1. Білімділік: Ақан сері әндерінің өз өмірімен байланысты туралы айту. Оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ән иірімдерін дұрыс ести білу, мело-диялық ерекшеліктерін сезіну қаблттерін дамыту, әнді жұрыс орындауға машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушы бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, практикалық жұмыс , өзбетімен жұмыс істеу, ішінара іздену, ән айту, музыка тыңдау.
Оқытудың техникалық құрал–жабдықтары: графопроектор, магнито-
фон, касет - дискалар, домбыра, баян.
Көрнекіліктері:Ақан серінің портреті, оқулықтар, үлестірме қағаздар, сөзжұмбақ және тапсырмалар жазылған слайдтар, тірек сигналдары.
Музыкалық жұмыстар: Ақан сері әндері «Қараторғай», «Құлагер», « Балқадиша».
Сабақ барысы: Сабақтың эпиграфы ретінде «АҚАН СЕРІНІҢ СӨЗІНЕН ӨМІР СҰЛУ» деген М.Жұмабаевтің сөзі алынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша негізгі сұрақтарды слайдқа жазып көрсету.
1. Ақан сері Қазақстанның қай аймағының әншілік мектебінің өкілі?
2. Ақан сері қай жерде, қай жылы дүниеге келді ?
3. Ақан серінің азан шақырып қойған аты.
4. Ақанның жүйрік аты мен қыран бүркітіне арнап шығарған әндері қалай аталды ?
5. Ақанның қандай әндерін білесіңдер ?
ІІІ. Бекіту сабағының мақсатын айту.
Ақан әндерінің шығу тарихы мен ерекшіліктері туралы айта отырып, алған білімдерін кеңейту.
ІҮ. Оқушы білімін жан–жақты тексеру.
Топтық жұмыс.
1. «Адасқан әріптер» ойны.
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қаблеттерін жетілдіру, байқампаздық логика-лық ойлау қаблеттерін жетілдіру.
Оқушылардың танымдық–қызығушылық қаблеттерін дамыту, сөйлеуге, ой жүгіртуге, дәлелдеуге үйрету.
1 – тапсырма а) Көп адамдардың бірігіп ән айтуын не деп айтады ?
ә) Музыкалық ладтың неше түрі бар ?