Насреддин Рабғузи – қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда дәуірі деп аталатын ХІІІ-ХІV ғасыр әдебиетінің өкілі. Оның есімі 1370 жылы жазылған «Қисса-сул әнбия»



Дата07.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#90822

Насреддин Рабғузи – қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда дәуірі деп аталатын ХІІІ-ХІV ғасыр әдебиетінің өкілі. Оның есімі 1370 жылы жазылған «Қисса-сул әнбия» немесе «Қисса и Рабғузи» деп аталатын
кітабымен белгілі.
«Қисса-сул әнбия» 1914 жылы Қазанда, кейінірек Ташкент қаласында бірнеше рет кітап болып басылып шыққан. Кітапта пайғамбарлар, әулие-әнбиелер туралы діни әңгімелер, ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, ертегілер, өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер қамтылған. «Қисса-сул әнбия» бір жағынан, діни аңыз-әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады.
Рабғузидің «Қисса-сул Әнбия» («Әулие-әнбиелер туралы қиссалар») кітабының жалпы мазмұны 1) Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайындағы деректі, дерексіз мифтік әңгімелер.
"Үш түрлі топырақ" 2) Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер. «Нұх қиссасы» 3) Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдер.
«Қисса-сул әнбияның» Қазан баспасынан жарық көрген нұсқасына 79-дай қиссалар мен хикаялар
енген екен.
Ғалым Бейсенбай Кенжебаев: «Рабғузи қиссаларын» тақырып мазмұнына, идея-мәніне қарай 3 топқа жіктейді:
  • Көк, жер, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, адам ата, от, топырақ жайлы түсінік, мақала, әңгіме.

  • 2. Әулие-әнбиялар, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс – әрекеттері.
    3. Шежіре мұсылман жыл есебінің, хижаның алғашқы он жыл ішінде болған оқиғалар, жыл, ай, күн аттары.

 Хижаның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх қисса» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қисса-сул Әнбияда» Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Жүсіп, Жақып, Мұхаммед Пайғамбарлар туралы да қызықты хикаялар бар. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі. Қазақ тіліне
аударғандар: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов.
ДӘУІТ ПАТША
Дәуіт патша күндіз ел басқару істерімен айналысып, ал кеш бата дәруіш киімін киіп, ел аралап кетеді екен. Халықпен қоян-қолтық араласа жүріп: «Патшаларың әділ ме, ел билеген әкім-қаралар тізесін батырмай ма?»-деп сұрайды екен. Әділетсіз ел билеушілерді қатаң түрде жазалап, тіпті қызметтен аластап отырған көрінеді. Сондай сапарларының бірінде ол өзі туралы нақтылай пікір тартқан екен. Сонда қарапайым тұрғындардың бірі: -Дәуіт патшамыз жайлы, алайда ол халықтың ақысын жеп жүр,- деген екен. Осы бағаны естісімен Дәуіт пайғамбар патшалық қызметін доғарып, темірден түйін
түйген ұста болып кеткен екен.
Алла-тағаланың бұйрығына қарсы келгені үшін Жұмақтан қуылып, жерге түскен Адам-ата қаңғып жүріп, хайуанаттар арасына келеді. Адамға алты тарапынан, яғни алды, арты, оңы, солы, асты, үстінен ұдайы түрде шабуылдауға уәде еткен шайтан болса, әлгі хайуанаттарды Адам-атаға қарсы азғыра бастайды. «Ол сендерді қырып тастауға келді» деп, көкейлеріне бұзық ой салады. Не істерін білмеген Адам-ата Алла-тағалаға жалбарынып, ақыл сұрайды. «Хайуанаттардың бірінің маңдайынан сипа, сонда ол сені жақтайды» деген кеңес алады Адам-ата. Ол дереу итті таңдап, оның маңдайынан сипаған екен. Ит бірден Адам-атаны жақтап шығып,
оны хайуанаттар шабуылынан қорғап қалады. Содан бері ит
адамның серігі боп келе жатқан көрінеді. 
«Қисса-сул Әнбия» кітабынан үзінді

Тағлымы мол қиссалар жинақта жетерлік-ақ. Қиссалар сюжеттерінің басым бөлігі дерлік қасиетті Құраннан алынған. Бұл ойымызға олардың тіпті тақырыптарының өзі- дәлел. Мысалы: «Әбіл мен Қабыл», «Нұх пайғамбар», « Ыбрайым пайғамбар», «Мұса пайғамбар», «Иса», «Әбутәліп», «Қисса миғраж» тағысын тағылар. Аталған қиссалардың шешен тіл, шебер тәсілмен жазылғаны соншама - оқуға жеңіл-ақ. Мысалы, «Қисса-сүл әнбияда» ай, жұлдыз аттары түрік және араб тілдерінде қатар беріліп, оларға байланысты амалдар жыр тілімен жеткізіледі: «Күн хамалға кірді десе, келді ғалам наурызы, Кетті десе қатты аяздар, қыс қалмады, қары, мұзы», деп толғайды автор. 13-14-ғасырларда жинақталған бұл жәдігер шығарманы көзі қарықты әрбір бабамыз оқып-білген, болмаса қиссашылардың баяндауында тыңдаған. Тарихта «Қисса-и Рабғузи» деген атпен де белгілі болған «Қисса-сүл Әнбия»қиссалары тағлымы мол, үлгі боларлық мәні зор тәрбиелік кітап.


Тапсырма
Лұқманға замандастарының бірі:«Пайғамбарлардан үйренген
іліміңізді қорытындылап,тәрбие жөнінде бізге қысқаша
түсіндіріп беріңізші?»-деп өтініш жасапты.
Хакім Лұқман:«Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын.
Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп,
оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек.
Олар төрт уақытта төрт нәрсені қорғау,екі нәрсені ұмытпау,
екі нәрсені мүлде жадынан шығару.
Тапсырма: Лұқман Хакімнің берген жауабы қандай болды?
Сендердің ойларыңыз қандай?

Жауабы
Қорғайтын нәрселер:
Намазда көңілді,
халық арасында тілді,
жеп-ішуде тілді ,
біреудің үйіне барғанда көзді.

Ұмытпайтын екі нәрсе:
Аллахтың ұлылығы мен
өлетін уақыты

Ұмытатын екі нәрсе:
Біреуге істеген жақсылығыңды,
басқаның өзіңе істеген жамандығын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет