Национальной академии наук республики казахстан



жүктеу 5.13 Kb.

бет31/40
Дата22.12.2016
өлшемі5.13 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40

REFERENCES 
 
[1]
 
Krasil'nikova V.A. Concept of computer technology training / V.A. Krasil'nikova. Orenburg State University, 2008. -42 
p. (in Russ.). 
[2]
 
Sergeyev  T.I.,  Cernavskaya  A.  Didactic  requirements  for  computer  training  programs.  [Text]  /  T.I.  Sergeeva,  A. 
Chernyavskaya. // Education and Informatics. -1988. -№1. p. 48-51. (in Russ.). 
[3]
 
Slepkan Z.I. Psycho-pedagogical foundations of learning mathematics [Text]: Manual / Z.I. Slepkan. - Kiev: Radyans'ka 
School, 1983. -192p. (in Russ.). 
 
Математика сабақтарында компьютерлік технологияны қолдану үшін дидактикалық талаптар 
 
Түйінді сөздер: компьютерлік оқыту, дидактикалық принциптер, көріну, модельдеу, кері байланыс. 
 
Раева Ч.Т. ст. преп. 
Таласский государственный университет 
(Кыргызская Республика) 
 
 
 
 
Поступила 27.02.2015 г. 
 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
240  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 2, Number 300 (2015), 240 – 247 
 
UDC 314 11 (09) (574+430) 
 
Problem of the origin of migration fiows in KZ 
 
Apendiev T.A. 
timur.apendiev@mail.ru 
PhD Institute of History and Ethnology named after Ch.Ch. Valikhanov, Almaty, Kazakhstan 
 
Key  words:  diaspora,  demography,  deportation,  the  Germans,  migration,  territory,  Assembly,  relocation, 
ethnicity, nation, multiethnic country, politics, national and cultural centers. 
Abstract. This article investigated the problem of the emergence of the German diaspora in Kazakhstan and its 
current development. Written by a comparative analysis of the content and determines the specific character of the 
German  community  in  the  territory  of  present-day  Kazakhstan  and  systematically  makes  some  conception  of  the 
history and prospects of development of the diaspora.  
 
ӘОЖ: 314 11 (09) (574+430) 
 
Қазақстан аумағында неміс диаспорасының миграциялық 
толқынының пайда болу мәселелері 
 
Әпендиев Т.Ә. 
timur.apendiev@mail.ru 
ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты, Алматы, 
Қазақстан 
 
Кілт  сөздер:  диаспора,  демография,  депортация,  немістер,  миграция,  территория,  Ассамблея, 
қоныстану, этнос, ұлт, көпұлтты мемлекет, саясат, ұлттық-мәдени орталықтар. 
Түйіндеме.  Бұл  мақалада  Қазақстан  аумағында  неміс  диаспорасының  пайда  болуы  мен  оның  бүгінгі 
таңдағы даму мәселесі зерттелген. Мақала авторы, салыстырмалы және контент талдаудың көмегімен қазіргі 
Қазақстан  аумағындағы  неміс  диаспорасының  өзіне  тән  ерекшеліктерін  көрсетті.  Сонымен  қатар  аталмыш 
диаспораның тарихы мен ертеңіне байланысты жүйелі түрде тұжырымдама жасаған.   
 
Диаспора – бұл өте ауқымды ғылыми ұғым ретінде өзіндік бірнеше мағыналарға ие. Мәселен, 
диаспора дегеніміз өзінің тарихи отанынан тыс географиялық ареалда өмір сүретін және сол жерде 
ұйымдасқан,  тұрақты  этникалық  топтарды  құрып,  сондай-ақ  өздерінің  жеке  тұлғалық 
қауымдастығын  дамытуға  бағытталған  әлеуметтік  институт  құруға  тырысады.  Демек,  аталмыш 
ұйымды  құру  арқылы  диаспора  өзінің  ұлттық  ерекшеліктерін  сақтауға,  халықтың  мәдени 
құндылықтарын  өзге  аумақта  таратуға,  әрі  оны  дамытуға  тырысады.  Сонымен  қатар  кез  келген 
диаспора  халықтық  консалидацияны  кемелдендіруде  отандастарымен  тығыз  қарым-қатынас 
орнатуды мақсат тұтады.  
«Диаспора»  ұғымының  пайда  болуы  геосаяси  көлемде  бірнеше  факторлар  және  тарихи 
оқиғалармен байланысты, яғни аталмыш ғылыми ұғым геосаяси ұғымның өзгеріске ұшырауының 
және оған өзге ұлт өкілдерінің қоныстануының жемісі болып табылады.  
Үшінші мыңжылдықтар тоғысында Еуропа түпкілікті түрде екі ірі ұлттық негізге байланысты 
территориялық өзгерісті бастан кешірді.  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
241 
Біріншіден,  өткен  ғасырдың  басында  Осман  империясының  біртіндеп  ыдырауымен  және 
бірінші  дүние  жүзілік  соғыстың  негізінде  Габсбургтер  мен  Романовтар  империясының  тарих 
сахнасынан ғайып болуымен тығыз байланысты [1]. 
Ал екіншіден, ірі аумақтық өзгеріс аз уақыт бұрын ғана орын алған еді. Сөзімізді дәйектейтін 
болсақ,  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінен  бастап,  шығыс  еуропалық  коммунистік  режимнің 
қолшоқпары болып келген  КСРО, Югославия және Чехословакия сияқты мемлекеттер өмір сүруін 
тоқтатып, жаңа елдер тарих сахнасына келді. 
Үшіншіден,  соңғы  жылдары  диаспораға  жаңа  феномен  беріп  келе  жатқан  қарқынды  даму 
үстіндегі  миграциялық  толқын.  Әсіресе,  еңбек  миграциясы  дамыған  мемлекеттердің  ұлттық 
құрамын біршама өзгертіп келеді. 
Диаспора  ұғымының  кең  қанат  жаюының  негізгі  себептерінің  бірі  ретінде  озық  әрі  арзан 
технологиялардың  дамыған  елдерде  жасалуы.  Демек,  мұндай  нано,  айти  технологиялар  бүгінгі 
заманның коммуникативті трендіне айналды деп атап көрсетуге болады. [2]. 
Соңғы  он  жыл  ішінде  диаспораның  пайда  болуы  мен  эволюциясы  сынды  жалпы  теориялық 
мәселелерге байланысты ғылыми еңбектер көптеп жарық көрді. 
Нәтижесінде  диаспораның  бірнеше  аспектілері  мен  оның  даму  үрдісі  әр  түрлі  санатта 
зерттелді, яғни оның қандай ұлттық азшылыққа бағытталғандығы жетекші негізге алынады. 
Социолог, этнограф, философ, құқықтанушы, саясаттанушы, психолог ғалымдардың зерттеуі, 
негізінен алғанда мынадай мәселелер төңірегінде топтасады: диаспораның теориялық-әдіснамалық 
базасы,  ұғымның  мәні  мен  мазмұны,  диаспораның  шарттары,  типологиясы  және  даму  қарқыны.                 
Яғни,  аталмыш  ұғымның  үндеуіне  жауап  қайтаруда  диаспора  мәселесінің  төңірегінде  әр  түрлі 
ғылым салаларының интеграциясы жүреді.   
Бүгінгі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүруде. Бұл, әрине, 
мемлекетіміздің үлкен байлығы ғана болып қоймай, бізге орасан зор міндеттер жүктейді. Өйткені 
көпұлтты  ел  өз  ішінде  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  арасында  теңдікті  сақтауы  тиіс.  Себебі 
біздің  қоғамымызды  кемел  деңгейге  жеткізудің  басты  формуласы  –  ол  барлық  ұлттар  мен 
ұлыстардың  консолидациясы  мен  өзара  теңдігі.  Аталмыш  мақсатқа  жету  үшін  мемлекет  барлық 
этностар  және  ұлыс  өкілдерімен  тығыз  қатынас  орнатады.  Яғни  бұл  транспарентті  қоғамның 
интеграциялық толқыны іспеттес.  
Мысалы,  ширек  ғасыр  ішінде  елімізде  өмір  сүріп  жатқан  барлық  ұлттар  мен  ұлыстар 
өкілдерінің ұлттық-мәдени орталықтары ашылды.  
Ал 1995 жылдың 1 наурызынан бастап, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 
Қазақстан  халықтар  Ассамблеясы  құрылды.  Аталмыш  ұйымның  мақсаты  –  мемлекеттің  ұлттық 
саяси мәселелерді шешуде жетекші рөл атқару. 
Өз  туы  астына  820-дан  астам  этно-мәдени  бірлестіктерді  интеграциялай  отырып,  Қазақстан 
Халықтар  Ассамблеясы  қоғамдық  келіссөздің  жетекші  звеносына  айналып,  азаматтық  қоғам  мен 
мемлекеттің жаңа мүмкіндіктерін тудырып отыр. 
Қазақстан  Халықтар  Ассамблеясы  (ҚХА)  этносаралық  сұрақтар  бойынша,  орталық  және 
жергілікті  атқарушы  органдардың  жұмысын  орындауда  негізгі  ұйымға  айналып  келеді.  Мұндай 
жұмыстар  этносаралық  мәселелер  негізінде  ақпараттық,  білім,  тәрбие,  құқық  және  халықаралық 
аспектілерді қамтиды [3.1]. 
Ассамблеяның  төрағасы  –  Президенттің  өзі,  яғни  елбасы  Конституцияның  кепілі  ретінде 
ұйымның  қоғамдық-саяси  статусын  барынша  жоғарылатып  тұрғандығы  айқын.  Оның  жоғарғы 
ұйымы – ҚХА сессиясының шешімін барлық мемлекет ұйымдары қарауға және онымен санасуға 
міндетті. 
Елімізде  88  этникалық  жалпы  білім  беретін  мектептер  жұмыс  жасайды,  оларда  сабақ  өзбек, 
тәжік,  ұйғыр  және  украин  тілдерінде  жүргізіледі.  Ал  108  мектепте  22  этностың  тілдері  қосымша 
пәндер ретінде өтеді. 190 мамандандырылған лингвистикалық орталықтарда 30-дан астам этностың 
тілдері оқытылады. 
Жыл  сайын  Бейбітшілік  және  келісім  сарайында  ҚХА  сессиясы  өткізіледі.  Ғимаратта  этно-
мәдени бірлестіктердің орталықтары жұмыс жасайды. 2010 жылы Ассамблеямен бірге Бейбітшілік 
және келісім сарайында ұлттық костюмдердің мұражайы ашылды [3.2]. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
242  
Қазақстандағы ең ірі диаспоралардың бірі – немістер. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін 
елде  жарты  миллионға  жуық  неміс  ұлты  өкідері  тұрған  еді,  яғни  олар  республикадағы  ең  ірі  үш 
диаспораның  қатарында  болатын.  1980-ші  жылдардың  ортасынан  бастап,  Алманияға  немістердің 
көптеп  қоныс  тебу  үдерісі  басталды.  Әрине,  мұндай  миграциялық  толқын  немістердің  санын 
азайтқанымен, соңғы жылдары олардың санының тұрақталуы байқала бастады. 
Қазақстандағы  неміс  диаспорасынын  тарихы  екі  ғасырдан  астам  мерзімді  қамтыды.  Ресей 
империясында неміс диаспорасы алғаш пайда болған елдердің бірі – Қазақстан болатын. Ресейдің 
әскери экспедицияларының қатарында болған немістер патша үкіметінің бұйрығы бойынша, елдің 
шығыс  аймақтарында  қызмет  атқарды.  Неміс  дворяндары  І  Петр  патшаның  шақыртылуымен 
патшаның  әскер  қатарында  жұмыс  жасады.  Кейіннен  Ресей  Ғылым  Академиясында  да  аталмыш 
ұлт өкілдері еңбек етті. 
1734  жылы  сондай  экспедициялар  кезінде  Фридрих  Миллер  Солтүстік  Қазақстан 
тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, географиялық ортасы жөнінде еңбектер жазды. Осы кезеңдерде 
Иван  Дмитриевич  Бухгольц  Алтай  өлкесі  мен  Зайсан  көлінің  аудандарын  зерттеп,  алғашқы                            
Омбы бекінісінің іргесін қалады. Петр-Симон Паллас және Евгений Эверсман Орталық пен Батыс 
Қазақстан аймақтарына кешенді зерттеу жүргізді. Олар алғаш рет Каспий теңізінің деңгейі әлемдік 
мұхит деңгейінен төмен жатқандығын және Каспий мен Қара теңіздерінің арасында байланыстың 
бар екендігі жөнінде ғылыми болжам жасады. ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарында әлемге әйгілі 
математик Леонард Эйлер Орал теңізінің төменгі сағасын зерттеуге кірісті.    
Ол алғаш рет Орал өзенінің картасын және Гурьевте алғашқы метеорологялық тірек жасады.  
Балқаш-Ақкөл  көлдерінің  жүйелік  генезисі  жөнінде  тұңғыш  зерттеу  жүргізген  неміс  ғалымы 
Александр  Иванович  фон  Шренк  болатын.  Ол  1840-1843    жылдары  Жоңғар  Алатауы  ауданын 
зерттеп, баррометр эффектісі негізінде оның ең биік шыңын анықтады. Өткен ғасырдың ортасында 
астроном Василий Яковлевич Струве Арал және Каспий теңіздерінің гидрогеографиялық картасын 
жасады [4.1]. 
Вильгельм Бартольд пен Фридрих Радловтың кітаптары негізінде көшпелі халықтың тұрмысы 
мен тіршілігі және салт-дәстүріне байланысты көптеген құнды мәліметтерді бүгінгі таңда еліміздің 
ЖОО-ның студенттері оқуда. Қазақстанның қазба байлығына Е. Михаэлис, К. Вернер, фон Грент,       
А.  Фридерикс  сынды  неміс  ғалымдары  кешенді  зерттеу  жүргізген.  Атақты  ботаник  Э.  Баумның 
есімімен Алматы қаласында саябақ жұмыс жасап келеді. Омбы генерал-губернаторы фон Шпингер 
қазақтың  сұлтаны  Шыңғыс  Уәлихановпен  тығыз  қарым-қатынас  жасаған  және  ағартушы  ғалым 
Шоқан  Уәлихановтың  ғылыми  танымының  артуына  сүбелі  үлес  қосқан.  Түркістан  өлкесінің 
генерал-губернаторы  фон  Кауфман  жергілікті  тұрғындардың  ағартушылық  мәселесімен 
айналысқан,  дәрігер  Александр  Шварц  Оңтүстік  Қазақстан  тұрғындарының  дерттеріне  шипа 
жасаған [4.2]. 
ХІХ-ХХ  ғасырлар  аралығында  республикада  жұмыс  жасаған  ресейлік  кәсіпкерлердің  оннан 
бір  бөлігі  немістер  болатын.  Мәселен,    Вили  Пфафф  Шымкент  фармацевтика  зауытының  негізін 
қалады, Ганс Шпрингер Степногорскіде алтын өндіру фабрикасын құрды [4.3]. 
Алғашқы неміс елді мекендері елімізде өткен ғасырдың басында пайда бола бастады. І дүние 
жүзілік  соғыстың  басында  олардың  саны  артып,  географиялық  қоныстану  аймағы  кеңейді. 
Столыпиндік  аграрлық  реформаның  нәтижесінде  немістердің  саны  тез  ұлғая  бастады.  Өйткені 
патша  үкіметінің  саясатының  жемісі  ретінде,  ауыл  шаруашылық  мәселелер  сыртқы  миграциялық 
толқынның есебімен толыға түсті. Дала өлкесінде алғашқы ірі неміс ошағы – Ақмола облысының 
Омбы  уезінде  пайда  болды.  1915  жылға  қарай  Ақмола  губерниясының  аумағында  ұзын  саны  56 
неміс поселкесі дүниеге келіп, 260 мың десятина жерде 27 мың адам ғұмыр  кешті [5]. 
Еділ  бойының  немістері  империяның  азиялық  бөлігіне  қоныс  тебуге  мүдделі  болды,  өйткені 
бұл жерлерге келген қоныстанушыларға 15 десятина жер өмір бойына сыйлық ретінде қазынадан 
берілетін.  Ақмола  облысында  әрбір  қоныстанушы  отбасына  54  десятина  жер  мемлекеттік 
қазынадан  бөлінетін.  Сонымен  қоса  өкімет  миграциялық  толқынды  күшейту  мақсатында  жат 
жерліктерге  өзге  де  мемлекеттік  жәрдемақылар  мен  жеңілдіктерді  беруге  даяр  болды.  Ақмола 
уезіне  қарасты  Рождественское  елді  мекеніне  көшіп  келгендерге  300  рубль  ақша  мен  тегін  үй 
берілетіндігі  жөнінде  қауесет  тарап,  аймаққа  Самара  мен  Саратов  губернияларынан  адамдар 
ағылып келе  бастады [13]. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
243 
Тұңғыш неміс қоныстары 1880 жылдары Сырдария облысының Әулиеата уезінде пайда бола 
бастады.  Олар  Таврия  губерниясының  Самара  мен  Бердяев  уезінің  Новоузенск  жерінен  келген 
неміс-меннониттер  болатын.  Олар  1882  жылы  Талас  даласында  100  отбасынан  тұратын  4  елді 
мекеннің  іргесін  қалады:  Николайполь,  Владимировка,  Андреевка  және  Романовка.  Олардың 
барлығы Николайполь қоғамының туының астына біріккен болатын. Жаңа қоныста діни бірлестік 
құра отырып,   неміс диаспорасы 1890 жылы Орлов поселкесінің іргесін қалады. 
1891-1892  жылдардағы  Поволжье  бойындағы  астықтың  шықпай  қалуы  мен  ашаршылық 
немістердің  Орталық  Азия  мен  Қазақстан  территориясына  ең ірі  миграциясын  бастады.  Ірі  көші-
қон толқының арасында жүздеген колониялық отбасының мүшелері де болатын. Осы жылдары 84 
отбасыдан құралған Ташкент уезіне қарасты Константиновский поселкесі пайда болды. Ұзын саны 
482 адам ел аумағына көшіп келді [14]. 
1897  жылғы  алғашқы  империялық  санақтың  нәтижесі  бойынша,  Орталық  Азия  мен 
Қазақстанда 8870 неміс, оның ішінде 3020-сы қалада, ал 5850 адам уезде қоныс тепті. Ал империя 
бойынша 1 млн. 790 мың немістің 23,3%-і қалада тұрды [15]. Яғни, немістердің урбандалу үдерісі 
төмен болды, өйткені олар жер шаруашылығымен айналысқан болатын. 
Алайда  неміс  диаспорасының  урбандалу  көрсеткіші  өзге  депортацияланған  ұлт  өкілдеріне 
қарағанда  анағұрлым  жоғары  болатын.  Әрине,  бұл  бірнеше  тарихи  факторлармен  тығыз 
байланысты. Мәселен, немістер қазақ жерінде алғаш қалалық аймақтарға келіп қоныс тепті. Себебі 
олар  империяның  шенеуніктері,  әскери  азаматтар,  дәрігерлер,  жергілікті  атқарушы  биліктің 
өкілдері  ретінде  қалалық  жерлерде  өмір  сүрді.  Ал  шаруашылыққа  байланысты  қоныс  тепкен 
немістердің екінші толқыны, тек 1890 жылдардың басынан бастау алады.    
Немістердің  қоныстары  қазақ  жерінің  облыстары  мен  аудандары  бойынша  былайша 
қоныстанған: 
 
Облыстар, 
Территориялар 
Қалалық 
қоныстар 
Ауылдық 
қоныстар 
Барлығы 
Барлық  халық 
саны  бойынша 
үлес салмағы 
Ақмола 
700 
4.091 
4.791 
0,702 
Орал 
125 
36 
161 
0,025 
Семей 
71 
29 
100 
0,015 
Торғай 
35 
25 
60 
0,013 
Астрахань 
губ. (Бөкей ордасы) 

11 
15 
0,007 
Сырдария 
691 
1.196 
1.887 
0,128 
Жетісу 
22 
10 
32 
0,005 
Закаспий (Маңғышлақуезі)  2 


0,0048 
БАРЛЫҒЫ: 
1.650 
5.399 
7.049 
0,135 
 
Қалалық неміс қоныстары негізінен алғанда өлкелік орталықтарда құрылды: Ташкентте - 554 
және Омбыда - 437 адам, сондай-ақ Ақмолада - 205, Оралда - 95, Семейде - 47 адам. 
Санақ кезінде көптеген неміс қоныстары Ақмола және Сырдария облыстарында пайда болды: 
Ақмолада  -  1.178,  Омбыда  -  2.878,  Әулиеатада  -  682  және  Ташкент  уезінде  -  512  адам.  Олар  14 
қоныстанушы поселкесін құрды: (Сырдария облысында – 6, Ақмола облысында – 8) [16]. 
Көбіне  олар  ұлттық  біртектес  аудандарды  паналады.  Әрине,  бұл  патша  үкіметінің 
стратегиялық саясаты болатын. Сөзімізді дәйектейтін болсақ, өкімет белгілі бір жерге тек бір ұлт 
немесе  этнос  өкілдерін  қоныстандыру  арқылы  сол  жердің  халық  санын  туыс  адамдар  есебінен 
көбейтіп, болуы мүмкін ұлттық не этнос аралық жанжалдардың алдын алуға тырысты.  
Сондай-ақ  діни,  тілдік  және  тұрмыстық  ерекшеліктерді  өзге  қазақ,  орыс  және  украин 
халықтарынан сақтауға мүдделі болды. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
244  
Тек  қана  жекелеген  отбасылар  орыс,  украин  поселкелері  мен  хуторларына  барып,  жергілікті 
халықпен ассимиляцияға түсе бастады. 
Торғай  облысына  негізінен  Оңтүстік  Ресейдің  аудандарынан  миграцияланды.  Олардың 
барлығы  Қостанай  уезіне  қоныс  тепті.  1901  жылы  бұл  жерде  алғаш  неміс  қонысы  –  Озерное,  ал 
1902  жылы  –  Надеждинка  мен  Воскресеновка,    1904  жылы  –  Нелюбинский,  Семеновский  және 
Викентьевский қоныстары құрылды.    
1941  жылы  шілдеде  Кеңес  Одағының  еуропалық  бөлігі  мен  Кавказдан  немістерді 
депортациялау  процесі  бастау  алды.  Немістердің  қоныстану  ошағына  жер  шаруашылығы  мен 
аргарлық  ортаның  ірі  жерлері  айналуы  тиіс  болды.  Осыған  орай,  Новосибирь  және  Омбы 
облыстары, Алтай өлкесі, Қазақстан мен өзге де жақын жерлердің аудандары немістердің өмір сүру 
орталықтарына  айналды.  Қазақстандағы  немістердің  қоныс  құру  аймағы  Қарағанды,  Қостанай, 
Целиноград, Павлодар, Семей, Көкшетау, Жамбыл облыстары болып бекітілді. Тек қана 30.12.1955 
жылғы  Жарлық  бойынша,  арнайы  қоныстар  есебінен  немістер  алынғаннан  кейін,  олардың  еркін 
көшіп-қонуына рұқсат берілді.  
КСРО-ның  түрлі  аудандарында,  оның  ішінде  Қазақстанда  кезінде  депортацияланған 
немістердің қоныс-жайларын жақсартуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бастады. Мәселен, 
неміс  тілінің  таралу  ауқымын  кеңейту  мақсатында  республика  мектептерінде  неміс  тілі  оқытыла               
бастады [6]. 
Оның  ішінде  ГФР  мен  КСРО  арасында  тығыз  байланыс  орнатылды.  Германия  үкіметі  соғыс 
кезінде  азаматтық  алған немістердің  тарихи отанына  қайта  оралуын  талап  ете бастады.  Сонымен 
қоса  Қайта  құрудың  басталуымен  ресейлік  немістер  автономия  құру  мәселесін  көтере  бастады; 
әсіресе,  Еділ  бойында  республика  құру  өзекті  мәселеге  айналды.  Мұндай  талаптар,  әрине, 
орталықтың  нәтижелі  шешім  қабылдауына  әкеп  соқтырмады.  Дегенмен  орталық  аппарат 
немістердің өмір сүру жағдайын жақсартуға мүдделі болып, неміс тілінде орталықтар ашып, жалпы 
білім  беретін  мектептерде  неміс  тілін  оқытуды  бекітті.  Мұндай  іс-шараға  ГФР  үкіметі  де 
демеушілік танытып отырды.  
1990  жылы  Германияның  демеушілігіне  ие  болған  Қазақстанның  Павлодар,  Қарағанды  және 
Қостанай облыстары болатын [7]. 
Немістер  толықтай  ақтауға  ие  болмаса  да,  өздерінің  ұлттық  ерекшелігін  сақтауға,  әрі  оны 
таратуға мол мүмкіндік алды. 
1989 жылы тұңғыш рет Қазақстанда немістердің ұлттық санасының көтерілуі қарқынды түрде 
жүргізіле  бастады.  Энтузиасттардың  еңбегінің  арқасында  «Қайта  өркендеу»  қоғамы  мен  ұлттық 
мәдени  орталықтар  құрылды.  1992-1995  жылдары  Қазақстан  немістерінің  съезінде  Неміс  кеңесі 
құрылып, ол барлық немістердің құқықтары мен көздеген мәселелерін шешуге тырысты.   
Ал 1994 жылы Алматы қаласында Неміс үйі ашылды. Өзінің аз ғана ғұмырында аталмыш үй 
немістердің  мәдени,  әлеуметтік-саяси  өмірінде  жетекші  рөл  атқара  білді.  Ал  Неміс  кеңесі  – 
Қазақстан  мен  Германияның  алтын  көпіріне  айналды.  Яғни,  аталмыш  Кеңес  республика 
немістерінің  мүддесін  көздеп,  әрі  оны  қорғап  демеушілік  жасауда  Германиямен  келіссөздер 
жүргізді. 1993 жылы қазан айында ел үкіметінің Қаулысына сәйкес, немістердің этникалық қайта 
өркендеуінің кешенді бағдарламасын жасады [8].  
Аталмыш  бағдарлама  негізінде,  этникалық  қайта  өркендеудің  облыстық  бағдарламасы 
өңделіп,  қабылданған  болатын.  1994  жылдың  желтоқсанында  бағдарламаның  уақытын  созу  және 
қосымша  іс-шаралар  бекіту  туралы  шешім  қабылданды.  Неміс  Кеңесі  төл  тілдің  қайта  түлеуіне 
өзіндік үлесін қосты.  
«Қайта өркендеу» қоғамының бастамасымен елордамызда неміс кешені құрылды. Яғни кешен 
өз ту астына бала-бақша, бастауыш мектеп пен гимназияны қабылдады. Ал Қарағанды қаласында 
неміс прогимназиясы (бастауыш сыныптар) және бала-бақшасы ашылды [9]. 
Неміс қоғамдық бірлестігінің қызметінде мәдени іс-шаралар жетекші рөл атқарады. Облыстық, 
қалалық және аудандық ұлттық-мәдени орталықтарда хор және вокал топтары, фольклор, музыка 
және 
отбасылық 
ансамбльдер, 
би 
топтары 
құрылды. 
Орталықтарда 
кітапханалар,                         
неміс жексембілік мектептер жұмыс жасайды. Мәдени орталықтар үшін мамандарды дайындауда 
Павлодар  мен  Рудный  қалаларының  музыкалық  колледждері  еңбек  етеді.    Алматыда  ТМД 
бойынша,  жалғыз  неміс  драма  театры  жұмыс  жасайды.  Немістердің  өмір  сүру  дағдысы  жөнінде 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
245 
республика  азаматтары  «Гутен  Абенд»  атты  апталық  теле  бағдарламадан  біле  алады.  Сонымен 
қатар  неміс  тіліндегі  радио  толқыннан,  «Дойче  Альгемайне»  атты  мерзімді  басылымнан 
немістердің  хал-ахуалы  жөнінде  мәліметтер  көптеп  бейнеленген.  Әрине,  мұндай  ақпарттардың 
барлығына демеушілікті республикалық бюджет жасап отыр.  
1958  жылдан  бастап,  Қазақ  мемлекеттік  радиосында  неміс  редакциясы  жұмыс  жасап  келеді. 
Мемлекеттік  қолдауға  неміс  көркем-әдеби  және  қоғамдық-саяси  альманах  «Феникс»  ие  болып 
отыр.  1997  жылдың  күзінен  бастап,  Германияда  «Еуроазиялық  курьер»  атты  құнды  басылым 
жарыққа шыға бастады. Неміс ұлты өкілдерінің тығыз байланысын орнатуға отандық ғалымдардың 
еңбегі де сүбелі үлес қосуда [10]. 
Неміс  этносы  көпұлтты  Қазақстанның  халқы  ретінде  ұлтаралық  бейбітшілік  пен  келісімді 
қолдайды.  Қазақстан  сияқты  көпұлтты  мемлекетте  ұлтаралық  теңдікті  сақтау  үшін,  әрбір  ұлттың 
қиын  тағдырын  жасырып  қоюға  болмайтындығы  хақ.  Тағдырдың  тәлкегіне  байланысты 
республикаға әр түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдері көшіп келді. Әрине, олардың мұндай жақсы ғұмыр 
кешуіне  қазақтардың  атқарған  үлесі  өте  мол.  Қиын-қыстау  заманда  қазақ  ұлты  өкілдері 
депортацияланған халықтарға қол ұшын беру арқылы қонақжайлылықтың тамаша үлгісін паш етті. 
Осыған байланысты, әрбір ұлттың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі – халқымыздың баға жетпес 
құндылығы болып табылады. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  үкіметі  эмиграция  толқынын  қысқартуға  бағытталған  іс-шаралар 
жасап  отыр.  Айта  кетерлік  жайт,  өздерінің  тарихи  отандарына  қайта  оралған  немістердің  басым 
көпшілігі  қазақ  еліне  қайта  оралуды  қалайды.  Ал  өз  кезегінде  республика  үкіметі  мұндай 
бастаманы қолдап, өз отандастарының қайта елге оралуына мүдделілік танытып отыр.  
Мысалы,  визалық  формуланы  жұмсартуға  және  азаматтардың  қайта  оралғаннан  кейінгі 
жағдайларына  көмек  беруге  мемлекет  мүдделілік  танытып  отыр.  Мұндай  бастамалар  Қазақстан-
Германия  арасындағы  байланысты  күшейтіп  қана  қоймай,  екі  ел  ішіндегі  немістердің 
жағдайларына толық бақылау орнатуға мол мүмкіндік туғызады.  
Неміс диаспорасының тіл мәселесінің генезисі  – олардың шығу тегімен тікелей байланысты. 
Себебі бұрынғы КСРО аумағында өмір сүрген немістердің арғы тегі Германияның арғы жағынан 
келген азаматтар болып табылады. Олардың көпшілігі, Германияның оңтүстік-батысының тумасы 
болып табылады. Өйткені ол жерде өмір сүрген немістердің жер шаруашылығымен айналысатын 
шұрайлы  жерлері  өте  аз  болған,  сондай-ақ  Франциямен  соғыс  жергілікті  халықтарды  әбден 
қалжыратып бітірген болатын.  
ХҮІІ-ХІХ  ғасырлар  арасында  эмиграциялық  толқынның  орталығы  –  солтүстік  Эльзас, 
солтүстік Баден, Вюртемберг, Гессен, Пфальц сынды аудандар болатын.  
Сонымен  қатар  Солтүстік  Германиядан  да  сыртқа  қарай  көшу  процесі  басталды.  Мұндай 
территориялық  ауытқушылықтар  немістер  арасында  тілдік  ерекшеліктер  проблемасын  туғызып 
отыр  [11].  Көп  ұлтты  елді  мекендер  құрыла  бастады.  Тіпті,  жекелеген  отбасыларда 
мультилингвизм пайда болды. 
Бір анығы, республикаға көшіп келген немістердің диалектісі бұрынғы өмір сүрген аумақпен 
сәйкес  келетіндігі.  ІІ  Дүние  жүзілік  соғыс  қарсаңында  және  барысында  солтүстік  Қазақстанға 
көшіп келген неміс ұлты өкілдері демографиялық және әлеуметтік қана емес, тілдік ерекшелікті де 
тудырды.    
Өткен  ғасырдың  20-30  жылдары  Саратов  қаласында  неміс  қоныстанушыларының  диалектісі 
профессор  Г.Г.  Дингес,  А.П.  Дульзон,  ал  бұрынғы  Ленинград  қаласында  В.М.  Жирмунскидің 
бастамаларымен  оқытыла  бастады.  Қазақстан,  әсіресе,  Алматылық  ғалымдардың  неміс 
диалектикалық  проблемасына  деген  қызығушылықтары  арта  түсті.  1964  жылы  Алматы 
Мемлекеттік Педагогикалық Шет тілдер институтында   Г. Панкратц төменгі неміс диалектикасына 
байланысты тұңғыш еңбегін жазды. Алматылық ғалым А.А. Вейлерт Еділ бойының колонияларын 
зерттеу барысында неміс халқының тілдік ерекшеліктерін анықтаған болатын  [12]. 
Қазақстанда  өмір  сүріп  жатқан  ресейлік  немістердің  көбісі  өздерінің  салт-дәстүрі,  әдет-
ғұрпымен қатар тілдік ерекшеліктерін де сақтаған. 
Қорытындылай келе, Қазақстандағы неміс диаспорасының пайда болған уақытын екі ғасырмен 
есептеу  керек.  Аталмыш  диаспора  біздің  республикамызға  келу  барысында  бірнеше  өзіндік 
факторларға  ие.  Мәселен,  немістердің  алғашқы  депортациялық  толқыны  әскери  жұмысшылар 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
246  
қатарында  болуымен  байланысты;  ал  екінші  толқын  жер  шаруашылығымен  айналысқан  еңбек 
ресурстары және соңғысы республика аумағына  ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін келгендер.    
Неміс диаспорасы, өздерінің мәдени, рухани-моральдік құндылықтарын сақтау үшін өздерінің 
тарихи отанының азаматтарымен тығыз қатынас орнатты. Ал өз кезегінде ГФР мұндай бастаманы 
қолдап,  демеушілік  жасауға  кірісті.  Сонымен  ГФР  мен  ҚР-сы  арасында  неміс  диаспорасының 
материалдық және рухани құндылықтарын қанағаттандыруға бағытталған ингтеграциялық көшкін 
басталды.  
 

1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал