МОЧЕВИНА
Амидті тыңайтқыштар – құрамында азот амид (NH2) түрінде болады.
1.Формула, әсер етуші заттың %-дық мөлшері.
Мочевина (карбамид) – CO(NH2)2, құрамында 46 % азот бар. Бұл қатты азот тыңайтқыштарының арасындағы ең жоғары концентрациялы тыңайтқыш.
2. Алу.
Олар жоғары қысым температурасында жүргізілген реакция арқылы алынады.
CO2+2NH3=CO(NH2)2+H2O
3. Физикалық қасиеттері.
Ақ немесе сарғылт түсті, кристалды, суда жақсы еритін тұз. Гигроскопиялығы 20°С үлкен емес. Температура жоғарыласа гигроскопиялығы да өседі. Физикалық қасиеттерін жақсарту үшін химия өнеркәсібі мочевинаның түйіршікті (түйікшік диаметрі 1-3 мм) түрін шығарып келеді. Түйіршікті мочевина сақтағанда нығыздалмайды, жақсы шашылады.
Кристалды мочевинаны түйіршіктегенде ыстық температураның әсерінен биурет пайда болады:
Достарыңызбен бөлісу: |