Национальной академии наук республики казахстан


 Өзін-өзі ұйымдастыру факторы



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата06.03.2017
өлшемі3,22 Mb.
#8345
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

3. Өзін-өзі ұйымдастыру факторы өз зияткерлігін, кəсіби дағдыларын дамытуға, кез келген 
қиын  жағдаятта  сауатты,  қисынды  əрекет  етуге,  көздеген  мақсатқа  табандылықпен  жетуге 
бағыттайды.  
4. Жалпы əлеуметтік құзырет факторы өмірдің барлық саласында орын алады (студенттің 
қарым-қатынас  мəденитеті,  жаңалыққа  құштарлығы,  жағдаяттарды  шешудің  стандартты  емес 
жолдарын  таба  алуы,  əлеуметтік-экономикалық  іс-əрекетте  бəсекеге  қабілеттілігі,  кəсіби  жəне 
əлеуметтікұтқырлығы,  өмірдің  өзгермелі  жағдайларына  бейімделуі,  əлеуметтік-мəдениетті,  саяси 
жағдайларға  бағдарлана  білуі,  серіктестікте  еңбек  етуі,  университеттік  корпоратизм  жағдайында 
шығармашылық  ынтымақтастықта  болуы,  өз  мүдделерін  қоғам  мүдделерімен  үйлестіре  білуі, 
табысқа əкелетін нақты мақсаттарға жету үшін жеке тұлғалардың не топтың мінез-құлығына əсер 
етіп, тиімді жұмыс жасауға ынталандыруы. 
Ұлттар  бірлігіне,  келісіміне,  ата-бабаларымыздың  мəдени  мұрасының  сақталуына,  жаңа 
қазақстандық  патриотизмнің  қалыптасуына  ерекше  назар  аудара  отырып,  ЖОО  бағдарламасына 
«Қазақ  елі»  атты  жаңа  пəннің  енгізуді  қарастыру,  соның  негізінде  қазақ  тілін  жетік  меңгеру, 
Қазақстан  Республикасының  мемлекет  болып  қалыптасуының  тарихи  түбірін  игеру,  өзінің 
тəуелсіздік  жолындағы  жалпыға  ортақ  еңбек  тəрбиесі  жаңа  əлемдік  нарықтық  қажеттілігін  жəне 
құрылымының  түбегейлі  өзгеруіне  əкелетін  индустриалды-инновациялық  бағдарламаларды 
жеделдету студенттердің белсенді технологиялық жаңалықтарды ашуына игі əсерін тигізеді. 
Осыған  байланысты  ЖОО-дағы  тəрбие  жұмысының  өзекті  мəселелерінің  бірі – студенттерде 
жаңа  əлеуметтік-экономикалық  жағдайларда  белсенді  өмір  ұстанымын  қалыптастыру  болып 
табылады.  Республикамызда  Халықаралық  көрме  бюросы  Бас  Ассамблеясының  шешімімен 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
134  
Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетіні белгілі. Бұл шара студенттерге өз шығармашылығын 
көрсетуге  мол  мүмкіндік  береді. «ЭКСПО – 2017» алғаш  рет  тəжірибе  алмасу  түрінде 
ұйымдастырылып, «Болашақ қуаты» тақырыбында өмірлік іс-əрекеттің барлық салалары бойынша 
инновациялық  жобалар  ұсынылады.  Қазақстандағы  көпмəдени  жəне  ұлттаралық  келісім 
жағдайында бұл халықаралық көрмеде жастар өздерінің үштұғырлы білімдерін жетілдіріп, мəдени-
спорт шаралары кезінде жаңа достар табуға мүмкіндік алады.  
Бүгінде еліміздегі үштұғырлы тіл  саясаты  қазіргі  заман  студенттінің бəсекеге  қабілетті  тұлға 
қасиеттерінің  басты  қажеттілігі  болып  табылады.  Жастар  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілін 
ұлтаралық  қарым-қатынас  тілі,  ағылшын  тілін  жаһандық  білім  кеңістігіне  табысты  ену  тілі  деп 
санайды.  
Астананың  əлеуметтік-экономикалық,  мəдени  маңыздылығын  ашу;  сонымен  қатар  еліміздің 
техникадағы,  ғылымдағы,  бизнестегі,  құрылыстағы,  сəулеттегі,  білім  жүйесіндегі  жарқын  инно-
вацияларын ұсыну ұлт əлеуетін көрсетуде зор ықпалын тигізеді.  
Жаңа  əлеуметтік-экономикалық,  экологиялық  жағдайларда  əлемдік  жəне  отандық  тəжірибені 
қолданып,  ЖОО  жəне  бизнес  арасындағы  өзара  тиімді  серіктестік  қатынастардың  жүйесін  құру 
негізіндегі  ғылыми  зерттеулерді  белсенді  қолдау  қажет.  Мұның  өзі  білімнің  жоғары  сапасы, 
өндіріс,  ғылым,  білім  үдерісінің  ықпалдастығы  проблемаларын  шешуге  көмектеседі.  Нақтылап 
айтқанда  бұл – студенттердің  оқу-тəрбие,  өндірістік,  диплом  алды  практикасын  ұйымдастыруда; 
дипломдық  жұмыс  тақырыптарын  таңдауға  қатысуда;  университеттің  инновацияларын  өндіріске 
пайдалануда, университеттің келісім-шарт негізіндегі жұмыстарын дамытуда көрініс табады. 
 
V.ЖОО-дағы тəрбие үдерісін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету 
 
Осы  тұжырымдама  білім  саласындағы  төмендегі  нормативті-құқықтық  база  негізінде 
əзірленген: 
1.  Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы  Конституциясы (1998 жылғы 7 
қазанда, 2007 жылғы 21 мамырда, 2011жылғы 2 ақпанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).  
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңы. 
3. 2012 ЖЫЛҒЫ 14 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕ-
ЗИДЕНТІ  Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ  «ҚАЗАҚСТАН-2050»  СТРАТЕГИЯСЫ  ҚАЛЫПТАСҚАН 
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ.  
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен 
бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы». 
5. «Үштұғырылы тіл» мəдени жобасы (2007 жыл). 
6.  Қазақстанның  Ел  бірлігі  Доктринасы (2009 жыл), «Интеллектуалды  ұлт-2020»  ұлттық 
жобасы (2008 жыл). 
7.  Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы  № 258 «Қазақстан  Респуб-
ликасының мемлекеттік рəміздері туралы» Конституциялық Заңы. 
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысымен 
бекітілген  «Барлық  білім  ұйымдарында  оқыту  процесінің  тəрбиелік  құрамдасын  күшейту 
жөніндегі үлгілік кешенді жоспары». 
9. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVсъезі материалдары (2013 жылғы 18 қазан ).  
10.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы  № 160 қаулысына  қо-
сымша  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  2011-2015  жылдарға 
арналған Стратегиялық жоспары.  
11. 2004 жылғы 7 шілдедегі  №581-II «Қазақстан  Республикасындағы  Мемлекеттік  жастар 
саясаты туралы» Заңы. 
12.  Қазақстан  Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі  № 228-V «Дене  шынықтыру  жəне 
спорт туралы» Заңы (2014 жылғы 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) 
13.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейін  білімді  дамыту  тұжырымдамасы (2004 
жылғы 24 ақпан ). 
14. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысымен 
бекітілген «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық блім беру туралы ережесі».  

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
135 
15.  Қазақстан  Республикасы  студент  жастарының  ұлттық  тəрбиесі  тұжырымдамасы. – 
Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010 жыл.  
16.  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 ақпандағы  № 191 қаулысымен  бекі-
тілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. 
 
VI. ЖОО-дағы тəрбие жұмысының негізгі бағыттары  
 
Тəрбие  үдерісі  алдындағы  белгіленген  міндеттерді  шешу  үшін  ЖОО-да  тəрбие  жұмысын 
кешенді ұйымдастыру мынадай негізгі бағыттарда жүзеге асырылады: 
1. Заманауи гуманистік дүниетанымды қалыптастыру. 
2. Студент тұлғасының зияткерлік əлеуетін дамыту жəне қалыптастыру.  
3. Рухани-адамгершілік тəрбие. 
4. Кəсіптік жəне еңбек тəрбиесі. 
5. Студенттердің ҒЗЖ ұйымдастыру. 
6. Азаматтық-құқықтық жəне патриоттық тəрбие. 
7. Студенттің бəсекеге қабілеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
8. Салауатты өмір салтын қалыптастыру,түрлі тəуелділіктердің алдын-алу. 
9. Эстетикалық тəрбие, экологиялық тəрбие жəне студенттердің шығармашылық қабілеттерін 
дамыту. 
10. Ұлтаралық келісім жəне студенттерді толеранттылыққа тəрбиелеу. 
11.  Жастардың  діни  сауаттылығын  арттыру  жəне  экстремизм  мен  терроризмнің  алдын-алу 
шаралары. 
12.Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру. 
13. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту. 
14. Студенттерге психологиялық көмек көрсету. 
1.  Заманауи  гуманистік  дүниетанымды  қалыптастыру  студенттерді  «адам-адам», «адам-
қоғам»,«адам-техника»,«адам-табиғат» жүйелеріндегі іргелі білімдермен қаруландыруды көздейді.  
2.  Студент  тұлғасының  зияткерлік  əлеуетін  дамыту  жəне  қалыптастыру.  Зияткерлік 
қабілеттерін  дамытуды,  жоғары  кəсіптік  білім  мазмұнының  құндылығын  түсінуді,  əлеуметтік 
белсенділікті,  кəсіптік  əрекет  нəтижелері  үшін  əлеуметтік  жауапкершілікті  тəрбиелеуді  қарас-
тырады.  
3. Рухани-адамгершілік тəрбие. Рухани-адамгершілік түсініктер мен құндылықтар жүйелерін 
қалыптастыруды,  дамытуды  көздейді.  Мұның  өзі  студенттің  ақиқатты,  жақсылықты,  əділетті, 
еркіндікті, ар-ожданды, намысты, көргенділікті, тектілікті, адалдықты, жауапкершілікті ұғынуында 
білінеді.  Студенттерде  өзін-зі  сезінуді,  əлеуметтік  белменділікті,  гуманистік  дүниетанымды, 
тарихи  сананы,  əлеуметтік  жауапкершілікті  тəрбиелейді.  Əлеуметтік-мəдени  тəжірибені  мең-
гертеді. Рухани нормалар мен кəсіптік этиканы оқуда, өндірісте, қоғамдық іс-əрекетте қолдануды 
үйретеді.  Студенттерде  репродуктивті  сананы  қалыптастырып,  дəстүрлі  құндылық - отбасын 
құруға бағдарлайды.  
4.  Кəсіптік  жəне  еңбек  тəрбиесі.Студенттердің  оқуға  ынтасын  арттырады,  еңбекпен  кəсіпке 
жоғары рухани жəне өмірлік құндылық ретінде қарауды қалыптастырады. Іргелі жəне қолданбалы 
білімді  орындаушылық,  зерттеу  əрекеттерінде  қолдануды  үйретеді.  Білім  алу-берудің  барлық 
салаларында белсенділікті қалыптастырады. Педагогикалық еңбектің озық тəсілдерін игертеді.  
5.  Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысын  (СҒЗЖ)  ұйымдастыру.  ЖОО  білім  беру 
шектеліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  студент  тұлғасының  жан  жақты  дамуына,  оның  өзін-өзі 
бағалауын қалыптастыруына, шығармашылық ұжымда жəне ғылыми – ұйымдастырылған қызметте 
əлеуметтік-психологиялық  құзыреттілік  жұмыстарын  игеруге  ықпалы  ететін  қолданбалы  жəне 
ғылыми-техникалық  құрылымдық  бөлімшелерді  құру;  студенттердің  өзіндік  ой-пікілері  мен 
шешімдерін  қабылдау  қабілеттіліктерін;  оқу  барысында  ғылымның,  экономиканың,  техниканың 
жəне  мəдениеттің  əр  түрлі  бағыттары  бойынша  өзекті  мəселелерді  шешуге  мүмкіндік  жасау; 
студенттерді шығармашылық жұмыстарға тарту; СҒЗЖ жүйелерін дамыту мақсатында жүргізілген 
ғылыми  жəне  ғылыми-техникалық  зерттеулердің  нəтижелері  мен  отандық  жəне  шетелдік  тəжі-
рибеде негізделген жастардың ғылыми шығармашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
136  
6.  Азаматтық-құқықтық  жəне  патриоттық  тəрбие.  Азаматтық  парызды,  отаншылдықты 
тəрбиелейді.  Қоғам  мен  мемлекет  алдындағы  міндеттерін  ұғындырады,  əскери-патриоттық  жұ-
мысқа, əскери мамандыққа қызығушылығын арттырады. Құқықтық білім жүйесін қалыптастырып, 
құқықтық сауаттылықты арттырады. Интернационализм жəне патриотизм проблемалары бойынша 
ақпараттандырады. Қазіргі кездегі ұлттық мəселенің рөлін түсіндіреді. Төзімділікке, экстремизмге 
қарсы тұруға тəрбиелейді. Мінез-құлықтың  халықаралық  нормаларын, достық қарым-қатынастың 
əдістерін  меңгеру  арқылы  түрлі  ұлт  өкілдерімен  табысу,  оларды  сыйлау  мəдениетіне  үйретеді. 
Студенттік ортадағы шовинизм мен ұлтшылдыққа қарсы тұру жолдарын көрсетеді. Абай атындағы 
ҚазҰПУ  дəстүрлерін  (яғни  осы  ЖОО-ға  тəн  құндылықтар,  идеалдар,  көзқарастар,  сенімдер,  ішкі 
тəртіп нормаларын, моральді-психологиялық ахуалды) сақтауға, дамытуға баулиды.  
7.  Студенттің  бəсекеге  қабілеттілік  қасиеттерін  қалыптастыру.  Студенттердің  өзін-өзі 
жетілдіруге  ынтасын  арттырады,  табысқа,  озық  болуға,  мансапқа  жетелейді.  Əлеуметтік 
белсенділікке  тəрбиелейді.  Өзін-өзі  көрсете  білу,  дəлелдеу,  шешім  қабылдау,  істі  ұйымдастыру 
дағдыларын қалыптастырады. 
8. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, түрлі тəуелділіктердің алдын-алу. Студенттерді 
салауатты  өмір  салтына  бағыттайды,  рух  жəне  тəн  саулығының  құндылығын  түсіндіреді.  Есірткі 
мен  психологиялық  белсенді  заттарға  төзімсіздік  танытуға  тəрбиелейді.  Нашақорлық,  басқа  да 
тəуелділіктің, АҚТҚ індетінің, əлеуметтік шартталған дерттердің алдын-алуға үйретеді. Жастарды 
маскүнемдік  пен  темекі  шегуге  қарсы  тұруға  тəрбиелейді.  Спортпен,  дене  шынықтырумен 
шұғылдануға үйретеді. Студенттерді бұқаралық спортқа тартады. Санитарлық-гигиеналық білімді 
насихаттайды. Спортшы-студенттерге шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасайды.  
9.  Эстетикалық  тəрбие,  экологиялық  тəрбие  жəне  студенттердің  шығармашылық  қабі-
леттерін  дамыту.  Тұлғаның  рухани  қажеттілігін,  мүддесін  қанағаттандыруға,  көркем  талғамын 
қалыптастыруға,  эстетикалық,  экологиялық  қабілеттерін  дамытуға,  жалпы  мəдениет,  ойлау  мəде-
ниеті,  сөйлеу  мəдениетін  қалыптастыруға,  студенттерді  көркем  шығармашылыққа  баулуға  ба-
ғытталған. Студенттердің бойында қажетті ұстанымдарды, белсенділікті қалыптастырады.  
10.  Ұлтаралық  келісім  жəне  студенттерді  толеранттылыққа  тəрбиелеу.  Ұлтаралық  келі-
сімге,  төзімділікке,  əлем  мəдениетін  тануға  тəрбиелейді.  Төзімділіктің  негізі  ретіндегі  құқық 
мəдениетінің қажетті деңгейіне жеткізеді. Жастар ортасында дүниетаным мен рухани-адамгершілік 
ахуалды, этномəдени өзара сыйластықты қалыптастырады.  
11. Жастардың діни сауаттылығын арттыру жəне экстремизм мен терроризмнің алдын-
алу шаралары. Білім мекемелері қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық, басқа да 
актілердің  орындалуын  талап  етуге  бағытталған.  Экстремизмге  төтеп  беру  проблемасы  бойынша 
теориялық білімді, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шараларын жетілдіреді. Студент-
тердің діни сауаттылықтарын арттырады. 
12.  Студенттердің  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыру.  Жастар  ортасында  мəдени  құнды-
лықтарды  сақтауға,  түзуге,  игеруге,  дамытуға  бағытталған.  Студенттердің  мəдени  жəне  рухани 
қызығушылығын  айқындайды,  қалыптастырады,  дамытады.  Студент  жастардың  шығармашылық 
əлеуетін  табысты  дамытуға  жағдай  жасайды.  Мəдени  қызмет  (үйірмелер,  студиялар,  секциялар, 
клубтар жұмысын, шараларды) ұйымдастырады. Бұған кіретіні: салауатты өмір салтын насихаттау, 
азаматтық-рухани,  патриоттық  тəрбие,  студенттердің  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыруын 
қамтамасыз ету, студенттер мен ЖОО қызметкерлерінің эстетикалық ортасын қалыптастыру.  
13. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту. Студенттердің өзін-өзі басқаруы – ҚР Білім 
жəне  ғылым  министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашасындағы  № 521 бұйрығымен  бекітілген 
«Қазақстан  Ресрубликасының  Үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тəрбие  тұжырымдамасы»  шеңбе-
рінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  құжат  жан-жақты  дамыған,  өмірлік  ұстанымы  белсенді,  еңбек 
нарығында бəсекеге қабілетті қазіргі маманды дайындауға бағытталған.  
Қазақстан Республикасының ЖОО-дағы студенттердің өзін-өзі басқаруы бастамашыл, дербес, 
жауапты  қоғамдық  іс-əрекет  түрінде  жастар  тұрмысының  маңызды  проблемаларын  шешуге, 
əлеуметтік белсенділігін қолдауға арналған.  
Бүгінде  студенттердің  өзін-өзі  басқаруы – ЖОО-дағы  тəрбие  үдерісінің  компоненті,  əртүрлі 
ұйымдастыру  формаларының  жүйесі,  қосалқы  басқару – студенттердің  əкімшілікпен  қатар             
ЖОО-ның  басқаруға  қатысуы.  Демек,  студенттер  жоғары  білікті  мамандарды  дайындау 

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
137 
проблемасын  шешуге,  оқу  үдерісін,  СҒЗЖ,  сабақтан  тыс  уақытты  жоспарлауға,  ұйымдастыруға, 
бақылауға  өз  үлесін  қоса  алады.  ЖОО-да  студенттердің  өзін-өзі  басқару  деңгейі  көп  жағдайда 
студенттік  ұжымдар  мен  бекітілген  өкілеттіліктерімен  анықталады.  Студенттердің  өзін-өзі 
басқаруының  негізгі  бағыттары  əдетте  оқу-тəрбие  үдерісінің  негізгі  бағыттарымен  сəйкес  келеді. 
Əр  бағыт  бойынша  студенттердің  өзін-өзі  басқаруды  ұйымдастырудың  түрлі  формалары 
қарастырылған.  Бұл  формалар  студенттік  ортадағы  өзін-өзі  басқарудың  шынайы  белгісі.  Олар 
ЖОО ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай қалыптасады.  
14. Студенттерге психологиялық көмек көрсету. Ұжым əрекетіндегі кемшіліктерді анықтау 
мақсатында тəрбие жұмысын ақпараттық-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді. Тəрбие жұмысын 
жетілдіру  мақсатында  студенттер  мен  ЖОО  қызметкерлеріне  қиын  жағдаяттарда  психологиялық, 
əлеуметтік-құқықтық  қолдау  көрсетіледі.  ЖОО  тəрбие  жұмысының  тиімділігін  артыру  үшін 
студенттердің  шығармашылық,  таным  қабілеттері  айқындалып,  тұлғалық  жетілуіне,  бейімделуіне 
қажетті жағдайлар жасалады.  
 
VII. ЖОО тəрбие саясатын іске асыру шарттары 
 
Тұжырымдамада  белгіленген  міндеттер  жүйелі  түрде  оқу  үдерісінде,  өндірістік  практикада, 
СҒЗЖ-да,  студенттердің  өзін-өзі  басқаруында,  сабақтан  тыс  тəрбие  жұмысының  барлық 
бағыттарында жүзеге асырылады.  
Тұжырымдама тəрбие жұмысы іс-əрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асырылады жəне де ол 
рухани-адамгершілік ынтымақтастық пен өзара түсіністік қарым-қатынасқа негізделген педагогтар 
мен студенттердің бірлескен іс-əрекеті деген қағидаға сүйенеді.  
Мұндай  қарым-қатынастардың  маңызды  шараттарының  бірі  ол  тəрбиеленушінің  əлеуметтік 
жəне рухани қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады.  
Бұл қарым-қатынастарды қалыптастыруды шартты түрде төрт топқа бөлуге болады:  
Бірінші  топ  тұлғаның  қоғамдық  бағдарын,  азаматтық  ұстанымын  анықтайтын  əлеуметтік 
қарым-қатынастар: азаматтылық, дүниетаным.  
Екінші  топ  рухани  қарым-қатынастар:  патриотизм,  ұлтаралық  қатынастар  мəдениеті,  еңбек-
сүйгіштік, үнемділік, тəртіп, ұжымшылдық, адалдық, ұстамдылық.  
Үшінші топ эстетикалық, экологиялық мəдениетке негізделген. 
Төртінші  топ  қарым-қатынастары  санитарлық-гигиеналық  жəне  дене  мəдениетінің  түрлі 
қырларынан құралады.  
Осы  қарым-қатынастардың  негізінде  адамдар  арасындағы  байланыстарды  ұғыну  мен  сезіну, 
оны  білдіру  жатыр.  Адамның  қоршаған  ортамен  байланысуы  адамның  түрткілері  (мотивтері), 
қажеттіліктері, білімдері, еркі, сенімдері аясына белгілі бір əсерін тигізіп, мінез-құлқын, тұлғалық 
дамуын өзгертеді. ЖОО-дағы тəрбие іс-əрекетін ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі студент 
жасының (17-29) ерекшелігін ескеру, бұл аралықең алдымен бозбалалықтан ересек шаққа өтумен 
анықталады. Бұл жасқа тəні: бір жағынан, бекімеген ерік, мүдде тұрақсыздығы, кездейсоқ ықпалға 
бейім келуі; екінші жағынан, ерекше қабылдағыштық, ақиқатқа, əділетке талпыну, туралық.  
Осы  жас  тұлғаның  рухани  бой  көтеруімен,  дүниетанымының  қалыптасуымен,  құқықтық 
санасының  өсуімен,  азаматтық  белсенділігімен  танылады.  Көптеген  психологтардың  пікірінше, 
осы  жастың  басты  түзілімі – өзіндік  «Меннің»  ашылуы,  өмірлік  жоспардың  пайда  болуы,  реф-
лексия, өз даралығын сезінуі, өз өмірін саналы құруға талпынысы, дамып жатқан қоғамдастықтың 
түрлі салаларына біртіндеп кірігуі. Бұл үдеріс «Меннің» ашылуынан басталып, студенттің өмірлік 
іс-əрекеттің  түрлеріне  енуімен  жалғасады.  Сонымен  қатар  ЖОО-дағы  тəрбие  жұмысы  мына 
шарттар қатарын сақтағанда табысты жүргізіледі:  
Ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар: университеттегі тəрбие жұмысының бағдарла-
масын,  алдағы  жоспарын  жасау;  тұжырымдамаға  сай  тəрбие  жұмысының  басым  бағыттарын  ісе 
асыруд  бойынша  атқарылған  шаралардың  тиімділігіне  мониторинг  жүргізу;  тəрбие  жұмысының 
бағыттарын қаржылық жəне материалды-техникалық қамтамасыз ету; жетекші ЖОО жəне жетекші 
ғылыми ұйымдармен жүзеге асырылатын бірлескен ғылыми жобаларды қолдау. 
Ғылыми-əдістемелік  педагогикалық  шарттары:  тəрбие  жұмысын  жəне  ғылыми  жұмысты 
ықпалдастыру;  тұжырымдаманың  жеке  қағидаларын  жазу-орындау  үшін  ғалым-педагогтарды, 
жоғары  білікті  мамандарды  тарту;  тəрбие  жұмысының  басым  бағыттары  бойынша  ғылыми-

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
138  
əдістемелік  құралдар  əзірлеу;  тəрбие  субъектілерін  ақпараттық-əдістемелік  материалдармен 
қамтамасыз ету; конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу, оларға қатысу; ЖОО тəрбие жұмысын 
тиімді  іске  асыруға  ықпал  ететін  студенттерге,  оқытушыларға  арналған  оқу  бағдарламаларын 
енгізу.  
Мəдениеттанушылық  шарттар:  қабілеттерге,  қажеттіліктерге,  қызығушылықтарға,  кəсіптік 
құзыреттерге,  ал  қорытындысында  студенттердің  өзін-өзі  іске  қосуына  əсер  ететін  жағдайлар 
жиынтығы  деп  анықталатын  жайлы  психологиялық-педагогикалық  орта  мен  психологиялық-
педагогикалық диагностикалық қызмет құру; ол үшін тəрбие жетекшісілік институтын ендіріп, оны 
белсендіру.  ЖОО  əлеуметтік-мəдени  ортасы  студенттің  тұлғалық  дамуын  анықтайтын  фактор 
болып  табылады.  ЖОО  əлеуметтік-мəдени  ортасы  құрылымында  тұлғаны  оқыту,  оған  əсер  ету 
жағдайлар  жиынтығы  деп  анықталатын  біліми  ортаның  орны  ерекше.  Бұл  студенттердің, 
оқытушылардың, қызметкерлердің  бірлескен тіршілік əрекетінің кеңістігі. Оның  құрылымы  білім 
мекемесінің  құндылықтар  таңдауындағы,  мəдениетті,  өмір  мəнісін  игерудегі,  тұлға  ерекшелігін 
ашудағы талғамымен негізделеді.  
 
VIII. ЖОО-дағы тəрбие үдерісін басқару құрылымы 
 
Университтегі  тəрбие  жұмысы  бірнеше  деңгейде:  ЖОО,  институт  (факультет),  кафедра, 
студенттердің өзін-өзі басқаруы деңгейлерінде жүргізіледі.  
Деңгейлер  арасындағы  тəрбие  жұмысын  тəрбие  жұмысы  жөніндегі  проректор  басшылық 
жасайды. 
Университет  деңгейінде  тəрбие  үдерісін  басқарудың  негізгі  қызметтері  тəрбие  жұмысы, 
жастар  саясаты, мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасына тиесілі. Университеттегі  тəрбие  үдерісін 
басқару  құрылымына  мына  жетекші  талаптар  қойылады:  Университет  деңгейінде  ортақ  əлеу-
меттік-мəдени жəне гуманитарлық-тəрбие кеңістігін құру; əкімшілік, дербес, қоғамдық жəне басқа 
да ұйымдар жұмысын реттеу; оқу, тəрбие, ғылыми үдерістерінің шынайы, қарқынды бірлігін қам-
тамсыз  ету;  біліктілік  талаптарына  сай  мамандарды  қалыптастыру;  Университет  түлегінің  кəсіби 
жəне  əлеуметтік  жетілуіне  барлық  бағыттары  бойынша  студенттердің  өзін-өзі  басқаруын  жəне 
қосалқы  басқаруды  қолдау;  Университет  өмірінің  бар  салаларында  студенттер  іс-əрекетін 
ақпараттандыру;  ЖОО  педагогикасы  мен  психологиясының  қазіргі  озық  тəжірибелерін  қолдану; 
педагог  мамандардың  біліктіліктілігі  мен  шеберлігін  арттыруды  психологиялық-педагогикалық 
тұрғыда қолдау.  
Тəрбие  жұмысы,  жастар  саясаты,  мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасы  тəрбие  жұмысының 
негізгі  бағыттары бойынша жұмыстар  атқарады, тəрбие  мəселелері  бойынша университет, инсти-
тут  жəне  факультет  құрылымдық  бөлімшелерінің  жұмысын  үйлестіреді,  жұмыс  жасаудың  жаңа 
формалары  мен  əдістерін  ұйымдастырады,  қоғамдық  бірлестіктердің  пайда  болуына  ықпал  етеді, 
белсенділікпен  ерекшеленген  тəрбие  жетекшілерін,  студенттерді,  қоғамдық,  шығармашылық 
клубтар  мен  спорттық  секциялар  жетекшілерін  ынталандыруға  ұсыныс  жасайды.  Басқарманың 
басты қызметі – университеттегі тəрбие жұмысын үйлестіру, оқу-тəрбие үдерісінде тəрбие жұмы-
сының  жаңа  бағыттары  мен  технологияларын  енгізу,  студент  жастарды  тəрбиелеу  жүйесін 
жетілдіру.  
 
IX. ЖОО-да тəрбие жұмысын ұйымдастыру əдістері, құралдары, формалары 
 
 
Корпоративті мəдениетті дамыту, қуатты стратегиялық құрал ретіндегі университеттің мəрте-
бесін  арттыру  барлық  қызметкерлер  мен  студенттерді  жалпы  міндеттерді  орындауға  бағыттауға 
мүмкіндік  беріп,  жеке  тұлғалардың  бастамаларын  жұмылдыруға  жəне  олардың  өзара  тиімді 
əрекеттесуін қамтамасыз етеді.  
Тəрбие  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  педагог  студенттің  нақты  тұлғалық  қасиеттерін 
нақты  қасиеттерін  қалыптастыруға  сүйене  отырып,  тəрбиенің  міндерттерін  анықтап  қана  қоймай 
сонымен қатар тəрбие жұмысын ұйымдастыру əдістерін, құралдары мен формаларын белгілейді.  
ЖОО-дағы тəрбие жұмысының негізіне келесідей əдістерді ұсынуға болады :  
-  студенттердің  іс-əрекеттер  мен  мінез-құлқын  ынталандыру  əдістері  (сендіру,  жағымды 
мысалдар, ынталандыру, талап қою);  

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
139 
-  студенттердің  танымдық-зерттеу  іс-əрекетін  ұйымдастыру  жəне  қоғамдық  санасын  қалып-
тастыру əдістері (сендіру, жағымды мысалдар келтіру);  
-  студенттердің  іс-əрекеттері  мен  қарым-қатынастарын  ұйымдастыру  жəне  жəне  олардың 
қоғамдық мінез-құлықтарын қалыптастыру əдістері (үйрету, бақылау).  
Тəрбие  құралдары  ұғымына  оқу-таным  жəне  сабақтан  тыс  іс-əрекеттерді,  сонымен  қатар 
студенттердің қарым-қатынасын жатқызған жөн. Тəрбиенің басты құралдары ретінде оқытушының 
тұлғалық үлгісі мен абырой жəне оқу орнының қалыптасқан дəстүрі болып табылады.  
Студент  жасының  ерекшелігі  нақты  тəжірибелік  нəтижелерге  қол  жеткізетін  арнайы  əдістер, 
тəсілдер мен əсерлемен анықталады. 
Бұл  тұрғыда  қазақ  тілід  студенттер  арасында  мақсатты  түрде  мемлекеттік  тіл  саясатын 
жүргізіп, сонымен қатар өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді игертуде: мұражайларға, көрмелерге, 
театрға бару; көркем өнер шығармаларының көрмесін, фото жəне кітап көрмелерін ұйымдастыру; 
волонтерлік  бағдарламаларға  қатысу;  тұлғаны  рухани  дамытудың  құралы  ретінде  студенттерді 
кітап оқуға баулу. 
Тəрбие  жұмысын  ұйымдастыру  формалары  ретінде  оқу-танымдық  жəне  студенттердің 
сабақтан  тыс  іс-əрекеттерін  қарастыруға  болады.  Оқу  іс-əрекетіндегі  тəрбие  жұмысы  ең  алдымен 
білім мазмұны мен алағ қойылған міндеттерді іске асыру бойынша атқарылатын шараларды өткізу 
арқылы жүзеге асырылады: мамандарды даярлау; əр жылдағы түлектермен кездесу ұйымдастыру, 
интеграциялау  жағдайында  серіктес  жоғары  оқу  орындарымен  бірлесіп  біртұтас  білім  беру 
кеңістігін құру студенттердің денсаулығын сақтау мəселесінің өзектілігіне айналады.  
 
X.Тəрбие жетекшілігі жүйесінің негізгі ережелері 
 
Қоғамдағы  күрделі  өзгерістер  білім  жүйесінің  басқа  құрылымын  талап  етеді. 2011-2020 жж. 
арналған ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында айтылғандай, «білім жүйесін 
жаңғырту  маңызды  міндеттерінің  бірі  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру,  оның  өкілдері  бəсекеге 
қабілетті  біліммен,  шығармашылық  ойлаумен  қатар  жоғары  азаматтық  жəне  рухани  ұстаным-
дармен,  патриоттық  сезіммен,  əлеуметтік  жауапкершілікпен  ерекшеленеді».  Осы  міндеттерді 
орындау  мақсатында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-да 2008-2009 оқу  жылынан  бастап  Тəрбие 
жетекшілігі институты құрылды. Бұл жүйенің негізгі ұйымдастырушысы –тəрбие жетекшісі.  
Аталған  жүйенің  басты  ерекшелігі:  жоғары  оқу  орнында  қызмет  ететін  профессор-оқыту-
шылар құрамы мен қызметкерлерді  түгелдей жастар тəрбиесі ісіне тарту, қоғамдық маңызды ша-
руаны бірігіп атқару міндетінен көрінеді. Студент жастардың тұлғалық келбетіне, қабілетіне қарай 
жеке  даралық  қасиеттерін  дамыту,  ел  ертеңі  алдындағы  азаматтық  жауапкершілігін  арттыру 
міндеттері жүктеледі. 
 Тəрбие жетекшісі – өз тобындағы білімгерлердің оқу-тəрбие үдерісіндегі қызығушылықтары 
мен  құқықтарын  қорғаушы,  тұлғааралық  қарым-қатынастарына  жəне  студенттердің  күнделікті 
өмірін тиімді ұйымдастыруға дұрыс бағдар беруші педагог.  
Тəрбие  жетекшісі  іс-əрекеті  студенттерді  (магистранттарды)  университет  тарихымен  таныс-
тыруға,  оны  құрметтеуге,  оның  мəртебесін  көтеруге,  топта  жағымды  ахуал  қалыптастыруға, 
болашақ маманның білімін, бəсекеге қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған. 
Тəрбие жетекшісі өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 
«Білім туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың жыл сайынғы 
Қазақстан  халқына  Жолдауын;  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқ-
сандағы  № 1118 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  
2011 – 2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын;  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2001  жылғы 17 ақпандағы  № 249 Қаулысымен  бекітілген  «Қазақстан  жастары»  республикалық 
бағдарламасын;  Қазақстан  Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі  № 581 «Қазақстан  Респуб-
ликасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты»  туралы  Заңы;  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің           
2012  жылғы «29 » маусымда  № 873 қаулысымен бекітілген  «Барлық  білім  беру  ұйымдарында 
оқыту  процесінің  тəрбиелік  құрамдасын  күшейту  жөніндегі  кешенді  жоспары»;  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ-нің «Тəрбие жетекшісі туралы ережесін» басшылыққа алады. 
Университетте тəрбие жетекшілігі жұмысын жүргізу жəне басқарудың жүйелілігі мен тиімді-
лігіне қол жеткізу мақсатында Университеттік Тəрбие жетекшілерінің кеңесі құрылған. Универ-

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
140  
ситет  Тəрбие  жетекшілерінің  кеңесі  ректордың  бұйрығы  негізінде  құрылады.  Тəрбие  жетекшілер 
кеңесінің төрағасы болып тəрбие ісі жөніндегі проректор тағайындалады. 
Университет тəрбие жетекшілері Кеңесінің іс-əрекеті мен құрылымы Кеңес туралы ережемен 
анықталады.  Əрбір  институтта  (факультетте)  институт  директорының  (факультет  деканының) 
жарлығымен  Институт  (факультет)  Тəрбие  жетекшілер  кеңесі  құрылады.  Институт  (факультет) 
Тəрбие  жетекшілер  кеңесі  мүлтіксіз  университеттік  Тəрбие  жетекшілер  кеңесіне  бағынады. 
Аталған  Кеңес  институт  (факультет)  тəрбие  жетекшілерінің  жұмысын  қадағалайды,  тəрбие 
жұмысы  барысында  туындаған  мəселелерді  шешуге  көмектеседі,  студенттік  топтардың  тəрбие 
жетекшілерінің есебі мен жұмыс жоспарын бекітеді жəне қарастырады.  
Абай  атындағы  ҚазҰПУ  тəрбие  жетекшілігі  жүйесіне  құрылымды  бөлімшелердің  барлық 
қызметкерлері  жəне  профессор-оқытушылар  құрамы  тартылады.  Əр  тəрбие  жетекшісіне 5-7 сту-
дент (магистрант) бекітіледі. 
Тəрбие жұмысы барысында тəрбие жетекшісі оқыту мен тəрбиелеудің кəсіби бағытын ескере 
отыры,  əр  студенттің  тұлғалық  ерекшелігіне  қарай,  онымен  демократиялық,  гуманистік  қарым-
қатынас орантуы тиіс. 
 
Тəрбие жетекшісінің міндеттері: 
 

 
өз тобының  студенттері мен  магистранттары  жөнінде  толық  мəлі-меттерді білу  (аты-жөні, 
мамандық атауы, курсы, тобы, келген жері, тұратын мекен-жайы, байланыс телефондары, ата-
анасы туралы мəлімет, денсаулығы туралы мəлімет, əлеуметтік жағдайы); 

 
əр  студент  пен  магистранттың  жеке  тұлғалық  қабілеттерін  ескере  отырып,  тəрбиелілігін 
диагностикалау; 

 
тəрбие  жоспарына  сəйкес  тəрбиелік  іс-шаралар  (тəрбие  сағаттары,  кездесулер,  дөңгелек 
үстелдер,  мерекелік  шаралар,  танымдық  экскурсия,  мұражайларға,  театрларға  бару,  т.б.) 
ұйымдастыру; 

 
студенттердің жатақхана өміріне бейімделуіне көмек көрсету; 

 
студенттер  мен  магистранттарды  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  студенттері  мен  магистрант-
тарының Этикалық кодексі талаптарымен таныстырып, олардың сақталуын қадағалау; 

 
студенттер мен магистранттардың тəртібі мен үлгерім көрсеткішін қадағалап отыру; 

 
студенттер мен магистранттардың оқудан тыс бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету; 

 
студенттердің  қызығушылықтарына  қарай  қосымша  шығармашылық,  мəдени-көпшілік 
шараларға тартып, үйірме, клубтарға қатысуына ықпал жасау; 

 
кездейсоқ оқиғалар орын алған жағдайда, мезгілінде тиісті орындарға хабарлау; 

 
қажетті жағдайда студенттер мен магистранттардың заңгерлік, психологиялық, медициналық 
көмек алуына мүмкіндік жасау. 

 
топта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру.  
 
XIҚорытынды 
 
ЖОО-да  тəрбие  жұмысын  табысты  ұйымдастырудың  маңызды  факторларының  бірі – 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2050 стратегиясы: 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын  негізге  алу 
болып табылады. 
ЖОО-дағы  тəрбие  жұмысы – жастарды  əлеуметтендіру  жəне  қоғамға  бейімдеудің  басты 
құралы  болып  табылады.  Бұл  тұлғаның  зияткерлік,  рухани,  мəдени  дамуына,  жаны  мен  тəнінің 
жетілуіне мақсатты лайықты əсер етіледі.  
Тəрбиенің  студент  жастарға  ықпал  ететін  неғұрлым  елеулі  субъекті - бұл  ЖОО-дағы  хал-
ахуал, сол себепті ЖОО-ның тəрбиелік мəні бар əлеуметтік-гуманитарлық ортасы Абай атындағы 
ҚазҰПУ барлық қызметкерлерінің өзара əрекеттестігі негізінде құрылады.  
Тəрбие  əдістері,  құралдары,  формалары  кешенді  қолданады.  Мұның  өзі  тəрбие  жүйесінің 
сапасын, тиімділігін қамтамасыз етеді.  
Осы  Тұжырымдама  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Кеңесімен  қабылданып,  ректормен  бекітіліп, 
ЖОО-да  оқудан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастырудағы  негізгі  құжат  болып  табылады.  Ол  Абай 

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
141 
атындағы  ҚазҰПУ-да  əр  оқу  жылындағы  тəрбие  жұмысының  кешенді  жоспарының,  нақты 
бағдарламалардың негізін қалайды.  
Тəрбие  жүйесі,  əрине,  қарқынды  сипат  алуы  тиіс.  Сондықтан  осы  Тұжырымдама  шығарма-
шылық тұрғыдан үнемі толықтырылып отырады. Ол үшін студенттер мен тəрбие жұмысының озық 
тəжірибесін үнемі зерделеп, оны тəрбие жетекшілерінің арасында, кафедраларда, ЖОО-ның басқа 
бөлімшелерінде  таратқан  дұрыс.  Тəрбие  жұмысы  моральдық  жəне  материалдық  тұрғыдан 
ынталандырылуы тиіс.  
Қорытындысында  айтарымыз:  тəрбие  жұмысының  осы  Тұжырымдамасы  мен  Бағдарламасын 
жүзеге  асыру университетке  студенттерді  кəсіби  білім,  білік,  дағдымен  қаруландыруға  мүмкіндік 
беруімен  қатар  кəсіби  маңызды,  əлеуметтік  қажетті  қасиеттерге  ие  мамандарды  дайындауға 
септігін  тигізеді.  Қазірде  зор  сұранысқа  ие  құзіреттер:  қарым-қатынас  мəдениеті,  ұжымда  жұмыс 
істей  білу,  сабырлық,  өзін-өзі  тануға,  өзін-өзі  дамытуға  талпыныс,  заңға  бой  ұсыну,  жоғары 
əлеуметтік  жауапкершілік,  көш  басы  болу  қабілеттері,  өзгермелі  əлеуметтік,  психологиялық, 
экономикалық факторларға именбеу, ойлау ептілігі мен шығармашылығы, салауатты өмір салтын 
сақтау – бəрі  де  тəрбие  үдерісінде  қалыптасып,  тұтастай  алғанда  болашақ  маманның  əлеуметтік 
келбетін құрайды. 
 
 
ИТОГИ ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ 
КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМ. АБАЯ 
 
Ж. Е. Ишпекбаев, К. К. Жампеисова, Н. Н. Хан,  
С. И. Калиева, Г. К. Шолпанкулова, К. Бекбенбетова 
 
Казахский национальный педагогический университет им. Абая, Алматы, Казахстан 
 
Ключевые  слова:  воспитание,  воспитательная  работа,  система  воспитания,  концепция  воспитания, 
глобализациия, государственная молодежная политика, духовность, компетентность, компетентностный под-
ход,  корпоратизм,  корпоративная  культура  университета,  лидерство,  молодежь,  профессионально-
корпоративная культура, учебно-воспитательный процесс. 
Аннотация.  В  основу  Концепции  воспитательной  деятельности  Казахского  национального  педагоги-
ческого  университета  им.  Абая  был  положен  методологический  подход,  в  котором  функции  воспитания 
направлены  на  формирование  определенных  качеств  личности,  востребованных  современному  обществу  и 
государству. А именно гуманистический, личностно-ориентированный подход, предполагающий стремление 
выявить  и  сформировать  высококвалифицированную,  духовно-богатую,  конкурентоспособную,  поли-
культурную личность, обладающую уникальной человеческой индивидуальностью. 
 
Поступила 15.01.2015 г.
 
 
 
 

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
142  
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES  
OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
ISSN 1991-3494 
Volume 1,  Number 353 (2015),  142 – 146 
 
 
UDK 336.741.28 
 
COMPARISON OF STANDARTS  
OF ECOLOGICAL STATE LAW – EAEC MEMBERS 
 
E. A. Akopova 
 
Al-Farabi Kazakh National University Almaty, Kazakhstan. 
E-mail: akopova-elen-25@list.ru 
 
Key words: Eurasian Union, ecological lawmaking, unification, ecological situation. 
Annotation. In the analysis of the status and structure of ecological legislation matter in the EAEC countries 
should be sever two directions: the first – about the sources of law especially the lawmaking process and its outco-
mes in separated EAEC countries; and the second – about trends in ecological legislation in the Union in whole. It is 
possible to say that trends of lawmaking development and ecological law structures’ formation differ in uniformity. 
Under state control in the sphere of ecology it is necessary to understand executive and administrative activities of 
relevant government authorities which aims to environmental efficient ensure and environmental protection. 
In the field of environmental protection the Agreement was signed by Republics for cooperation in the sphere 
of ecology and environmental protection. In addition it was decided to establish the Interstate Environmental 
Council. One of the most important forms of work is normative establishment allowing to unify ecological 
lawmaking in a certain degree. The ecological situation is gradually becoming more important factor in the 
development which affectы on all spheres of political and economic wellbeing of the State.  
 
The Republic of Kazakhstan has been major qualitative changes since gaining of independence. 
Kazakhstan became an independent state; the economic system of society and its political system were 
changed radically. Reform of the legislative, executive and judiciary was persuaded, they were brought 
into compliance with the principle of power separation [1].  
Constitution was adopted in the Republic of Kazakhstan which valids now. In addition considerable 
number of legal law texts in the sphere of economy, environmental protection and environmental 
management were passed, and also the Civil code, codified law of the land, subsoil, environmental 
protection law and etc. were adopted.  
During the modern period the research and assessment of the reasons of ecological crisis have basic 
value and can have a great influence on process of improvement of the legislation. 
Annually in Kazakhstan amounts of natural resources increases, which is typical for all countries with 
resource oriented economy, testify to the effect that a trend gains overexploitation of nature. The 
Government does not take into account the warnings of scientists about the necessity for consistent and 
systematic monitoring of the environmental impacts of macroeconomic policy [2]. 
It is possible to note incompatibility and a contradiction between how the mankind constructs relation 
to environment throughout its history in reality and the illusion reigning still about opportunities of 
improvement of the existing ways of production and legal regulation. The current method of management, 
based on the traditionally energy raw materials usage, can lead to a global environmental catastrophe at 
present. Alternative kinds of energy sources (solar, wind and etc.) are not able to compete with 
contemporary energy necessities of satisfaction.  
At present time searches of optimum legislative regulation have to be concentrated on essentially new 
basis. As practice shows, any attempts to fit or improve the operating legal mechanism in relation to 
momentary needs of the economy based on the existing power do not have an effect in principle, and the 
conditions of the accruing ecological crisis are unpromising. The ecological legislation which is based on 
outdated approaches can even promote deepening of ecological crisis if it follows ideas of anthropo-

ISSN 1991-3494                                                                                                                                                № 1. 2015 
 
 
143 
centrism - protection of the environment surrounding the person with his destructive ambitions and with 
generation of illusion of determination of unsoluble problems. 
Currently analysis of the environmental situation and the legislation can and should lead to a 
reassessment of the relationship of person to himself/herself and nature and also a choice of directions of 
development in the future. The value of such conclusions and estimates has to be quite comparable to the 
ecological modeling results which were presented by founders of the Roman club to the world community 
half century ago and have defined ecological priorities origin in policy and the legislation of the developed 
and many developing countries. At the new stage of ecological problems development just neither has 
worsened nor has procured, unfortunately, other quality [3]. 
Nevertheless, there is out of the situation if in the near future in Kazakhstan, as in other states of the 
Eurasian Union, all kinds of legislative regulation would be catered to qualitatively different system of 
production and consumption, and will be based on a fundamentally new basis, which are capable of 
harmonize not only at the international level, but also harmonization of the interests of the world 
community with the possibilities of the biosphere. 
Accumulated problems and challenges of environmental legislation for objective and subjective 
reasons could not find their exhaustive permission. Their relevance is not only preserved, but even 
strengthened. In connection with needing of theoretical judgement the problems of formation of the 
ecological legislation for new conditions become the ripened necessity and put at the forefront.  
During the collapse of the Soviet Union the various doctrines of ecological law or environmental law 
began to get active dissemination as absorbing as the kinship of both varieties - of environmental and 
natural resource rights and as a division between them and without it. In our opinion at present time the 
conceptual approaches for the development of environmental law should be based not only on things as 
much of a proper, including historical patterns, the transformation of the nature and essence of the 
ecological relationships. In broad terms in the scientific literature this term denotes the whole complex of 
social relations that arise in the interaction of nature and society and are the subject of environmental and 
legal regulation. At the same time the usage and consumption of natural resources for human satisfaction 
needs and environmental protection are considered as two independent and, in principle, contradictory 
directions of such regulation [4]. 
However these differences in themselves are rather conventional as it is hard to find in the modern 
era evidence of comparability of efforts and costs of mankind on the environment. It is possible to 
establish consumer attitude towards nature. Therefore it would be correct to speak not about a 
contradiction of one interest to another, and only about absence of balance of interests. 
 Meanwhile from the historical point of view such "contradiction" was not put initially and generated 
by the person and exists only during rather short period of formation and development of a civilization - 
only about one thousand years. Conceptually ecological and legal regulation is based at usage and 
conservation which can and has to exist as uniform process and to be summarized by the legislation as, 
perhaps, not homogeneous but uniform by the nature, the public relations. This approach to a subject of 
regulation of the ecological legislation isn't something new, and only serves as manifestation of historical 
regularity and objective tendencies. Reflected in norms of religion, morals and customs, it confessed the 
majority of mankind up to this millennium and as it is believed, does not have alternatives of a survival in 
the future. Therefore opposition and isolation of interests of the nature and society as everything has to be 
subordinated only to one main goal – a survival and preservation is senseless in principle. Analysis of 
global issues and forecasting environmental situation on the planet - the subject of integrated efforts of 
scientists from many countries and industries. It is obvious that without the corresponding scientific base 
complex estimates of further conceptual development of approaches to legal regulation will be impossible, 
and the legislation formed on vicious conceptual base remains the declaration that will promote probably 
increase of ecological crisis [5]. 
Contained in the Basic Law - the Constitution of Kazakhstan and Russian standards have a public law 
nature. But when providing or protection of one's rights and legitimate interests moves with constitutional 
to other level (civil, administrative and legal, etc.) so appropriate cases both public, and private-law norms 
and institutes start working. The mechanism of legal regulation is organized thereby that on the one part 
the branches of law can be divided into private legal and public law only conditionally, and on the other 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет