Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс


Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері



бет7/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері мақсаттарымен тамырлас музыкалық тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталады:
- Музыка өнерін ұнату, шығармашылық, эстетикалық көзқарас, музыканы сезіну қаблеттерін, сезімдерін дамыту.
- Оқушыларды халықтық, классикалық және қазіргі заман музыкасымен, музыка өнерінің бай жанрларымен, түрлерімен таныстыру;
- Оқушыларды рухани жан дүниесімен, өмірімен байланысты музыкалық білімдерін меңгеру барысында педагогикалық жағынан басшылық жасау;
- Оқушылардың музыка тыңдау әрекетін, орындаушылық, шығармашылық қаблеттерін дамыту;
- Жоғары көркем музыканы қабылдауын дамыту;
- Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіруіне мақсатты түрде бағыт беру;
- Музыкамен шұғылданған баланың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу.
Музыка сабағы-оқытушының шығармашылығына негізделген өнер саба-
ғы. Өнер сабағы болғандықтан да оқытушының әрі өнерлі, әрі шебер ұйымдастырушы, бар жақсылықтың, әсемдіктің ұйытқысы болғаны абзал. Педагогикалық-психологиялық заңдылықтар негізіне сай етіп, оқушылардың қабылдауына жас ерекшелігіне қарай білім мен тәрбиенің біртұтастығының іске асырылуын оқытушы қамтамасыз етуі қажет. Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану: сөздік (баяндау, түсіндіру, әңгімелеу), көрнекілік (музы-калар, иллюстрациялар, диафильм, бейнефильмдерден үзінділер), көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би қимылдарын көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында жағдаяттар туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері ретінде іскерлік ойындар жүргізу, т.б. оқытушының іс-тәрбиесі мен шүығармашылығынан туындайтын оқыту тәсілдері, әдістері сабақ үрдістеріне оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылар мен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді.
Жалпыға білім беретін орта мектептердің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыс-тыра жүргізу басты назарда болуы қажет. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңды-лық-тарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқымыздың көркемдік-рухани мәдениетін, өнердегі салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығарма-шылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдарымен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқа-расты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы қазақтың ұлттық тәрбиелік мәнін қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні - өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Қоғам дамуының әрбір кезеңінде эстетика мен көркемөнер, әсемдік пен тоғышарлық, трагедиялық пен комедиялық туралы өз ұғым-түсініктері қалыптасып, олар жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, әділдік пен әділетсіздік туралы ұғымдармен біте қайнасып отырғаны мәлім. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасы халықтарының, оның ішінде қазақ халқының мәдениетінің, халықтық-музыкалық шығармашылығының қалып-тасу және даму тарихына азды-көпті тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәнінің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнердің тәрбиедегі ролі оның мәнімен, оның өзіндік атқаратын қызыметімен анықталады. Себебі, өнер өмірдің көркем образда бере отырып, адамның оны танып-білуіне, рухани баюына, дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер тұтас алғанда рухани мәдениеттің өзегі болып саналады.
Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі ғылыми-зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымен бізге келіп жеткен көркем шығармашылық элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады. Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмысында қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының алатын орнын түсіндіре білу және музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриоттық сана сезімін, музыкалық - эстетикалық, көркемдік талғамын қалыптастыра білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет