Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Ғалымдардың ашқан жаңалықтары жалпыадамзаттық құндылыққа жата ма? Ғылым мен құндылықтың сабақтастығын көрсетіп жазыңыз



бет29/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

32. Ғалымдардың ашқан жаңалықтары жалпыадамзаттық құндылыққа жата ма? Ғылым мен құндылықтың сабақтастығын көрсетіп жазыңыз

Ғылым мен құндылық. Екі сөз екі түрлі айтылып, екі түрлі естілуі мүмкін, бірақ екі ұғым бір бірімен өте тығыз байланысты. Ғылым мен құндылықтардың арақатынасын талдамас бұрын, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы сөз етейік. Жалпыадамзаттық құндылықтар, барлығымыз білетіндей, жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды. Біз осы уақытқа дейін адам бойындағы адамгершілік құндылықтарын, тәрбие құндылықтарын, рухани-адамгершілік құндылықтарды өте жоғары орынғ ақойып келдік.Бірақ адам бойындағы рухани құндылықтардан да бөлек айналамызда өзге де құндылықтар бар екенін, өмір сүретінін бірде білсек, бірде білмей, бірде байқасақ, бірде байқамай жатамыз. Әсіресе, ғалымдардың ашқан жаңалықтарын жалпыадамзаттық құндылық деп қарастыра аламыз ба, жоқ па, ғылым мен құндылық арасындағы сабақтастық деген мәселелер бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып келеді.


Мен, өз ойымша, ғалымдардың ашқан жаңалықтарын жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастыруға болады деген идеяны алға тартқым келеді. Себебі, ғалымдар ашқан жаңалықтар – қоғамдағы, тіпті ғаламдағы сирек құбылыстар болып саналалды. Өйткені, жаңалық ашу, елде жоқ нәрсені ойлап табу, ешкім айтпаған пікірді айтып, дәлелмен дәйектей білу екнің бірінің қолынан келетұғын дүние емес. Мысалы, ғылымдағы жаңа бір теорияны ғалымның ашуы, оны ізденіп, талдап, дұрыстығына өзінің көзін жеткізіп, кейін басқаларға жария етуі – құндылықтардың ең асылы – білім құндылығы емей немене?
Қарапайым ғана жазуды алып қарайықшы. Сөз жоқ адам баласының өмірінен ойып тұрып орын алар бір құндылық болса, онда ол - осы жазу. Алғашқы кездегі адамдар арасындағы қарым-қатынас бәрімізге аян. Қалай жазу, сызу басталды, солай адамзат өркениеті дамыды, әлем, ғалам дамыды. Жазу, сызусыз өмірімізді, жалпы дүниені елестету мүмкін емес. Білім-ғылымның ұйытқысы болып отырған жазуды да адамзат ойлап тапқан. Қалай ғана бұл жаңалықты құндылық дей алмаймыз?!
Қағаз. Бір дәуірдің атауын осы сөзге берсек болады. Себебі, қағаздың қандай қажеттіліктен туындағанын біліп көріңіз. Ең алғашқы қағазды қытайлар ойлап тауыпты. Қағазсыз күні бүгін бір тірлігіміз өнер ма еді? Жоқ, әрине. Демек, ғалымдардың бүгінгі ашқан жаңалықтары былай тұрсын, сан ғасырлар бұрынғы, ақпараттың дамымаған дәуірінде пайда болған дүниелердің өзі адам өміріне байланған құндылықтар ретінде танылып отырғанда, бүгінгі ғалымдардың жаңалықтары әлемдік деңгейдегі, адамзат қауымының түгеліне дерлік пайда әкелетін құндылықтар екені сөзсіз.
Қорытындылай келе, ғалымдардың ашқан жаңалықтары жалпыадамзаттық құндылықтардың ең озық үлгісі екені сөзсіз.

33. Б.Соқпақбаевтың «Біз де бала болғанбыз» шығармасындағы балалар өмірі мен қазіргі заманғы балалар өмірін салыстырып жазыңыз.
Балалардың сүйікті жазушысына айналып, шығаралары оқырман қауым көңілінен жиі шығып жүрген жазушының бірегейі – Бердібек Соқпақбаев. Бердібек бәрімізге танымал, бір ғасыр өтсе де, оқырманын жалықтырмайтын «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Ергежейлілер елі», «Қайдасың, Гаухар?» сынды керемет туындыларды жасаушы. «Балалар әдебиеті» деп аталса да, не себепті бұл шығармалар көптің кжүрегінен орын алады? Себебі, балалық шақ – әр адам өмірінде қамсыз, бейқам,пәк, таза кезеңнің естелігі. Тек сондай шығармаларды оқып, еске түсіріп, аңсап қоймасақ, уақытты артқа шегіндіре алмаймыз. Сондай шығармалырының бірі – «Біз де бала болғанбыз». Аты айтып тұрғандай, балалық кезін еске алып жазған ересек адамдың жазғаны екені көрініп тұр. Бердібек заманының баласы қандай болған? Бүгінгінің баласы ше?
Жазушы С.Шаймерденов: «...Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой»,- дейді. Иә, Соқпақбаевтың бір ерекшелігі сол: шығарманы бірінші жақтан баяндайды және реалистік бағыты басым боп тұрады. Осы «Біз де бала болғанбыз» таңдамалы шығармаларының ішінде «Жекпе-жек» повесі Мұрат есімді бесінші сынып оқитын бозбала жайындағы көркем туынды. Мұрат өскенде боксшы болғысы келеді. Десе де жанындағы достары, жаттықтырушы, ата-анасы «тым нәзіксің,қолыңнан келмейді» деп баланың бетін қайтарып тастайды. Сонда да Мұрат тауы шағылса да, арманынан бас тартпай, табандылығының арқасында мақсатына жетеді. Бұл сол кездің баласының да, қазіргі заман баласының да бойында бар қасиет. Ол кезде балалар кішкентайынан жоқшылық азабын көріп өскен соң, әр дүниенің, әр тиынның, нанның қадірін біледі. Арманына жету қиын болса да, қолдаудың болмағанына, жоқшылыққа қарамастан тайсалмаған Мұрат әрекеті көп балаға үлгі болары анық.
Қазіргі заман – технология мен ақпарат заманы. Кезінде жоқтық азабын тартқан ата-аналар «балам тарлық көрмесін» деп, алдына бар жақсыны үйіп қойған. Қазіргі балалар тамақтың жоқтығын, қара нан мен судың дәмін, туыстардың киімін сұрап алу деген секілді дүниелерді білмейді. Олар амалдың жоқтығынан я ақша тарлығынан армандарынан бас тартпайды. Қазіргі балаларға берілген әр күн – жаңа мүмкіндік, өзі қалаған дүниесіне қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Бірақ табандылық, адал нан, еңбек дегенді ұмытып, ата-анаға сеніп, жиырма төрт сағат телефонға телмірген жасөспірімдерді көрген кезде ішім удай ашып, Бердібек заманының баласынан үлгі алса ғой деп бір сәт армандап кетем...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет