Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан бағалап жазыңыз



бет23/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
25. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан бағалап жазыңыз

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің әлемдік әдебиетке тарту еткен шедеврларының алды –«Абай жолы» роман эпопеясы. Романда басты кейіпкер, қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмір жолы ғана бейнеленіп қоймай, тұтас бір қазақ қоғамының жай-күйі, қоғамдық мәселелері, халықтың ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлері, этнографиясы көрініс береді. Роман жазылған уақыттан бері өте жоғары деңгейде бағаланып келді, қазақ әдебиетін әлемдік өркениетке шығарды, сондай ақ осы романның әлемнің 100 ден астам тіліне аударылуы да «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ халқының өміріндегі, мәдениеті мен әдебиетіндегі орнын айшықтап бергендей. Романға өте жоғары баға бергендердің бірі әрі бірегейі – ұлттық индустрияның атасы – Қаныш Сәтбаев. Ғалым аталмыш романды «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалағанын барлығымыз дерлік білеміз. Олай болса, «ғалым Қ.Сәтбаевтың пікірімен қаншалықты келісуге болады? Расымен де аталмыш роман бір ғасырлық халық өмірінің энциклопедиясы бола алды ма?» - деген сауалдарға жауап беріп көрейік.


Қаныш Сәтбаевтың романға бір ғасырлық ауыр жүкті арта салуы да тегіннен емес. Себебі, роман расында да ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы. ХІХ ғасырда өмір сүрген Абайдың ғана емес, Абай айналасында өрбіген қазақ қоғамының хал-күйі, мән-жайы аталмыш роман арқылы қалың оқырман қауымын өткен ғасырмен байланыстырады.
Біріншіден, романда ХІХ ғасырдағы қазақ ауылындағы салт-дәстүрлер, этнографиялық көріністер жиі ұшырасып отырады. Атап айтар болсақ, Абай мен Ділдәні шақалақ күнінен бастап атастырып, ос перзент туыла салып бел құда болған Алшынбай мен Құнанбайдың уақыт өте келе, балалар өсе келе бұрынғы уәделерін ұмытпай, серттерінде тұрып, жастардың басын қосуынан да қазақтың өзіне тән салт-санасы көрініс береді.
Екіншіден, қазақта өлген адамның әруағының тыныш болуы үшін берілетін исламдық салт-дәстүрдің бірі – қонағасы. Абайдың Бөжей асын толығымен өз мойнына алып, Тобықтыда бұрын соңды болмаған ұлан асыр ас беріп, 300 адамды қамтып, Бөжей әруағына құран бағыштауы да қазақтың дәстүрлі салт-жоралғыларының бірі.
Үшіншіден, бай мен кедей таласы да сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы өте актуалды мәселелердің бірі болды. Айталық, кедей жатақ Дәркембайлар мен бай дөкейлер Тәкежан, Ысқақ, Майбасарлардың арасындағы таптық күрес ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының бір бейнесінен көрініс береді.
Төртіншіден, Біржан салдың Абай ауылына келіп, жастардың,сал-серілердің Абай ауылында 2 айдан астам уақыт серілік құрып, жас бозбалалардың серілік құруы, таңды таңға жалғап ән-өлең айтуы да қазақ ауылындағы көз сүйсінер көріністің бірі болып елестейді.
Бесіншіден, ХІХ ғасырдағы қазақ ауылындағы болыс сайлауы, сайлаудағы әділдік пен әділетсіздік мәселелері, бай мен кедей күресі – қазақ қоғамындағы маңызы терең проблемалардың қатарынан болды. Сол себепті де, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жоғарыдағы пікірімен толықтай келісуге толық негіз бар.
Қорытындылай келе, «Абай жолы» роман-эпопеясы расымен де ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының айнасы, қазақ ауылының мүлтіксіз бейнесі, ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының төлқұжаты. Себебі, автор сол дәуірдің әрбір оқиғасын Абаймен байланыстырып жазу арқылы бүкіл қоғамның бейнесін жоғары деңгейде ашып көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет