Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет86/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   222
Байланысты:
annotation141066

/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
108
109
Білім берудің мәселелері мен келешегі/
Проблемы и перспективы образования /Problems and prospects of education
жоғары оқу орындарының қызметін қатаң 
түрде қадағалау болды. Нәтижесінде, тең 
жағдайды жоғары білім берудің мемлекеттік 
емес секторы дами бастады. Осылайша, 
бәсекелестік туралы заңға сәйкес дамып 
келе жатқан білім беру қызметінің нарығы 
құрылды.
Атап кететін жай, ол жоғары білім беруді 
дамытудың маңызды бағыттарының бірі – 
халықаралық ынтымақтастық мәселелері. 
Оның басты міндеті Қазақстанның жоғары 
білім беру жүйесін әлемдік білім беру 
кеңістігіне кіріктіру болып табылады. 
Жалпы білім саласындағы халықаралық 
ынтымақтастық заңнама арқылы реттеледі 
және халықаралық келісім шарттар, келісім-
дер мен конвенциялар негізінде жүзеге 
асырылады. Қазақстандық білім туралы 
және Қазақстан Республикасындағы ұқсас 
шетелдік құжаттарды мойындау жөніндегі 
жұмыстар ерекше маңызға ие болды.
Қазақстан Республикасының Білім және 
ғылым министрлігінің ЮНЕСКО, БҰҰДБ, 
Әлем Корпусы, АҚШ-тың ақпараттық қызметі 
(ЮСИС), СОРОС Қоры, Халықаралық 
зерттеулер бойынша Американдық Кеңес 
(IREX), Қазақстандағы Британ Кеңесі, 
академиялық ауысым бойынша Германия 
академиясы (ДААД), Франциядағы мек-
теп және университеттік бағдарламалардың 
Ұлттық орталығы (CNOUS), Қазақстандағы 
Франция Елшілігінің лингвистикалық және 
педагогикалық ынтымақтастық жө-ніндегі 
бюросы және т.б. халықаралық ұйымда-
рының бағдарламаларын жүзеге асыруға 
қатысқаны белгілі.
Сонымен қатар, еліміздің Білім жіне 
ғылым министрлігі 20 жылдан астам уақыт 
бойы білім беру бағдарламаларын, ғылыми-
зерттеу жобаларын, кадрларды даярлау, 
кеңес беру қызметтерін Американдық білім 
беру және тілдерді зерттеу саласындағы 
кеңесімен (ASRYAL/ACCELS) байланыс 
жасап атқарып келеді. Еуропалық Одақтың 
«ТАСИС» және «ТЕМПУС» бағдарламасы 
аясында еліміздің университеттері мен 
еуропалық ынтымақтастық елдері арасын-
да академиялық байланыстар нәтижелі іске 
асуда.
Білім мен ғылымды кіріктіру жұмыстары 
да қарқынды дамып келеді. Көптеген жоғары 
оқу орындары ғылыми кадрларды ғылыми-
зерттеу институттарымен бірлесе даярлай 
бастады. Нәтижесінде елдің жоғары оқу 
орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстары 
едәуір өсті. Қазақстандық жетекші универси-
теттер әлемдік рейтингке шығып, 2017 жылы 
9 университет әлем университеттерінің 
рейтингісіне енді.
Болашақ ұрпақтардан жоғары білікті 
мамандар-педагогтерді сапалы даярлау мақ-
сатында және олардың бакалавриат, маги-
стратура, докторантурада, техникалық және 
кәсіптік білім беру ұйымдарында, бейіндік 
мектепте тиісті деңгейде білім берулері 
және жаңаша ғылыми зерттеу жұмыстарын 
жүргізулері үшін 2011 жылдан бастап 
жоспарлы және мақсатты түрде келесі 
жұмыстар атқарыла бастады:
– Қазақстан Республикасы Президентінің 
«Болашақ» халықаралық стипендиясы ая-
сында әлемнің көптеген экономикалық 
дамыған елдерінде орта, техникалық, 
кәсіптік және жоғары білім беру бойын-
ша педагогикалық кадрларды даярлау 
қамтамасыз етілді (қазіргі уақытта шамамен 
10 мыңға жуық мамандар даярланды және 3 
мыңнан астам адам білім алуда);
– Қазақстанда көптілді білім беру бой-
ынша педагогикалық кадрларды даярлау 
базалық пәндер цикліндегі шет тіліне кре-
диттер көлемін ұлғайту арқылы жүзеге асы-
рылды;
– педагогтарды, оның ішінде шағын 
жинақты мектептер (ШЖМ) үшін мұға-
лімдерді даярлау бағдарламалары, педагоги-
калық мамандарды даярлайтын жоғары оқу 
орындарында бейіндік мектепке мұғалім-
дерді дайындау үшін мемлекеттік тап-
сырыс негізінде магистрлік білім беру 
бағдарламалары жетілдірілді; барлық бі-
лім беру деңгейлерінде педагогтардың 
біліктілігін арттырудың бағдарламалары жа-
ңартылды;
– барлық оқушыларға арнайы білім беру 
қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін 
ескере отырып, білім алуға тең қол жеткізуді 
қамтамасыз ететін инклюзивті білім енгізіле 
бастады.
Жыл сайын жетпіс мыңнан астам педагог 
қызметкерлері біліктілік арттыру курстары-
нан өтеді. Бұл курстар «Өрлеу» біліктілікті 
арттыру ұлттық орталығы» акционерлік 
қоғамының оқу-әдістемелік базаларында 
және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
дербес білім беру ұйымының облыстық 
және қалалық педагогикалық шеберлік 
орталықтарында жүргізілуде.
Бүгінгі күні республикада кәсіби-
педагогикалық білім берумен 57 колледж, 
оның ішінде 23 мемлекеттік және 45 ЖОО 
қамтамасыз етеді. Бітіруші түлектерге «Білім 
бакалавры» (4 жылдық оқыту мерзімімен) 
академиялық дәрежесі беріледі.
Қазақстанның педагогикалық білім беру 
жүйесі қарқынды жаңғырту процесінде 
болып жатқан өзгерістердің объектісі 
де, субъектісі де болып отырғаны мәлім. 
Қазіргі таңда жалпы саладағы универ-
ситеттерден басқа Абай атындағы Қазақ 
ұлттық педагогикалық университеті, Қыздар 
мелекеттік педагогикалық университеті және 
төрт аймақтық (облыстық) педагогикалық 
институттар мұғалімдерді тікелей даярлауды 
жүзеге асыруды.
Республикадағы әртүрлі білім саласы 
бойынша мұғалімдерді даярлауда жетекші 
жоғары оқу орындарының бірі – Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университеті. Онда білім беру процесін 
ұйымдастыру мен оқу процесін жоспарлау-
ды, оқу жұмысын ұйымдастыруды, оқу 
процесін бақылауды, оның барысы мен 
нәтижесін есепке алу және талдауды, 
оқу процесін оқу-әдістемелік, ғылыми, 
ақпараттық қамтамасыз ету өз деңгейінде 
өтуде. Сонымен қатар, университетте оқы-
тудың нақтылы бағыттары (бейіні) бой-
ынша бакалаврларды, мамандарды және 
магистранттарды даярлаудың республи-
ка көлемінде педагогикалық білім беру 
стандарттарын, бағдарламаларын әзірлеп 
бекітетін республикалық оқу-әдістемелік 
Кеңесі жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы үздіксіз 
педагогикалық білім беру жүйесі тігінен 
көп сатылы және көлденеңінен баламалы, 
динамикалық, дайындық икемділігін, оның 
іргелілігі мен әмбебаптығын қамтамасыз 
етуге бағытталған көп деңгейлі болып та-
былады. Мұндай құрылым деңгейлер ара-
сындағы сабақтастықты қамтамасыз етуді, 
білім беру бағдарламаларын бірыңғай білім 
беру кеңістігіне бейімдеумен олардың 
арасындағы байланысты тиімді орнатуды, 
«бакалавр», «маман», «магистр» мәртебесін 
нақты анықтайтын әрбір деңгейдегі кәсіптік 
білім берудің аяқталуын қамтамасыз етуді 
талап етеді. Бұл күрделі және көпжақты 
жұмысты тікелей жоғары оқу орындары 
жүзеге асырады және жалпы процестерді 
бақылау Білім және ғылым министрлігінің 
құзыретінде.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім 
беру гранттарын және білім беру несиелерін 
алу арқылы конкурстық негізде және сон-
дай-ақ, білім алушылардың қалауынша өз 
қаражаттары есебінен мамандарды даяр-
лауды одан әрі дамыту жалғасуда. Мемле-
кет білім берудің жеке меншік секторын-да 
мемлекеттік аттестациядан өткен мемле-
кеттік емес жоғары оқу орындарында мемле-
кеттік білім беру тапсырысын орналастыру 
арқылы қаржыландырады.
Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйе-
сінде кадрларды даярлау барлық типті білім 
беру ұйымдарының нақты сұраныстарына, 
жеке тұлғаның білім беру траекториясын 
өздігінен таңдауына және білім берудің 
практикалық бағыттылығын нығайтуға ба-
ғытталған деп айта аламыз.
Нәтижеге бағытталған білім берудің жа-
ңа моделіне көшу жағдайында, сондай-ақ, 
көптеген шағын жинақты мектептерге бай-
ланысты бірнеше мамандықтар бойынша 
мұғалімдерді даярлау ерекше өзектілікті 
қажет ететін мәселе. Осыған орай, жоғары 
оқу орнында мұғалімдерді даярлау бары-
сында оларға қосымша мамандық беруге 
мүмкіндіктер бар және ол тек жоғары оқу 
орындарының базасында жүзеге асырыла 
алатыны сөзсіз.
Қазақстандағы үздіксіз педагогикалық 
білім беру жүйесі оның барлық деңгейлерінің 
сабақтастығы негізінде құрыла бастады 
және төмендегідей бес сатының бірлігін 
көрсетеді.


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
110
111
Білім берудің мәселелері мен келешегі/
Проблемы и перспективы образования /Problems and prospects of education
I деңгей – Қазақстанда 12 жылдық білім 
беруді енгізуді ескеріп және бейінді сынып-
тарда педагогикалық сыныптың болуын 
қарастыратын мұғалім мамандығына ЖОО-
ға дейінгі бағдар беру.
II деңгей – педагогикалық колледждерде 
оқыту, 12 жылдық білім алғаннан кейін ғана 
педагогикалық жоғары оқу орнының үшінші 
курсына түсу құқығының мүмкіндігі.
III деңгей (базалық) – жоғарғы 
педагогикалық білім беру.
IV деңгей – ЖОО кейінгі білім беру: 
бейінді магистратура (бір және екі жылдық) 
және докторантура (3 жыл).
V деңгей – педагогикалық кадрлардың 
біліктілігін арттыру және қайта даярлау 
жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет