Надандай болмас ақ көзді



бет4/6
Дата13.03.2023
өлшемі34,39 Kb.
#73734
1   2   3   4   5   6
Шалыс ұцқас:абаб
Өсекке салмаңдар – А
Ойымды,жарымды – Б
Өлшеуге алмаңдар – А
Ойым бек тарылды – Б

Өсіреді күн нұры,көктем сайын жерге гүл – А 


Мен іздеген сағыныш,сарғалдақ боп сенде жүр-А
Мен бақытсыз әйелмін, жүрегі жас,өңі ескі- Б
Менің жырым, мұңым да тарихтай көмескі –Б

Кебеже қарын кең құрсақ – А


Артық туған Абылай – Б
Көтере көр бұл істі – В
Көп Қытайдың жылқысы – В
Тұрымтайдай қонысты – В


Аралас ұйқас:абввв
Өлеңде жалпы 8 ұйқас түрі бар, оларды соңғы буындардың үндесуіне қарай бөлген, мысалы төмендгі өлең жолдарынан байқаймыз.


Қазақтағы негізгі ұйқас түрлері мыналар:

  1. Қара өлең ұйқасы

  2. Шұбыртпалы ұйқас

  3. Ерікті ұйқас

  4. Кезекті ұйқас

  5. Шалыс ұйқас

  6. Егіз ұйқас

  7. Аралас ұйқас

  8. Осы күнгі ерікті ұйқас



Қара өлең ұйқасы деп – бұрыннан келе жатқан ұйқас түрлерін айтамыз.
Қазақ фольклорындағы көптеген ұйқастар осы ұйқас негізінде құралған. Яғни бірінші, екінші, төртінші жолдары өзара ұқсайды. Ал үшінші жолы ұйқассыз бос қалып отырады. Мұндай ұйқас түрлері тек 11 буынды өлеңдерде емес, 7-8 буынды өлеңдерде де кездеседі.
Мысалы, Абайдың мына өлеңі:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді,
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді.
Өздеріңіз көріп отырғандай үшінші жолы бос қалып отыр. Қалған 1-2-4-тармақтары “-ді” қосымшасымен аяқталып отыр.


Шұбыртпалы ұйқас
Бұл ұйқас Абай, Махамбет және Жамбыл өлеңдерінде көп кездеседі. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқас келеді. Арасында ұйқасқа сай келмейтін тармақтар да жүреді.
Мысалы, оны Махамбеттің келесі өлеңінен көруге болады:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай, Тебіңкі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебіңгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет