Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет179/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   222
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Рухани жаңғыру: ғылыми, білім беру және мәдени кеңістігі/
/Рухани жаңғыру: научное, образовательное и культурное пространство
Rukhany zhangyru: scientific, educational and cultural space
226
227
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Дене шынықтыру (5-11сыныптар): Мектеп оқулығы. – Алматы, 2004.
2. Мұхтаров С. Жоғары сынып оқушыларын дене тәрбиесі сабақтарында ҚР Қарулы 
Күштерінде қызмет етуге даярлау //Алғашқы әскери дайындық. – № 10. – 2004. – 46-47 б.
3. Дене шынықтыру мен спорт туралы: Қазақстан Республикасының заңы. –
№ 490-1. – Алматы, 1999. 
4. Әлімбеков Б. Мектеп оқушыларының әркайсысының отан қорғауға дайындық сапасын 
қалыптастыру //Алғашқы әскери дайындық. – 2003. – № 6. – 34-36 б.
5. Дінмұхамедұлы А. Орта мектептердегі әскери патриоттық тәрбие жұмыстарының 
мәні ман мақсаты және оны ұйымдастырудағы педагогикалық талаптар //Алғашқы әскери 
дайындық. – 2004. – № 11. – 21-25 б.
References
1. Dene shynyktyru (5-11 synyptar): Мektep okulygy. – Almaty, 2004.
2. Mұhtarov S. Zhogary synyp oқushylaryn dene tarbiesі sabaktarynda ҚR Karuly Kushterіnde 
қyzmet etuge dayarlau //Algashky әskeri daiyndyk. – № 10. – 2004. – 46-47b.
3. Dene shynyktyru men sport turaly: Kazakstan Respublikasynyn zany. – №490-1. – Almaty, 
1999. 
4. Әlіmbekov B. Mektep oқushylarynyn ar kaisysynyn otan қorғauғa daiyndyk sapasyn 
қalyptastyru //Alғashky askeri daiyndyk. – 2003. – № 6. – 34-36 b.
5. Dіnmұhamedұly A. Orta mektepterdegі әskeri patriottyқ tarbie zhumystarynyn manі man 
maksaty zhane ony uiymdastyrudagy pedagogikalyk talaptar //Algashky askeri daiyndyk. – 2004. 
– №11. – 21-25 b.
енерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті на-
шар оқиды-ау деген оқушылар өздері де 
ойын элементтері араласққан сабаққа зер 
салып, ынталана түседі. Ойын араласқан 
жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар 
жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа 
белсеңді қатынасып, қойылған сұрақтарға 
жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын 
элементгерін қолдану оқушының ой өрісін 
дамытуға әсер етеді.
Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі 
болып, олардың білуге құмарлығын артты-
рып, түсініктерін кеңейте түседі.
Ғылымның қай саласы болмасын өз та-
рихын терең зерттеп алмайынша алға ба-
спайды. Демек, зерттеуді оз тарихынан 
бастау – ғылым жетістіктерін игерумен 
қатар, онын одан ары алға басуына үлкен 
мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осындай 
жағдай қазақтың ұлттық ойындарының 
даму тарихына да қатынасы болса керек. 
Халықтың ұлттық және спорттық ой-
ындарынын да өзіндік тарихи даму жолдары, 
қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы 
– халықтың саяси әлеуметтік-экономикалық 
дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі Та-
рих ғылымдарынын дәлелдеуі бойынша күні 
бүгінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының 
қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының 
жаратылған күнінен, демек Қазақстан 
жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық 
құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге 
жетіп, ойнап жүрген ұлт ойындарының 
ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бес-
тас, асық, садақ ату, қарагие, тағы басқалары 
шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын 
ойналғандығы жайында деректер бар [3, 19-
20 бб.].
Жаратылыста дене мүсінінің қалыптасуы 
барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. 
Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен 
күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті
кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді-
күштілердің нәзіктеріне қарағанда табиғат ке-
сепатын, зардабын аз тартатындығы осының 
бәрі жеке бастың мүсін ерекшеліктерінде 
болды. Осыдан келе жараты-лыстағы кесек 
тұлғаның табиғат апатыыа қарсы тұрудағы 
рөлін адамзат сол кезде-ақ ұқты.
Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіл са-
налы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын 
қарастырып, жеке бастың, өз бетінше мүсін 
немесе денесін шынықтыру жүйесін тудыр-
ды. Мұндай жүйеленген дене шынықтыру 
одан әрі дамып, қалыптасу барысында әр 
түрлі ойындар мен дене жаттығуларын ту-
дырды. Осыдан барып тайшардың аңға 
шығардағы жасаған дайындық жаттығулары 
кезінде "Қарагие" ойынытуды. Бұл ойынға 
ең алдымен шыдамдық керек, екіншіден 
мергендік керек, оған коса көздеген затқа 
дәл тигізе білу үшің қол күші керек, өйткені 
сырық жас ырғайдан немесе қайыңнан 
кесіліп дайындалады.
Алғашқы мемлекеттік бірлестік кезінде 
дамыған халық ойындары жас естірімдердің 
бір ортада өмір сүруіне және өзара қарым-
қатынас жасауға себепкер болғандықтан 
бұл кезенде қалыптасқан ойындардың көп-
шілігі түнде, далада ойнайтын ойындар 
қалыптасты. Мысалы, ақсүйек, алтыбақан, 
айгөлек, арқан тартыс, соқыртеке, тағы 
басқа ойындар. Осы ойындар күні бүгінге 
дейін мәнін жоймаған.
«Ақсүйек» ойыны.
Бұл ойын жас 
өспірімдердің жүгіріп, күш көрсетіп ой-
найтын ойыны болғандықтан, өкпенің 
жұмыс қабілетін арттырып, дененің барлық 
мүшесін шынықтырып, баланы жүйріктікке, 
шап-шандыққа, батылдыққа тәрбиелейді. 
Сондай-ақ қараңғыда жол табуға көзді 
жатықтырады, төңіректі дұрыс бағдарлай 
білуге үйретеді.
Қазақтың ертеден келе жатқан спорттық 
дене шынықтыру ойындарының бірі, қазіргі 
бізге жеткені – «қазақша күрес». Екі топтан 
шыққан палуандар қоян-қолтық ұстасып, 
аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып 
жауырынға жатқызу, тағы сол сияқты айла-
тәсілдер қолданып, бірінің-бірі жауырының 
жерге тигізгенге дейін күрескен. Ортаға 
шыққан салмақ ерекшеліктеріне және жасы-
ның үлкен-кішісіне қарамай тек өздерінің 
білек күштеріне сенген халықтың "күш ата-
сын танымайды" деген асыл сөзі осыдан 
қалса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет