Нақтылау. Ғалымдардың «Проблемалық оқыту» ұғымына берген анықтамасына сүйене отырып,өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Салыстыру



бет3/4
Дата13.04.2023
өлшемі26,91 Kb.
#82069
1   2   3   4
Байланысты:
НАДО

Қорғанатын Алишер

Алишер 10-сыныптағы ең нашар оқушылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол өзінің нашар оқу үлгерімі мен сабақта ештеңе түсінбейтіндігі арасындағы байланысты жасырғысы келеді. Өкінішке қарай, ақымақ болып көрінбеу үшін ол қолданатын стратегиялар сабағын жақсартуға кедергі келтіреді.


Ол әдістерді тапқырлықпен қолданады. Мысалы, бір күні таңертең Дэйв бұған дейін орындауға тиісті болған тәжірибелік сабақ туралы он сұраққа жауап беру шеңберіндегі тапсырмаларды орындап отырады. Мұғалім сыныпта өз қабілеттеріне қарай және сұрақтарға жауап алу арқылы әрбір оқушы жұмысының мониторингін жүргізе отырып, әр оқушымен кезек-кезек жұмыс істейді. Алишер мұғалімге бірнеше сұрақ қояды, бірақ ол көптеген сұрақтарға өздігінен жауап беру үшін бар ынтасымен жұмыс істеп отырғандай әсер қалдыруға тырысады. Шындығында, ол қалған жауаптарды сыныптастарынан алады немесе көшіріп алады. Осылайша, Дэйв берілген жұмысты оқымай-ақ және түсінбестен тапсырманы аяқтайды.
Келесі сабақта мұғалім оқушылардан кешегі жұмыстарын көрсетуді сұрайды. Алишер жоқ дәптерді іздестіру мақсатында өзінің сумкасын қарап жатқандай кейіп танытады, бірақ, бұл ретте оның өзін қоса алғанда, оның мұғалімі де, сыныптастары да барлығы, шындығында, оның бұл тапсырманы орындамағанын біледі.
Модуль бойынша тестілеу соңында Алишер екі рет қарындашын ұштайды, жерге құлап қалған өшіргішті көтерген сияқты болады және бауын байлайды. Ол сұрақтарға көңіл бөлмейтіндігін жасыруға тырыспайды. Керісінше, ол сыныптағы әрбір адамның оның тестіні шешуге тырыспайтынын байқағанын күтеді. Мұғалім барлығының көзінше, егер ол тырысса, оның бағасы жақсы болатынын, олай болмаған жағдайда нашар болатынын Алишерге және оның сыныптастарына хабарлай отырып, оған бірнеше рет жұмысқа қайта оралуын ескертеді. Алишердің қалайтыны да осы болатын, ол басқалардың өзін естуін тілейтін.
Алишердің стратегиялары, кемінде, қысқа мерзімде өз мақсатына жетеді. Ол кейбір тапсырмаларды өте жақсы деп айтпасақ та, жақсы деңгейде орындаудың жолын табады. Ол тест орындауға тиісті уақытта (бұл жағдайда көшіріп алу сияқты басқа стратегиялар мүмкін емес) ерігіп отырып, ол ақымақ екендігі туралы тұжырымнан, яғни, қолданылған шараларға қарамастан оның нашар бағаларына сүйене отырып жасауға болатын логикалық тұжырымнан аулақ болуға тырысады. Бірақ тапсырманы орындауға ешқандай әрекет қабылдамай, ол бұрынғы қалпында қала береді, бірақ егер де тапсырманы орындауға тырысып көрсе, тестіде жақсы баға алуға болатыны туралы ойланбайды да.
Бұл жердегі қайғылы жағдай ақымақ болып көрінбеу үшін қолданылатын әр алуан күш жігердің барлығы өзін-өзі қорғау актісі болып табылатындығында. Бірақ оның оқу бағдарламасын меңгеруде ілгері жылжу жоқ, ал оның сәтсіздігі күн сайын шарасыз болып барады. Ақырында Алишер қабілетті адам ретіндегі өз бейнесін сақтау амалдарынан бас тартып, сыныптағы «топас» балалардың бірі болып шыға келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет