Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет178/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   222
Қазақтың ұлттық спорт түрлері. 
Қазақша күрес.
Қазақша күрес тек ұлттық 
спорт түрі ғана емес, оның аты, маңызы, 
құндылығы ерекше орында. Мысалы, Ба-
луан Шолақ, Қажымұқан аталарымыз жол 
салған қазақша және классикалық күрес 
дәстүрі бүгінде жалғасып, одан әрі даму-
да. Бұл күрес бойынша әлемдік, одақтық 
тұғырларға көтерілген есімдері әйгілі 
А.Айқанов, А.Ғабсаттаров, А.Мұсабеков, 
Ш.Серіков, Ж.Үшкемпіров т.б сияқты балу-
андарды атауға болады.
Қазақша күресте белдесу басталар ал-
дында палуандар белбеудің түсіне сәйкес 
қызылмен және көкпен белгіленген ди-
оганал бойынша қарама-қарсы бұрышта 
тұрады. Кілемдегі төреші белгі бергеннен 
кейін палуандар кілемнің ортасына шығып 
қол алысады да, содан соң қайтадан орында-
рына барады. Төрешінің ысқырғанынан соң 
палуандар кілемнің ортасына қайта шығып, 
белдесуді бастайды.
Екі палуанның да, белбеуден қалай 
ұстаймын десе де еркі. Белдесу аяқталған 
соң палуандар кілемнің ортасына, төрешінің 
екі жағына шығып тұрады. Нәтиже хабар-
ланғаннан кейін және жеңімпаздын қолын 
жоғары көтеру рәсімінен соң, палуаңдар 
тағы да қол алысып, кілемнің үстінен кетеді.
Жаңадан бастап жүрген палуандар үшін 
жарыс ұзақтығы 6 минут 3 минуттан екі 
кезең, арасында бір минут үзіліс.
Күрес кезінде палуандар төрешінің рұқ-
сатынсыз кілемнен кете алмайды. Күрес осы 
уақыт бойына екі палуанның бірі жеңілгенше 
жүреді.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға 
ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын 
кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстін-
де көзін қанықтыра беруден бастаған. 
Солардың бірі – ұлт ойындары. Халықтың 
сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің 
куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық 
ой жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны 
үйренудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен 
білімдік, тәрбиелік маңызы бар.
Ұлт ойындары – интернационалдық 
тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлт 
ойындарының арасында өзара үндестік, 
тығыз байланыс бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың 
ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір 
жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы 
деп қараған орын-ды. Бұл пікіріміз жалаң 
болмас үшін, заманымыздың заңғар жазу-
шысы, ұлы ойшылдарының бірі – Мұхтар 
Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін 
еске ала кетейік: "Біздің халқымыздың өмір 
кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған 
алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің 
түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін 
қуантыш, көңілін шаттаңдыру ғана емес, 
ойынның өзінше бір мағыналары болған" [2, 
122-130 б.].
Қазақ халқының ұлт ойындарында ұр-
пақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп 
өрнектелген ой мен әрекеттін, құпия фило-
софияны түсінуге жетелейтін адамгершілік 
үлгі-өнегенің желісі бар. Қазақ халқының 
ұлт ойындары негізінен алғанда үш жүйеден 
тұрады: ойын-сауық, дене шынықтыру, 
спорт және ой шыңдау.
Жас бала ойынға алдымен үйренуші, 
көруші, есе келе соған белсенді қатынасушы, 
келесі кезеңнде өзгеге үйретуші, жаттық-
тырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер 
ретінде қатынасады. Амал қанша, кейінгі 
50-60 жылдың көлемінде ұлт ойыңдарына 
көңіл бөліп, елеп-ескермеудің нәтижесінде, 
көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Халқымыздың эпостық жырларының 
бірі – "Қобыланды батырды" алайық. 
Қобыландының жат жұртқа барып, бәсекеге 
түсіп, алтын (қабақ) теңгені атып түсіріп, 
мерейінің үстем болуы, Құртқа секілді ба-
лауса жастың соншалық білгірлігі ертегіден 
гөрі шындыққа жақын екенін мойындаған 
жөн. Бұл – сол заманның шындығы жәие сол 
заман тәрбиесінін жемісі. Сонымен бірге 
бұл шындық – жастарға деген зор ілтипат, 
сенім мен ықыластан туған нағыз халықтық 
тәрбиенің жемісі.
Ұлт ойындарын семья тәрбиесінен ба-
стап, мектептегі жеке пәндерді оқыту ба-
рысында, үзілістерде, ұзартылған күн топ-
тары мен жұмыстары, мектепте өткізілетін 
ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, 
қосымша материал ретінде пайдалануға бо-
лады. Ойынның түрлері оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне байланысты іріктеліп алы-
нуы тиіс. Ұлттық ойыңдар сонымен бірге сол 
халықтың даму тарихынан да хабар береді.
Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің 
бір айқын кепілі – оның сөйлеу тілінің да-
муына байланысты. Халқымыздың ежелден 
келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш 
сияқты ойындары – тіл дамытудың әсерлі 
құралы.
Сабақ барысында ойын элементтерін 
дидактикалық құрал ретінде пайдаланудың 
тек бастауыш сыныптарда ғана емес, 
сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайда-
сы мол. Ойын арқылы баланың бойына 
адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, 
өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті на-
шар оқиды-ау деген оқушылардың өздері 
де ойын элементтері араласқан сабаққа зер 
салып, ынталана түседі. Ойын араласқан 
жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар 
жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа 
белсенді қатынасып, қойылған сұрақтарға 
жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын 
элементтерін қолдану оқушының ой – өрісін 
дамытуға әсер етеді.
Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі 
болып, олардың білуге құмарлығын артты-
рып, түсініктерін кеңейте түседі.
Бастауыш сыныпта математика сабақта-
рындағы қолданылатын дидактикалық басты 
принциптердің бірі – көрнекілік. Мұндай 
көрнекі құралдардың бірі – абақ. Абақ – 
өзіндік тарихы бар ежелгі есеп құралы. 
Бұл аспапты арифметикалық амалдарды 
орындау үшін көне дәуірлердегі гректердің 
кең қолданғаны туралы тарихи деректер 
сақталған.
Біздің бақылауымызша, сыныптарда ма-
тематика сабақтарын оқыту процесінде 
көрнекті құрал – абақ ретінде, қазақтың 
ежелгі ұлттық ойыны "Тоғыз құмалақ" 
тақтасын пайдалануға әбден болады. Тоғыз 
құмалақ өзінің құрылым – түзілісі жағынан 
ертедегі есептеу құралы – абаққа ете ұқсас.
Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған 
ұлт ойындарының бір түрі ой шынықтыру 
ойындары болса, оның көп қоры бұл күнде 
ұмыт болып, бізге жетпей отыр.
Халық ойындары ақыл-ойдың дамуы-
шы, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға 
салу секідді ізгі мақсаттарға жол ашады. 
Сондықтан ойын арқылы әрі тынығады, 
әрі ұжымдыққа, ұйымшылдыққа үйренеді. 
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, 
өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің алғашқы 
қажеттігін сезіну де осы ойыннан басталады.
Ұлт ойындарын семья тәрбиесінен ба-
стап, мектептегі жеке пәндерді оқыту ба-
рысында, үзілістерде, ұзартылған күн топ-
тары мен жұмыстары, мектепте өткізілетін 
ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, 
қосымша материал ретінде пайдалануға бо-
лады. Ойынның түрлері оқушылардың жас 
ерекшелікгеріне байланысты іріктеліл алы-
нуы тиіс. Ұлттық ойындар сонымен бірге сол 
халықтың даму тарихынан да хабар береді.
Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің 
бір айқын кепілі – оның сөйлеу тілінің да-
муына байланысты. Халқымыздың ежелден 
келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш 
сияқты ойындары – тіл дамытудың әсерлі 
кұралы.
Сабақ барысында ойын элементтерін ди-
дактикалык құрал ретінде пайдаланудың 
тек бастауыш сыныптарда ғана емес, 
сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайда-
сы мол. Ойын арқылы баланың бойына 
адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет