Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет


Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жаз



бет40/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Жаратылыстану-метематикалы ба ытта ы эссе жиынты ы «Адамзат бал

47. Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жаз

«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Иә, бұл сөз бүкіл қазақтың ұранына айналған дана сөз.


Біреулер айтуы мүмкін: сонда білімсіз- ақ ел басқарып, ел ісіне араласа бер дегені ме?!,- деп. Әрине, жоқ. Алаш арысы, нар тұлға Әлихан Бөкейхан ұлтына шын қызмет қылуға дайын әрбір қазақ әуелден ұлттық мінез деген ұғымды қалыптастыруы қажет екенін айтады.
Үркердей шоғырланған азаматтардың басы-қасында болған Қыр баласы Әлихан Бөкейханның қаймана қазақ халқының бағын ашуға қосқан үлесі өлшеусіз. Себебі, ол тоталитарлық жүйенің қыспағымен жанкешті түрде күресті. Халқының қамын, елінің ертеңін ойлаған ел ағасының ұлты үшін туған азамат екені шүбәсіз. Ол 1906 жылдың 8 қаңтарында Тұзқала кентіне таяу маңда тұтқындалып, 4 ай түрмеде азап шеккені мәлім. Сол уақытта Тұрағұл Абайұлы бастаған бірқатар достары оны қашырмақ болады. Елінен, жерінен жырақ кетуді жөн көрмеген Әлихан: «Керегі мен болсам, қашпаймын, абақтыда бір кісі жатқаны жұрт қор болғаннан ыңғайлы», - деп тіл қатқан екен. Бұл – ұлтын шексіз сүйген ұлы перзенттің сертті сөзі. Міне, біз ел ағасының осы бір сөзінен барша ел тұтқаларының айбынын көреміз.
«Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды»,-деген ой айтады Ә.Бөкейханов. Әлихан ғұмыр кешкен ХІХ ғасырда қазақ қазақ билігі толық күйреді, соңғы хандарымыздың бірі Жәңгір құпия жағдайда, ал ат үстінде он жылға жуық арыстандай арпалысқан Кенесары хан бауырлас қырғыз манаптарының қолынан қапияда мерт болды. Хакім Абайды күйіндіретін «бас-басына би болған өңкей қиқым, мінекей алған жоқ па елдің сиқын»,-деген жағдайға жеттік. ХХ ғасырдың бас кезінде, кең байтақ қазақ даласын дүр сілкіндірген түрлі оқиғалар болды, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін аздаған үміт оты оянды, «оян, қазақ» деп атой салған алаш ардақтылары партия құрып, үкімет орнатты. Әлихан Бөкейханов сынды тұлғаны Көшбасшы деп таныды.
Әлихан Бөкейхан тағы бір сөзінде: «Алла Тағала Құран кәрімде пайдалы орынға өздеріңнің сүйген нәрселерің мен малдарыңды шығармай тұрып, ізгілік, жақсылық деген нәрсеге жетісе алмайсыңдар деп бүгін адам баласын шын көңілмен ұлт ісіне қызмет етуге қызықтырады» - деген болатын. Яғни бүкіл әлемді Жаратқан Иеміздің Өзі ұлтты сүю керектігін әрі ол жолда жаның мен малыңды бүтіндей сарп етуің лазым екендігін бұйырып тұр емес пе?! Олай болса, ұлт қамын ойлаған әрбір жан иесі білімін іс жүзінде іске асрып, тарих арқалатқан ауыр жүкті өз мәресіне жеткізуді көздеуі керек. Міне, ұлтқа қызмет қылудың бірден бір көрінісі осы болмақ.
Қорытындылай келе, Алаштың айбынды арысы Әлихан Бөкейхан тағдыр таяғын, саясат сергелдеңін, қоғам қиянатын сан көрсе де мойымай, ұлт мектебін, ұлт мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Ендігі біздің мақсат – ұлы істердің ұйытқысы болған Алаш қайраткерлерінің, Әлихан Бөкейханның ісін, еңбегін, шығармашылығын зерттеп, «қара перденің» шымылдығын түру. Әлихан Бөкейханов - өз заманында ұлтының тағдыры үшін аянбай қызмет етіп қана қоймай, сан ғасырлық мұра болар үлгі-өнегені ұрпақтарына тарту етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет