Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс


Қорытынды жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдама-лар мен ұсыныстар берілді. І. Ән сабағында музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі



бет4/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Қорытынды жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдама-лар мен ұсыныстар берілді.
І. Ән сабағында музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі.
1.1. Музыка өнер сабағы.
Жас өспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушыларға музыкалық шығарманы орындап қана қоймай, оны терең сезіммен, саналы түрде қабылдай біліп, тыңдауға үйрету керек. Егер көпші-лік айтатын әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған немесе жеке аспапақа арналған музыкалық шығармаларды тек му-зыканы терең сезініп қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай ал-майды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі білімі таяз. Карл Маркс «Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын» деген. Ұлы музка сыншысы А.Серов: «Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек» дегендей, музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бас-тауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамыта-мыз. Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бой-лау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет. Музыка сабақтарын-да музыка тыңдау процесінің мақсаты – музыканттар дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру, қазіргі заманның талабы-на сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, терең нәзік сезімді, қайы-рымды, мейрімді, шығармашылық қаблеттері мол ұрпақ дайындауғат көпте-ген әсері бар құрал ретінде пайдаланатын жұмыстардың бірі болып есептеледі. Өйткені, музыкалық шығарманы – адамның рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады. Бірақ олар туралы музыка тыңдау-дың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс. Бұл туралы Э.И.Бальпттис деген ғалым «Баланың музыкалық талға-мы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды» деген болатын. Сондықтан қазақ балаларының музыкалық талға-мын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден бастап қалыптас-тырған жөн. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері мен күйлері мол. [1]
Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының әлдиі «Бесік» жырларынан бастап өз ұлтының әуені бойына ана сүтімен дарыту-дан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді таныстыруды бірте – бірте күрделене түсеміз. Бастауыш сынып оқушыларына өз ұлтымыздың, өнерін халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музы-ка тыңдаудың ролі өте зор, халықтар арасындағы достық сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын, ерекшелігін сезіну, қайырымды, мей-рімді, адал болу үшін – жалпы айтқанда оқушылардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек. Адам баласының өмірінде өнер үлкен орын алатынын жоғарыда айтсақ та жас сәби жарық дүниеге келген күнінен бастап, ол өнердің ортасында өседі. Өнер түрлері архитектура, скульптура, бейнелеу өнері және графика, көркем әдебиет, би (хореография), театр, кино және музыка болып бірнеше салаға бөлінеді. Өнердің осы аталған салалары әр кезеңде біртіндеп пайда болды. Табиғат құбылыстары мен адамзат қоғамының І дамуына байланысты, өнердің түрлері өзгеріп, дамып отырады. Әсіресе, музыка өнері күшті өзгеріске түсті. Сондықтан да қазіргі өнер жастарға эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болып саналады. Дегенмен сол өнер бүгінгі өміріміздің айтарлықтай дәрежесіне жете алмай отыр. Біз күнделікті өмірде музыка, концерт, ән – күй кеші, ария, қантата, симфония, опера деген сөздерді жиі естиміз де, олардың үнінен тамылжыған әр алуан музыкалық шығармалар-ды сүйсіне тыңдаймыз. Ерекше бір рахатқа бөленіп, шабыттанып қаламыз. Тіпті жұмыс кезінде де жүрек тербетерлік жақсы ән мен тәтті күйлер беріліп жатса, оны ынтамен тыңдай отырып, істеген ісіміздің қалай тез бітіп қалғанын сезбейтін де кездер болады. Өнердің басқа түрлеріне қарағанда, музыканың осыншалық әсері молдығының себебі не деген орынды сұрақ тууы да осыған байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет