Әдебиеттегі шығарманың барлығы да екі жүйеде жазылады. Олар: - Көркем қара сөз (проза) түрінде
- Өлең (поэзия) түрінде
Поэзия-шығармашылық,өлеңді шығармалар. Проза-белгілі бір тәріпке бағынған,тізбекке түскен тіл.
Әдеби шығарма Өлең құрылымы
Өлең құрылымы- өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар.
Дүниежүзі әдебиетте өлең құрылымының 4 түрі бар Метрикалық жүйе Силлабикалық жүйе Метрикалық жүйе- әуезді жүйе,жай оқылмайды, музыкалық мақаммен оқылады. Оның бірнеше түрлері бар, олар: ямб,хорей,дактиль,спондей,анапест,тримарк.
Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұақты сақтауға негізделген. Бұл жүйеде маңызды дүние-буын.
Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Ырғақ пен екпінді буындарға негізделген.
Силлабо- тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен қысқа буындардың кезектесіп келуі және буын мен екпін негізге алынады.
Тоникалық жүйе Силлабо-тоникалық жүйе Өлең Өлең дегеніміз – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, өзіне тән ырғағы мен ұйқасыбелгілі қалыпқа түскен, буыны мен шумағы да белгілі тәртіпке бағынып, өзіндік бір үйлесімге түскен нақты сөздер тізбегі. Өлеңдегі әрбір сөз адамның ішкі жай-күйін, көңіл-күйін,сезім толқындарын,ақын шеберлігі мен негізгі ойы тығыз байланыста; ұйқас пен ырғақ та,бунақ пен шумақ та барлғы да осыған байланысты туған. Себебі өлең құрылымындағы осы бір бөліктер арқылы көл-көсір сыры мен сезімі шалқып жатыр. Дыбыс мәні сөз мәнін әрі толықтырады,әрі ауыстырады (Лермонтов) Қазақ өлеңінің құрылысы
Шумақ Өлеңдегі аяқталған белгілі бір ойды білдіретін бөлік. Мысалы, Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың маңы терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп.
Ырғақ Табиғи нәрсе,мәңгілік тасу мен өлеңдегі негізгі күш пен қуат.
Поэзиядағы ұлы қасиет-үндестік болса, ал сөз бен дыбысты үндестікке әкелетін- ырғақ.