ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢҒЫРУЫ Аңдатпа Мақалада білім беруді жаңғыртудың халықаралық үрдістерін ескере отырып еліміздің
педагогикалық білім беру жүйесін дамытудың жағдайы мен жолдары берілген. 2010
жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Болон Декларациясына қол қоюы
елімізде жоғары білім беру жүйесін, оның ішінде үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін
жаңғырту қажеттілігін алға тартты. Осы орайда мамандарды функционалды даярлаудан
тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшіру оның негізгі талабы болып қаланды. Болон
Декларациясының ережелерін жүзеге асыру барысында жоғары оқу орындарында болашақ
педагогикалық мамандарды даярлаудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістеріне
өзгерістер енгізілді және ол әлі күнге дейін жалғасын табуда. Жалпы бұл әрекеттер еліміздің
білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: педагогикалық білім, білім мазмұны, Болон Декларациясы, реформа, пе-
дагогикалық кадр.
Білім берудің мәселелері мен келешегі Проблемы и перспективы образования Problems and prospects of education К іріспе. Қазақстан 1991 жылдың
желтоқсан айында тәуелсіздік алған-
нан кейін елімізде білім беру жүйесін рефор-
малау басталды. Кеңестік оқу жүйесі бой-
ынша кадрлар даярлап жатқан жоғары білім
беру орындарына ерекше назар аударылды.
Жаңа саяси және экономикалық жағдайда
жоғары оқу орындарындағы білім беру
процесін ұйымдастыру оқу процесін жо-
спарлауды, мамандарды заманауи білім мен
ғылым деңгейінде даярлауды, оқу процесіне
ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізуді
және оларды ақпараттық технологияларды
тиімді пайдалану арқылы оңтайландыруды,
оқытудың дәстүрлі және жаңашыл әдістерін
ұтымды үйлестіруді қамтамасыз ету болды.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында олар-
ды іске асыру үшін білім алушылардың
шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеуі-
не қажетті жағдайлар жасалып, сапалы
білім беру бағдарламалары, толыққанды
ақпараттық және білім беру ортасы, қажетті
материалдық-техникалық база және замана-
уи басқару жүйесі құрыла басталды.
Білімнің берудің жаңа үлгісі жасалы-
на басталды, оның негізгі мақсаты болып
мемлекеттің және әлеуметтік қоғамның
және де әртүрлі әлеуметтік топтардың білім
саласындағы сұраныстарына сай кадрлардың
әлеуетін құру арқылы педагогикалық білімді
дамыту мақсаттары анықталды. Ал оның
негізгі міндеттері – мұғалімнің әлеуметтік
мәртебесін көтеру үшін жағдай жасау; бейінді
жіне саралап оқыуды ескеріп педагогикалық
білім беру мазмұнын жаңарту; шағын
жинақты мектепте оқытудың ерекшеліктерін
ескеріп кіріктірілген мамандықтар бойынша
педагогтерді даярлау және т.б. болды.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру
үшін педагогтердің еңбегін ынталанды-
ру және педагогикалық қызметті лицен-
зиялау механизмдерін әзірлеу; қоғам мен
білім беру ұйымдарының сұраныстарына
сәйкес педагогикалық кадрларды даярлау,
біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың
әртүрлі мазмұнын, формаларын, әдістерін
қамтамасыз ететін оқытудың вариативтік
модельдерін құру; педагогикалық кадрлар-
ды даярлаудың білім беру бағдарламалары
мазмұнына барлық оқу жылдарында
үздіксіз педагогикалық тәжірибені ен-
гізу; педагогтерді аттестаттау және қайта
аттестаттаудың жаңа жүйесін жасау;
жаңартылған білім беру мазмұны, оқыту
әдістемесі мен технологиясы бойынша
білім беру ұйымдарының басшылары мен
мұғалімдерін қайта даярлауды жүзеге асы-
ру; білім беру ұйымдарында тәлімгерлік
принципін дамыту және т.б. болып табылды.