Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


«Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел»



бет10/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
11. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел»

Қазақ халқы тәуелсіздік алған кезеңге дейін талайлаған сүрлеу-соқпақтарды басынан кешірді, талай-талай тарихтың сындарынан өтіп, талай-талай азапты да ауыр, қиын да қасіретті, зұлмат замандарды басынан кешірді. Қазақ тәуелсіздікке оңай қол жеткізген халық емес. Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап қалу – одан да қиын дүние. Тәуелсіздік жолында ұзақ сапар шеккен ұлы халықтың алдындағы ендігі басты мақсат, басты мүдде – мәңгілік ел атану, елдігімізді, тарихымызды, ұлттық мәдениетіміз бен төл әдебиетімізді, салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды мәңгілік дәуір көшіне жөнелту еді. Бүгінде қазақ деген халықтың ұлттық ұранына айналған «мәңгілік ел» идеясының маңызы қандай деген тақырыпқа ой қорытып көрейін.


«Мәңгілік ел» идеясы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері ғана пайда болған идея емес. Бұл идеяның кірпіші сонау сан ғасырлар бұрын, Күлтегін, Тоныкөк заманында айтылған, көтерілген, негізі қаланған. Бұған түркі мұраларын зерттеуші Қаржаубай Сартқожаұлының «Мәңгілік ел – түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» - деген сөзі дәлел бола алады. Демек, осы арқылы қазақ халқының 13 ғасыр бұрын мәңгілік ел болуға, елдікті, тәуелсіздікті берік ұстауға, бірлікті сақтауға ұмтылған халық болғандығын байқаймыз.
Тәуелсіздік алған дәуірден бергі кезеңде де бұл идея жаңа тыныс алып, жаңа деңгейде көтерілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы 2014 жылы жарияланды. Бұл идея – Н.Назарбаев бастаған, барлық қазақстандықтардың бірегей миссиясына айналған бағдарлама. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мақсаттары мыналар:
-ақылмен, ата-баба жолымен алған, талай боздақтардың қанымен, ержүрек ағалардың жанымен келген тәуелсіздікті сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру;
- адалдық және патриотизмге жастарды тәрбиелеу;
- зайырлы қоғам және руханият;
- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтау;
- Қазақстан жастарының білім мен дағдыларының өсуі, тұлғаның әлеуметтік дамуы, бәрі-бәрі осы идеяның ең басты құдылықтары болып саналады.
Қорытындылай келе, «Мәңгілік Ел» идеясы – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырының тереңге жайылуына ұйытқы болатын, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен рухани мұраларымыздың жаңа сатыға көтеріліп, дамуына әсер ететін, мәңгілік мүддеге ұмтылған халықтың ұлттық идеясы. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдындағы ең бағалы әрі басты құндылығымыз – егемендігімізді сақтап, Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету – біздің азаматтық парызымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет