Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата22.12.2016
өлшемі7,17 Mb.
#26
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д. Паевленок. М., 1999. 
[2]
 
Колков  В.В.,  Колков  С.В.,  Шахина  Н.А.  Государственная  молодежная  политика  и  социальная  работа  с 
молодежью: Учебное посмобие. – М.: Социально-технический институт, 2000.  
[3]
 
Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2005, № 2.  
[4]
 
Социальная работа: инновационные и компаративные исследования. М., 1998.  
 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
262  
REFERENCES 
 
[1]  Osnovy social'noj raboty: Uchebnik / Otv. red. P.D. Paevlenok. M., 1999. 
[2]  Kolkov  V.V.,  Kolkov  S.V.,  Shahina  N.A.  Gosudarstvennaja  molodezhnaja  politika  i  social'naja  rabota  s  molodezh'ju: 
Uchebnoe posmobie. – M.: Social'no-tehnicheskij institut, 2000.  
[3]  Kebina N.A. Molodoe pokolenie Kazahstana: segodnja i zavtra. //Sociologija molodezhi. 2005, № 2.  
[4]  Social'naja rabota: innovacionnye i komparativnye issledovanija. M., 1998. 
 
 
УДК 373.5:51 
 
Особенности ведения психолого-педагогической 
социальной работы с молодежью 
 
Алипбек А.З., Таутаева Г.Б. 
alipbek_ardak@mail.ru
 
Южно-Казахстанский Государственный педагогический институт, г. Шымкент, Казахстан 
 
Ключевые слова: молодежь, социальная работа, отклонение, педагогика, психология. 
Аннотация.  Молодежная  политика  является  одним  из  основных  направлений  государственной  политики  –  в 
перспективе  нацеленной  на  рост  и  развитие, формирование  гражданских,  правовых,  экономических  и  организаторских 
способностей  молодежи.  Для  претворения  в  жизнь  этих  целей,  государство  в  первую  очередь  осуществляет 
концептуальные, нормативно-правовые условия. Государственная политика содействия молодежи на деле осуществляет 
действие этих обязательств.  
 
Әліпбек А.З., педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
Таутаева Г.Б.,  педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан  
 
А.З.АЛИПБЕК, старший преподаватель, кандидат педагогических наук 
Г.Б.ТАУТАЕВА,  старший преподаватель, кандидат педагогических наук ЮКГПИ, г. Шымкент, Казахстан  
 
A.Z.Alipbek, Ph.D., Senior Lecturer 
G. B. Tautayeva, senior teacher, candidate of pedagogical sciences  
SKSPI, c. Shymkent, Каzakhstan  
 
 
Поступила 27.03.2015 г. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
263 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 2, Number 300 (2015), 263 – 270 
 
UDC 373.5:51 
 
Psychophysiological features of children with violations of visual ability 
 
Alipbek A.Z., Abdrazakova M. 
alipbek_ardak@mail.ru 
 
South Kazakhstan State Pedagogical Institute, Shymkent, Kazakhstan 
 
Key words: sight, ability, deviation, pedagogics and psychology. 
Abstract. The main issue of teaching children with impaired Visual abilities are on par with building a culture 
of  learning,  adapting  to  different  social  change,  education  of  dispositions  of  diligence.  The  introduction  of  these 
qualities allow the child to continue to be an equal member of society, a stable psychology. Children with impaired 
Visual abilities are often inattentive, nervozny, differently perceive everything new. Erroneous view that the visually 
impaired a little can happen. Each teacher-defectologist, caregiver must apply different methods, learning materials 
for their training and education. 
 
ӘОЖ 373.5:51 
 
Көру қабілеті бұзылған балалардың 
психофизиологиялық ерекшеліктері 
 
Әліпбек А.З., Абдразақова М. 
alipbek_ardak@mail.ru 
 
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институт, Шымкент қ., Қазақстан 
 
Кілтті сөздер: Көру, қабілет, көру қабілеті бұзылған балалар, педагогика, психология. 
Аңдатпа.  Көру  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытудағы  басты  өзекті  мәселе  –  біліммен  бірге, 
мәдениетті, түрлі әлеуметтік жағдайларға бейім, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл қасиеттерді бала 
бойына  дарыту  үшін  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  психологиясын  терең,  жетік  меңгеру  керек.  Нені 
ұнатып, нені қаламайтындарын, қарым-қатынас жасау қабілеттерін және көмекші мектеп бағдарламасын қай 
деңгейде меңгеріп, қабылдауда екенін толық білу керек. Көру қабілеті бұзылған балалардың зейіні тұрақсыз, 
қызба, қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі. Дегенменде, көру қабілеті бұзылған бала қабілетіне ат үсті қарау; 
олардан түк шықпайды деу үлкен қателік. Түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана  отырып, оқу материалын 
меңгеруі, қабылдауы оң деңгейдегі балаларды мүмкіншіліктеріне қарай дамыту – әр мұғалім-дефектологтың, 
тәрбиешінің басты міңдеті. 
 
Елбасының  Қазақстан  Халқына  Жолдауында:  «Ұлт  денсаулығы  –  біздің  табысты 
болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз 
елдің  барлық  аумағында  медициналық  қызметтер  сапасының  бірыңғай  стандарттарын  енгізуге, 
сондай-ақ  медицина  мекемелерінің  материалдық-техникалық  жабдықталуын  бірыңғайландыруға 
тиіспіз» деп ерекше атап көрсеткен [1].  
Елімізде  жылдан-жылға  көру  қабілеті  бұзылған  балалар  саны  артып  келе  жатыр.  Алайда,  ол 
балаларды мемлекет қамқорлыққа алып, денсаулықтары мен білім алуларына жағдай туғызуда. Бір 
мемлекетте, бір қоғамда өмір сүргендіктен сол елдегі халықтың дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан 
болашақ өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі мейірімге толы 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
264  
ұстаздар  қауымына  тиесілі.  Осыған  орай,  арнайы  педагогика  саласындағы  тифлопедагогика 
ғылымы қарқынды түрде дамуда.  
Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті 
бұзылған  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  жөніндегі  саласы.  Тифлопедагогика  ғылымының 
міндеттері: 
- көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу; 
- көру қабілеті бұзылған тұлғаларды клиникалық тұрғыдан зерттеу;  
- көру қабілеті бұзылу кезіндегі психологиялық тұрғыдан зерттеу; 
- көру қабілеті бұзылу кезіндегі физикалық даму аномалиясының типологиясын анықтау; 
-  көру  қабілеті  кемістігі  салдарынан  дамымаған  немесе  бұзылған  функцияларды  түзету, 
жетілдіру, орнын толтыру жолдары мен жағдайларын қарастыру;  
-  көру  қабілетінің  бұзылу  түрлеріне  байланысты  тұлғаны  жан-жақты  дамыту,  қалыптастыру 
жағдайларын анықтау, зерттеу.  
Ғылым  саласы  ретінде  19-ғасырдың  басында  дами  бастады.  Кеңес  Одағы  кезінде  әр  түрлі 
ауытқуы  бар  балаларға  арналған  оқыту-тәрбиелеу  мекемелері  ашылып,  олар  жалпы  білім  беру 
жүйесіне  кірді.  Көру  кемістігі  бар  балалар  арнайы  оқыту  мекемесінде  білім  алып,  жоғары  оқу 
орындарына  түсуге  жағдай  жасалды.  Олардың  арасында  академик  Л.С.Понтрягин  және 
А.Г.Витушкин, профессор В.И.Зубов, жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, 
сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар.  
Тифлопедагогика  саласында  мол  еңбек  қалдырған  Б.И.Коваленко  мен  В.С.Свердлов  болды. 
О.Скороходованың  еңбектері  дефектология  ғылымында  ерекше  орын  алады.  Оның  «Мен  қалай 
қоршаған  ортаны  қабылдаймын  және  түсінемін»  атты  еңбегінің  дефектология  үшін  маңызы  зор. 
Тифлопедагогика  жалпы  педагогиканың  саласы  ретінде  философияға,  гуманистік  тәрбие  мен 
жалпы-дидактикалық  оқыту  принциптеріне,  көру  қабілетінің  кемістігі  бар  адамдардың  есту 
ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.  
Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі – И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың 
жоғарғы  жүйке  іс-әрекеті  туралы  ілімі.  Сондай-ақ  тифлопедагогика,  тифлопсихология, 
патофизиология, педиатрия, психоневрология ғылымдарымен де тығыз байланысты.  
Бүгінде  тифлопедагогикада  көру  кемістіктерін  алдын-алу,  түзету  жолдары,  механизмдер  мен 
кемшілігі  бар  функциялардың  орнын  толтыру  жағдайы,  саралап  оқыту  түрлері,  мазмұны  мен 
әдістері  ашып  көрсетіледі.  Балаларды  мектепке  дайындыққа,  мектеп  көлемінде  жалпы  және  орта 
кәсіптік  білім  алуға,  рухани  өсуге,  эстетикалық  тәрбиеге,  дене  тәрбиесіне,  әлеуметтік-
психологиялық жағынан жетілуге және еңбекке қатынасын қалыптастырады [2]. 
Көру  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытудағы  мақсат  –  өмірлік  тәжірибесі  мен  жалпы 
біліктілігін, білімін және әлеуметтік дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы 
нұсқау,  бағдарлама,  әдістеме,  тифлотехникалық  жабдықтар  және  т.б.  жатады.  Қазақстанда 
соқырлардың алғашқы мектебі 1932 жылы Алматыда ашылған.  
Көру  қабілеті  бұзылған  балаларға  оқу  процесін  қабылдау  және  танымдық  қабілеттерінің 
қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда 
қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу 
арқылы, 1% дәм сезу арқылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған 
ортаны қалай танып біледі? Осы орайда, балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге 
ықпал  ететін  фактор  –  мұғалімдер.  Көру  қабілеті  бұзылған  балалар  мектепке  алғаш  келген  кезде 
қарапайым  және  түрлі  ауыртпалық  тудыратын  қиыншылықтарға  тап  болады.  Бұл  қиындықтар 
қатарына  өз-өзіне  қызмет  етуінің  төмен,  не  мүлдем  болмауы,  гигиеналық  тазалықты  ұстана 
алмауы,  ортаға  тез  бейімделмеуі  сияқты  мәселелерді  жатқызуға  болады.  Сондықтан  мектепке 
дейінгі  кезеңде  көру  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытуға  арналған  оқыту-кешендерінің  болуы 
шарт.  Сондай  оқыту  кешендері  ұйымдастырылған  жағдайда,  мұндай  топтағы  балалар  мектеп 
табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді. 
Көру  қабілеті  бұзылған  бала  жалпы  білім  беретін  мектепте  оқытылса,  сол  сыныпқа  сабақ 
беретін  педагог  баланың  қабілетін  тереңірек  тексеріп  және  денсаулығына  байланысты  қойылған 
диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
265 
мүлдем  болмайды.  Бұл  топтағы  балалардың  диагноздары,  көзінің  көру  мөлшерлері,  қабылдауы, 
ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді
Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді. Оны келесі 1-сызбадан көруге болады.  
Бірінші топ – мүлдем көрмейтін балалар;  
Екінші топ – көру деңгейі төмен балалар; 
Үшінші топ – көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия) 
Сызба -1. Көру қабілеті бұзылған балалардың жіктелінуі 
 
 
 
Бірінші топтағы балаларға Брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады.  
Брайль  жүйесі  –  бұл  бедерлі  нүкте  арқылы  оқыту  мен  жазу.  Аталған  жүйемен  оқыту  үшін 
арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.  
Бірінші  топтағы  балаларға  Брайль  жүйесін  үйретпес  бұрын  бұлшық  ет  сезім  қабілеттерін 
дамытумен жұмыс атқару керек. Баланың бұлшық ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі 
нүктелерді  сезуіне,  әріптер  мен  сандарды  тез  үйренуіне  көп  көмегін  тигізеді.  Бұлшық  ет  сезім 
мүшелерін  дамытуға  түрлі  әдістерді  пайдалануға  болады.  Үлкен  заттан  бастап,  ұсақ  затқа  дейін 
ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған 
ілгекті  де  алуға  болады.  Сабаққа  қатысты  үлестірмелі  материалды  грифелмен  бастыру, 
құрастырмалы,  бұрандалы  заттармен,  жіптің  түрлерімен,  өсімдік  дәндері  мен  дақылдарын 
пайдалануға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыс атқаруға болады.  
Көру  деңгейі  төмен  балалар  мен  көру  деңгейі  функционалдық  бұзылған  балаларға  мынадай 
үлгідегі  көзге  арналған  жаттығулар  жасатуға  болады.  Мысалы,  әуеннің  сүйемелдеуімен  көзді 
ашып,  жұму,  ауаға  көзбен  көлденеңнен  зер  салу  (15-20  рет),  көзге  сұқ  және  ортаңғы  саусақпен 
жеңіл  массаж  жасау,  т.с.с.  Көзге  арналған  жаттығулармен  қатар,  денеге  де  жаттығулар  жасап 
отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен тренажерлар бар.  
Көру  деңгейі  функционалдық  бұзылған  балалардың  ауру  диагнозына  байланысты  әр 
қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыс атқарылады. Егер балада миопия ауруы болса, жақында 
тұрған нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке жұмыс атқару қажет 
және көзге арналған арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс орны жарық болуына ықпал 
жасау және баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру керек. Көрнекілік түстері 
үйлесімді  реңмен  берілуі  тиіс  (қара  реңге  –  қызғылт  сары,  жасыл  түсті).  Көру  жүктемесі  10 
минуттан аспауы тиіс, ауызша жұмыс әрекеті – 10 минут. 
Алыстан  көру  (гиперметропия  Н)  –  алыстан  да,  жақыннан  да  көру  қашықтығы  бұзылған, 
алайда  жақыннан  көру  қашықтығы  балада  анық  байқалып  тұрады.  Мұндай  баламен  тақтамен 
жұмыс атқаруға, ұсақ заттармен, үлестірме материалдар жеке бөліктерге бөлініп беріледі.  
Астигматизм  (ast)  – бала  заттарды бұлдыр  көреді,  яғни  алыс болса да жақын болса да көре 
алмайды.  Астигматизмнің  болу  себебі  –  көздің  айналасындағы  бұлшық  еттерінің  бірқалыпты 
Көру қабілеті бұзылған 
балалар 
Бірінші топ – мүлдем 
көрмейтін балалар 
Екінші топ – көру деңгейі 
төмен балалар 
Үшінші топ –  
көру деңгейі 
функционалдық бұзылған 
балалар 
(қыли, амблиопия) 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
266  
болмауы. Мұндай баланың көру жүктемесі төмен деңгейде болады. Жазу жұмысы аз болуы шарт. 
Партаға дәптерді дұрыс орналастаруға тіке сызықты желімдеп қою керек. Егер гиперметропиялық 
астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек. Ал, егер миопиялық астигматизм 
болса  жарық  жақсы  түсу  шарт,  контрастық  реңде  қызғыл  сары  және  жасыл  түсті  көреді.  Көру 
жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс.  
Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре 
алатынын  білмейді.  Сондықтан  бала  қалай  көріп  тұрса,  солай  қабылдайды.  Сол  себептен  көзіне 
байланысты  шағым  айтпай  жүре  береді.  Көрнекілік  нақты,  артық  сызба,  сурет  болмауы  керек. 
Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы 
шарт.  
Нистагм  көз  ауруында  –  баланың  көзі  төмен-жоғары,  көлденең  ойнақшып  тұрады.  Мұндай 
баламен  жеке  картамен  жұмыс  атқаруы  керек.  Жүргізіп  оқыған  кезде  коррекциялық  сызғышты 
пайдалануды қажет етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау қажет.  
Қыли  көзді  ауруы  (косоглазия)  –  көз  қимылының  бұзылуы.  Қыли  көзінің  көру  қалдығының 
төмендеуі.  Егерде  балада  көзінің  ауытқушылығы  15-20  градус  болса  көз  әйнекті  тағуға  міндетті. 
Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітап қойғыш керек емес. Ал, егер 
көз  мұрынға  қарап  тұрса,  кітап  қойғыш  міндетті  түрде  қажет.  Баланы  асықтыруға  мүлдем 
болмайды.  
Дальтонизм – көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық. Түсті 
бірқалыпты сезетін адам негізгі үш түсті (қызыл, жасыл және көк) қабылдай алады. Дальтонизмге 
шалдыққан  адамның  қызыл  және  жасыл  түстерді  сезінуі  төмендейді  немесе  мүлде  жойылады, 
соның  салдарынан  айналадағы  әлемнің  түрлі-түсті  көріністерін  теріс  қабылдайды.  Көк  түске 
сезімталдықтың  кемуі  өте  сирек  байқалады.  Түсті  мүлде  айыра  алмаушылықты  түс  танымау  деп 
атайды; мұндайда айналадағы барлық заттар қара-ақ реңді болып қабылданады.  
Көрудің туа біткен зақымдануының негізгі этиологиялық факторлары: 
-  патогендік  агенттердің  эмбрионалды,  немесе  ана  құрсағында  даму  кезеңіндегі  әсері 
(токсоплазмоз,  мерез  және  басқа  жұқпалы  аурулардың  қоздырушылары,  немесе  созылмалы 
аурулар салдары, қабыну процестері, зат алмасуының бұзылуы); 
- залалды тұқым қуалаушылықтың әсері де көздің аномальды дамуын қалыптастырады: 
а) микрофтальм – көз құрылымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе 
екі көздің де көлемінің кішіреюі;  
б) анофтальм – туғаннан көз алмасы жоқ;  
в) катаракта – көздің шыны тәрізді мөлдір денесінің, бұршағының тұмандануы, лайлануы.  
-  көздің  туа  біткен  аурулары  –  көздің  тор  қабығының  пигментті  дистрофиясы  (дегенерация 
әсері), көру аймығының кішірейіп немесе оның толық жойылуы; 
- астигматизм – аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы. 
- туа біткен залалсыз ми, жүйке  ісіктерінің әсері. 
Жүре  пайда  болған  көздің  ақаулары  туа  біткендерге  қарағанда  аз  кездеседі.  Оның  дәрежесі 
халыққа  көрсетілетін  емдік-профилактикалық  көмектің  жақсаруына  және  денсаулық  сақтаудың 
жетістіктеріне байланысты.  
Жүре пайда болған көз ақауларының негізгі этиологиялық факторлары: 
-  бала  көзінің  ауыр  зақымдануы,  жарақаттануы,  өкпе  ауруы,  мерез,  трахома,  шешек,  көз 
ауруларының әсері;  
-  көзге  және  миға  қан  құйылу,  туу  кезіндегі  бас  жарақаттары,  көз  және  мидың  жабық 
зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты, көздің қысылуы, сығымдалуы);  
- көздің әртүрлі дәрежеде  жарақаттануы;  
-  глаукома  –  көз  ұлпаларының  өзгеруі  және  көз  іші  қысымының  көтерілуімен  байланысты 
ауыр дәрежелі көз ауруы; 
- көру жүйкесінің атрофиясы; 
- орталық жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары (менингит, менингоэнцефалит); 
- организмнің кейбір жалпы ауруларынан кейін көз ақауларының асқынуы; 
- алыстан және жақыннан көрмеушілік, бұл өте жиі кездесетін кемістік [3]. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
267 
Көру талдағышының қызметінің бұзылу дәрежесі көру өткірлігінің төмендеуімен анықталады. 
Көру өткірлігі 10-12 қатарға орналасқан түрлі әріптер немесе белгілерден құралған кесте арқылы 
тексеріледі.  Белгілердің  әрбір  келесі  қатары,  алдыңғымен  салыстырғанда  көру  өткірлігінің  0,1d 
(диоптрия) сәйкестігінің айырмашылығын білдіреді. Көру өткірлігі көруге мөлшерлі сәйкес келеді. 
Осыған  байланысты  белгілер  немесе  әріптер  кестенің  10-шы  жолынан  5м  қашықтықтан  көрінсе, 
көру  өткірлігі  1,0d  тең  болып  есептеледі.  Зерттелуші,  осы  қашықтықтан  5-1  жолдардағы  әріптер 
мен белгілерді айқындаса, көру өткірлігі бірінші жолда-0,1 ге, ал 5 жолда – 0,5-ке тең. 
Егер  көру  өткірлігі  0,1-ден  төмен  болса,  саусақ  санау  әдісі    қолданылады.  5  м  қашықтықтан 
қолдың  саусақтарын  анық  санаған  баланың  көру  өткірлігі  0,09-ға  тең.  Қол  саусақтарын  2  м 
қашықтықтан санау – шамамен 0,04 көз өткірлігіне сәйкес, ал 0,5 метрден – 0,01 көру өткірлігіне, 
ал 30 см (көздің түбінен) - 0,005 көру өткірлігіне тең. Егер бала саусақтар санын  ажырата алмаса, 
тек жарықты сезсе – жарық сезгіштікке тең. Егер бала жарықты қараңғыдан ажырата алмаса, онда 
оның көру өткірлігі 0-ге тең (соқырлық). 
Көруінің  тұрақты  бұзылуы  байқалған  балаларды,  соқыр  және  өте  нашар  көретіндер  деп 
бөледі. 
Соқыр,  немесе  мүлдем  көрмейтін  балалар  –  көру  арқылы  сезінуі  мүлдем  жойылған  немесе 
жарық  сезгіштігі  ғана  сақталғандар,  яғни  шамалы  көретіндер  (қарапайым  түзету  амалдарын 
қолдану  –  көзілдірік  кию  арқылы  жақсы  көретін  көздің  шамамен  көру  өткірлігі  0,04),  сонымен 
қатар, көру аймағы 10 градусқа дейін тарылған балалар. Соқырлық – бұл екі көздің де емделмейтін 
көру қабілетінің жойылуы. 
Көру қабілетінің жойылу дәрежелері: 
-  абсолютті  (тотальды)  соқырлық,  мұнда  көріп,  сезу  жарық  сезгіштік  және  түсті  ажырату 
мүлдем болмайды; 
- іс-жүзінде көрмеу: Көру қабілетінің қалдығы сақталған, оларды кейде жартылай көретіндер 
деп атайды). Оларда жарық сезгіштік, жарықты қараңғыдан ажырату деңгейі сақталған, жартылай 
көреді,  немесе  бет  алдындағы  қол  саусақтарын  санай  алады,  көз  алдындағы  заттардың  түсі  мен 
пішінін, түрін ажырата алады. Көптеген соқыр балаларда осындай қалдық көру болады.  
Сонымен, соқырлық неғұрлым ерте басталса, соғұрлым баланың психикалық және физикалық 
дамуының ауытқуы айқын көріне бастайды.  
Көру  анализаторының  қызметінің  зақымдану  мерзіміне  сәйкес:  соқыр  болып  туғандар  және 
жүре  келе  көрмей  қалғандар,  яғни  туғаннан  кейін  көз  жанарынан  айрылғандар  деп  те 
қарастырылады.  
Заттардың  белгілері  мен  құбылысын  көзбен  шолып  қабылдаудың  жоқтығы,  кеңістік  әлеміне 
бейімделудің  бұзылуы  олардың  сезгіштік  тәжірибесін  жоққа  шығарады,  сондықтан  сенсорлық 
және  интеллектуалды  (дерексіз  логикалық)  қызметтердің  бірлесіп  әрекеттенуі  зақымдалады, 
көркем  ойлаудың  дамуы  бөгеледі.  Дыбыстарға  өзгеше,  өзінше  бейімделу  соқыр  балаларға  тән. 
Оларда  қозғалыс  қызметінің  тез  шектелуі  байқалады.  Соқыр  болып  туғандардың  мағлұматтанған 
процесінің  жоғарғы  түрінің  дамуы  (көңіл  қою,  ес,  ойлау,  сөз)  іс  жүзінде  қалыпты  өтіп  жатады. 
Осымен қатар  ойлау қызметінің өзгешеліктері де болады. Оларда жинақталған ауызша мағына мен 
нақты  елестетулердің  өзара  дұрыс  қатынасуы  қиын  болса  да  қалыптасады.  Көрмей  қалу  түрліше 
эмоциялы-жігерлі әрекеттер мен ерекшеліктерге әсерін тигізеді. 
Жүре  келе көрмей  қалған  балалар.  Оларға  ерте жас  кезінен  қалыптасатын  көру,  елестетудің 
сақталуы  тән.  Көру  қабілеті  неғұрлым  кеш  болса  және  оның  есінде  бұрынғы  көріп  елестетудің 
іздері  көп  сақталса,  соғұрлым  заттың  бейнесі  оның  санасында  жеңіл  құралады  немесе  ауызша 
суреттің  негізінде  пайда  болады.  Баланың  осындай  қалыпты  ойлау  қызметі,  әрекеттері  сақталған 
талдағыштарға сүйенеді. Олардың көруі бастаушы талдағыш болып қалады. Бірақ, олардың көріп 
қабылдауы  тек  жартылай  сақталған, сондықтан  қабылданған  мәлімет  толығымен  құнды емес.  Ол 
жоғары  баяулығымен,  шолудың  тарлығымен,  дәлдіктің  төмендеуімен    ерекшеленеді.  Соңында 
олардың көру қабілетінің әсері шектелген болып шығады, сандық көрсеткіші мөлшерден төмен, ал 
елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ, анық және ашық,  ал кейде бұрмаланған. 
Нашар  көретін  балалар  саны  соқыр  балаларға  қарағанда  әлдеқайда  көп.  Олардың  көру 
дәрежесі - 0,05-тен 0,4 диоптрияға дейін, бірақ көзілдірік қолдану арқылы жақсы көретін балалар. 
Егер  нашар  көретін  баланың  жарық  сезгіштігі  бұзылса,  онда  қабылданатын  реңнің  жарықтық 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
268  
ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің айқындалуы, нашар көретін балалардың 
кейбір  заттың  сыртқы  ерекшелігіне  қажет  белгілердің  нашар  бейнеленгенінен  оны  ажырата 
алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі бұзылады. Нашар көретін балалардың мінезінің де түрлі 
өзгерістері  болады:  ашушаңдық,  тұйықтық,  кейбір  жағымсыз  істер,  тәртіп  бұзушылық.  Бұл 
кемшіліктер  оқудағы,  ойындағы,  құрдастарымен  араласу  барысындағы  қиындықтар  мен 
сәтсіздіктерді туғызады. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез жалығады, ал оны дамыту мен 
қорғау шараларының мезгілімен сақталмауы көру қабілетінің  онан әрі  нашарлауына әкеп соғады. 
Көрудің төмендеуі ақыл-ой және физикалық әрекеттердің де төмендеуіне ұшыратады. 
Соқыр  балалардың  сөйлеу  әрекеті.  Коррекциялық  шаралардың  арасында  көруді  дамыту, 
стимуляциялау үлкен орын алады, әсіресе сақталған әрекеттерді әрі қарай дамыту, қажетті көмек 
көрсетуді қажет етеді.  
Ауызша  және  жазбаша  сөйлеуді  дамыту  үшін  көріністерді  өңдеу  жолымен  бірге  дыбысты 
қабылдау,  сезіну,  вибрацияға  тірелу,  терілік,  температуралық  сезінумен  қатар  жүзеге  асырылуы 
тиіс. Затты сезіну – дыбыстық бейнелердің пайда болуы, дыбысты заттың сигналды белгісі ретінде 
оны ажыратуға мүмкіндік береді. Баламен ауызша сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау – соқыр 
баланың заттық тәжірибені жылдам игеруіне, жалпы дамуына  ықпал етеді. 
Соқыр балалардың тілін дамытуда сензитивті кезеңінде белсенді көмектесу өте маңызды, бұл 
заттық  қимылдардың  түзілуіне  және  кеңеюіне,  қоршаған  орта  көріністерін  меңгеруіне,  ойлауды 
дамытуына мүмкіндік береді. Компенсациялаудың бұл жолы олигофрен-балаларда мүмкін емес.  
Көру қабілеті бұзылған балаларда тәжірибелік дағды аз болады, егер оларда сөйлеу қабілеті 
сақталмаса  оның  қимыл-әрекеті  нашар  дамиды,  осыдан  барып  соқыр  бала  өзіне  тән  ойынын 
құрайды:  бірыңғай,  қайталамалы,  қарапайым  қимылдар  жасағанымен,  олардың  сөйлеу  әрекетінің 
өсу  деңгейі  төмен  болады.  Сондықтан  арнайы  оқытусыз  сөйлеу  мен  қимыл  арасындағы 
айырмашылық азаймайды.  
Соқыр  балалардың  танымдық  қабілетіне  сипаттама:  бұл  балалардың  сезінуі  –  баяу,  аз, 
жеткіліксіз.  Көру  көріністері  де  бұзылған  –  жартылай,  әсері  аз.  Сөздерді  есте  сақтау  қабілеті  де 
төмен. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда байқалатын қиыншылықтар-теріс қорытындылау және 
жеткіліксіз тұжырымдау – бұл тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі. 
Соқыр балалардың эмоционалдық-жігерлі қабілетіне сипаттама: көңіл-күйінің төмен болуы, 
енжарлық,  тұйықтық,  қарым-қатынастағы    қиыншылықтар,  т.б.  Бұл  жағдайлардың  қалыптасуы, 
(кейде байқалатын өте қатты ашулану, ызалану) бала тәрбиесіне  қатты көңіл бөлуді қажет етеді. 
Динамикасы:  кейде  қанағаттанарлық  –  яғни,  кемістік  өз  уақытында  анықталып,  тәрбиелеу 
адекватты, дұрыс бағытта жүргізілген жағдайда. Баланың  жалпы әрекетін сақтау үшін: сөз, ынта, 
такт,  түйсіну,  көмек  қабылдау,  шешімін  өзгерту  әдісі,  тілегін  түзету  сияқты    маңызды  
жағдайларды  жақсату  тәсілдерін қолдану қажет. 
Сезіну  және  қабылдау  ерекшеліктеріне  сипаттама:  соқырлардың  барлық  іс  әрекеттерінде 
маңызды, шешуші орын алатын - есту талдағышы.  
Жоғарыда  қарастырылған  көру  қабілеті  бұзылған  балалардың  психофизиологиялық 
ерекшеліктерін тұжырымдай келе, оны 2-сызба арқылы көрсетуге болады.  
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
269 
 
2-сызба. Көру қабілеті бұзылған балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері 
 
Тактильді  сезім  де  (сипалау,  қысым,  температура,  аурушаңдық)  зор  роль  атқарады. 
Соқырлардың алақаны мен саусақтарының сезімталдығы, көзі көретіндерге қарағанда 2 есе артық 
келеді.  Тері  қабаттарының  түр-түс  және  жарық  тітіркенгіштеріне  сезімталдығы  өте    жоғары. 
Дыбыссыз тұрған заттарды (қабырға, ағаш, жиһаздар) алыстан сезіну қабілеті дамыған, яғни оның 
негізі-вибрациялық сезімталдық. Түйсіну және дәм сезгіштігі жоғары дамыған, иістерді ажырату – 
компенсацияланған.  Вестибулярлық  аппараты  да    жақсы    дамыған,  сондықтан  кеңістікте  денесін 
сезінуі де жақсы [4].  
В.Ф.Матвеевтың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, туа біткен және ерте пайда болған 
соқырлыққа  тән  белгілер:  астеникалық  сипаттағы  жүйке  реакциялары  (шыдамсыздық,  қарым-
қатынастың бұзылуы, ашуланшақ) байқалады. Есейген  шақта көру қабілетін жоғалтқандарда 20-30 
күнге  дейін  аффективті  -  шокты  (естен  тану)  реакциялары  болады,  содан  кейін  созылмалы 
психоневроз  тәрізді  симптомдар  мен  бірге  астенизация,  депрессивті  кезең басталады,  бұл жағдай  
ересек  (30-40  жастардағы)  адамдарда  3-3,5  жылға дейін  созылуы  мүмкін.  Осымен  қатар  басқа  да 
патологиялық ауытқулар, депривациялық ерекшеліктер болатынын анықтады. 
Бастауыш  мектеп  жасындағы  көруі  бұзылған  балалардың  қабылдау  мүмкіндіктері  қалыпты 
балалармен  салыстырғанда  күрделірек  болады.  Олардың  қоршаған  өмірді  дұрыс  қабылдауын 
дамыту келешекте әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Естіп қабылдау – 
көруі бұзылғандарға кеңістікте бағдарлануы мен қозғалысында маңызды рөл атқарады. Сондықтан 
көруі  бұзылғандар  үшін  естіп  қабылдау  психикалық  дамудың  маңызды  құралы  болып  табылады. 
Көруі бұзылғандарда есту қабілетінің дамуы олардың танымдық әрекеттері мен балалардың мінез-
құлқына  және  бағдарлануына  әр  түрлі  әсер  етеді.  Естуінің  төмендеуі  кезінде  көруі  бұзылған 
балалар  есту  қабылдауынан  сипап  сезу  арқылы  өзін  бақылауға  сүйенеді.  Көру  қабілеті  бұзылған 
балалардың  сипап  сезу  арқылы  форманы  қабылдауын  зерттеу  олардың  сезімдік  тәжірибелерінің 
жоғары екендігі және сипап сезуді тексеру тәсілдерін жылдам меңгеру қабілеттілігі анықталды. 
Көру  қабілеті  бұзылған  балаларды  оқытудағы  басты  өзекті  мәселе  –  біліммен  бірге, 
мәдениетті,  түрлі  әлеуметтік  жағдайларға  бейім,  еңбекқор  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Бұл 
Көру қабілеті бұзылған 
балалардың 
психологиялықпедагогикалық 
ерекшеліктері 
Тәжірибелік  дағды аз болады 
Сөйлеу әрекетінің өсу деңгейі 
төмен болады 
Танымдық қабілеті 
Сезінуі – баяу, аз.  
Есте сақтау қабілеті төмен 
Эмоционалдық-жігері 
Енжарлық, тұйықтық, қатты 
ашулану, ызалану 
Сезіну және қабылдау 
ерекшеліктері 
Алақаны мен саусақтарының 
сезімталдығы 2 есе артық, түр-
түс және жарық 
тітіркенгіштеріне 
сезімталдығы өте  жоғары. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
270  
қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік 
меңгеру  керек.  Түрлі  әдістемелік  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  оқу  материалын  меңгеруі, 
қабылдауы оң деңгейдегі балаларды мүмкіншіліктеріне қарай дамыту – әр мұғалім-дефектологтың, 
тәрбиешінің басты міңдеті екендігін ұмытпағанымыз абзал. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет