Дәрменсіз Маржан
Маржан жарты сағатқа жуық партаның басында отырды және мұғалімнің ойынша, ештеңе істемей бос отырды. Мұғалім Маржанды ойланып жұмыс істеуді талап ететін бір сұрақты шешуге шақырмақ болды, бірақ ол мұғалім нұсқаған тапсырмаға қарамай тұрып-ақ «Мен жасай алмаймын» деді. «Мен не істеу керек екенін де білмеймін» дегенді қосып қойды. Оның жауабына қанағаттанбаған мұғалім: «Жаңа ғана осыған ұқсас есепті тақтада шығардық емес пе? Сен тыңдамай отырғансың ғой?» дейді. «Мен түсінбеймін» деді Маржан. Мұғалім сұрақ қоя отырып, есепті шығару жолдарын түсіндірді. Маржан көп сұраққа дұрыс жауап берді. Оның есеп туралы аз да болса түсінігі бары айқын көрініп тұр. «Міне, сен бұндай есепті қалай шешуді білесің, өз қалауыңмен тағы біреуін неге шығарып көрмейсің?» деген сұраққа «Мен қалай шығаруды білмеймін» деп айтқанынан қайтпады. Мұғалімнің «Ал сен менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердің ғой?» дегеніне «Өйткені сіз маған көмектестіңіз» деп дереу жауап берді Маржан. Қыздың аздап қулық жасап тұрғанын түсінген мұғалім қатқыл дауыспен: «Мен білем, сен бұны шығара аласың және осы есептердің кейбірін өзің шешкенді қалаймын» деді.
Мұғалім Маржанмен әңгімесін осылай аяқтап, оны есепті шығаруға оңаша қалдырып, басқа оқушыға көңіл аударды. Шамалыдан соң Маржанның партасы тұсынан өтіп бара жатып, есептің сол күйі шығарылмағанын байқады.
Маржанның сабақ үлгерімі үнемі төмен, сыныптастары оған «ақымақ» оқушы ретінде қарайды. Оның өзін кез келген жаңа оқу материалын игеруге қабілетсіз деген пікірі күн өткен сайын нығая берді. Сабақтағы «үлгермеушіліктен» бәрібір құтыла алмаймын, демек «тырысудың қажеті қанша» деп ойлайды ол.
Маржан сыныпқа әлеуметтік тұрғыдан кірікпеген, сол себепті айналасымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жоқ. Маржан агрессияшыл бала емес және қандай да бір тәсілмен өзіне назар аударудың немесе өз сыныптастарына кедергі жасаудың орнына уақытын кеңістікке көз тігумен бос өткізіп, тыныш отырады. Бұдан басқа оның мұғалімге қоятын еш талабы жоқ. Маржан сұрақ қоятын еш себеп көріп тұрған жоқ, себебі өзін бірдеңе түсінемін немесе жауапты пайдаланамын деп ойламайды.
Маржан сияқты оқушыларға мектепте онша қызық емес. Олардың күні сенімсіздікке, торығуға толы және сол себепті, олар тапсырмамен жұмыс істеуге аз уақыт бөледі, іші пысады. Сыныптастары да аулақ жүруге тырысады, тіпті кейде оған мұғалім де көңіл бөлмейді, осындай оқушылардың сөзге сараңдығы мен қауқарсыздығын ескерсек бұндай реакция түсінікті болады.
«Дәрменсіз» оқушылар бірдеңе істеуге сирек тырысатындықтан оқуда қандай да бір жетістікке сирек жетеді. Бірнеше сәтсіздігі өзін қабілетсіз оқушы ретінде сезінуіне ықпал етеді. Тіпті жетістікке қол жеткізген күннің өзінде, оған өзінің қатысы жоқ деп санайды. Олар өзінің сәтті ісін өзіне ешқандай қатысы жоқ уақытша бірдеңе деп немесе тапсырманың жеңілдігімен, мұғалімнің көмегімен шешкенін немесе әншейін сәттілік деп түсіндіреді. Олардың логикасы өте қарапайым, ал салдары өте ауыр болып жатады. Жүре пайда болған дәрменсіздікке шалдыққан балаларды ынталандыру өте күрделі мәселе, ол өте ақылды және төзімді мұғалімдерге де қиын соғып жатады. Ең дұрысы оның дамуының алдын алу, болдырмау екені айқын. Алайда соңғы стадиялардағы осындай оқушы кездескенде мұғалімдер бұл оқушыда бұрын қалыптасып кеткен әдетті өзгерте алмайды.
Работа в группах Упражнения «Соедини несоединимое»
|
8 минут
|
Составить мини рассказ из двух слов, данных на карточке, имеющих далекое друг от друга значения и презентовать. Для этого я предложила им выбрать карточку из пяти предложенных разного цвета, на которых написаны следующие слова:
зеленая карточка - лампа, кошка
желтая карточка - улыбка, рассвет
оранжевая карточка - звезда, квадрат
фиолетовая карточка - летчик, корабль
синяя карточка – окно, мечта,
затем презентовать мини рассказы.
|
Рефлексия
|
1мин
|
-Что дает данный прием?
- На каком этапе урока его лучше использовать?
-Поможет ли он вам в вашей практике?
Да нное упражнение способствовало выявле
|
1.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 2.Блум таксономясы туралы не білесіңдер? 3.Сын тұрғысынан ойлауға үйрететін қандай стратегияларды білесіңдер?
Жұптық жұмыс: «Иә, бірақ…»
Жарнама
Достарыңызбен бөлісу: |