(NH4)2CO3 → NH4HCO3 + NH3↑. Сондықтан мочевинаны жер бетіне топыраққа сіңірмей енгізгенде және жауын-шашын болмаған жағдайда, аммиак түрінде азоттың жоғалуы болу мүмкін.
Топырақта көмірқышқыл аммоний гидролизденеді:
(NH4)2CO3 + H2O = NH4HCO3 + NH4OH. Топыраққа мочевинаны енгізгенде пайда болған аммоний топырақтың коллоидтық фракциясымен сіңіріледі де өсімдіктермен біртіндеп пайдаланады. Уақыт өткен соң аммоний нитрификация құбылысына ұшырайды:
2NH3 + 3O2 = 2HNO2 + 2H2O;
Топырақтың биологиялық сіңіру қабілеті – топырақтағы өсімдік тамырлары мен микроағзаларының (микроорганизмдерінің) топырақ ерітіндісінен қоректік элементтерді сіңіріп, өз денелерін құру үшін түрлі органикалық заттардың түзілуі. Биологиялық сіңіру топырақты қоректік элементтердің шайылуынан қорғайды және органикалық затқа байытады.