Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның ел тарихында болған шындық екенін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп жазыңыз



бет27/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

29. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның ел тарихында болған шындық екенін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп жазыңыз.
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасы — ел басына түскен азапты күндер мен қолдан жасалған аштықтан қырылған халық тағдырын көрсету, тарихты ұлықтау мақсатында жазылған дүние. Драматургияның прозадан ерекшелігі сол: оқиға көрерменнің көз алдында болып, адамға сол заманға түсіп, халықпен бірге қиналып, солармен бірге жылағандай әсер қалдырады. «Бесеудің хаты» драмасында драматург оқиғаны шынайы түрде жеткізе білген, әр кейіпкердің бар болмысын ашып, шығарманы әсерлі қылуға бар күшін салған.
Шығармаға арқау болған – тарихи шындық. Сонымен тарихқа үңіліп, бір сәт өткенді еске алып көрейікші. Бұл хат 20 ғасырдың 30-жылдары мал басының азайып, адамдардың күнкөрісі нашарлап, жеуге азық таппай, ашаршылыққа душар болғанын жоғары билікке жеткізу мақсатында жазылған. Алаш зиялылары бірігіп, хатты Сталинге жазғысы келеді, онымен бұл ой іске аспай сол кезде қазақты басқарып отырған Голощекинге жазылады. Бұл – бірінші.
Екіншіден, шығармада нақты күн, адам есімдері, жылдар, тіпті кейіпкерлердің аты да шынайы өмірден еш өзгеріссіз түпнұсқа түрінде алынады. Мәселен, мына үзіндіден: «Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды, ... Мүсірепов, Ғатаулин, Дәулетқалиев, Алтынбеков, Қуанышев.» дәлелмен келтірілген нақты фактіні көре аламыз.
Үшіншіден, хатта халықтың тұрмысы, жай-күйі тарихта жазылғандай бүкпесіз айтылады. Қазақ ауылындағы кеңестік қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орта ауқатты жандарды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы баяндалды.
«Елі үшін жанын пида етіп», тайсалмай хатты жазған, аяғына дейін апарған зиялы қауымның іс-әрекеті – екінің бірі бармайтын батыл қадам, тәуекел. «Бесеудің хаты» драмасы – сол жандардың ерлік,мәрттік ісін өскелең ұрпаққа ұлықтауға арналған шығарма. Бұл хаттан кейін халық тұрмысы жақсарып кетпеді. Иә, үкімет ондағы мәселеге атүсті қарады. Дегенмен осы хат арқылы «қазақ» деген ел өзін танытты. Ел ішінде бұқараны ойлайтын, елді тар қапастан алып шыға алатын қайратты жастардың, білімді жандардың бар екенін дәлелдеді. «Бізден сескеніңдер, түбінде мақсатымызға жетеміз» деген әр қазақтың жалынды айбатын көрсетті.


30. С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлердің көзқарасындағы қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жазыңыз.
Сұлтанәлі Балғабаев – қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері – тіл, руханият, ұлттық мүдде және отбасылық-тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық пьесалар жазған жазушы-драматург. Біз соның «Тойдан қайтқан қазақтар» деген драмасымен таныстық. «Тойдан қайтқан қазақтар» - көзбояушылық, бaстықтың aлдында құрдaй жорғaлaу, сыбaйлас жемқорлық сияқты қоғамдaғы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Бұл шығарма жанры сатиралық драма болған соң, ирония, мысқыл басым боп келеді. Кейіпкерлердің портреті, сөйлеген сөздері, лауазым, атақ-дәрежесіне, киген киіміне қарай оларды бейнелейтін көркемдегіш құралдар да біресе төмен түсіп, біресе жоғары көтеріліп отырады.
Шығарма «Қазақстан» пойызында тойдан қайтып келе жатқан тойшықауым әңгімесінен басталып, оқиға желісі мас болып, қу арақ буымен мақтау сөзге елігіп отырған кейіпкерлер іс-әрекетіне қарай өрбиді. Мұнда оқиға жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің кереғар көзқарасының әсерімен қызық бола түседі. Жел сөзге марқайып, талтаңдап, жер баса алмай келе жатқан Мэлс Әлібаевич пен «... батыр бабамыз ... бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем болды...» деп қойып атақ-дәрежеге бөленіп келе жатқан Асай Мүсеевич сияқты ғалымсымақтар қазіргі қоғамда да өте көп.
Драмада қозғалатын мәселе – әлі күнге дейін күшеймесе, ел арасында сейілмей тұрған проблема. Адамдардың бір-біріне атақ-даңқ үшін жағымпазданып, жылпостануы, ақ суды ішіп қойып, адамгершілік қасиет жайында әңгіме айтып отыратын білгішсымақтар да арамызда жиі кездеседі. Спектакльдегі оқудағы баласына барып келе жатқан билетсіз жолаушы, қап-қап жүкті арқалаған саудагер әйел, жолсерік қыз, пойыз бастығының қимыл-әрекеттері соншалықты шынайы шыққан. Демек, жазушы кейіпкерлердің арасындағы контраст арқылы оқырманға туындыны шынайы жеткізе білген. Бұл – автордың шын шеберлігі. «Драма прозаға қарағанда затты әрі нақты» деп Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, пьесада басы артық сөз, оқиға болмауы керек. Сол үшін көп жағдайда автор кейіпкерлердің образын жасауға ерекше көңіл бөледі. Бұл шығармада оқып отырып, «қап» деп кейіпкерлер әрекетіне қарап, қынжылып отыратын тұсы өте көп, себебі бәрі өмірден алынған дүниелер. Пойызға билетсіз мінген жолаушыдан бастап, «атақ-даңқы» жер жарған Мэлс секілді адамдардың кесірінен қоғам алға жылжи алмай отыр. «Біз» емес, «мен», өзге емес, өзім деп қалған жандары бар да ешқандай қоғам, ұлт болашаққа қадам жасай алмайды. Сондықтан жемқорлық пен әділетсіздіктің алдын алу үшін әр адам өзінен, өз әрекетінен бастауы керек. Билетің жоқ па, пойызға мінбе, арақ көтере алмайсың ба, ішпе, ақшаға құмарсың ба, саясатқа жақындама, көпірме бәдіксің ба, білім қуып,білімділердің дәрежесіне нұқсан келтірме. Әр адам өз бойындағы қасиеттерді жөндеп үйренсе, қоғам түзеледі, себебі қоғам адамнан құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет