Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Б.Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз



бет26/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
28. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – советтік замандағы қазақ халқының рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған, қазақ әдебиетіне соны құбылыс болып енген шығарма. Бұл сөзімді Н.Айтұлының «Өмірзая» романы – кеше ғана басымыздан өткен күрделі өмірдің айнасы» - деген пікірі нақтылай түседі. Роман атауының «Өмірзая» аталуы да тегін емес. Өмірзая – босқа өткен уақыт, ал уақыт ішіндегі құрбандық ғұмыр деген мағынаны береді. Автор Б.Мұқай романның бас кейіпкері – Аяғанның басынан өткен оқиғалары арқылы құрбандық ғұмырдың белгісін береді. Қалың оқырман қауымды «аталмыш романдағы тарихи кезең шындығы қандай?» - деген сауал толғандыруы мүмкін. Ендеше, осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романының желісі ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы оқиғаларды қамтиды. Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында шәйіт болған алып тұлғалар туралы жазбақ түгіл, айтуға тыйым салынған кезеңде бабалар рухына арнап еңбек жазып, әділдікті іздеген, сол кездегі ұлттық мұрамызды тарихи шындық тұрғысынан қорғауға ұмтылған қос тұлғаның ауыр тағдыры арқылы 80 жылдардағы қазақ қоғамының бейнесін айшықты түрде көрсетіп береді.
Романдағы тарихи кезең шындығын сөз еткенде біз қазақ теңдігі үшін шайқасқан батыр бабамыз Кенесары хан туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлын есімізге аламыз. Алдияр Ақпанұлы Кенесары Қасымұлы туралы диссертация жазамын деп сол кезеңде нелерді көрмеді? Нені басынан кешірмеді? «Мемлекетке қайшы» деген жалған жаланы арқалап, университеттегі жұмысынан босатылмап па еді? Сондағы ұлы баба рухы үшін шыр-пыр болған Алдияр Ақпанұлы шығарманың соңына дейін әділдіктің шырақшысы болады, соңғы деміне дейін Кенесары туралы еңбегін жазып бітіруді мақсат тұтып, бұл мақсатына да жетеді.
Кенесары Қасымұлының ұлы – Сыздық Кенесарин туралы еңбек жазған, Алдияр Ақпанұлының төл шәкірті Аяған қандай қиындық көрмеді? Нені басынан кешірмеді? Тарихи тұлға туралы еңбек жазып, үнемі әділдікті жақтаған аталмыш кейіпкер ғұмырында ауыр да азапты күндерді басынан кешіреді, ұстазы жүрген жолмен жүріп, ұстазы жеген опықты Аяған да жейді. Талай мәрте түрме көріп, талай жендеттердің соққысын алып, ауыр да азапты ғұмыр кешеді. Бұл романдағы басты кейіпкерлер – күрескер тұлғалар. Әділдік үшін арпалысқан алып тұлғалар сол күйінше әділдікке қолжеткізе алмайды. Сонау замандардағы Кеңестік идеологияның саясаты қазақ халқын талай есімдерден, талай бабаларымыздан айырдЫ. Бұл кезеңдегі бар шындық сол – Кеңес тұсындағы мықты қазақ азаматтарының атын атауға тыйым салып, олар туралы жазуға кесе көлденең тұрып алды. Осының барлығы қазақ үшін қан төккен батыр ұландарымыздың есімдерінің ұмытылып, елі үшін маңызын жойғанын қалаудан туындаған идея іспетті.
Қорытындылай келе, Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – қазақ әдебиетіндегі күрделі мәселелерді қамтыған үздік туынды. Аталмыш роман Кеңестік дәуірдің ащы шындығын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мақсат-мүддесі арқылы танылып, гуманизм, адамгершілік мәселелері шындық заңдылықтарына сәйкес бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет