Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет186/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   222
Байланысты:
annotation141066

МАРАТ АЛМАСАЙҰЛЫ НУРИЕВ
ғалым, педагог, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик
Елімізде жоғары білім мен ғылымның белгілі ұйымдастырушыларының бірі, ғалым, 
педагог, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының 
Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық Экономикалық Евразия 
Академиясының академигі, Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ал-
маты облысы Жамбыл ауданының құрметті азаматы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің құрметті 
қызметкері Нуриев Марат Алмасайұлы – қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті жанындағы Ғылыми-инновациялық паркінің Интеллектуалды 
ұлт қалыптастыру ғылыми орталығының директоры қызметін атқарып келеді.
1938 жылдың сәуір айының 29-шы жұлдызында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, 
Шамалған ауылында дүниеге келген. Алматы облысы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауы-
лында орта мектепте білім алған.
1962 жылы Москва қаласының жеңіл өнеркәсіп технологиясы институтында білім алды. 
Институт қабырғасында оқумен бірге ғылыми жұмыспен шұғылданып, ғылыми мақалалар 
жариялады және кейінірек сол институттың аспирантурасын екі жылда кандидаттық дис-
сертация қорғап тәмәмдады.
1962-1978 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын-
да кафедра меңгерушісі, Ғылым істері жөніндегі проректор болып қызмет істеді. Ғылыми-
педагогикалық кадрлар даярлауға, осы саладан ғылыми жұмыстардың Қазақстанда алғаш 
қалыптасуына ықпал етті.
1978-1984 жылдары Қазақ политехникалық институтында кешкі және сырттай оқытатын 
бөлім жөніндегі проректор қызметін атқарып, институт базасында Қаратау, Өскемен, Ле-
ниногорск, Зырян, Гурьев және Шевченко қалаларындағы аталмыш институттың филиал-
дары мен жалпытехникалық факультеттерінде жұмысшы жастарды өндірістен қол үзбей 
 Мерейтоймен Құттықтаймыз!
 Поздравляем юбиляров!
We congratulate wits anniversary!


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
236
237
Білім берудің заманауи әдістемелері мен технологиялары/
Современные методики и технологии обучения /Modern methods and technologies of teaching
оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, сапасын жетілдіруге көп үлес қосты. 1984 жылы көп 
жылдар бойы жоғары мектепте істеген сан-салалы зор қызметі лайықты бағаланып, оған 
«Қазақ ССР-інің жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» деген құрметті атақ берілді.
1984-1988 жж. Қазақстанның Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінде коллегия 
мүшесі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы қызметін атқара жүріп, республиканың 
жоғары мектептерінің дамуына және оларда оқу-әдістемелік кешендерді енгізу арқылы 
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды неғұрлым биік дәрежеге көтеріп жетілдіруге тікелей 
ықпал етті. 
1987 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында оқу ісі жөніндегі проректорлық 
қызмет атқарып, білім, біліктілік пен іскерлікті осы замандағы және келешек талаптары-
на сай келетін озық оқу-педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидаларын, әдістері мен 
үлгілерін енгізуге мүмкіндік тудырды және республиканың экономикалық кадрларын даяр-
лау сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға үлесін тигізді.
1989 жылы жаңадан ашылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Басқарушы 
қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру институтына ректор болып 
тағайындалды. Оның басшылығымен қысқа мерзім ішінде заманауи оқу-материалдық ба-
засы құрылып, кәсіби деңгейі жоғары профессорлық-оқытушылық құрам жасақталды, 
жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары енгізіліп, мамандарды қайта даярлаудағы оқыту 
үдерісінің құрылымы мен мазмұны қайта ойластырылды. Осы институттың қалыптасуына 
және оның республикадағы ірі оқу орнына айналуына тікелей басшылық жасады. Әсіресе, 
Қазақстанда экономиканы қайта құру кезеңінде басты қызметкерлерді және мамандарды 
нарықтық экономикаға көшуге бейімдеуде институттың қосқан үлесі өте зор. Осынау ин-
ститут Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезінде (1991-
1996 ж.ж.) шын мәнісінде кадрлар біліктілігін көтерудің аса ірі орталығына айналып, 
кәсіпорындар мен ұйымдардың қатардағы мамандарынан бастап экономика және қаржы, 
мемлекет және құқық, әлеуметтік саясат проблемалары бойынша жоғарғы буынның басшы 
қызметкерлеріне дейін тыңғылықты қайта дайындықтан өткізді. Оқу жүйесін шетелдердің 
тәжірибесін пайдалана отырып қайта құрды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Республиканың дамуына ерен еңбегімен үлес 
қоса білді. Атап айтсақ, 1996 жылы ҚР Президентінің аппаратында қызмет атқарды. Пре-
зидент аппаратында Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі 
болып қызмет істеді, сөйтіп егеменді еліміздің қауіпсіздік саласының қалыптасуы мен 
нығаюына өзіндік үлесін қосты. Марат Алмасайұлының тікелей қатысуымен Қазақстан 
Республикасының сытқы қауіпсіздігінің жобалары әзірленді, республиканың құқық қорғау 
органдарының түбегейлі реформалауы жүзеге асырылды, заңнамалық актілерге қосымшалар 
мен түзетулер енгізілді. 
1998-2009 жж. аралығында Алматы экономика және статистика академиясында 
проректорлық, ректорлық қызметтер атқарды. Оқу процесін жетілдіруге, оқу-әдістемелік 
құралдарын жасауға еңбек сіңірді.
2009 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Интел-
лектуалды ұлт қалыптастыру» ғылыми орталығының директоры қызметін атқаруда.
2015 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тәрбие» номинациясы бойын-
ша Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
Бұл күндері өзі басқарып отырған ғылыми орталықта ұлттық тәрбие мен интеллектуалды 
ұлт қалыптастыру мәселелерінің ғылыми негіздерін, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүр, 
менталитетін дәстүрге сай замануи тұрғыда ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтар сияқты 
рухани қасиеттерді жас ұрпақ бойына дарыту және оларды ұлтын сүюге, отансүйгіштікке, 
ұлтжандылыққа шақыру жолында еңбек етуде.
Марат Алмасайұлының Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру жо-
лында 300-ден аса ғылыми мақалалары жарияланған. Бірнеше оқу бағдарламалары мен оқу 
құралдары және 3 монографияның авторы. Жарық көрген еңбектерінің 6-на министрлік та-
рапынан интеллектуалдық меншік құқығы туралы авторлық куәлік берілген.
Марат Алмасайұлының өз саласындағы өзге жандардан ерекше бір қыры – тарих пен 
әдебиетті, өнерді жетік білуі. Осы күнге дейінгі қазақ әдебиетінің нақыл мен өсиетке толы 
өлең, жыр, дастандарын, бата-тілектерді, тарихты, әншілік, ақындық мектептерді, аңыздарды, 
салт-дәстүрден өте жақсы хабардар. Мұны университетімізде ашылған «Ұлттық тәрбие» 
журналын ұйымдастыруынан байқауға болады. Жастардың бойында этика-эстетикалық 
тәрбиенің қалыптасуына, ұлтжанды, ұлттық құндылықтарды игерген толыққанды дамыған, 
саналы азаматтары болуына қатты мән береді. Осыны жастардың бойына сіңіре отырып, 
ұлттық идеологиямыздың, ұлттық сана-сезіміміздің қалыптасуына көп тер төгіп жүр. 
Ұзақ жылдар Кеңестік Одақтар құрамында болып, өзіміздің төл дүниемізден алшақтап 
қалғанымыз рас. Оның орнын толтыру оңай шаруа емес.
Ұлттың ұлттығын сақтауда дәстүріміздің озық үлгілерін тұрақтандырып, оны халық 
арасына кеңінен таралуына ықпал етуде осы мәселеге байланысты бірнеше оқу және оқу-
әдістемелік құралдарын, тың зерттеу мақалаларын жазып, көпшілік назарына ұсынған. 
Бүгінде Марат Алмасайұлының басшылығымен дайындалған ұлттық тәрбиеге қатысты бұл 
еңбектер таптырмас дүниелер. 
Ұлттық бәсекелестік болып саналатын білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеріп, 
жоғары оқу орындарына терең білім беруді жан-жақты қарастыруда Марат Алмасайұлы 
басқарып отырған ғылыми орталық нәтижелі жұмыстар атқаруда. Білімнің дамуы – қоғамды 
алға жылжытар, адамзатты өркениетке жетелер даңғыл жол болып табылады. Білім беру 
жүйесі – ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана-сезімнің даму көрсеткіші болып саналады, ал 
оның басты нысаны – қазақ жастары, оның болашағы болуы керек. Ол экономика, сая-
сат, мәдениет саласындағы көзқарастармен шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар, осы 
түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Оқу-білім беру – жеке адамның әлеуметтік-
экономикалық үдерістерге пәрменді қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. 
Қазақстандық жаңа, ұлттық негізге құрылған білім үлгісі жас жеткіншектерді отаншылдық, 
ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге негізделе отырып, білімді де білгір, әрі білікті маман 
етіп өсірумен қатар, оның азаматтық тұлғасын, адамгершілік рухани жан-дүниесін ұлттық 
құндылықтарға негіздеу. Қазір елімізде белең алып отырған прагматикалық жағдаяттарға 
негізделген әртүрлі ұлт тағдырына нұқсан келтіретін жағдаяттар баршамызды толғандыруда.
Мұның шешімін рухани интеллектуалды, экономикалық мемлекет орнату тұрғысынан 
және тұғыры биік тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық 
құндылықтарға үйлестірілген білім беру жүйесі мен тәрбие жұмысы бағдарламалары 
көмегін тигізетіні анық. Себебі, тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие мен білім жүйесін 
қатар қойып, іске қосу бүгінгі күннің басты талабы. Ғылыми білімділікті ұйымдастырудың 
жаңа түрлерін іздестіру – білім беру жүйесін қайта құрудың аса маңызды сара жолы. 
Бүгінгі таңда оқу-ағарту жүйесінде қалыптасқан қатаң тәртіптілік пен бірыңғайлылыққа 
қарсы ғылымның жаңа бейнесі бой көтеріп келеді. Ол білім беру үрдісіне тәрбиенің, оның 
ішінде ұлттық мүддемізге негізделгеп тәрбиенің жаңаша тұрғыда қойылу талаптары. Соны-
мен бірге білімділік жайындағы түсінікке көзқарас та өзгеру үстінде. Бүгінгі педагогикада 
адам мен білімділік жайында дәстүрлі түсініктермен қатар жаңа ұғымдар да қалыптасып, 
педагогиканың антропологиялық негіздері алмасу кезеңіне аяқ басты. Білімді адам – 
көзқарастары қалыптасып үлгерген, көп нәрседен хабардар тұлға ғана емес, сондай-ақ, 
қазіргі мәдениеттің күрделі мәселелерін бағдарлай алатын, ұлттық құндылықтарын бойы-
на жиған, өмірдегі өз орнын түйсінуге қабілетті, демек, өткен тарихынан хабардар, тәлім-
тәрбиемен сусындап өскен, бір сөзбен айтқанда, мынадай алмағайып жаппай жаһандану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет