«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


  Қалыптастырушы бағалау үдерісі



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата08.12.2023
өлшемі1,34 Mb.
#134937
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1)

4.1 
Қалыптастырушы бағалау үдерісі 
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың 
арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің 
дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.
Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша 
маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне 
қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі 
ретінде анықталады (Блэк және Уильям, 1998; Эшкрофт және Форман-
Пэк, 1994; Тарас, 2005). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау 
барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің 
сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты 
бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі (1-кесте).
1-
кесте. Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы 
ЭЫДҰ/ Білім беру және 
инновация аясындағы 
зерттеулерге қатысты 
Орталықтың халықаралық 
конференциясы (2008) 

Сыныпта мәдени орта құру 

Оқу мақсаттарын тұжырымдау

Білім алушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану

Білім алушылардың материалдарды түсінгенін бағалайтын 
түрлі тәсілдерді қолдану

Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу және 
білім алушыларға кері байланыс беру

Білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру
Блэк және Уильям (2009)
 

Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланылатын 
тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді 
талқылау жұмысын жүргізу

Білім алушыны дамытуға бағытталған кері байланысты ұсыну

Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру 

Білім алушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы ретінде 
қалыптасуына мүмкіндік беру

Білім алушыларды өзара оқыту ресурстары мен дереккөздері 
ретінде қолдану
Кларк (2013)

Оқу мәдениетін дамыту

Білім алушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру

Белгілі оқу мақсаттарына қарай білім алушылармен бірге 
бағалау критерийлерін түрлендіру

Сабақта талқылау және пікірсайыстарды қолдану

Білім алушылардан, сыныптастарынан және мұғалімінен 
тиімді кері байланыс алуға мүмкіндік беру
Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан 
жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды 
бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне 
қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері 
12 


байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара 
байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге 
мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.
Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, 
күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын 
анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі 
стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы 
бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне 
қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі 
қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды 
талап етеді:

қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау; 

қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; 

кері байланыс беру;

қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет