Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


О.Бөкейдің «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?



бет18/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
20О.Бөкейдің «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?
Оралхан Бөкейдің «Атау кере» атты повесі – бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғап, адамдар арасындағы қарым-қатынас төңірегінде оқырманды ойға батыратын таңдаулы шығарма. Повес сюжеті елден жырақ, таудың басында жалғыз-ақ үйде тұрып жатқан Ерік пен Айна, Еріктің анасы Нүрке(ұлты – орыс, діні - мұсылман), Еріктің жолдасы Таған туралы өрбиді. Шығарма кейіпкерлерінің портреті бір-бірімен мейлінше байланыспайды. Шығармада сюжет әрине бар. Бірақ автор шығарманы оқиға желісіне орайлатып емес, адамзатқа тән рухани аштық пен жалғыздыққа бағыттаған.
Ерік үйдің жалғыз баласы болғандықтан, күйеуінен ерте қол жазып қалған ана баласын «тірегім» деп қарап, болашағынан зор үміт күтеді. Бірақ Ерік ана алдындағы перзенттік борышын ақтай алды ма? Соны талдап көрейік.
Ерік – шығармадағы басты кейіпкер. Ерік ұнамды кейіпкер образын көрсетпейді, қайта оның маскүнемділікке салынса да терең ойлап, ұшқыр сөйлейтін досы Тағанның ақылы көп, мақсаты айқын. Себебі Еріктің бар есіл-дерті – ақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық болу. Дүниеқоңыздыққа салынып, атадан қалған омарта шаруасын жандандырып, көп байлыққа кенелуді ойлайды. Үйде үміт күтіп отырған қарт ана мен махаббат пен мейірімге душар әйелінің жағдайы Еріктің түсіне де кіріп шықпайды. Ақша мен дүниенің артынан ерген жанды отбасы, жақындар қайдан қызықтырсын?
Еріктің перзенттік борышын ақтай алмауының екінші себебі – Нүрке ананың өзі. Кезінде махаббаттың буымен тілін де, дінін де білмейтін қазақ жігітпен қол ұстасып, ата-ана қарғысына ұшырағанын қайда жібереміз? «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». Шығарманы оқиы отырып, осы ойдың дұрыстығына көзім жетті. Нүрке ана әке-шешесінің теріс батасымен жат жұртқа тұрмысқа шықты, көп ұзамай ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Өзің үшін дұрыс бағыт, дұрыс жоды таңдасаң да, әке-шешең қаламай тұрса, мұның соңы жақсылықпен аяқталмайды.
Үшінші себеп – кейіпкердің адам ретінде өз мақсатын айқын білмеуі, рухани құндылықтардың мәнін түсінбеуі. Әйел заты ер адамға қарағанда ақылдырақ келеді, мақсаты да өзге. Әйел тұрмыс құрып, сүйгенімен қосылған соң, көп ұзамай бала көтеруді қалайды. Ана баласын аяққа тұрғызып, үйлендірген соң, немеренің тәтті иісін иіскеп, бала даусын аңсайды. Ата-анаға баланың жетістігі мен дұрыс тәрбие, адамдығынан артық ештеңенің керегі жоқ. Бірақ бұл оны түсіне қоймаған, түсінуге тырыспаған да Ерікке тән қасиеттер емес. Шығарма көп жанды ойландырады, толғандырады, бағыт береді. Ерік сияқты болмауға, ата-ана алдында перзенттік борыштың рөлінің жоғары екендігін үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет