Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет85/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   222
Байланысты:
annotation141066

Негізгі бөлім.
Алайда, 2010 жылға дейін 
білім беру жүйесін реформалау процесі 
сәйкес ережелерсіз, педагогикалық кадрлар 
даярлаудың стандарттарымен келісілмей 
баяу жүзеге асты. Осыған орай мемлекет Бас-
шысы Қазақстанның Болон Конвенциясына 
қосылуы туралы шешім қабылдады және 
ол Болон Декларациясының 46 мемлекеттік 
өкілдерінен бірауыздан қолдау тапты. Осы-
лайша, Қазақстан 2010 жылдың наурыз ай-
ында Болон процесіне қатысқан 47-ші ел, 
яғни Еуропалық білім беру кеңістігінің 
мүшесі ретінде танылған алғашқы Орталық 
Азия елі болып атанды. Осы оқиғаның ал-
дында республикамыздың 145 жоғары оқу 
орны ішінен 30-ы Болон Декларациясының 
негізі болатын Университеттердің Ұлы Хар-
тиясына қол қойған болатын. Қазақстанның 
Болон конвенциясына қосылуы тура-
лы шешімді Болон процесіне қатысушы 
елдердің білім министрлерінің комитеті бір-
ауыздан қабылдады.
Сонымен, 2010 жылдан кейін Қазақстан-
ның білім беру жүйесін жаңғырту бірқатар 
міндетті принциптер мен шарттарға негізде-
ле бастады, атап айтсақ: көп деңгейлі 
жоғары білім беру жүйесі; отандық білім 
беру бағдарламалары мен оқу жоспар-
ларын еуропалық стандарттарға сәйкес 
келтіру; академиялық кредиттер жүйесін 
енгізу; студенттер мен оқытушылардың 
академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету; 
еуроаймақта қазақстандық жоғары білім ту-
ралы дипломдардың айырбасталымдылығы; 
түлектердің Болон процесіне қатысушы ел-
дерде жұмыс істеу құқығы; жоғары білім беру 
сапасын жүйелі бақылау; отандық біліктілігі 
туралы дипломды және академиялық дәре-
желерді тану және т.б.
Болон Декларациясына қол қою елімізде 
үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін 
де жаңадан және елеулі реформалар жа-
сау қажеттілігін міндеттеді. Сонымен бір-
ге, оның негізінде мамандарды функцио-
налды даярлаудан жеке тұлғаны дамыту 
тұжырымдамасына көшу болды. Бұл өзгеріс-
тің мәні мемлекеттік тапсырыс бойынша 
адамның мүмкіндіктеріне сәйкес оның да-
муына және өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал 
ететін, жеке білім беруді көздейтін маман-
дарды даярлау басымдығына көшу болып 
табылады, яғни Қазақстанға жаңа мұғалім 
– кәсіпқой-педагог қажет болды.
Осыған орай, білім беруді жаңғырту 
процесін оңтайландыру үшін шетелдік 
білім беру процестерін жүйелі зерделеу 
жүргізіле басталды. Бұл еліміздегі ұлттық 
білім беру жүйесінің оқшаулануынан ары-
луға және әртүрлі елдерден жинақталған 
педагогикалық тәжірибелерді салысты-
ру негізінде білім алушыларды оқыту мен 
тәрбиелеу процесіне жетілдірілген заманауи 
әдістемелер мен технологияларды енгізуге 
мүмкіндік берді.
Педагогикалық білім беру жүйесінің (ба-
калавриат, магистратура) дамуына сәйкес 
жаңа типті білім беру ұйымдарын, вариативті 
оқу жоспарлары мен бағдарлармаларын, 
жаңартылған білім беру мазмұны мен оқыту 
технологияларын және т.б. құру қажеттілігі 
туындады. Елімізде жаппай жаңартылған 
білім беру мазмұнын, оқыту әдістемелерін, 
ұйымдастыру формаларын, әдіс-тәсілдерін 
және т.б. іздеу мен оларды оқу процесіне 
енгізу басталды. Сонымен қатар, алдыңғы 
қатарлы еуропалық елдердегі педагогикалық 
оқу орындарының жұмыс тәжірибелері, 
олардың соңғы онжылдықтағы кадрларды 
даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша 
заманауи инновациялық жүйелері ерекше 
қызығушылық танытты.
Жаңа жағдайда жоғары білім беруді 
дамытудың негізгі үрдісі білім берудегі мемле-
кеттік монополиядан бас тарту, білім беру 
саласындағы қатаң орталықтандырылған 
басшылықты жою немесе болдырмау және 


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет