Национальной академии наук республики



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата25.01.2023
өлшемі6,45 Mb.
#62768
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
---------

Key words: Digital technology, professional competence, group learning 
technology, critical thinking technology, gaming technology, «quizizz» 
program, alkalimetry, acidimetry.
Кіріспе. Цифрлық технологияларды жоғары оқу орындарында оқу 
үдерісін жетілдіру мақсатында қолдану мәселелері қолға алынуда. 
Қазіргі жоғары білім берудің маңызды міндеттерінің бірі білім беру 
бағдарламасына енген пәндердің жоғары дәрежеде ресурстармен 
қамтамасыз етілуі тұрақты түрде жаңартылып отыруы қажет. Білім 
саласындағы цифрландыру мәселесі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік 
бағдарламасының «Адам капиталын дамыту» атты төртінші бағытымен 
сабақтасады (2017 ж., 12 желтоқсан, №827 қаулысы). Білім беру үрдісін 
ақпараттандыру – жаңа цифрлық технологияларды пайдалану арқылы 
дамыта оқыту, оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды 
көздейді. Жоғары оқу орнында оқытушылар сабаққа дайындық 
барысында цифрлық технология негізінде портфолио дайындайды. Жаңа 
инновациялық оқыту әдістемелерімен сабақ өтуде ыңғайлы, қолжетімді 
бағдарламалар негізінде дайындалған электронды оқу құралдары, 
виртуальды зертханалар қолданылады. 
Білім беру саласындағы цифрлық трансформация жаңа технологиялар 
енгізген өзгерістерге бейімделу үшін тұрақты менеджментті 
тартуды білдіреді. Осы тақырып бойынша жаһандық зерттеулердің 
тенденциялары 1986–2019 жылдар аралығында талданып, зерттелді 
(Abad-Segura et.al, 2020).
А.М. Новиковтың көрсетуі бойынша, индустриалды қоғамның 
білім беру парадигмасы постиндустриалды қоғамның парадигмасымен 
өзгеруде, яғни «білім беруді дайын білімді алу деп түсіну және мұғалімді 
дайын білімді тасымалдаушы ретінде көру» идеясын қабылдамау 
(Новиков А.М., 2008). Цифрлық технологиялардың көмегімен ақпараттық 
қоғамға көшу кезеңінде білім жеке тұлғаның меншігі, оның өмірде және 
кәсіби салада жүзеге асыру құралы ретінде қолдана алады деп көрсетті 
(Пегов и др., 2010). Цифрландыру мен жаңа технологиялық құрылымға 
көшу адамзатты дамудың басқа деңгейіне шығарады. Технологиялық 
құрылымдардың өзгеруі, өнеркәсіп пен қоғамның дамуы университеттің 


98
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
даму моделін жетілдірудің маңыздылығын арттырады (Gafurov et.al, 
2020).
Білім берудің цифрлық трансформациясының нәтижесі ретінде 
келесі маңызды өзгерістердің пайда болуын қарастырған жөн деп 
көрсетеді (Стариченко и др., 2013): - түбегейлі жаңа үлгілер мен 
оқыту құралдарының пайда болуы (мысалы, дәстүрлі формаларды 
жаңа ақпараттық технологиялармен біріктіретін гибридті, аралас және 
мобильді оқыту);
- оқытудың жаңа формалары мен әдістерінің пайда болуы (мысалы, 
оқу-тәрбие іс-әрекетінің түрлерінің кеңеюіне әкелетін педагогикалық 
тіректерді пайдалану негізінде оқу процесін ұйымдастыру);
- білім беру үрдісінің субъектілерінің ақпараттық өзара әрекеттесу 
өрісін кеңейту (мұғалім мен білім алушыға интерактивті ақпараттық 
ресурс қосылады);
- білім беруді интеллектуалдандыру және даралау (мысалы, 
ақпаратты еркін іздеу, ақпарат ағындарын өңдеу, көп нұсқалы деректерді 
талдау жағдайында өзара әрекеттесу, визуализация, жеке электрондық 
ресурстарды, оның ішінде білім беру ресурстарын құру) [Стариченко и 
др., 2013].
Жоғары оқу орындарында цифрлық технологияларды пайдаланып 
оқыту, оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыра отырып, болашақ 
химия педагогтарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуда 
негізгі фактор болып табылады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі 
бірқатар еңбектерде (Н.В. Андронов, Е.Н. Волкова, Е.Ф. Зеер, Л.В. 
Комаровская, И.А. Колесникова, Н.В. Кузьмина, М.И. Лукьянова, А.К. 
Макова, Л.М. Митина, Е.И. Рогов, А. И., т.б.) көрсетілген. Отандық 
ғалым Б.Т. Кенжебеков жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби 
құзыреттіліктерін қалыптастыру жөніндегі пікірін «кәсіби құзыреттілік 
– жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық 
әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі», - деп тұжырымдаған (Кенжебеков 
Б.Т., 2005).
Оқу-тәрбие процесінің мәселелерін, ең алдымен оның тұтастығын, 
оқытудың жаңа әдістерін көптеген Қазақстандық педагогтар, мысалы, 
Ж.А. Қараев «деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын», М.М. 
Жанпейісова «модульдік оқыту технологиясын» және тағы басқа да 
ғалымдар зерттеді, қазіргі таңда оқу үрдісі цифрлық технологиямен 
байланыстырылуда. Заманауи концепциялардың авторлары В.А. 
Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов және т.б. оқу үрдісінің 
тұтастығының мәнін тек жүйелік тәсілдің әдістемесі негізінде ашуға 
болады, яғни мұндай үрдістің барлық кезеңдері мен объектілерін жүйе 


99
ISSN 1991-3494  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет