1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М108 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (Химия ғылымдары, Физика) Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Нанотехнология негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
Тақырыптың мазмұны
Қиындық деңгейі
Тап сыр малар саны
1
Нанотехнология негіздері бойынша жалпы сұрақтар Құрылымдық сипаттамалары бойынша наноматериалдар мен нанобъектілердің классификациясы. Нанообъектілердің құрылымдарының ерекшеліктері. Нанообъектілер мен наноқұрылымдардағы кванттық-өлшемдік эффекттер. Наноматериалдарды синтездеу әдістерінің классификациясы.
A, B
2
2
Нанотехнология тарихы Ғылымдағы негізгі жетістіктер, нанотехнологияның дамуы мен пайда болуына үлесін қосқандар. Наноғылымдағы кілт ашылымдар. Нанообъекттерді идентификациялау әдістерінің дамуы.