4) Топырақтағы өзгеруі, олардың айналымы.
Аммиак селитрасын әр түрлі топырақтарға қолдануға болады. Бірақ физиологиялық қышқылды тыңайтқыш болғандықтан, оны бейтарап және сілтілі реакциялы топырақтарға енгізген тиімді.
Топыраққа енгізілген аммиак селитрасы тез және толық ериді де топырақтың сіңіру кешенімен реакцияға түседі.
Негіздерге қаныққан топырақтарда (бейтарап және сілтілі) алмасып сіңіру нәтижесінде, аммоний катионын топырақтың коллоидтары адсорбциялайды, ал нитрат анионы ерітіндіде кальций, магний т.б. иондардың тұздарын түзеді:
Достарыңызбен бөлісу: |