Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет77/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   222
К
іріспе. 
Білім беру мәселелері көптеген 
халықаралық алаңдарда талқылану 
үстінде. Солардың бірі – Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ). 
2015 жылы ЭЫДҰ заман талабына сай 
мектепте білім беру шеңберін өзгерту мен 
2030 жылға дейін адам өмірін жақсартуға 
қажетті құндылықтарды, құзыреттер мен 
дағдыларды анықтауға бағытталған «Білім 
– 2030: білім мен дағды болашағы» атты жо-
баны іске қосқан болатын. ЭЫДҰ-ң Білім 
беру бөлімінің директоры А.Шляйхердің 
пікірінше, «ХХІ ғасырда мектептік білім 
беру өткен ғасырларда қалыптасқан жол-
мен жүре алмайды» – деп көрсетеді. 
Яғни, «Қазіргі қарқынды экономикалық 
және әлеуметтік даму заманында мектеп 
оқушыларын мүлдем жаңа мамандықтарға, 
әлі ойлап табылмаған технологиялар дайын-
дау қажеттілігінің» туындап тұрғаны туралы 
қарастырады [1]. 
Негізгі бөлім. 
Әлемдік білім беру ке-
ңістігінде болып жатқан жаңалықтар 
Қазақстанның халықаралық деңгейде та-
нылуының басты құралы болып отыр. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 
2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы-
мен «Қазақстан Республикасында білім 
беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдар-
ламасы» бекітілді. Бұл бағдарламаның басты 
мақсаты – экономиканың орнықты дамуы 
үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру, адами капиталды да-
мыту. Бағдарламада Қазақстан мектептерінің 
білім берудің жаңа кезеңінің алдында 
тұрғаны, Дүниежүзілік экономикалық фо-
румның (ДЭФ) 21 ғасырдағы табысты 
адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрі атап 
көрсетілген. Олар мыналар: 
– командадағы жұмыс дағдылары;
– көшбасшылық қасиет;
– бастамашылық, 
– IT-біліктілік;
– қаржылық және азаматтық сауаттылық 
және басқалар. 
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық 
форумның (ДЭФ) «XXI ғасыр дағдыларын-
дағы ауытқуларды зерттеу» рейтингісінде 
мектеп оқушыларының танымдық және 
эмоциялық зиятының деңгейі төмен ел-
дер тобында тұрғаны, құзыреттілік және 
жеке мінездемелер деңгейінің базалық 
дағдылардан едәуір төмен екені туралы 
мәселелер талқыланған болатын [2]. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 
жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына 
сәйкес «Білім берудің тиісті деңгейлерінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттары» бекітілген болатын [3]. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 292 
қаулысымен бұл стандартқа толықтырылулар 
мен өзгерістер 2016 жылдың 13 мамырында 
енгізілді [4]. 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 
422 бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 18 тамы-
зында жаңартылған білім берудің мазмұны 
бекітілді. Осыған орай жалпы білім берудің 
үлгілік оқу жоспарларында әдеуір өзгерістер 
белең алды. Жалпы білім берудің мазмұны 
мен құрылымы өзгерді. «География» оқу 
пәнінің мазмұны да жаңғыртылды. Оны 
оқытудың құрылымы мен тәсілдері жаңа 
сипатқа ие болды. Қазіргі таңда болашақ ге-
ография пәні мұғалімдерінің географиялық 
білімі мен біліктерінодан әрі жетілдірудің 
қажеттілігі туындап отыр. 
Жаңартылған білім беру мазмұнын жалпы 
білім беретін мектепте қарастырудың жал-
пы мәселелері. Қазақстан Республикасында 
жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту 
аясында білім беру үдерісінің құрылымы 
мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. 
Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты 
– білім сапасын көтеру.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі 
«География» оқу пәнінің мазмұны бі-лім 
алушылардың бойында ғылыми-жараты-
лыстану білімдерін, табиғат, қоғам және 
экономиканың жүйелі байланысы, Жер тура-
лы түсініктері мен көзқарастарын, Қазақстан 
Республикасының әсем табиғаты және 
экономикасының ерекшеліктері туралы 
білімдерін қалыптастыруға, функционалдық 
сауаттылықты және жүйелі-кешенді не-
месе «географиялық» сананы дамытуға 
бағытталған [5].


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
98
99
Білім беру саласындағы инновациялар /Инновации в образовании
 /Innovation in education
Сурет 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет