Негізгі зерттеу материалдарын маз- мұндау. Тәуелсіздік алған жылдардан
бастап, «География» пәнінен мектепке
арналған жаңа буын оқулықтары дайын-
далды. Оқулықтар мен оқу құралдарын
дайындау көптеген ғалымдар ағарту ісінің
үздіктері айтарлықтай өз үлесін қосып ке-
луде. Алғашқы білім беру стандарттары,
оқу жоспарлары мен бағдарламаларына
сәйкес, «География» оқу пәнінің мазмұны
мен құрылымындағы өзгерістерді төмендегі
2-суреттен көруге болады [7-12].
алды. Бастауыш сыныптарда, алдымен «Жа-
ратылыстану» пәні жеңілдетілген бағытта
оқытылса, 5-6 сыныптарда оқытылатын
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны күрде-
лене түсті. Бұл өз кезегінде негізгі орта
білім беру деңгейінде оқытылатын 7-9
сыныптардағы «География» пәніне келіп
ұласады. Ал, жоғары сынып деңгейінде 10-
11 сыныптарда бұл пәннің мазмұны мен
құрылымы жаратылыстану-математикалық
пен қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда
тереңдей түседі.
6-сынып
«Физикалық география» (68 сағат). Пән мазмұны төрт үлкен та-
раудан тұрады: Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және
карта. Жер қабықтары, Географиялық қабық туралы түсінік,
Географиялық қабықтағы адамзаттың орны. Жеті сарамандық
жұмыстардың топтамасы ұсынылған. Бастапқы физикалық
географияның курсы болып саналады.
7-сынып
«География. Материктер мен мұхиттар» (68 сағат). Пән мазмұны үш
бө-лімнен тұрады: Жер шары табиғатының негізгі ерекшеліктері,
Материк-тер мен мұхиттар табиғатының алуантүрлілігі, Жер
біздің ортақ үйіміз. Бес сарамандық жұмыстардың топтамасы
берілген.
8-сынып
«Қазақстанның физикалық географиясы» (68 сағат). Пән маз-
мұны үш үлкен бөлімнен тұрады. Қазақстанның физикалық
географиясының сипаттамасы, Қазақстан аумағын физикалық-
географиялық аудандастыру, Табиғатты қорғау және табиғат қор-
ларын тиімді пайдалану.
9-сынып
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» (68
сағат). Пән мазмұны бес бөлімнен тұрады: басты экономикалық
ұғымдар, Қазақстан халқы және еңбек ресурстары, салааралық
кешендер географиясы, Қазақстанның экономикалық ауданда-
ры, Қазіргі дүниедегі Қазақстан. Жеті сарамандық жұмыстар
ұсынылған.
10-сынып
«География. Дүниежүзі елдеріне жалпы шолу. ТМД елдері»(68
сағат). Пән мазмұны төрт үлкен бөлімнен тұрады: Жалпы гео-
графиялық заңдылықтар, Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы,
Дүниежүзілік шаруашылық, ТМД елдері. Алты сарамандық жұ-
мыс берілген.
11-сынып
«География. Дүниежүзіне аймақтық шолу» (68 сағат). Пән маз-
мұны алты бөлімнен тұрады: Азия елдері, Шетелдік Еуропа елдері,
Америка елдері, Африкадағы дамушы елдер, Аустралия, Мұхит
аралдары, Антарктика, Адамзаттың ғаламдық проблемалары.
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ /PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY №2, 2018 100
101
Білім беру саласындағы инновациялар /Инновации в образовании /Innovation in education Кесте 2 –