеуметтендірудің басқа агенттері – отбасы мен білім жүйесінен
кем түспейді. Оқу орнынан тыс жерлерде студенттердің бос уақыт өткізу іс-əрекеті материалдық
жағдайға қарай саралауға болады. Нəтижесінде біреулер демалыс пен сауық мүмкіндіктерін толық
пайдаланса, басқалар тек əңгімелесу, телехабарлар көрумен шектеледі. Ал кітап оқу, спорт, көркем
шығармашылық сияқты өзін-өзі іске асыру əдістері көп студенттердің көңілінен тыс қалады.
Қазіргі қазақстандық қоғам экономикадағы, саясаттағы, мəдениеттегі, тұлға мен қоғам қаты-
настарындағы қарқынды өзгерістермен сипатталады. Ескеретін жайт: студенттер – Қазақстан
ұлтының жас өкілдері, болашақ мамандар, олар жай білім алып қана қоймай, рухани, кəсіби,
тұлғалық қасиеттерінің біртұтастығы негізінде ғылыми-зерттеу іс-əрекетінің жаңашыл дағдыларын
меңгеру арқылы қазіргі өндірістегі білім мен технологиялардың ең озық тəжірибелерін пайдалана
білуге тиіс.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев XXI ғасырдың кəсіби
мұғалімдерін дайындау мəселесін мемлекеттің басты міндеттерінің бірі деп белгіледі. Оқытушы
жəне мұғалім мамандарды дайындау адам капиталын қалыптастырудың, ұлттың бəсекеге қабі-
леттілігін қамтамасыз етудің маңызды арнасына айналуы тиіс. Сол себептен Қазақстанның əлемдік
қоғамдастыққа кірігуі жағдайында əлеуметтік, экономикалық өзгерістер, ғылыми жəне мəдени
даму қарқыны, жаңа технологиялардың пайда болуы ескеріліп, оқытушы жəне мұғалім маман-
дардың рухани, кəсіби-тұлғалық деңгейін арттыруға деген талаптар күшейе түсті. Мұндай игі істе
басқа елдердің педагогикалық тəжірибесі қолданылып қана қоймай, Қазақстан халқы этнопеда-
гогикасының қайнар бұлағына назар аударуды талап етеді.
III. Тəрбие жұмысының теориялық-əдіснамалық негіздері:
мəнісі, ұстанымдары, мақсаттары мен міндеттері
ЖОО-дағы тəрбие жұмысы тұлғаның əлеуметтік маңызды сипаттарын қалыптастыратын өзара
байланысты элементтердің білім кеңістігіндегі жиынтығы. Білім беру кеңістігі өзіне ашық түрде
тұлғаны дамытуға бағытталған бірқатар тəрбиенің қосалқы жүйелерін қамтиды: білім беру
мекемесі жəне онымен өзара əрекеттесетін мəдени орта, этномəдени орта, қоғамдық-саяси орта,
жастардың субмəдени орта.
Университеттің тəрбие жүйесі – студент қауымдастығы мүшелерінің өмірлік іс-əрекетін
ұйымдастыру əдісі, онда құндылықтар мен реттілік қамтылып, университеттің корпоративтік
мəдениеті жағдайында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғыда дамытатын компоненттердің өзара
əрекеті ескеріледі.
ЖОО білім беру тарихы мен тəжірибесі көрсеткендей, бүгінде негізгі міндеттер білім беру,
басқаруды ұйымдастыру арқылы ғана шешіліп қана қоймай, тəрбие парадигмасына жаңаша
ISSN 1991-3494 № 1. 2015
131
қарауды талап етеді. Жаңа тəрбие парадигмасының ғылыми бастауларын үш салада: білім
философиясында, адам жəне қоғам туралы ғылымдарда, педагогика теориясында іздеген жөн.
Білім философиясы адамның қазіргі əлемдегі орны, оның өмірінің мəнісі, адамзаттың түйінді
мəселелерін шешуде білімнің əлеуметтік рөлі туралы мəлімет береді.
Адам жəне қоғам туралы ғылымдарда (білім психологиясында, əлеуметтануда жəне т.б.)
адамдардың тəрбие жүйесі ішіндегі қоғаммен өзара əрекеттесу үлгілері туралы қазіргі ғылыми
түсінік берілуі тиіс.
Педагогика теориясы, оның ішінде қазіргі педагогика, əлеуметтік жобалау, білім жүйесі
менеджменті жəне т.б. білімнің жаңа жүйесі мен оның ажырамас бөлігі – қазіргі ЖОО-дағы тəрбие
жұмысын біртұтас үдеріс ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Демек, аталып өткен ғылыми бас-
таулар негізінде жаңа гуманистік əдіснама жатқандығы, оның басты назарында адам, оның рухани
дамуы, құндылықтар жүйесі тұрғандығын аңғаруға болады. Осы əдіснама ғана жоғары оқу орын-
дағы тəрбие жұмысын ұйымдастыру негізіне алынып, тұлғаның рухани қасиеттерін, шығарма-
шылық еркіндігін қалыптастыру міндеттерін шешуге ықпалын тигізеді. Тəрбие жұмысына деген
мұндай ұстаным тұлға дүниетанымына жаңаша өң береді, жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,
білімнің екі қырын – зиятткерлік жоғары білім мен «жүректің сөзін сөйлейтін» рухани ішкі білімді
ұтымды ұштастыруға мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, қазіргі ЖОО-да маманды кəсіби дайындау ісінде зияткерлік білім мен оның
басты компоненті – гуманитарлық дайындық арасында алшақтық байқалады. Ал тəжірибеде
оларды біріктіру қажеттілігі əлдеқашан дəлелденген. Сол тəжірибелерге сүйенсек, зияткерлік білім
мен гуманитарлық дайындық арасындағы алшақтық студенттің ішкі əлемінің тарылып, шығар-
машылық жəне мəдени деңгейіне кері əсерін тигізіп, адамды экономикалық жəне құқықтық көз-
қамандыққа (нигилизмге) əкеліп соғатындығын айтады. Ал бұл ғылыми-өндірістік əлеуетті
төмендетеді. Белгілі психолог В.П.Зинченко технократиялық ойлаудың адам руханиятына зор
ықпалын былай деп анықтайды: «Для технократического мышления не существует категории
нравственности, совести, человеческого переживания и достоинства».
Сол себепті қазіргі ЖОО рухани-адамгершілік тұрғыда өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге
қабілетті, рухани əлемі бай, кəсіби маман дайындауға бағдарланған.
Тұлғаның əлеуметтік маңызды сипаттарын қалыптастыруға қатысты университеттің тəрбие
жүйесінде мына компоненттерді бөліп көрсеткен жөн: тұлғаның əлемдік мəдениетке ұмтылуы оны
қабылдауға, сезінуге, қайта құруға дайын болуы; кəсіби бағдары; əлеуметтік қажетті жəне əлеу-
меттік ақталған белсенділігі.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі тəрбие жұмысының тұжы-
рымдамасы əдіснамалық ұстанымға негізделген, мұнда тəрбиелеу тұлғаның қазіргі қоғам мен
мемлекетке қажетті қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Нақты айтқанда, бұл гуманистік,
тұлғаға бағдарлы ұстаным, ол жоғары білікті, рухани бай, бəсекеге қабілетті, жоғары мəдениетті,
ізгі қасиеттерімен дара көрінетін тұлғаны айқындауға көзделген. Мұның өзі тəрбиеге деген орташа
ыңғайды жоюды, тұлғаны тұқыртатын бюрократтық стильден бас тартуды, студенттің кəсіби
құзыретілігін, бірегейлігін ашуға жағдай жасауды талап етеді. Осы айтылғандарды ескере отырып
мына ұстанымдарға сүйену қарастырылады:
демократизм, тəрбиенің гуманистік бағытылығы ұстанымы педагогтың студентке өзіндік
дамуының жауапты да дербес субъекті ретінде қарауын көздейді. Тəрбиеленушіде рефлексияның
дамуына; əлемге жəне əлеммен, өзіне жəне өзімен қатынасын қалыптастыруға; өзіндік намыс
сезімін, жауапкершілігін, төзімділігін тəрбиелеуге тиімді əсерін тигізеді;
студент тұлғасының бірегейлігін мойындау ұстанымы, егер ЖОО студенттің сəйкестенуін,
яғни, өзінің ерекшелігін пайдалану қажеттілігін өтей алмаса, онда студент өмірде өзін табу
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды деген қағидаға сүйенеді;
оқыту үдерісінде тəрбиеге деген жүйелік-тұтастық ұстанымы ЖОО тəрбие беру үдерісінде
профессор-оқытушы құрамының, құрылымдық бөлімдері мен бөлімшелерінің əрекетін бір бағытта
жұмылдыруды көздейді. Бұл бағыт – студенттердің рухани, азаматтық тұрғыда қалыптасуына,
салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау;
іс-əрекеттік шығармашылықпен диалогизм ұстанымы, ЖОО-да шығармашылық іс-əрекет
ахуалын түзуді, көтерілген мəселелерді ашық талқылауды, еркін пікір алмасуды, өзіндік көзқарас
Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан
132
қалыптастыруды, оны қорғауды, бастамашылықты қолдауды, шынайы іс-əрекетке саналы қарауды
меңзейді;
аса көпсəйкестілік ұстанымы əр адам көптеген мəдениеттердің ұштастырушысы, сол себепті
студент көп не аса көп сəйкестілікке ие деген қағидаға сүйенеді;
ұлттық мəдениетті сақтау, тарату, дамыту; Отанға, тума табиғатқа сыйластық пен
сүйіспеншілік; өз университеттегі істерге қатысын, жауапкершілігін сезіну жағдайындағы
ұрпақтар сабақтастығы ұстанымы;
басқа адамдарға ашық болу ұстанымы жалпы адамзаттық жəне ұлттық құндылықтарды,
азаматтардың құқықтары мен бостандығын, этикалық нормаларды сыйлау, тұлғалық-көпмəдени
дамудың жоғары жетістіктер ретінде танылатын басқа мəдениетке, құндылықтарға, көзқарастарға
ашық болу. Бұл əрекеттегі жетекші бағыт: адами келбетті айқындау (персонализация) («бəріміз
алдымен адамбыз»тезисі) жəне даралау (индивидуализация) («біз бəріміз əртүрлі адамбыз» тезисі).
ЖОО тəрбие жұмысы тұжырымдамасының басты мақсаты жоғары білімді, кəсіби құзыретті,
азаматтық ұстанымы белсенді, мəдениетті, ізгі, отаншыл студенттің – болашақ маманның жан-
жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру, дамыту, қолдау.
Осы мақсатқа мына міндеттерді орындау арқылы қол жеткізуге болады:
студенттердің ЖОО ортасына сіңіп кетуі үшін олардың өмірлік іс-əрекеттің өзгерген
жағдайларына бейімделуін мақсатты түрде ұйымдастыру ;
университеттің тəрбие əлеуетін болашақ маманның зияткерлік қабілеттерін дамытуға
бағдарлау;
студенттердің бойында тиімді кəсіби іс-əрекетке қажетті тұлғалық жəне кəсіби маңызды
қасиеттерді қалыптастыру;
студенттерді азаматтық ұстаным мен ұлттық сана-сезімге, құқықтық жəне саяси мəдениет
негіздеріне, қазіргі еңбек пен өмірге қабілет болуға тəрбиелеу;
ұлтаралық жəне əлеуметаралық қарым-қатынас, келеңсіздіктердің алдын-алу немесе
оларды парасаттылықпен шешуге тəрбиелеу;
рухани-адамгершілікке, зияткерлікке тəрбиелеу;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі үздік дəстүрлерді сақтап
дамыту, тұтастай алғанда қазақстандық жастарды жоғары білім, таңдалған мамандықтың
құндылығын сезінуге тəрбиелеу; студенттердің бойында ынтымақтастық пен корпоративтік
сезімдерін қалыптастыру;
жалпыадамзаттық құндылықтарға, гуманистік идеалдарға бағытталған жоғары мəдениетті,
экологиялық білімді тұлғаны тəрбиелеу;
тұлғаны салауатты өмір салтын ұстануға, есірткіге, маскүнемдікке, қоғамға қайшы мінез-
құлыққа қарсы төзімсіздікке тəрбиелеу;
көпұлтты студенттік ортадағы қазақстандық сəйкестілікті, сабырлықты, төзімділікті
тəрбиелеу;
студенттердің қызығушылығын, шығармашылық қажеттілігін, бейінділігін, құндылық
бағдарын зерделеу, оларға өз қабілеттерін ашуда, өзін-өзі анықтауда, өмірден өз орнын табуда
көмек көрсету;
студенттердің сабақтан тыс бос уақыттын тиімді ұйымдастыру;
маманды көшбасы ретінде дайындау формасы ретіндегі студенттік өзін-өзі басқару жүйесін
барынша дамыту;
тəрбиелеудің тиімді нəтижесіне жетудің құралы ретіндегі тəрбиені жəне сабақтан тыс іс-
əрекетті жүргізу үшін мамандар таңдау, дайындау.
Тəрбие іс-əрекетінің мақсаты мен міндеттері – қажеттіліктері мен басым бағыттары
ескерілетін бағдарламалар кешені арқылы іске асырылады.
IV. Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі-маманының үлгісі
Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі-маманының қазіргі үлгісін құруда адамның (студенттің) қазіргі
əлемдегі орны, оның рухани дамуы, құндылықтар жүйесі туралы жаңа түсініктер беретін идеяға
сүйендік. Осы қырынан Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі-маманының қазіргі үлгісі өндірістік-еңбек
ISSN 1991-3494 № 1. 2015
133
жəне əлеуметтік инфрақұрылым элементтерін қамтуы, студент əлеуеті ерекшелігін ескеріп, оның
кəсіби дайындығы мен рухани дамуына тиімді жағдай жасауы тиіс. Мұнда студенттердің өзін-өзі
жетілдіруіне, оларда ұлттық сананың, белсенді өмір ұстанымының, əлеуметтік жауапкершіліктің,
рухани мүдделердің, демократиялық көзқарастардың қалыптасуына көбірек көңіл бөлген жөн.
Түлек-маманның қазіргі үлгісі – дені сау, жауапты, қуатты, инновациялық экономика жағдайында
табысты, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, Қазақстан халықының құндылықтарын бойына
сіңірген, сабырлы, əлемде танымал жəне сыйлы, жоғары мəдениетті, зияткер, бəсекеге қабілетті,
жан-жақты, Абай атындағы ҚазҰПУ-да жоғары кəсіби білім алған тұлға, жаңа типтегі педа-
гогикалық бейіне өкілі болуы тиіс. Бұл маман – бір жағынан, ЖОО түлегі, қызметкер; екінші
жағынан, тұлға. Маман қызметкер ретінде кəсіби құзырет иесі болуы шарт. Тұлға ретінде өмірлік
құндылықтарымен, ынтасымен, қабылдаған əлеуметтік нормаларымен танылады. Абай атындағы
ҚазҰПУ жоғары білікті маман дайындауда тəжірибесі мол, Қазақстан Республикасындағы жоғары
білім беру саласындағы озық идеялар жаршысы жəне басты ғылыми-əдістемелік орталық. Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың жоғары білім жүйесіне кез келген əлеуметтік жүйеге секілді көптеген ішкі
жəне сыртқы факторлар əсер етеді.
Бұл тұрғыда жаңа типті жас маман үлгісін құруда мына факторлар ескерілуі тиіс:
1. Əлеуметтік-этикалық фактор, ол болашақ маманның сапалы кəсіби дайындығында
Қазақстан Республикасының Конституциясын, мемлекеттік рəміздері (Туды, Елтаңбаны, Əнұран-
ды), Қазақстан Респибликасының Заңдарын сыйлауды ескереді; əлеуметтік жауапкершіліктің,
азаматтық парыздың, ішкі еркіндіктің, өзіндік намыстың, əділеттің, дүниетанымның, рухани
идеалдардың болуын талап етеді; гуманистік құндылықтарды сақтауды, өз мүдделерін басқа-
лардың мүдделерімен үйлестіре білуді көздейді. Серіктестікте еңбек етуге, университеттік корпо-
ратизм жағдайында шығармашылық ынтымақтастықта болуға, елжандылық, руханият, табан-
дылық, отбасына, өзге адамдарға, балаларға мейірімділік қасиеттерін танытуға бағытталған.
2. Зияткерлік жəне мəдени даму факторы (өз мамандығы бойынша да, шектес салаларда да
терең іргелі жəне қолданбалы білімді игеруді меңзейді); нақты мақсат қойып, жетістіктерге жетуді,
өздігінен шешім қабылдай білуді, өз ісіне шығармашылықпен қарауды ескереді. Ұлт зияткерлігін
арттыру – бүкіл елді толыққанды жаңарту негізі. Қоғамымыз түрлі ұлт жəне дін өкілдерінен құ-
рылған. Дін – рухани тазалық, имандылықтың кепілі. Əлем діндерінің ортақ мақсаты – зұлым-
дыққа, зорлыққа қарсы тұру. Студенттерді діндерге сыйластықпен қарауға, дінге сенушілердің
киелі жерлерін, сезім-дəстүрлерін де сыйлауға тəрбиелеген жөн, ол үшін лаңкестіктің дінге,
адамзатқа қауіпті екендігін түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |