4. 2022
ретінде қарастыру дегенді білдіретіндігін атап көрсетті (Сластенин и
др., 2013).
Материалдар мен әдістер. Еліміздің жан-жақты дамуы үшін
тек ақпараттық (цифрлық) экономика ғана қажет емес, сонымен
бірге педагогика мен оқыту әдістемесі де қажет, өйткені білімсіз кез
келген қызмет саласында болашақ мүмкін емес. Бүгінгі таңда заман
талабына сай жаңартылған әдістемелік жүйені оқу процесінде іске
асыру үшін дәстүрлі оқыту әдістемесін технологияландыру қажеттігі
туады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту
формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы
бекітілген (2007 ж., 27 шілде, №319-ІІІ Заңы). Бұл білім мекемелерінің
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар
жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға
бағытталған. Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияның сан
алуан түрі қолданылады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға
ерекше көңіл бөлудің себебі, білім беру тиімділігін арттыру, яғни, білім
алушы мен педагог арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып,
білімге қызығушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру, әдіс-тәсілдердің
түрлерін енгізу. Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру
жүйесін дамыту бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Осыған орай,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, химия
кафедрасының екінші курс, химия мұғалімін даярлау мамандығының
1504-10 тобында сандық анализ пәнінен «Қышқылдық-негіздік титрлеу
әдістері» тақырыбы бойынша семинар сабағы өтілді. Сабақ барысында
топтық оқыту технологиясы, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы,
ойын технологиясы және цифрлық технолиясы пайдаланылды. Сабақ
басында студенттермен сәлемдесіп, көңіл күйді көтеру үшін жылулық
шеңбер қолданылды. Жылулық шеңберде студенттер өздерін болашақ
химия педагогі ретінде қалай елестететіндігін бір сөзбен жеткізу
тапсырылды.
В.К. Дьяченконың айтуы бойынша оқыту тәсілдерінің ұйымдастыру
жүйесі аралас болуы мүмкін: топтық, жұптық, жекеше. Осылардың
ішінде топтық оқытудың маңызы басымдырақ. Білім алушылар
ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара
дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді (Boribekova
және т.б., 2014). Осыған орай, ұйымдастыру кезеңінде топтық оқыту
технологиясы қолданылды. Студенттер топтың аты жазылған жеребе
қағаздарды таңдау арқылы «алкалиметрия» және «ацидиметрия» деп
аталатын екі топқа бөлінді. Сабақ барысында білім алушылардың
100
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыни тұрғыдан ойлауды
(СТО) дамыту технологиясы пайдаланылды. Технологияның негізін
қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.
Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры
жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Технологияның
мақсаты – білім алушылардың шығармашылық ойлауын сыни тұрғыдан
дамыту (Boribekova және т.б., 2014). СТО жобасының көптеген
стратегияларын қолдануға болады, соның ішінде миға шабуыл әдісі
ассоциация кезеңінде, яғни өткен сабаққа шолуда қолданылды. Бұл әдіс
бойынша студенттер қойылған сұраққа жылдам жауап беру керек. Миға
шабуыл әдісі негізінде сұрақтарға жауап беру үшін екі топқа өздерінің
индикатор түсіне байланысты күлгін қызыл және сарғыш қызыл түсті
қағаз берілді. Әр студент бірінші жауап беру үшін берілген түсті қағазды
көтеріп, содан соң жауап беріп отырды. Келесі кезеңде студенттерге
топтық жұмыс постер қорғау тапсырылды. Бұл әдіс бойынша әр топқа
өздерінің алкалиметрия және ацидиметрия деген топтарының атын
қорғау керек. Дайындық үшін екі топқа бес минут уақыт берілді. Осы
уақыт ішінде әр топ плакатқа өз ойларын жазып үлгеру керек. Уақыт
біткен кезде сабақты толық қамту мақсатында екі топтың плакаттары
бір-бірімен ауыстырылды және әр топ өзіне қарсы топтың постерін
қорғады [1, 2 сурет].
1 сурет - Ацидиметрия тобының
алкалиметрия постерін қорғауы
2 сурет – Алкалиметрия тобының
ацидиметрия постерін қорғауы
Ұлы класик педагогтар Каменский Я.А., Песталоцци И., Макаренко
және қазақ халқының ағартушы педагогтары А. Құнанбаев,
Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтар ойын дегеніміз – айқын, білімге
құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты дей келе ойынның маңызын
101
ISSN 1991-3494
4. 2022
айтып кетті. Сабақ үйрету барысында ойын элементтерін дұрыс қолдану
оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді деп К.Д. Ушинский атап
өтті (Ушинский, 1968). Осыған сәйкес сабақтың келесі кезеңінде ойын
технологиясы (алты қалпақ және таза тақта әдістері) қолданылды.
Эдвард де Боно жасап шығарған «ойлаудың алты қалпағы» (Six
Thinking Hats) – ең танымал әдістердің бірі. Бұл әдістің мақсаты
тақырыптың мазмұнын жан-жақты ашу. Алты қалпақ әдісі бойынша ақ
түсті қалпақты таңдаған студент қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінің
нақты факторларын, анықтамаларын келтірді, сары қалпақты таңдаған
студент әдістің жағымды, позитивті тұстарын көрсетті, қара қалпақты
таңдаған студент әдістің қарама-қайшылықтарын, кедергі тудыратын
мәселелерін, жағымсыз жақтарын атап өтті, сонымен қатар, қызыл түсті
қалпақты таңдаған студент сабақтағы эмоциясын, сезімін білдірді, ал
жасыл қалпақ таңдаған студент осы әдіс бойынша өзінің шығармашылық
үлесін көрсетті және көк қалпақ таңдаған студент тақырыпты толық
қорытындылап өтті [3, 4 сурет].
3 сурет - Алты қалпақ принциптерінің
интерактивті
4 сурет - Алты қалпақты қолдану
тақтадағы көрінісі
Сонымен қатар, соңғы ойынымыз таза тақта әдісі болды [5 сурет].
Бұл әдіс бойынша әр топтан жеке-жеке студент шығып тақтада
жазылған сұрақтарға жауап берді және жауап берілген сұрақтарды
өшіріп отырды. Жауапсыз қалған сұрақтар өшірілмейді және қай топтың
тақтасы таза болса сол топ осы ойын нәтижесі бойынша жеңіске жетеді.
Ойын нәтижесі бойынша, алкалиметрия тобында таза тақта болды, ал
ацидиметрия тобында бір сұрақ қалып қойды.
102
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
5 сурет - Таза тақта әдісінің негізінде қойылған сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |