Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс


Си – сабақтастық, салтанат, сарбаз. Асанқайғы аңсаған Жерұйығы-тәуелсіздік салтанат құрған қазақ елінің төрінде ғасыр саңлақтары. До –



бет14/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Си – сабақтастық, салтанат, сарбаз. Асанқайғы аңсаған Жерұйығы-тәуелсіздік салтанат құрған қазақ елінің төрінде ғасыр саңлақтары.

  • До – с. Абай:

    Біріңді, қазақ, бірің дос
    Көрмесең, істің бәрі – бос.
    Құрманғазының күйі «Сарыарқа» ойналады.
    Музыканы тыңдау және оны қабылдау арқылы іс - әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптаса-ды. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейнін, эмоционалды сезімдерін, ойлау, түйсіну қаблеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады? Десек, тол тыныштықтан басталады дер едік, мәнерлілік, дәлдік пайда болады. Музыка тыңдауда ұғымдары, тыныш тың-дай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен – саз ой түйісіні көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды. Бұл біздің түйсігімізді әлсіретіп, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара – бара әрбір үннің әуенін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қаблетімізді кемітеді, сөйтіп музыка-мәтірның эстетикалық, мәнін жоғалтып аламыз. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына музыка тыңдату процесінде мұғалім оқушыларды дұрыс ұйым-дастыра біліп, олардың сол музыкаға деген қызығушылығын арттырып, оқушыларға беретін психологиялық әсерімен тәрбиелік маңызына көп көңіл бөлу керек. Себебі, қандай бір музыкалық шығарма болмасын мол белгілі бір мазмұнды ойды білдіреді, оны терең жан – жақты оқушыларға сезіндіре білу үшін мұғалімнің өзінің жан – жақтылығы, яғни психология, педагогика, философия, медецина, әдебиет, тарих, табиғаттану т.б. ғылым саласынан хабардар болуы өте қажет. Әрбір музыканы тыңдау процесінде тыңдатыла-тын шығарманың психологиялық әсері мен педагогикалық тәрбиелік маңы-зы, философиялық мәні, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты қабылданатынын ескеру керек. Бастауыш сынып оқушыларын музыка тыңдай білуге дұрыс қалыптастыра отырып, олардың жас ерекшелік-терін ескеріп, шағын жеңіл музыкаларды тыңдатудан бастауымыз керек. Музыканың орындалу ырғағына, сазына, орындалып тұрған аспаптың тембі-ріне, және музыкалық шығарманың мазмұнына, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу керек. Музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естіген музы-каға эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну. Тыңдау қаблет-тілігі, музыкалық құбылыстарды салыстыра оларға баға бере білу. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, қайсі-бір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қаблетін талап етеді. Мысалы, балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін, аспаптардың (рояль, скрипка, баян, домбыра, қобыз т.б.) жоғары және төмен тембрлік дыбысын бір–бірімен салыстырады, әннің бастамасын, қайырма-сын (музыкалық шығарманың ең қарапайым құрылымын) бір – бірінен айырады, бір – біріне қарама – қарсы көркем образдардың айқындылығын байқайды.
    Музыкаға жеке шығармашылық көзқарас қалыптастыру. Бала музыканы тыңдап отырғанда көркем образды (әнді, биді, күйді) көз алдына өзінше елестетіп қабылдайды. [6]
    Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік-ол музыкалық шығарманың өзі болып табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан есту қаблетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асырылып, барлық музыкалық түсініктер қалыптасады. Музыкалық түсініктермен қатар оқу-шылар жалпы музыканың жанрлары, музыкалық шығармалардың құрылысы, музыка тілі, сазгердің өмірлері мен шығармашылығы туралы, мағұлұматтар алады. Оқушыларға тыңдатылатын әр музыканың мазмұны, музыкалық тәрбиенің мақсат – мүдесіне сай болуы керек. Музыкалық шығарма әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. І - ІІ сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл, ойналу ұзақтығы 1-1, 5 минуттан аспайтын, ІІІ - ІҮ сынып оқушыларына тыңдала-тын музыканың ұзақтығы 3 минуттай болуы керек. Оқушылардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын, тыңдатылатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек. Тыңдатылатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтан да «жеңіл» музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық, оперетталық музыкаларды жатқызуға болады, мұндай музыкалар өте әдемі көрем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Бірақ, тек бұндай музыкаларды тыңдаумен шектелу дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда, жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мәні мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасын құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды еріксіз қозғалтатын ондай музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғамен ұрғандай нерв жүйелерін жұмысын әлсіретеді. Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының Іші сыныбынан бастап мағыналы күрделі музыкаларды тыңдатуға баулып, музы-ка тыңдау репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, халық шығар-машылығын, классикалық (орыс, шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс. [7]
    Бағдарламаға енген халық әндері мен күйлері оқушылардың ұлттық музыка өнерімен кеңінен танысып меңгерулеріне мол мүмкіндік береді. Халқымыздың ғасырлар бойы туындап ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, төрт-түлік малға, тарихына байланыс-ты шыққан ән, жыр, терме-толғау, айтыс, эпостық жырлар күй өнерімен танысу жүйелі жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп жүргізі-леді Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық шығармалар әр сынып тақырыптарына байланысты оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп іріктелген.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет