Национальной академии наук республики



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата25.01.2023
өлшемі6,45 Mb.
#62768
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Нәтиже мен талқылаулар. Цифрлық оқыту бұл технологиямен 
немесе технологияны тиімді қолданатын нұсқаулық практикамен 
сүйемелденетін кез келген оқыту түрі. Цифрлық оқыту келесілердің кез-
келгенін қамтуы мүмкін: адаптивті оқыту, төсбелгі және геймификация, 
аралас оқыту, электрондық оқулықтар, оқытуды талдау, оқу объектілері, 
мобильді оқыту, дербестендірілген оқыту, желілік оқыту (немесе 
электрондық оқыту), ашық білім беру ресурстары, технологиямен 
жетілдірілген оқыту және т.б. (Воронова, 2021). Осылардың ішінде 
оқытуды талдау барысында цифрлық технологиясы негізіндегі «quizizz» 
бағдарламасы арқылы дайындалған тест тапсырмалары қолданылды [6 
сурет]. Тест тапсырмалары арқылы әр студенттің білімін жеке тексеру 
мүмкіндігі болды. Тест нәтижелері бойынша төрт студент өте жақсы 
көрсеткішке ие болды. Цифрлық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл 
білім алушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық 
жұмыспен айналысуға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз 
өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігін көруге мүмкіндік 
береді.
6 сурет - «Quizizz» бағдарламасы арқылы дайындалған тест 
тапсырмалары


103
ISSN 1991-3494  
4. 2022
Сабақ өзін-өзі бағалау формасында өтілді және сабақ басында әр 
топқа өзін-өзі бағалау қағазы берілді. Студенттер әр сұраққа жауап 
бергендерін өзін-өзі бағалау қағазына белгілеп отырды және сабақты 
талдау барысында алынған тест тапсырмаларының нәтижесі көрсеткен 
баллмен бірге бағаланды. Тест нәтижелері бойынша студенттердің 
үлгерімі мына формула бойынша есептелді:
Ү = (K
5
+K
4
+K
3
) x 100% / N;
Мұндағы: К

– «5» бағасының саны;
К
4
– «4» бағасының саны;
К
3
– «3» бағасының саны;
N – студенттер саны.
Алынған тестілеу нәтижелері және студенттер үлгерімінің пайыздық 
көрсеткіші 1 және 2 диаграммаларда келтірілген.
Диаграмма 1 - Cтуденттер білімін бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет