Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы мәнісін талдап жазыңыз



бет21/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
23. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы мәнісін талдап жазыңыз

«Сегіз аяқ» өлеңі – қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының қазақ өлеңіне қосқан жаңалығы. Ақынның аталмыш өлеңінің құрылысы басқа өлеңдерінен өзгерек болып келеді. Өлеңнің құрылысы күрделі болғанымен, мағынасы өте терең. Қазақтың бас ақыны бұл өлеңі арқылы өз заманындағы келелі мәселелерді көтеріп, адам баласының бойындағы мінездерді де аямай сынайды.


Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде, - деген жолдар арқылы ақынның өз заманындағы, өз қоғамындағы замандастарының бойындағы кемшіл мінездеріне, осал тұстарына ашынғандай кейпін байқай аламыз.
«Ұятсыз,арсыз салтынан, қалғып кетер артынан» - деп кім болса соның, не болса соның жетегіне еріп кететін, өзіндік жеке пікірі мен ойы жоқ адамдардың надандығын мінейді ақын. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды - әдеті надан адамның» - деген жолдар арқылы да басында ми, өзінде ой жоқ адамдардың селқостығын аямай сынға алады.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны, - деп бүгінгі қоғамдағы, әр замана қауымдарының, түрлі дәуір өкілдерінің, жалпы адамзат атаулының бойына дерт боп жабысқан өсекшілдікті құмарлыққа тең көріп, өсекшіл адамдарға деген теріс пікірін ашық түрде жеткізеді.
Ақынның дәл осы өлеңінде адам бойында кездесетұғын кесел мінездердің барлығы дерлік көрініс тауып, барлығы дерлік ақын тарапынан пікір алған. Сондай мінездердің бірі – кекшіл адам келбеті. Бірін бірі көре алмаушылық, іштарлық деген мінездер, қасиеттер адамдарда өте жиі кездесіп отырады. Ақын бұл мінезге аталмыш өлеңінде:
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл, - деп болашақ ұрпағын кекшілдікке емес, көпшілдікке шақырады.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын көзің ашылмас, - деп Абай өтіріктің, ұрлықтың түбінің қорлық екенін оқырманына лайықты деңгейде жеткізе біледі. Бүгінгі қоғамда да осы мәселенің, ұрлықтың қоғамдағы мәні актуалды. Себебі, ірі-ірі мегаполистерде, аудан орталықтарында, қарапайым көшеде жүргеннің өзінде ұрлық жасап жататын жайттарға куә боламыз. Бірақ ақын осындай жолмен мал табамын деп ойлаудың бекер екендігін, ұрлықтың түбінің қорлыққа соқтыратынын дәлелдеп көрсетеді. Бұл мәселе ХІХ ғасырда Абай өлеңінде қоғамдық мәселе болып көтерілсе, қазіргі уақытта да өз маңызын жоғалта қоймады.
Ақынның осы өлеңінде көтерген тағы бір мәселесі – «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Ия, бүгін де бұл мәселе қазақ қоғамында өзекті. Тамағының тоқтығы, көйлегінің көктігі адам баласын аздыратыны, жұмыссыз, еңбексіз мал табу – ең берекесіз дүние екені Абай философиясының түпкі мәні іспетті.
Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұляы өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде адам баласының бойындағы кеселді мінездерді аямай сынға алып, болашақ ұрпағын, келешек қазақ қоғамын осындай кеселді, дертті мінездер мен әдеттерден аулақ болуға шақырады. Десе де, Абай айтқан, Абай сынаған мінездер, өкінішке орай, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда да өзінің қоғамдық мәнін жоя қоймаған проблемалар қатарынан бой көрсетуде...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет