Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз



бет36/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

42. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
Медеу Сәрсеке – жеті қат жерден қазба тауып, қазақтың тұңғыш геологы атағын иеленіп, металлургия саласына көп еңбек сіңірген Қаныш Сәтбаев секілді біртуар ғалымның жарқын бейнесін қазақ қауымына таныта білген қаламгер-жазушы. Біз оның «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесімен танысып, ғалымның еңбек жолының ауыр да қызықты кезеңдерін оқыдық. Медеу Сәрсекенің өзі жазушылықтан бөлек, инженер мамандығын бітірген. Автордың жас зерттеушінің өмір жолын зерттеуге деген қызығушылығының қайдан пайда болғанын осы жерден байқауға болады. Бұл роман-эсседе тек Қаныш Сәтбаевтың өмірі ғана емес, өмір сүрген кезеңіндегі елдің қал-ахуалы, саяси-әлеуметтік жағдайы, қазақ жеріндегі ғылымның дамуы, саясат басындағылардың әділетсіздігі көрініс табады.
"Қаныш Сәтбаев" роман-эссесі – нақты деректерге толы шығарма. Жалпы шығарма Қаныш Сәтпаевтің өмір жолын баяндайтын 3 негізгі бөлімнен тұрады. Олар:"Баянауыл аясында", "Сібір шамшырағы", "Ұлытау жотасында" . Автордың көп ізденгенін сипаттаудың нақтылығынан және көзге аса қатты байқалмайтын, шағын мәліметтердің өзіне аса зор мән бергенінен байқауға болады деп ойлаймын. Мәселен, жас зерттеушінің Алтынқазған, Күмістөбе, Қорғасынды, Темірші, Жезтөбе деген кен орындарға барлау жүргізуде топонимикалық атауларға мән бергендігін айтады.
Ромaн-эссе ғылыми бағытта жазылғандықтан, Сәтбaевтың қазақ ғылымын қалыптастырудағы еңбегін жазушы шынайы түрде бейнелеп, сол қалпында беруге тырысқан. Мәселен, «Ұлытау жотасында» атты екiншi бөлiмге 1926-1941 жылдар аралығындағы оқиғалар негіз болған. Қаныш Имантайұлының бiлiм парасаты мен қайтпас қайсарлығы Жезқазған кенiшiнiң ашылуы, оның толықтай іске қосылуы жолындағы нақты іс-әрекеттерi негiзiнде баяндалған. Жаңа кен орнын табуда, оны ашуда түрлi кедергілерге жолығып, қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен жеңе жүрiп, өз дегеніне жетуiн Т.А.Кошкинаға жазган хаттары растап отыр.
Сонымен қaтар, aвтор Қаныш атамыздың көзін көргендерден сұхбат алысып, мәлімет жинаған. Қазақстанды жаппай қаулаған 1932 жылғы ашаршылық, ата-анасынан айырылуы, 1937 жылғы зобалаң жолындағы қиыншылықтардан өтіп, пісіп, жетілген жaс зерттеуші бейнесі романда айқын бейнеленеді.
Қaзақтың Қaнышын әлемге танымaл еткен іні шығармашылығы турaлы Қазaқстанның халық жaзушысы Ә.Нұршaйықовтың былай дейді: «Алыпты алып қана арқалай алады, Абaйдай данышпанды Әуезов әлемге танытты. Сәтбаевтың ұлы тұлғасын М. Сәрсеке ұлықтады''. М.Сәрсекенің бұл туындысы Қ.И.Сәтпaевтің шынайы бейнесін халыққа ұсынған ерекше шығарма десем артық айтпағаным болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет