Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясын талдап жазыңыз



бет33/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

39. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясын талдап жазыңыз

Ақиық ақын Оразақын Асқардың шығармашылығындағы мағынасы терең, салмағы ауыр туындыларының бірі – «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. 1992 жылы ақын қаламынан төгілген бұл туындысында қоғамдық маңызы зор, өзекті мәселелер басты тақырып ретінде қозғалған. Өлең атауы көрсетіп тұрғандай, «Шетте жүрген бауырларға» атты туындысында автор Отансүйгіштікті, елдікті, туған елге деген махаббатты жырлайды, атақ пен даңқ қуып, дүние қуып шетел асып жүрген бауырларын көк байрақтың астында туған Отанға қалтықсыз махаббатпен қызмет етуге жұмылдыруды үндейді. Олай болса, ақынның аталмыш өлеңінің негізгі идеясын талқылап көрейік.


Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,
Бұрыңдар көшті атамекен жаққа, - деп шет ел кезіп, дала кезіп жүрген қандастарымызды туған елдің түтінін түтетуге шақырады. Кеңестік Республика кезеңінде, қазақтың басынан қара бұлт ауырмаған кезеңдерде елімізден талайлаған бауырларымыздың шет ел асып кеткені тарихтан белгілі. Жоғарыдағы өлең жолдарында айтылғандай, ақын «көштің басын атамекен жаққа бұрыңдар, себебі, қазақ – бүгін тәуелсіз, қазақ – бүгін егемен» - деген идеяны негіз етіп алады.
Ақын өлеңінде көтерілген тағы бір басты идея – «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген идеямен үндесіп келетіндей. «Қожа боп өз жеріңде өз еліңе, не жетсін тер төгуге соны ұғып» - деген жолдардан жат елдің балын жеп, уызына қанғаннан гөрі туған елдің төскейіне тамшыдай болсын еңбегіңді тигізгеннің пайдасы да, сауабы да молырақ екенін байқайтындаймыз.
Оразақын Асқар осы туындысында өз аспаның мен өз туыңның астында, өз ауаңның нәрін жұтып, өз нуыңда ғұмыр кешудің, өз әнұраныңмен оянудың өзгеше һәм ерекше сезім екенін, және барша қандастарымыздың осы бақыттан қапы қалмауын қалайды. Бәріміздің ұйымдасып, қазақтың дербес, бейбіт мемлекетін көркейтуге үлес қосуымызды қалайды. Шетте жүрген қандастарымызды, шетел асқан бауырларымызды құшақ жая кез келген уақытта қарсы алуға даяр екенімізді, атажұрттың қашанда қандастарды тұқымым деп шақыратынын, олар келсе адам түгіл, тау-тасына дейін құшақ жая қарсы алатынын ерекше асқақ пафоспен жеткізеді. Ақын аталмыш өлеңінде шетте жүрген бауырлардың туған елдеріне қайтуларын азаматтық жүрегімен тілегендей болады. Бейбіт елде, туған Отанында өмір сүрудің қандай бақыт екенін қандастарына сан қырынан ашып түсіндіруге тырысып бағады.
Қорытындылай келе, Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі – ақын шығармашылығындағы Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілікті насихаттайтын, туған ел мен туған жердің адам өміріндегі маңызын айшықтайтын туынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет