Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


«Ұлы Даланың жеті қыры - тарих пен болашақтың алтын көпірі»



бет8/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
9. «Ұлы Даланың жеті қыры - тарих пен болашақтың алтын көпірі»

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы - төл тарихымыз бен мәдениетімізде маңызы зор өрнектері бар мәселелерді, тақырыптарды көтерген құнды дүние. Бұл мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы қазақтың төл тарихын, бағзы заманнан келе жатқан мәдениетін, мәдени құбылыстарын жіктей келе, тарихи сананы жаңғырту мәселесін алға қояды. Аталмыш мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспетті. «Мақала бізге не береді, Ұлы Даланың жеті қыры біз үшін құнды ма?» - деген сауалдарға жауап алу үшін мақаламен танысып, айтылған дүниелер туралы сөз етейін.


«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Мақаланың алғашқы бөлімі атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны атты жеті тақырыпты көтерсе, екінші бөлімінде архив-2025, Ұлы Даланың ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі, Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі атты тақырыптарды қамтиды. Жоғарыда байқағанымыздай, Елбасы осы кезеңге дейін қазақ үшін, қазақ халқының мәдениеті және тарихы үшін ерекше маңызға ие болып келген тақырыптарды қоғамдық сананың жаңғыруы жолындағы басты нысана етіп алады.
«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде қазақтың салт дәстүрлері сөз етіліп, ұлтымыздың рухани мәдениетінен көрініс береді. Атқа міну де қазақ үшін мәдениеттің бір түрі болып саналған. Төрт түліктің ішінде қазаққа ең қадірлісі саналатын жылқы – ата-бабаларымыздың жан серігі, айырылмас досы болған. Атқа міну мәдениетін қалыптастырған халық – қазақ халқы. Есік қорғанынан табылған, тарихтағы ең құнды жәдігеріміз – Алтын адам, Батыс пен Шығысты жалғаған Ұлы керуен – Ұлы Жібек жолының қазақ жері арқылы өтуі, сол замандардан белгілердің қалуы, халқымыздың ежелгі металлургиясы, аң стилі, бәрі-бәрі тарихтан болашаққа сапар шеккен, өшпес, өлмес, ұмытылмас ұлы мұраларымыз. Қазақтың кім екенін, қандай халық екенін танытатын бірден бір дүниелер – осы мұраларымыз. Сол себепті де, дәл осы ұлттық құндылықтарымыз – тарих пен болашақты жалғайтын алтын көпір .
«Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімде сөз етілген «Архив -2025» бөлімі туралы автор былай дейді: «ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын». Елбасы дәл осы бағдарлама арқылы әр қазақстандықтың туған тарихын біліп, өз тарихын мақтан ету қажеттігі, өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру туралы, тарихшылар жинастырған барлық мәліметтер барлығына қолжетімді болу үшін цифрлық форматқа ауысуы қажет деген идеяны алға тартады. «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-энциклопедиялық саябағын ашу мәселесін, қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне ерен еңбектері сіңген сом тұлғалар жайлы сериялдар түсіру мәселесін негіз етіп алады. Сондай-ақ, Түркістанды дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін арттыруға жұмыстану, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру,ұлы даланың фольклоры мен әуендері жаңа, цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуы қажет деп, өткеннен болашаққа бастайтын нақты нақты қадамдарды анықтап береді.
Қорытындылай келе, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – тарих пен болашақтың алтын көпірі. Себебі, қазақтың тарихы, қазақ халқының осы уақытқа дейін басынан кешкенауыртпалықтары, қазақ халқы халық болып құрылғалы бері қалыптастырған төл мәдениетіміз ешқашан ұмытылмақ емес. Ал Елбасы мақаласы - өткен тарихымызды болашақтың ығына икемдеп, тарихи санамыздың, төл мәдениетіміздің жаңғыруының негізгі кепілі деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет