Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбынды эссе



бет9/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

10.Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбынды эссе
Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Тек Қазақстан емес, бұл індет әлемнің қай-қайсы елінде болса, сол елдің қасірет шегері хақ.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек» - деп сыбайлас жемқорлықпен күрестің мән-маңызына тоқталып өткен болатын.
Негізі «сыбайлас жемқорлық», «пара» деген ұғымдардың астарын ашып, мән-мағынасына үңілер болсақ, бұл ұғымдар сонау сан ғасыр, сан мың жылдар бұрын пайда болғанын тарих дәлелдейді. Бұл жөнінде біз мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ғұлама ғалымдарымыздың еңбектерінен кездестіре аламыз. Мысалы: ІХ ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат» атты еңбегінде де дәл осы тақырып сөз болады. Әбу-Насыр әл-Фараби белгілі трактатында қайырымды қала деген қандай қала екенін, қаланың қандай түрлері болатынын, әділ басшы деген кім және қала басшысының бойында қандай қасиеттер болуы қажет, сондай-ақ қоғамдағы әділетсіздік, жемқорлық сынды күрделі проблемаларды қалай шеше білу керектігі жайлы сөз қозғайды. Одан беріректе бұл тақырып басқа да түркі ойшылдарының еңбектерінде бірен-саран көрініс беріп отырған болатын.
ХVIII-ХІХ ғасырлар ширегінде де қазақ қоғамы сыбайлас жемқорлықтан ада бола қоймаса керек-ті. Біз бұған сол кезеңдерде халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, қоғамдық проблемаларды қара сөзбен жеткізген белгілі ақындарымыздың шығармалары арқылы көз жеткіземіз.
Қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны – Абай Құнанбайұлы қоғамдағы жемқорлық жайын назардан тыс қалдырмаған тұлғалардың бірі. Ақынның осы тақырыпқа жазған өлеңдерінің бірі – «Жаңа закон» өлеңі. Бұл өлеңде сол дәуірдегі қазақ қоғамындағы жемқорлық, рухани құлдырап бара жатқан ел тағдыры туралы ойлар ақынның көзқарасы арқылы түйінделіп жазылған. Осы өлеңдегі мына жолдарға назар аударып көрелік:
Қазы, майор, тілмаш пен казак-орыс,
Елді иттей талмасын мазаққа деп.
Түзетемін десе де қазақ халқын,
Іштегілер көп білмес елдің парқын, - дей отыра, халықтың қазы, майор, тілмаштарға қаналып отырғанын қоғамдық әділетсіздіктің үлкен белгісі етіп көрсетсе:

«Ұрды, соқты,талады, пара алды деп,


Қор боларсың өтірікке есің шығып» -деген жолдар арқылы да Абай өлеңдерінің өзегі болған тақырып – сыбайлас жемқорлық екенін байқай аламыз.
Бұдан өзге Абайдың «Болды да партия», «Болыс болдым, мінеки», т.б өлеңдері ертеректегі қазақ қоғамындағы жемқорлықты, парақорлықты аяусыз сынайтын туындылар болып табылады.
Дәл осы тақырып қазақ әдебиетіндегі зар заман ақындарының шығармашылығында да жиі кездесіп отырды.
Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым – деген жолдарынан Дулат Бабатайұлы Ресей отарлауында болған қазақ халқына жасалған әділетсіздіктер, билер мен бектердің әділетсіздігін, парақор, жемқорлығын осы өлең жолдарымен ақ таныта алды деуге негіз бар. Демек, сыбайлас жемқорлық мәселесі мұнда туған мәселе емес, қазақ қоғамында ертеден ақ ізін салған індет екенін байқаймыз.

Сыбайлас жемқорлық қоғамды әділетсіздікке ғана ұрындырып қоймай, елдің экономикалық жүйесінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, экономикамыздың дамып, жетілуіне кереғар әсерін тигізеді, халықаралық деңгейде елдің жағымсыз иммиджін қалыптастырады.


Бүгінгі таңдағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық, алыс-беріс жағдайы қандай? – деген сауалға жауап іздеп көрейік.
2020 жылдың тамыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізген болатын. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айта келіп, осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар мен жұмыстар жөнінде де тілге тиек еткен-ді.
«Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан, яғни 820-дан 912-ге өскен. Transparency International ұйымының 2019 жылы өткізген сауалнамасының қорытындысы бойынша азаматтардың 28,7 пайызы мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды сыбайлас жемқорлықтың ордасы деп атаған» - деген статистикалық деректер келтіріп, ауруханалардағы сыбайлас жемқорлықтың дендеп тұрғанын хабарлады. Ақ халатты абзал жандардың сыбайлас жемқорлық шеңберіне ең жақын маман иелері қатарынан болуы президенттің сөзінше, пандемия шарықтау шегіне жетіп, дәрі жетпей жатқаннан кейін ғана пайда болды деген көзқарас бар. Сыбайлас жемқорлықтың маңызды ошағы саналатын мекеме орындары ретінде жоғары оқу орындарын, колледждерді, сондай-ақ мектептерді атауымызға болады. Оқуға, я жұмысқа қабылдану үшін парамен ұсталып жататын қызметкерлерді екі күннің бірінде көз көріп, құлақ естіп жататыны да жасырын емес.
Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жасап жатқан барша ұйым, мекеме, т.б жұмысына жаңа серпін беруқажет. Жемқорлықпен күрестегі бейқамдық пен әрекетсіздік халық наразылығын тудырушы маңызды факторлар болып табылады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, қоғамға мүлде пайда әкелмейтінін естен шығармағанымыз абзал. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлемнің әр түкпірінде әр түрлі деңгейде жүргізіліп отыр. Әлем кеңістігінде сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық елдерге бірдей пайда беретін арнайы механизм жоқ.
Жемқорлықпен күресте әр мемлекеттің қолданатын әдіс-тәсілдері ерекше болып келеді.
Осыған орай, біздің елімізде де бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның негізгі мақсаты – мемлекет ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін арттыру және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегияда белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың басты бағыттары:

  1. мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

  2. қоғамдық бақылау институттарын енгізу;

  3. құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау;

  4. жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру,т.б бағыттарды қамтиды.

Сөзімізді түйіндей келе, сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екендігін әрбір азамат пен азаматшалар түсініп, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы қажет деп ойлаймын. Әл-Фараби аңсаған қайырымды қаланы, кемел мемлекетті қалыптастыру үшін қоғамда, елде болмауы керек бір маңызды дүние болса, ол – жемқорлық. Қасым-Жомарт Тоқаевша айтсақ, «сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу». Сыбайлас жемқорлық толықтай қазақтың қоғамына, одан қанына сіңе бастаса, ұлт ұлт болудан, ел ел болудан қалатыны хақ. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу - әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет